7


Урок по математике (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы:Геометриялық шамалары бар есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

1)Оқушылардың геометриялық фигуралар мен олардың қасиеттері,периметрі, ауданы және көлемі туралы білімін тиянақтау.

2)Логикалық ойлауы мен есептер шығару қабілетін жетілдіру.

3)Шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

(Психологиялық дайындық)

Өткенді қайталау

-Периметр дегеніміз не?

• Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

• Аудан деген не?

• Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

• Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін қалай есепте шығарамыз?

• Ауданы мен бір қабырғасы белгілі болса, тіктөртбұрыштың қабырғасын қалай табамыз?

• Периметр қандай бірліктермен өлшенеді?

• Аудан қандай бірліктермен өлшенеді

Сөзжұмбақ шешу

1. Сәуленің басталуы (нүкте).

2. Үш нүктені ңандай сызық арқылы қосуға болады? (сынық)

3. Егер бір-бірінен біршама ңашыңтыңта түзуге екі нүкте қой-са, не шығады? (кесінді).

4. Циркульдың көмегімен қандай фигура сызады? (шеңбер).

5. Барлық қабырғалары бірдей тіктөртбүрыш (шаршы).

6. Басы бар, үшы шексіз түзудің бөлігі (сәуле).

Дәптермен жұмыс а)Күнді жазу Ә)Көркем жазу

Оқулықпен жұмыс

№1, 2 тапсырмаларды ауызша жаттығуға қосуға болады.

б) Төртбұрыштың ұзындығы 6 см. Егер оның периметрі 18 см болса, онда оның ауданы нешеге тең болады?(ені3см,ауд.18см)

в) Тіктөртбұрыш пішінді үстелдің ауданы 4 800 см2, ал ені 60 см. Оның периметрін тап.(ұзындығы 80см, периметрі 280см)

г) Фигуралардың көлемін есепте. 2*2*10=40 2*2*2=8 40+8=48 10*12*4=480-(6*2)=448

а) Тіктөртбұрыш пішінді стадионның, периметрі 3 км, eні 200 м. Стадионның ауданын тап.(3000-200*2) =2600/2=ұзынд.1300 ,1300*200=260000м)

в) Тіктөртбұрыштың периметрі 24 см, ал ауданы 32 см2. Тіктөртбұрышың ұзындығы мен енін тап.(8см,4см)

б) Жер телімінің ұзындығы 60 м, ал ені одан 2 000 см кем. Осы жердің периметрі мен ауданын тап.(6000-2000=4000, 40*60=2400м,(40+60)*2=200м)

в) Қабырғалары 13 см, 17 см, 9 см тікбұрышты параллелепипедтің көлемін есепте. (13*17*9=1989 )

б) Жеңіл автокөлік пен автобустың арақашықтығы 75 км. Жеңіл авто-көлік 70 км/сағ жылдамдықпен, ал автобус 45 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Егер олар осындай жылдамдықпен жүрсе, жеңіл автокөлік автобусты неше сағаттан кейін қуып жетеді?(70-45=25,75/25=3)

в) «3 сағаттан кейін автобус пен жеңіл автокөліктің арақашықтығы қандай болады?» деген сұрақ пен сызба бойынша есеп құрастыр. (70-45=25, 25*3=75)

№5. a) Бірінші омартада 52 араның ұясы, екіншісінде 48 араның ұясы бар. Бірінші омартадан екіншіге қарағанда 80 кг артық бал алынды. Әр омартадан неше килограмм бал жиналды?

(52-48=4,80/4=20,52*20=1040,48*20=960)

ә) Құдықтан су тарту үшін 2 бірдей сорғы қойылды.Біріншісі 5 мин, eкіншісі 8 мин жұмыс істеді. Егер бірінші сорғыға қарағанда екіншісімен 15 шелек су артық тартылған болса, онда әр сорғы неше шелек су тартады?(8-5=3 , 15/3=5, 5*5=25,5*8=40)

б) Автобекеттен бip мезгілде бipiнен-бipi қарама-қарсы бағытта автобус пен такси eкі жаққа кетті. Таксидің жылдамдығы 90 км/сағ, ал автобустың жылдамдығы одан 2 есе кем. Неше сағаттан кейін олардың арақашықтығы 540 км болады?(90/2=45 , 90+45=135 ,540/135=4)

в) Гараждан бip уакытта бip бағытта екі машина жолға шықты. Біріншіci 60 км/сағ, eкіншісі 75 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Бұл ма-шиналар 4 сағаттан кейін бip-бipнeн қандай қашықтықта болады?

(60+75)*4=540)

Өткен материалмен жұмыс.

№6. а) Анасы 15 самса nicipдi, бұл - nicipy керек самсаның6/1 бөлiгi. Анасына тағы қанша самса nicipy керек?(15*6=90,90-15=75)

ә) Көзекші қыштан 12 ыдыс жасады, бұл - жасау керек бұйымның

8/1бөлігі.Көзекші тағы қанша ыдыс жасау керек?(12*8=96,96-12=84)

Логикалың есеп

Жәшікте қызыл, сары, жасыл, көгілдір, қызғылт және қара түсті 6 шар бар. Дәурен жәшікке қарамай қолын 6ip рет салғанда, 6ip шар алады. Егер бұл шар қызыл түсті болмаса, онда оны бөлек қояды және қолына қызыл түсті шар ілінгенше жәшіктен шар алуды жалғастыра береді. Дәурен жәшіктен қызыл түсті шарды алу үшін неше тәсіл қолдана алады?

Өзіндік жұмыс №7тапсырмсын беру.

Қорытынды

• Біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік?

• Сендерге не түсініксіз болды?

Бағалау.

Үй жұмысы. №144б,№8.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал