7


  • Учителю
  • Конспект урока по математика 'Көбейту мен бөлу амалдарының компоненттері мен нәтижелері'

Конспект урока по математика 'Көбейту мен бөлу амалдарының компоненттері мен нәтижелері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 03.04.2014ж

Сыныбы: 2 «А»

Пәні: математика

Мұғалім: Ақмұханбетова Б.

Машықкер:Бекетова А.Б

Әдіскер:Абишева Р.Ж

Тақырыбы: Көбейту мен бөлу амалдарының компоненттері мен нәтижелері

Мақсаты:

  1. Оқушыларға көбейту мен бөлу амалдарының компоненттері мен нәтижелері жайлы толық мағлұмат беру.Алған білімдерін одан әрі тиянақтау.

  2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін логикалық тапсырмалар,ойын арқылы дамыту.

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа,шапшаңдылыққа,әдептілікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, мадақтау.

Көрнекілігі: Суреттер,дидактикалық материалдар.


Кезеңдері

Өту барысы

Ұйымдастыру кезең

Ауызша есепте

Өткен сабаққа шолу

Жаңа тақырыпты ашу


Есіңде сақта

Ереже

Математикалық диктант


Тақтамен жұмыс

Көңілді сәт


Ойын есеп

Өздік жұмыс

Қатармен жұмыс

Бекіту


Теріп алу

Ойлан тап «кім жылдам?»

Қорытынды.

Логикалық сұрақтар

«Шапшаңдығыңды тексер»


Үйге тапсырма

Бағалау


  • Сәлеметсіздер ме,оқушылар!

  • Бүгін математика сабағын сіздерге мен жүргіземін. Менің аты-жөнім Айдана Бекетқызы.

  • Математика сабағымызды бастау үшін алдымен логикалық тапсырмаларды орындап,дайындық жасап алайық.

Сендер логикалық сұрақтарға жауап бергенді ұнатасыңдар ма? Олай болса бірінші сұрақ:

1.Қандай санды 7-ге қосқанда 70 шығады? Ж: 63

2.8 шығу үшін қандай саннан 12-ні алу керек?Ж:20

3.Ойлаған санды 72-ден азайтса 20 шықты. Ойлаған санды тап. Ж:92

4.Кез келген санға нөлді қосса қандай

сан шығады? Ж:сол санның өзі шығады

5.46 болу үшін 50-ден қандай санды азайту керек? Ж: 4


Жарайсыңдар,балалар,сендер сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер.


□ - 93 = (100)


+ □ = 100 (99)


85 - □ = (80)


Дұрыс айтасыңдар балалар,сендер қосу мен азайтуды өткен болатынсыңдар.

Қане,маған кері амалдарды кім айтып береді?

-Қосудың кері амалы? (азайту)

-Азайтудың кері амалы? (қосу) жарайсыңдар!ережесін айтқызу,сұрау.

-олай болса оқушылар,барлығымыз тақтадағы суреттерге назар аударайықшы.

-бұл суреттер нені білдіреді деп ойлайсыңдар? Ендеше мұқият тыңдаңдар бұл жұмбақтың шартын мен түсіндіріп өтейін. Осы әрбір суреттің бірінші әріптерін ғана алып оқитын болсақ бүгінгі біз өтетін жаңа тақырып шығады. Қанеки,шешімін кім жылдам тауып маған айтып береді екен?

(компонент сөзіне сөйлем құрау)

-жарайсыңдар балалар,сендер өте жақсы орындадыңдар. Енді мені мұқият тыңдаңдар. Мен сендерге бүгінгі тақырыпты түсіндіріп өтемін,одан соң барлығымыз бірге тапсырмаларды орындап,ойындарды ойнайтын боламыз.

-Тақтада берілген бірінші мысалға қараңдар.

-оқушылар сендер қосу және азайту амадарын өткенде,қосудың кері амалы азайту,ал азайтудың кері амалы қосу екенін білдіңдер. Қосылғыштың орны өзгергенімен,қосындының мәні өзгермейтінін яғни ережесін білесіңдер. Бүгінгі өткелі отырған тақырыбымыз да осыған өте ұқсас. Мұнда көбейту және бөлу берілген. Демек, көбейтудің кері амалы бөлу,ал бөлудің кері амалы көбейту. Көбейгіштің орны өзгергенімен көбейтіндінің мәні өзгермейді. Сендерге түсінікті болу үшін есеп шығарып көрсетіп өтейін.


1есеп. 3•2=6 6:2=3

3•2- көбейтінді 6:2-бөлінді

6-көбейтіндінің мәні 3-бөліндінің мәні

3-көбейткіш 6-бөлінгіш

2-көбейткіш 2-бөлгіш

Мысал есеп:

2•2=4 4:2=2

2•2 - көбейтінді 4:2 - бөлінді

4 - көбейтіндінің мәні 2 - бөліндінің мәні

2 - көбейткіш 4 - бөлінгіш

2 - көбейткіш 2 - бөлінді


Ереже: егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе,онда екінші көбейткіш шығады. Осы ережені дәптерімізге жазып аламыз.


2есеп.Егер сендерге түсінікті болса,осы тақырыбымызға байланысты математикалық диктант жазып алайық.Дәптерімізді ашып,бүгінгі күнді жазамыз. Кітапты жауып қойып,мені тыңдап сол арқылы жазамыз.

А) 5 пен 2 нің көбейтіндісін жаз. Көбейткіштерді ата. Көбейтіндінің мәнін тап. Жауабы: 5•2=10

Ә)10 мен 5 тің бөліндісін жаз. Бөлінгіш пен бөлгішті ата. Бөліндінің мәнін тап. Осы тапсырманың жауабын кім маған оқып береді.

Жауабы: 10:5=2

(2 оқушының жауабын тыңдау).

3 есеп

3•2 =6 теңдігіндегі сандар қалай аталады?

Көбейтіндінің мәні 6-ны бірінші көбейткіш - 3-ке бөл. Нәтижені тап.

Көбейтіндінің мәні 6-ны екінші көбейткіш - 2-ге бөл. Нәтижені тап. Қорытынды жаса.

(тақтаға 1 оқушы орындап қалған оқушылар дәптерге орындайды,аралап тексеру)


-Сол қолыңмен балғамен шеге қаққандай әрекет жасаңдар,

ал оң қолыңмен бір киімді үтіктеңдер.

-Сол қолыңмен басыңды , ал оң қолыңмен ішіңді сипа.

-Қолыңды алға соз.Ең кішкентай саусағыңды алақанына тигіз.

Қалған саусақтарың бүгілмеу керек. Қолыңды ауыстыр.


Қане оқушылар қазір мен сендермен бір қызықты ойын ойнаймын,ол ойын «ақсүйек» деп аталады. Ол ойынның бір ерекшелігі біз бір ғана сүйекпен ойнамаймыз,бұл ойында бірнеше сүйек қолданылады. Қазір барлығымыз парталарымыздың астын қараймыз. Кімнің партасының астынан суйек табылса сол бала,сол сүйектегі тапсырманы орындайды.

-Сүйектегі тапсырмалар: 4 есеп

1.мысал 1 сүйекте 2сүйекте 3сүйекте

6•3=18 7•3=21 8•3=24 9•3=27

18:3=6 21:3=7 24:3=8 27:3=9

18:6=3 21:7=3 24:8=3 27:9=3


Оқушылар кітабымыздағы 6-шы есепке қараңдаршы,бұл сөз есеп. Алдымен барлықтарың іштей бір рет оқып шығыңдар.

6 есеп. Әкесі 53 жаста ал баласы одан 41 жас кіші. Әкесі мен баласының жасы бірге алғанда қанша болса,атасы сонша жаста. Атасы неше жаста? Ол үшін балалар біз ...

Қазір осы есепті шығаруға бір оқушы шығады,қалған оқушылар орнымыздан шығарып,тексерткміз. Басында жылдам орындап болған 4 оқушы бағаланады. Енді бір бала орнынан тұрып дауыстап оқып берсін қалған оқушылар мұқият тыңдап отырыңдар?

1қатар: сөз есепте кімдер жайлы айтылған? Ж: Атасы,әкесі және баласы жайлы.

2қатар: Бізге не белгілі? Ж: әексі мен баласының жасы.

3қатар: Нені табуымыз керек? Ж: атасының жасын табуымыз керек?

Қане,кім тақтаға орындайды?

(1 оқушы тақтаға орындау)


7 есеп . 7-ші есепті 4төрт оқушы тақтаға орындаймыз. Қима қағаздары арқылы жүргізіледі.

1 оқушы: қосындыны теріп жазады.

2 оқушы: айырманы теріп жазады.

3 оқушы: көбейтіндіні теріп жазады.

4 оқушы: бөліндіні теріп жазады.

Қима қағаздағы тапсырмалар:

Қосынды Айырма Көбейтінді Бөлінді

19+21=40 7•2=14 6:2=3 97+28=125

9•2=18 46-21=25 58-49=9 8:4=2

64+57=121 6:3=2 4•2=8 96-48=48

9:3=3 13+87=100 34-26=8 4:2=2

49-39=10 8•3=24 2•2=4 27+34=61


Осы төрт кестенің ішінен бөліп теріп алып жазу.


Кім жылдам?

Ойлаған санды 3-ке көбейтіп,көбейтіндіден 6-ны азайт та,нәтижені 2-ге бөл. Сонда 15 шықты. Ойлаған санды тап.

Жауабын ғана жаз.

А) автобуста 35 жолаушы келе жатты. Бірінші аялдамада автобусқа тағы 7 жолаушы отырды. Екінші аялдамада 10 адам түсіп қалды. Автобуста енді неше адам болды? Жауабы: 32 адам болды

Ә)Санжардың 100теңгесі болды. Алдымен ол 40 теңгесін,содан соң 35 теңгесін жұмсады. Санжарда қанша ақша қалды? Жауабы: 25 теңге қалды

№5 есепті күнделіктеріңе жазып алыңдар,үйден орындап келесіңдер.(тақтаның шетіне жазып қою)


Жарайсыңдар,балалар! Сендер бүгінгі тапсырмаларды бар ынталарыңмен жақсы орындадыңдар. Белсене қатысқан оқушыларды өте жақсы деп бағалаймын. Ынталандыру ретінде оқушыларға күлегештер тарату.


Сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!

Аты-жөні

Баға

Қолы

Мұғалім: Ақмұханбетова Б

Әдіскер: Абишева Р.Ж





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал