7


  • Учителю
  • Конспект 'Елін сүйген Елбасы'

Конспект 'Елін сүйген Елбасы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салтдәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
2. Адам бойындағы ұнамдыұнамсыз қылықтарды айыра отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
3. Әдептілікке сыпайылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Адамгершілікке байланысты түрлі суреттер: жаман жолдас, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық жасау, автобус ішіндегі бала, аналарды сыйлау.
Өсиет мақалдар:
а) Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
ә) Жаманға айтқан ақылың,
Далаға атқан оқпен тең.
б) Татулық - табылмас байлық.
в) Жақсы адам - елдің ырысы,
Жақсы жер - жанның тынысы.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Әдептілік, адамгершілік туралы әңгімелей отырып, мынадай сұрақтар қою.
Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесің?
Әдепті бала қандай деп ойлайсың?
Әдепті бала болғың келе ме?
Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Балалар осы сұрақтарға жауап береді.
Мұғалім: Сонда адам бойында жақсы және жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Оны бізге ақ жаулықты аналарымыз ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.
Әр оқушы өз өлеңдерін кезеккезекпен айтады.
1оқушы: Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре сарсаң әлегің.
2оқушы: Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді!
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың қалады.
3оқушы: Шындықты сақтаймыз,
Шыншылды жақтаймыз.
Шаршы топ алдында
Шығарып мақтаймыз.
4оқушы: Спортпен айналыс,
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы іс,
Сауық пен кинодан.
5оқушы: Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетті деп білемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін
Анама айтып өкпесін.
2. Тыйым сөздерден айтыс.
1. Суреттер бойынша әңгімелесу. Адамгершілік, сыпайылық қарымқатынас сипаттарын үйрену керектігін әңгімелеу.
2."Жалғастыр"ойыны
3."Не істеуге болмайды?". Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
а) Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
б) Есікті керуге болмайды.
в) Бейуақытта ұйықтауға болмайды.
г) Ауызды ашып есінеуге болмайды.
д) Қатты дауыс көтеріп күлуге болмайды.
ж) Үйге жүгіріп кіруге болмайды, тағы сол сияқты жалғастырып айтады.
"Не істеу керек"деп жазылып көрсетіледі
Бұл да сол сияқты жүргізіледі.
а) Үлкенге ізет, кішіге көмек көрсету керек.
б) Үлкендерге қол беріп сәлемдесу керек.
в) Аналар мен қыздарды құрметтеу керек.
г) Қателігіңді әрқашан мойындай керек.
д) Досқа адал болу керек.
ж) Үлкендердің айтқан ақылын тыңдау керек.
3. Адамның асыл қасиеттері жөнінде сұрақтар қойып, оны талқыға салу.
Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
Қонақ келгенде бала не істеу керек?
Қонаққа барғанда өзін қалай ұстау керек?
Мектепте, сынып ішінде қалай жүруі керек?
Әр оқушы өз ойларын айтып сұраққа жауап береді.
4. Құпия хаттарға жауаптар беру.
Құпия хаттарды қатар қойып, біреуі келіп, ашып, дауыстап оқып, жауабын ойланып айтады.
Хаттардың мазмұны мынадай:
1хат
Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбекөз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
3. Ақылдың кені
Адамның кісілік қасиеттері, мінезқұлықтары, әдептілік әліппесі жайлы ұлы адамдардың сөздерін оқушылар жатқа айтып, оны қалай түсінетіндері жайлы айтып беру.
1оқушы: Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз адам мінезі жайлы былай десе керек:"Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім " деген еді.
2оқушы: Әлемнің көріпкел ойшылы атанған ӘлФараби бабамыз да мінез құлыққа қатысты мынандай өсиеттер қалдырған екен:"Жақсы мінезқұлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамгершілік қасиеттер болып табылады".
3оқушы: Мағжан ағамыз әдептілік басшысы ұлттық тәрбиеден басталады дейді. "ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс... сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті"дейді.
4оқушы: Ұлы ойшыл Демокрит:"Арлы мен арсыздың кім екені істеген ісінен ғана емес, пікірпиғылынан да көрінеді"депті. Мұндағы негізгі ой адамның ішкі дүниесінің бейнесі ісәрекетінде көрініс тауып жатады дегені болса керек.
5оқушы:"Адамдағы ынсап, әділет, мейірім - үшеуін қосып айтқанда ұждан деген ұғым шығады"деген Шәкәрім Құдайбердиевтің ақыл сөзі арұжданның тек ұялу ғана емес, мейірімділік пен адлдықты, шыншылдықты, қанағатты қажет ететінін айтса керек.
Мұғалім: Балалар, сонымен әдептілік деген арұяттың белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі, адам мінезқұлқының негізі екенін түсінген балаларсыңдар. Әр адам өзінің ішкі дүниесінің таза, пәк болуын, ниетінің адал болуын қадағаласа, істеген ісі де соған сай инабатты, әдепті, жүрегі мейірімге толы болмақ



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал