7


Күз кереметі 3 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Кештің тақырыбы: «Күз кереметтері»
Мақсаты: Еңбекті, қоршаған ортаны зерттей отырып, табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу.
Кештің жүрісі: 1. Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық. Н. Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» өлеңін қойып, Отанға, жерге, елге, сабаққа деген қызығушылығын оятып, шабыттандыру,әнді қосыла шырқау.
Ой шақыру: Қима қағаздардың артында сұрақтар беріледі.
Сол сұрақтарға жауап беру арқылы табиғаттың күз мезгілі бейнеленген суретті шығару.
Сұрақтар:
1. Күзді күнгі ауа райы қалай суреттеген болар едің? ( Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбырда жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда - санда таңертең салқын болып қояды.)
2. « Жұрт күземін алған дегенді қалай түсінесің? (күздегі қырқылған қойдың жүні. )
3. Шыбын - шіркей неге жоқ болып кетті?
4. Жер бетіндегі шөп - шөңгелердің, ағаштардың көрінісі қандай?
( Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп, шөптерде де қурап қалған). Сұрақтарға жауап бергенде күз туралы мәтінге сай сурет құрастырылады.

«Күз кереметтері» деген тақырыпқа өз ойларын айтады.

Үй тапсырмасы: Оқушылар салған суреттерін түсіндіреді немесе өз қиялдарының басқада шығармаларымен таныстырады.
Олай болса біз күз кереметтерін тереңірек түсіну үшін кешімізді әрі қарай жалғастырамыз. Әрбір оқушы көкөністер мен жемістерден өздері - не таңдағандарыңды алып әр орталықтарға бөлініп отырамыз.
Әрбір жемістер мен көкөністер суреттеріне қарай орталықтарға бөлінеді:

Оқу -жазу орталығы ( қияр, пияз, өрік, алма)
Шығармашылық орталығы ( қызанақ, асқабақ, күнбағыс, қызылша)
Орталықтардың тапсырмасы:
Оқу-жазу орталығы.
« Қоңыр күз» тақырыбына постер жазып қорғау.

Қазір күз мезгілі. Күзде ауа райы құбылмалы болады. Дымқыл тұман жерді басады.
Аспанда сұр бұлт қаптайды. Солтүстіктен суық жел соғады. Күздің жаңбыры толассыз жауады.
Биік тауларда қар ерте түседі. Кейде қар араласа жаңбыр жауады. Күндіз жылы болса да, түнде өте салқын болады.
1. Күзіміз неткен көңілді!
2. Күз мезгілі қандай тамаша!
3. Күз дегеніміз - байлық, молшылық.

Шығармашылық орталығы.
Әр түрлі табиғи материалдармен жұмыс.Тақырыбы: «Күз кереметтері».

Ой қозғау.

Екі топқа жедел сұрақтар қою.

1. Күзді неге «Алтын күз» деп атаймыз?
2. Күзде ауа райы қандай болады?
3. Күзде не піседі?
4. Қыркүйек күздің нешінші айы?
5. Қыркүйекте кімдер мектепке барады?
6. Күзде ағаштың жапырақтары қандай болады?
7. Қай айды «ерте күз» деп атайды?
8. Күз туралы қандай өлең білесіңдер?
9.«Алтын күз» деп қай айды атайды?
10. Күзде қандай жел соғады?

1. Құстар қайда ұшады?
2. Күзде не жиі - жиі жауады?
3. Қазан күздің нешінші айы?
4. Күзде не қысқа болады, не ұзақ болады?
5. Неге күз айын молшылық деп атаймыз?

6. Күзде бақтарда не піседі?

7. Күз туралы қандай өлең білесіңдер?

8. Күздің қай айын «қоңыр күз» деп атайды?
9. Күзде аспанда не қаптайды?

10.Күздің түсі?.
Ой толғаныс.
Тақырыпты қорыту үшін әр топ күз туралы өз көңіл-күйлерін, мақал-мәтел немесе өлең жолдарын айту.

Күзіміз неткен көңілді! Күз мезгілі қандай тамаша! Күз дегеніміз - байлық, молшылық.

Топты бағалау. Топтық жұмыс барысында жауап берілген оқушыларға көкөніс пен жемістердің суретін алғандарына қарай балл беру арқылы кеш жеңімпаздарын анықтау.

Әр данаға - «5»балдан. Ең үздік топты және кеш жеңімпазын мадақтау.
Рефлексия. Кеште не ұнады? Не ұнамады?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал