7


  • Учителю
  • поурочный план факультативного урока по познанию мира ' Күз' (осень)

поурочный план факультативного урока по познанию мира ' Күз' (осень)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: это план-конспект факультативного урока по познанию мира на тему " Осень". К занятию идет авторская презентация (она будет дана отдельно). урок построен с использованием технологии критического мышления, групповой работы,где дается возможность детям мыслить, правильно с
предварительный просмотр материала

І. Күз.

Сабақ №1. Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: күз мезгілі туралы әңгімелеу барысында балалардың тілдерін дамыту.Өзіміздің туған жеріміздегі күзді сипаттау.

Қажетті құралдар: презентация «Күз», суреттер,өлеңдер,кесте.

Барысы:

1.Психологиялық жағдай жасау.

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

2.Күз туралы презентацияны қарау:( №1 қосымша, интербелсенді тақтадан қарайды.)

Қай жыл мезгілі туралы фильм қарадындар? ( күз мезгілі)

Күз мезгілі екенін неден білінді? ( балалар күз белгілерін атайды)

Сендерге күз мезгілі немен ұнайды? Ұнамайды?Неліктен?

Кестені толтырындар:

Ұнайды

ұнамайды

Өздері толтырады. Оқиды.


-Ал біздің жақта «Алтын күз» қандай?Балалардың жауаптары тыңдалады.

3. Халық аузынан рубрикасы:

Күз бірдей болмайды,оның да өз мезгілдері бар.

Халық аузында күздің бірнеше атауы бар.

Мырза (жомарт) күз - дәнді дақылдар мен жеміс-жидектер пісіп молайған шақ.

Сары (алтын) күз - ағаштардың, өсімдіктердің жапырақтары сарғайып түлеген кез.

Жылауық күз - күн салқындай бастаған, жауын-шашынды ылайсаң мезгіл.

Қоныр күз - күн бұлыңғыр тартып, қара уық түскен кез.

Қара күз - күздің нағыз суық түскен кезі.

Боқырау - қар жаып, суық түсе бастаған кез, күздің соңғы айлары.

4. Өлеңді оқындар.Авторы кім? Балалар оқиды,жауап береді. (Абай)
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. .


Абай қай жыл мезгілі туралы жазды? (күз)

Осы өлең бойынша өздерін суретті салып көріндер.Оқушылар қосымша дәптерлерде жұмыс істейді.Әдемі,баяу музыкасын қоюға болады.

3.Абай атамыз сияқты бізде ақын болуға үйренейік.Қазір біз «Поэзиялық минутасы»деген жұмысқа кірісейік. Шығармашылық жұмыс. Өлең құрастыру.

Балалар ,тақтаға қарандар.

Осы тірек сөздер бойынша өлең құрастырып көріндер:

.......... қамбаларға

......... алтын күз.

......... парталарға

......... алтын күз.

Балалар жазады, оқиды. Жарайсындар.

2тапсырма қосымша суреттерге қарап сөздерді сәйкестендіреді.(қосымша тапсырмалар кітапшасы)

4. Сабақты аяқтаған кезінде ойын ойнатуға болады. «Сөз жина» ойыны.

Ойынның ережесі.

Шеңберге тұрады. Жүргізуші доп лақтырып күзге байланысты сөз айтады.Мысалы: лақтырып «жапырақ» дейді. Басқа бала допты ұстау керек. Ол да солай лақтырып сөз айтады. Бірақ жүргізуші басқа сөзді айту мүмкін,мұқият болып шаттыспау керек.Басқа сөз айтса допты ұстамау керек.Кім ұстаса ойыннын шығып кетеді.

5. Рефлексия: Бір бірімізге тілек айтып сабақ аяқталады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал