7


ҚАзақ тілі 'Сын есім' 2-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қазақ тіліСабақтың тақырыбы: Сын есімСабақтың мақсаты: а)Заттың сынын білдіретін сөздерді меңгерту, сөйлем ішінен тауып,дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. ә)Тапсырмаларды дұрыс орындауға, ақыл-ойын, логикалық жүйесін дамыту байқағыштыққа, адамгершілікке жазылу калиграфия
предварительный просмотр материала

11.03.2015ж Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
а)Заттың сынын білдіретін сөздерді меңгерту, сөйлем ішінен тауып,дұрыс сұрақ қоя білуге
үйрету.
ә)Тапсырмаларды дұрыс орындауға, ақыл-ойын, логикалық жүйесін дамыту байқағыштыққа, адамгершілікке жазылу калиграфиясын сөздік қорын күнделікті сөйлеу түрін жетілдіру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Кішіпейілдікке, адамгершілікке, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға жинақтылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тірек сызба, т.б
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс , көрнекілік
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Сабаққа керек құралдарын түгелдеу.
ІІ. Қайталау пысықтау:
- Үйге берген тапсырманы 2-3 балаға оқыту.
- Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады? Мысалдар келтір.

ІІІ.Жаңа сабақ:
1. Қызығушылықты ояту
Балалар суреттегі заттардың қасиеттерін айтады: Алма - қызыл, тәтті, дөңгелек. Гүл - әдемі, хош иісті, сары. Доп - дөңгелек, жұмсақ, жасыл.
Мұғалімнің әрекеті:
Жаңа тақырыппен таныстыру:
- Бұл сөздер заттың несін білдіреді?
- Бұл сөздерге қандай сұрақтар қойып тұрмыз? (қандай?)
Осылайша заттың сынын білдіретін сөздермен танысады.
- Мына бала не істеп тұр?
- Қай қолын көтеріп тұр? (- Қолын көтеріп тұр. Оң қолын көтеріп тұр - деп жауап береді балалар)
Осылайша «қай?»- деген сұрақпен таныстырады
Мұғалімнің әрекеті:
Сұрақ қою:
- Қазір қандай жыл мезгілі?
Дәптердегі сызбаны толтыруды ұсынады.
Мысал келтіреді: қай үй?
- шеткі үй.

Ендеше, балалар заттың сынын білдіретін сөздер қандай? қай?- деген сұраққа жауап береді.
2. Мағынаны тану кезеңі

Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу.
Мәтінді оқытамын, мазмұнын сұраймын.

Мақсаты: заттың сынын білдіріп тұрған сөзді байланысып тұрған сөзбен бірге жазу.

Жұпар иіс, аласа бұта, сұр торғай, көк шымшықтар,ала қанат, тоғай көңілді.
3-жаттығу.Оқушыларға оқулықта берілген сұрақтарды оқытамын, сол сұрақтарға дәптерге толық жауап жаздыртамын.
1 Шөптің түсі қандай болады? Шөптің түсі жасыл болады.
2.Сүттің түсі қандай болады? Сүттің түсі ақ болады.
3.Көмірдің түсі қандай болады? Көмірдің түсі қара болады.


4.Қауынның түсі қандай болады? Қауынның түсі сары болады.
Сергіту сәті:
Ойын: «Кім тез?»
Заттың сынын білдіретін сөздерді айтқызу.
4- жаттығуда берілген сурет бойынша ана туралы мәтін құрастырып жазады.Ана бейнесін сипаттауда сын есімдерді қолданады.

Ана

Менің анам бар. Анам- ақылды, мейірімді, сыпайы жан. Мен анамды жақсы көремін. Аналар мерекесінде анама қызыл раушан гүлін сыйладым. Анам қатты қуанды.

5-жаттығу. Берілген белгілердің қай жануарға тән екенін тауып жазу.

Түлкі: қу, қызыл.

Қоян қорқақ, сұр.

Аю қоңыр, маймақ.
3. Ой толғаныс кезеңі. Сабақты қорыту. «Мен қандаймын» ойыны
Шарты. әр оқушы өз аты қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын сын есімді өз атының алдына қойып айтып шығады.
Мысалы:
Әдемі Әсем
Сымбатты Сандуғаш
Үлгілі Үміт
Жайдарлы Жанна
Нұрлы Нұржан
Инабатты Ислам
Ақылды Аяш
Рақымды Рүстем
Әдемі Әсет
Алғыр Аманжол.


Үйге тапсырма: 2-жаттығу. Жаңылтпашты көшіріп жазып, заттың сынын білдіретін сөздердің астын сызу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал