7


Кластан тыс шара

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: "Қалт етпей қағып ал,жауабын тауып ал".Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлауын дамыту. Есептеу дағдыларын жетілдіру; Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.Көрнекіліктер: интербелсенді тақта.Түрі: зияткерлік ойынСабақтың бар
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: "Қалт етпей қағып ал,жауабын тауып ал".

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлауын дамыту.
Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта.

Түрі: зияткерлік ойын

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

-Армысыздар,құрметті ұстаздар! Сіздерді 1-ші сынып оқушыларының арасында "Қалт етпей қағып ал,жауабын тауып ал" атты ойынын тамашалап отырсыздар.Әр сыныптан ең білгір,ең мықты ойыншы қатысады.Сол оқушылардың ішінен ең үздігін анықтаймыз.

Ең мықтыны таңдау үшін,әділ-қазылармен таныс болайық.

1. 3А-сынып мұғалімі Қырықмылтықова Күлімжан Ақжолқызы

2. 3Ә-сынып мұғалімі Аспантаева Лида Батырбекқызы

Қатысушылар тізімі:

1. 1А-класынан Ізім Дәулет

2. 1Ә-класынан Нұрлан Бекхан

3. 1Б-класынан Сәлімжанұлы Иманәлі

4.1В-класынан Асладин Әли

Сайыс бес бөлімнен тұрады

I бөлім -"Кім шапшаң?"

II бөлім -"Тест сұрақтары"

III бөлім -"Фигуралар қию"

IV бөлім -"Логикалық есептер"

V бөлім - -"Ойлан, тап"


-Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі.Ойын соңында әр оқушының алған ұпай саны есептеледі.Сонымен қатысушыларға сәттілік тілей отыра,ойынымызды бастаймыз.

I бөлім. "Кім шапшаң?" бөлімінде қатысушылар өрнектің мәнін тауып,теңдігін дұрыстап жазу қажет.

4+3=

5-0=

8-8=

9-2=

0+6=

II.бөлім. "Тест тапсырмалары" Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын белгілеу.

1)Ең үлкен бір таңбалы санды ата.

А)0 ә)9 б)10

2)Өрнектерді салыстырып,тиісті таңбаны қой: 6-4* 7-3

А)= ә)> б)<

3)Бақыттың 8 шары бар еді,ол 3-еуін жарып алды.Неше шары қалды?

А)4 ә)5 б)2


ІІІ.бөлім "Фигуралар қию" бөлімінде түрлі-түсті қағаздан әр түрлі фигуралар қияды.

ІV.бөлім "Логикалық есептер" бөлімінде фигураларды табу.

V.бөлім "Ойлан,тап" бөлімінде фигураларға ұқсайтын заттарды жазу.

1-ші орын.50 ұпай санымен, 1Ә-класынан Нұрлан Бекхан

2-ші орын. 48 ұпай санымен, 1А-класынан Ізім Дәулет

3-ші орын. 43 ұпай санымен, 1Б-класынан Сәлімжанұлы Иманәлі жүлделі орындарға ие болды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал