7


  • Учителю
  • Внеклассное мероприятие по казахскому языку Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (3 класс)

Внеклассное мероприятие по казахскому языку Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 3

Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Мақсаты:

1) ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазына мақал- мәтелдерді оқушыларға үйретіп ұғындыру;

2) ой белсенділігін, сөздік қорын молайту;

3) Шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу;

Көрнекіліктері: суреттер, эмблемалар, мақал-мәтелдер жазылған парақтар

Сабақтың түрі: сыныптан тыс

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұзтаздар, оқушылар, сайысққа қатысушылар, Бүгінгі сыныптар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысына қош келдіңіздер!

Осы сайысымызда екі топ жарысып өз білімдерін, тапқырлығын көрсетеді. Топтарымызды қарсы алайық. (топтар шығады). Топтар өздерін таныстырып өтеді.

1 топ. «Достық»; Досы жоқ адам-тұзы жоқ тағам.

2 топ. «Бірлік»; Бірлік болмай , тірлік болмас. Әр топ мүшесі өзін таныстырып өтеді.

Ойынды бастамас бұрын сіздерді осы сайысқа әділ баға беретін, әр айналымның есебін шығарып қорытындысын айтатын қазылармен таныстырып өтейін.

Мақал-мәтелдер ғасырлар шежіресі, онда халық тарихы, оның тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдердің түрлі тақырыптары бар: достық, бірлік, оқу-білім, отбасы, еңбек, отан және т.б. (гүлдің суретінде тақырыптары)

Жұмбақтар да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді.

Жарыс заңы ежелден-

жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

еңбектену , жалықпау,

Сәт- сапар тілеп бәріңе,

сайысты біз басталық

Көрсетіп білімдеріңізді,

қалмаңыздар жасқанып.



1 сайыс «Мақалды жалғастыр» деп аталады. Осы сайыста мақалдың жалғасын айту керек. Дайын болған топ сигналды картаны көтереді. Әр сайыс бес баллдық жүйемен бағаланады.

  • Туған жерге туың тік.

  • Отан оттан да ыстық.

  • Еңбек түбі - береке

  • Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

  • Кім еңбек етсе сол тоқ.

  • Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

  • Еңбек - адамның екінші анасы.

  • Ырыс алды - ынтымақ

  • Күш - бірлікте

  • Атаңның баласы болма, адамның баласы бол

  • Ер қанаты - білім.

  • Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар

  • Жақсы жолдас жанға серік, жаман жолдас - малға серік

  • Жақсы жолдас жауға бермес

  • Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар



Әділқызалар ұпай санын көрсетеді.



2 сайысымыз «Мақалдар айтысы»деп аталады. Әр топ білетін мақал-мәтелді кезекпен айтады.



  • Ал, енді жарнамалық үзіліс жасайық. Борисенко Яна Е.Елубайдың «Достық» деген өлеңін оқып береді.



Әділқазылар ұпай санын көрсетеді.



3 сайысымыз «Мақалды құрастыр» деп аталады. Бір оқушы шығып мақалдарды таңдап алады да топ мүшелеріне барып мақал құрастырады. Қай топ тез және дұрыс құрастырса сол топ жеңімпаз аталады.



  • Оқу - инемен құдық қазғандай

  • Киім тозады, білім озады.

  • Ақыл азбайды, білім тозбайды.

  • Білгеніңе сенбе, біліміңе сен.

  • Кітап - білім бұлағы

  • Жақсы кітап - жан азығы

  • Ұрлық түбі - қорлық

  • Жалқаудың жаны тәтті

  • Еріншектің ертеңі таусылмас

  • Жалқаудың екі досы бар:

Бірі - ұйқы

Бірі күлкі

  • Отансыз адам, ормансыз бұлбұл



4 сайысымыз «Жұмбақ жасыру» деп аталады. Бір оқушы бір жұмбақты оқиды топ мүшелері жауабын айтады.



Жазу жазып жалықпаған

Жаза-жаза арықтаған (Бор)



Алты қырлы

Алты сырлы (Қарындаш)



Аспандағы алып доп,

Жарқырайды жарық боп (Күн)



Көзін ашып-жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады (Бағдаршам)



Өзі таудың бөктерінде өседі,

жаңа жылда үй төріне көшеді (шырша)



Адасқанда ал қолыңа,

Бағыт берер ол жолыңа (компас)



Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге (шана)



Кіретін жері бір есік,

Шығатын жері мың тесік (елеуіш)



Әділқазылар ұпай санын санап қорытындылайды.



Көрермендер сайысы.

-Ал, енді біз біздің көрермендерімізді сынап көрейік.

Мұғалім жұмбақтарды оқиды, оқушылар жауап береді.Ең көп жауап берген оқушы жеңімпаз аталады.



Алыстан қарасам аппақ,

Татып қарасам тәтті-ақ. (қант)



Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді.

(Ауа)



Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

Әшейінде жекесің,

Қарай қалсаң екеусің.

(Айна)

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

(Түйе)

Көлбең-көлбең етеді,

Жер түбіне жетеді.

(Түтін)

Тастамайды бір елі,

Үйін сүйреп жүреді.

(Тасбақа)

Жеке өзін жей алмайсың,

Онсыз асты аузыңа салмайсың

(Тұз)

Телеграф бағаны деп қаласың,

Насосқа ұқсастығын табасың.

(Т)

Ти десем, тимейді,

Тиме десем,тиеді.

(Ерін)



Толықтыр.

Крупинка - түйір,

Корова - (сиыр)



Мальчик - бала,

Город- (қала).



Надо-керек,

Тополь- (терек).



Ива-тал,

Мед- (бал).



Шаг-қадам,

Человек - (адам).



Раздели-бөл,

Озеро- (көл).



Свободный -бос,

Друг- (дос).



Много- көп,

Трава - (шөп).



Город- қала,

Санки- (шана).



Народ-халық,

Рыба- балық.



Иди-бар,

Снег- (қар).



Суп- көже,

Бабушка - (әже).



Быстро- тез,

Пять - (бес).



Корабль- кеме,

Комната - (бөлме).



Бровь- қас,

Голова- (бас).



Палка - таяқ,

Нога - (аяқ).



Раньше - бұрын,

Нос - (мұрын).



-Ал, енді сөз әділқазыларға сөз беріледі.



Топтар марапатталады.



-Құрметті, ұстаздар, оқушылар, осымен біздің ойынымыз аяқталды, қатсқандарың үшін рақмет айтамын. Келесі кездескенше сау болыңыздар!









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал