7


  • Учителю
  • Тақырыбы: «Ана-өмірдің шуағы» сайысы

Тақырыбы: «Ана-өмірдің шуағы» сайысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№25 НЖББМ


Мерекелік іс - шара

(тәрбие сағаты)

Тақырыбы: «Ана-өмірдің шуағы» сайысы

Өткізген:Бекмагамбетова С.Н.





Қостанай қаласы

2013 оқу жылы


Тақырыбы: «Ана - өмірдің шуағы»

Мақсаты: Оқушыларды мейірімділікке, аналардың шексіз еңбектерін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Дүниедегі жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру.

Көрнекілігі: қанатты сөздер,шарлар,мерекелік безендірулер Ананың көңілі-балада,баланың көңілі далада.Ана- біздің күніміз.

Өтілу барысы:

Армысың,ауылымыздың асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін әнменен көңілді би

Сіздер үшін мереке шашулары.

Құрметті көрермен қауым! Көктемді қанатына қондырып,жан жылуын көкірегіне қондырып,әйел-аналардың дәстүрлі 8-наурыз мерекесі де келді.Сіздерді шуақты да құлпырған қызғалдақтай әсем мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Ән «Құттықтаймын мама»

Жүргізуші: Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,

Сайыста көңілменен қол соғайық!

Тамаша би биленіп,ән салады,

Соныменен сайысымыз басталады - деп, ортаға сайысқа қатысушы аналар мен қыз балаларды шақырамыз.

1оқушы.Мектептегі ең кіші сынып болса дағы

Үлгі болар кейінгілер баршаға да

Топты бастап шықсын қазір ендеше,

Қолыңды соқ анасымен Мөлдірге


2оқушы. Сыныбының ар-намысын қорғауға

Келіп отыр қазір сенің ортаңа

Ал қанекей қарсы алыңыз қол соғып,

Анасы мен Дильназға

3оқушы.Қол соғып қарсы алыңыз шығады енді

Сіздерге де берейін бүгін төрді,

Олай болса мінекей,

Анасы мен Даянаға кезек келді

4оқушы.Сыныптың намысын қолдаған жан,

Сайысқа қатысқалы келіп тұрған,

Қошаметпен қарсы алайық барша адам

Шақырайық Гүлнұрды анасымен

5оқушы.Қол соғып қарсы алыңыз шығады енді

Сіздерге де берейін бүгін төрді,

Олай болса мінеки,

Анасы мен Рабиғаға кезек келді.

6оқушы.Сыныбының ар- намысын қорғауға

Келіп отыр қазір сенің ортаңа

Ал қанекей қарсы алыңыз қол соғып

Әжесі мен Айжанды.

7оқушы.Қол соғып қарсы алыңыз шығады енді

Сіздерге де берейік бүгін төрді,

Олай болса мінекей,

Әжесі мен Дариғаға кезек келді.

Ендеше сайысқа қатысушы аналарымыз бен қыздарымыз орталарыңызда

Әділқазы алқаларын сайлап алу.

1

2

3

Жүргізуші:Сайыстың бағдарламасы 9 кезеңнен тұрады:

1.Таныстыру (анасы және қыз балалар өздерін таныстырады)

2.Өнер сайысы (анасы мен қыз балалар бірге өз өнерін көрсетеді)

3.Үй тапсырмасы(мұнда аналар үйден жасап әкелген салаттарын қорғайды)

4.Шаш үлгісі (аналар қыздарына шаш үлгісін жасап ат қояды,шаш үлгісінің ерекшелігі мен әдемілігі бағаланады)

5.Сұрақ-жауап сайысы (мұнда ситуациялық сұрақтарға аналар жауап береді)

6.Сән үлгісі (мұнда тек қыз балалар ғана сән үлгісін көрсетеді)

7.Ою-өрнек сайысы(мұнда қағаздан аналар ою ойып,атын айтып қорғайды)

8.Жүн түту.

9.Анамның дауысы (баласы дауысынан табу)

1.Адам,ғалам ғажайып жеке дана,

Жан құмарын ізденген мәңгі сана

Өзіңді-өзің танысаң істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана.

Аналар мен қыз балалар қол ұстасып,

Өздерін таныстырар осы жерде-деп, алғашқы сайысымыз

1.»Таныстыру»кезеңіне жол береміз

Ортада аналармен қыз балалар бірінші сайыс бойынша өздерін таныстырады.(таныстырып болған соң, әділ қазылардан бағалар сұралады)

2. «Өнер» сайысы

Өнерпаздар жарысып сан салады,

Жиын десе,той десе жан салады.

Кешіміздің бүгінгі құрметіне,

Анасы мен қызы би билеп,ән салады.

Анасымен қыз балалардың өнерін тамашалауға «Өнер»сайысына кезек береміз. Олай болса, аналар мен қыздарын ортаға шақырамыз.

(әділқазы бағалары сұралады)

3.Үй тапсырмасы

Сайысымыздың келесі кезеңі «Үй тапсырма»сайысы.

Аналардың үйден әкелген салатты аналар қорғайтын болады.Олай болса, аналарды ортаға шақырамыз.(әділқазылардың ұпай сандары сұралады)

4.Шаш үлгісі

Қыз бойындағы алғашқы көзге түсер әсемдігі шашы.Ал бұған үлгі көрсету-ана борышы.Олай болса, «Шаш үлгісі»сайысына кезек берейік. Ортаға аналарымен қыз балаларды шақырамыз.(шаш үлгісінен кейін әділқазылардың ұпай сандары сұралады)

Ұлдар тақпақ айтады.

5. «Ситуациялық»

Қазақтың сан алуан дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын табар ма екен аналар

Сол себептен қоятын сұрақтар бар,-деп сұрақ жауап сайысына кезек берелік.

Мұнда қағазда жасырынды ситуациялық сұрақтар бар,соған аналардың жауабын алатын боламыз,(сұрақ жауап бойынша ұпай саны сұралады)

6.Сән үлгісі

Сымбатына сән киім жасыратын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Қыз балаға қызығып қарасын- деп «Сән үлгісі» сайысын тамашалайық.Ортаға қыз балаларды шақырамыз.(әділқазылар бағалары)

7.Ою-өрнек

Өнерлінің өнерін,

Тағыда байқап көрелік,

Жүйрік аттай желелік.

Ою-өрнекке кезек берейік

Келесі сайысымыз «Ою-өрнек»сайысы. Ортаға аналарды шақырамыз.Аналарға қағаздар таратылып,ою ояды. 5 мин.Уақыт беріледі.(әділқазы алқаларының бағалары сұралады)

8.Жүн түту

Қазақта мынадай әдемі нақыл сөз бар,тегін айтылмаса керек.

Әке-көрген оқ жонар,

Ана-көрген тон пішер. Келесі сайысымыз,анасы мен қызы,»жүн түту»сайысы

Жүн беріледі. 5 минут.Уақыт беріледі.(әділ қазы бағалау)

9.Анамның дауысы

Балалар төрт түлікке не жатады?

Иә дұрыс айтасыңдар,олардың өздерінің дауысы бар.Сендер өз аналарыңның дауысын танисыңдарма ,тауып көріңдер ?

Келесі сайысымыз «Анамның дауысы»(әділ қазы бағалау)

Ән,Әрқашан күн сөнбесін (балалардың орындауында)

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір-күрес, жеткіземе мұратын

Жеңбедім,жеңілдім деп ренжімеген,

Қатысу да бір жеңіс,егер де сіз ұғатын.

Қалыспаңыз, өнеріңіз шындалсын-деп ортаға әділқазы алқаларын шақырамыз.Осымен «Ана-өмірдің шуағы» атты сайысымыз тәмам, көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал