7


  • Учителю
  • Сынып сағаты 'Өз құқығымыз бен міндеттерімізді білейік'

Сынып сағаты 'Өз құқығымыз бен міндеттерімізді білейік'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Өз құқығымыз бен міндеттерімізді білейік

Білімдік мақсаты : Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру.
Тәрбиелік: Құқықтық тәрбиенің жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу. Құқықтық тәрбие беру арқылы оқушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін, өз құқығын білетін Конституциядағы міндеттерді орындайтын азаматты қалыптастыру, өз ойларын еркін айтуға үйрету.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, пікірталас, түсіндіру.

Көрнекілік : Қанатты сөздер, суреттер

Қажетті құралдар: интерактивті тақта, ақ қағаздар, фломастерлер


Барысы

І. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Мұғалім: Қайырлы күн, оқушылар және құрметті қонақтар. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз әр адамның өміріндегі құқығы пен міндеттері туралы болмақ. Алдымен сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы көңіл күй тілейік.

Ой толғау

Мына өлең жолдарынан қандай ой туындайды?


Құқығыңды оқы, үйрен,

Жарқын жолға бастайды.

Өз құқығын білмегеннің

Ісі өрге баспайды.


ІІ. Оқушыларға құқық пен міндеттерді таныстыру

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Өз құқығымызбен міндеттерімізді білейік». Бәріміз слайдқа қарайықшы. Не көріп тұрмыз?

Оқушылар: глобус

Мұғалім:Глобуста барлық мемлекетер, елдер көрсетілген. Ал біздің еліміз қалай аталады?

Оқушылар: Қазақстан

Мұғалім:Біздің елде тұратын адамдарды қалай атаймыз?

Оқушылар:Қазақстандықтар

Мұғалім: Ия, сонымен бірге біздің елде көптеген халықтар тұрады. Олардың түсі де, түрі де әртүрлі.Біз олармен тату-тәтті тұрамыз.Олармен тату тұруға біздің еліміздің заңымыз арқасында.

Мұғалім:Сендер қандай заңды білесіңдер?

Оқушылар жауап береді.


ІІІ. «Негізгі ойды тап» мәтінмен жұмыс (оқу, талдау, қорғау)


І-топ

15 ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің негізі қаланды. Жәнібектің баласы Қасым ханның тұсында қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Тарихта тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Ол бес бөлімнен құралды.
Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті, әскери тәртібін бұзу - шыларға қолданылатын жазаны қатайтты. Қалған мәселелерде Есім хан бұрынғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтап қалды. Сондықтан оларға халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.
Қазақтың құқық жүйесіне үшінші және соңғы рет елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан (1680 - 1718) болды. Бұл құқық нормалары жазба түрде сақталып, жүздеген жылдардан кейінде мінсіз күйде қағазға түсу мүмкін болған. Бұл кодексті «Тәуке ханның жеті жарғысы» деп атаған.

ІІ топ

Сондай-ақ, қазақ даласында Сот қызметін билер атқарған. Қазақ билері арасында бір заманда өмір сүрген және өздерінің ерекше қасиеттері мен көзге түсіп, тарих беттерінде қалған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Құқық дегеніміз - заң рұқсат ететін адам табиғатына, жаратылысына сай әркеттер жасау мүмкіндігі .

ҚР-ның Конституциясы елдің басты саяси құқықтық құжаты. Конституция латынның «constitutio» сөзінен шыққан «құрылым» деген мағына береді. Еліміздің Конституциясы -адамның құқықтары, бостандықтары, қадір-қасиетінің гуманистік тұжырымдамасы және қоғамның даму деңгейіне сәйкес келетін әділетті заң

ІІІ топ

ҚР Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда, кейін 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Заңды парламент шығарады. ҚР Конституциясы 9 бөлім 98 баптан тұрады. Ал бала құқығы туралы конвенция 1989 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады. Екі бөлім 54 баптан тұрады.

Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол - конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы - Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол - сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.

ІҮ топ


Ата - ана - өте қымбатты да асыл жандар. Ол дегенде әр баланың жан-дүниесінде бәрі жайнап кетеді. Бізді өмірге әкеліп, киіндіріп, бар жақсысын алдымызға тосқан ата - ананы мәңгі аялауға міндеттіміз
Иә, кейде ата - анасына тіл алмай, сөз қайтаратын балалар да болады. Бұл - олардың ең үлкен әрі кешірілмес қателігі. Мейірімсіз жастар әкесін, не шешесін қарттар үйіне тастап кетіп жатқанын көргенде, жүрегің қан жылайды.

ІҮ. Ойын «Жалғасын тап»
1. Ұрлық түбі -...
2. Біреуге ор қазба -...
3. Заңның құрығы...
4. Өтіріктің құйрығы...
5. Қолыңмен істегенді -...

ҮІ. Тұлғаны таны (көрініс талдау)

Көріністегі жағдаятты талдау: «Ержан туралы»

Балалар мұқият қарап Ержанның бойындағы жіберілген қателер туралы талдайды.


Бөлмеде бәрі жиналып отырды. Әжесі тоқыма тоқып, анасы жазу жазып, әкесі теледидар қарап отырды. Бөлмеге Ержан жүгіріп кіріп келді.

Ержан: Мама, тамақ ішкім келіп отыр. Тез тамақ берші.( столда отыра қалып тамақ іше бастайды)

Мамасы: Кір қолыңмен тамақ ішпе?! Барып қолыңды жу!

Ержан: Мама, бұл дегеніңіз жеке басымды басыну ғой. Біз бүгін мектепте сынып сағатта Конвенцияда айтылған бала құқығы туралы өттік!

Әжесі: Ержан құлыным, дәріханаға жүгіріп бара қойшы, қанқысымым көтеріліп отыр ғой деймін.

Ержан: Әже, баланы жұмсауға құқығың жоқ! (орындықтан орынан тұрып кетеді)

Ержан: Тамақ жеп болдым. Рахмет!

Мамасы: Балам, ыдысты жуа қойшы.

Ержан: Мама, бала еңбегін пайдалануға құқығың жоқ.(отыра қалып теледидар көре бастайды)

Әкесі: Теледидарды сөндірде сабағыңды оқы. Әйтпесе,менен таяқ жейсің.

Ержан: Папа, бұл дегеніңіз қатігездік көрсету ғой!


Оқушылар талдайды.

Рефлексия Оқушылар салынған қолдың суретіне білетін бала құқықтарын жазады.

Бала құқығы

  • Балалар ата-анамен тұруға құқығы бар

  • Тегін медициналық қаралуға көмек алуға құқылы

  • Мектепте білім алуға құқылы

  • Демалуға құқылы

  • Жеке басының бостандығына құқылы

Азаматтың негізгі міндеттері:
Конституция мен заңдарды сақтау, адамдардың құқығын, бостандығын, қадір - қасиетін құрметтеу, ҚР - сын қорғау, рәміздерді құрметтеуге, салықтарды төлеуге, табиғатты сақтауға міндетті.

Қорытынды.
Хормен «Жаса, Отан» әнін орындау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал