- Учителю
- УРОК 'Шаруа қожалығы' (4 класс)
УРОК 'Шаруа қожалығы' (4 класс)
Сыныбы: 4 «А» | Күні: 11.03.2015 | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Шаруа қожалығы | ||||
Мақсаты: | Оқушылар шаруа қожалығы туралы жалпы түсінік ала отырып,шаруа қожалығын ұйымдастыруға қатысты Қазақстандағы бірсыпыра заңды меңгереді. Тапсырмалар орындау арқылы білімдерін пысықтайды. | ||||
Күтілетін нәтижелер: | Шаруа қожалығын кім ұйымдастыратынын, құрамына кімдер кіріп немен айналысатынын біледі, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлерімен танысады. | ||||
Керекті құрал-жабдықтар: | Оқулық, компьютер, А4-қағазы, түрлі-түсті стикерлер, түрлі-түсті қаламдар. | ||||
Сабақ барысы: | |||||
Сабақ кезеңдері | Жұмыс түрі | уақыт | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау түрі |
Ұйымдастыру | Үй жануарлары, құстар,көкөністердің суреттері арқылы топқа бөлу.Топ ережесін шығарту. |
|
| Оқушылар үй жануарлары, құстар,көкөністер деген 3 топқа бөлінеді. |
|
Проблеманы айқындау А) Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау
|
|
| Қолдарындағы суреттерге қарап не екенін айтқызамын. Жалпы осы суреттерді біріктірсек бір сөзбен не шығатындығын айтады да, назарын видеороликке аударамын. Бүгінгі тақырыбымыз: Шаруа қожалығы ә) Кімнің отбасы шаруа қожалығымен айналысады?
| а) сурет бойынша сұраққа жауап бере отырып, тақырыпты анықтайды, оқушылар видеороликке қарап, шаруа қожалығы деген не екенін, онда немен айналысатынын бақылап, тақырыпты айқындайды. ә)Оқушылар өмірден көрген-білгендерін айтады. | Шапалақтау арқылы бағалау, күлегештермен бағалау |
Проблеманы шешу | Оқулықпен жұмыс 1. жеке 2. топпен
|
|
| 1)Әрбір оқушы мәтінді оқып шықты. 2) Әр топ бір-біріне диалогқа түсу арқылы сұрақ қоя отырып жауап береді, бір-бірін толықтырады, жауабының дұрыстығын талдайды ,ойланады, пікірлеседі
| Шапалақтау арқылы, мимика арқылы, смайликтер арқылы |
Проблема шешімін қолдану | Жеке жұмыс.Эссе |
| Мен кәсіпкер болсам.... | Әр оқушы қағаз бетіне өз ойын жазады. | Формативті бағалау |
Рефлексия | Топтық жұмыс
|
| Мұғалім оқушыға «Шындық-Жалған» тапсырмасын береді. Үйге тапсырма: Аталған кәсіпкер иесі өзінен өндірген өнімін өткізу үшін жарнама дайындау. | Тапсырманы орындап, бір-бірін тексереді. Қате жауап болса, талданады. | Өзін-өзі және Өзара бағалау. |