7


Тема Сынып сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Ізгілік»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: адамгершілік қасиет тұрғысынан оқушыларға адам бойындағы жақсылық пен ізгілік қасиеттерді ұғындырып, жақсы қасиетті білуге үйрету;

2. Дамытушылық мақсаты: жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету, жеке бастың жақсы қасиеттерін білуге үйрету;

3. Тәрбиелілік мақсаты: адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеп, өз қанағат сезімдерін басқара алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тренинг - сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын

Сабақтың көрнекілігі: гүл шоғыры, мультфильмнен үзінді.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:





Тренинг мақсатын хабарлап айту.

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді, тәрбиелі болады», деп, Абай атамыз айтқандай, оқу процесі кезінде сіздер қандай жақсылық қасиеттерге үйреніп, танып білесіздер, онығ болашақ өмірге деген қадамда қандай рөл атқаратыны туралы әңгімелесеміз.

Шаттық шеңбері.

Шаттық шеңберіне оқушыларды тұрғызып, бүгінгі сабаққа деген тілектер білдіру. С.Алпысқызының Өзін-өзі тану пәнінің негізін қалаушы екенін айтып, қысқаша таныстырып өту.

ІІ. Жаңа сабақ:

Әңгімелесу.

«Ізгілік-бұл адамдарға деген адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі»,

«Ізгілікті адам, бұл-

- Адамдарға сүйңспеншілік танытып, оларға көмектің қол ұшын беретін;

- Табиғатты сүйңп, оны аялайтын;

- Жануарларды ұнатып, оларға қамқорлық жасайтын адам» екендігін түсіндіріп, оқушылармен әңгімелесу.

Тапсырма:

Оқушыларға ізгілік, жақсылық туралы өлең жолдарын еске түсіріп, айтып беру.

Сергіту сәті:

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған,

Мынау-басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің-оң қолым,

Мынау менің-сол қолым,

Жақсы істерді атқарған

ІІІ. Бекіту кезеңі:

Шығармашылық жұмыс:

Балаларға суреттерден жағдаяттарды көрсету, сол негізде талқылау тапсырмаларын беру:

1. Өзіңнің жасаған ізгілік әрекетіңді айтып бер;

2. Өз өміріңнен кездескен осындай жағдаятты сипаттап бер;

3. Қандай жақсылық әрекеттерін жасадың?

4. Жақсылыққа қарама қайшы қандай қасиеттерді білесің?

5. Қайырымдылық пен жақсылық жасаған дұрыс па? Неліктен?

Тапсырма:

Қандай жақсылық пен ізгілік туралы мақал-мәтелдерді білесіздер? Еске түсіріп айту.

Жаңа ақпарат:

Жақсы адам болудың алтын ережесімен таныстыру:

1. Сыпайы, қамқоршы бол;

2. Адамдарға жақсы көңілмен қатынас жаса;

3. Жақсы, ізгілікті әрекеттерді жасап отыр;

4. Жамандыққа жамандықпен жауап қайтарма.

Тапсырма:

Ойыңды аяқта....»Мен өзімді өзім сыйлаймын, себебі мен бүгін...»

«Жақсылық дегеніміз не?» Бейнефильмнен үзіндіні қарау, талқылау (бейнетаспада көрсетіледі)

ІV. Қорытындылау:

Жүректен жүрекке.

Медитациялық музыка ойнайды. Оқушылар шеңберге жиналып, бір-біріне, өзгелерге деген жақсылық пен бақыт тілеп, адамгершілік қасиеттерді ұмытпауды тілейді.

«Еркін микрофон». Сабақта мен не үйрендім? Не білдім? Медитациялық музыка ойнап тұрады. (рефлексия)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал