7


  • Учителю
  • 2-сыныпқа арналған 'Қазақ тілі ' сабағы

2-сыныпқа арналған 'Қазақ тілі ' сабағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: өлеңді оқып, мағынасын түсіндіру. Өз тілінде көркем, шешен сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың сөйлеу тілін дамыту. Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: ана тілін қастерлеуге, бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: кітап, авторлар портреті, шығармалар жинағы, нақыл сөздер, мақал-мәтелдеер.

Қолданылатын әдіс: ой-қозғау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Қызығушылығын ояту. «Ой қозғау» стратегиясы. Тақтада жазылған тіл туралы мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

  1. Өнер алды - қызыл тіл.

  2. Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

  1. Отыз тістен шыққан сөз,

Отыз рулы елге тарайды.

Сұрақтар:

  1. Балалар, осы мақалдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Тіл не үшін керек?

  3. Ана тілімізде қалай сөйлеу керекпіз?

  4. Басқа қай ұлттың тілін білесіңдер?

  5. Орыс тілінің біздің елімізде қандай маңызы бар деп ойлайсыңдар?

  6. Өлеңнің авторлары туралы түсінік беру.

  1. «Үш бақытым» өлеңін мінерлеп оқып беру.

  2. Оқушыларға кезекпен оқыту, талдау.

  • Ақын неліктен халықты, тілді, Отанды үш бақытқа теңеп отыр?

  • «Тас жүректі тіліммен тілімдедім» деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

  • «Ана тілім» өлеңін оқып беру. Оқушыларға кезекпен оқыту, талдау.

  • Ақын неліктен «Ана тілі - арың бұл» деген?

«Ана тілі» деген тіркестерге сәйкес тіркестер табу.

Халық тілі

Бабам тілі

Ана тілі Дана тілі

Мемлекеттік тіл

  • Ақын «Өзге тілдің бәрін біл» дейді. Сендер басқа тілдерді білгілерің келеді ме? Басқа тілді қалай үйренуге болады деп ойлайсыңдар? Өзге тілді үйренудің керегі бар ма?

Ой толғау.

  1. Үш бақытқа сендер нені жатқызар едіңдер?

Өлең жолына салып өлең құрастыру.

  1. «Ана тілі» өлеңін жалғастыру.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал