7


  • Учителю
  • Поурочный план әдебиеттік оқу на тему 'Ханзаданың достығы' 2 класс

Поурочный план әдебиеттік оқу на тему 'Ханзаданың достығы' 2 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әдебиеттік оқу. 2 класс. Өткізілу мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Ханзаданың достығы (ертегі)

Сабақтың мақсаты: ертегі мазмұнын түсіну, кейіпкерлер әрекеті арқылы ертегінің идеясын ашу.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: мәтін мазмұны арқылы баланың өмірдегі шындыққа қарым- қатынасына көзқарасын қалыптастыруға әсер ету.

Жүйелі іс- әрекет нәтижесі: ертегідегі көтерілген мәселені талдауға мүмкіндік туғызу арқылы сыни ойлауға ұмтылту; шығармашылық мүмкіндігінің артуына жағдай жасау.

Тұлғалық нәтиже; адам бойындағы мінез- құлықтардың қалыптасуына әсер ететін мәнді оқиғаларды үлгі тұту; қоршаған ортаны тануға мүмкіндік беру.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, бор, плакат, маркер, кестелер парағы, дәптер.

Сабақтың әдіс- тәсілі: «Дұрыс-бұрыс» тұжырымдар кесесі» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылықты ояту.

-Егер сенің алдыңа хан баласы ханзада келіп ойнауға шақырса, онымен бірден ойнап кетер ме едің?

Оқушылардың пікірлерін тыңдау.

-Біз бүгін ханзада тралы ойымызды ортаға саламыз. Ол үшін бізге «Дұрыс-бұрыс тұжырымдар кестесі» көмектеседі.

Тұжырымдар Дейін Кейін

Ханзада өте бақытты

Оның мәселесін ата-анасы шешеді

Олд ешкімнен көмек сұраймайды.

Ол ешкімге жанашырлық жасааймайды, ешқашан кешірім сұраймайды.


Тақырыпты түсінуге алдын ала дайындық жасау үшін, оқушылар кестедегі тұжырымдарды түсініп оқу, танысу жұмыстары тапсырылады.

Мәтінді оқуды бастамай тұрып, «Дейін» бөлігіне осы тұжырымдарды мақұлдаса, «+» таңбасын қояды. Егер мақұлдамаса, «-« таңбасын қояды. Оқушылардың кейбірінен неліктен олай ойлайтынын сұрауға болады. Кесте алдын ала дайындалып, барлық мақсат еткен тұжырымдарды таңдап алуыңызға болады.

ІІ. Мағынаны тану.

Мәтінді зерттей оқу.

Мәтінді 3- абзацқа дейін оқып, мазмұнын түсіну. Мәтін мазмұнындағы ханзаданың өмірін кестедегі1, 2- тұжырымдармен салыстырып, «кейін» бөлігіне тиісті таңба қою.

Сұрақтар:

-Мәтіндегі ханзаданың шынында жағдайы қалай деп ойлайсың? Балаға ойнамай өмір сүруге болар ме еді?

-Өзің ханзаданың өмірін оқыған сәтте қандай сезімде болдың? Мысалы, аяныш .... Тақтаға жазу.

Мәтінді «Бір күні есігін ашса ...» деген жерге дейін оқу, мазмұнын түсіну.

Сұрақтар:

-Кестедегі 2- тұжырым расталды ма? Талдау. «Кейін» бөлігіне тиісті таңба қою.Бөлімді оқығанда аяныш, жанашырлық сезімдері өзгерді ме? Оқушылардың көңіліндегі сезімдерін тақтаға жазу. Мысалы, үміттену, реніш ....

Осы жерде әрі қарай оқуды бастамай тұрып, болжау жасап, оқтға өрбуі мүмкін деген сұрақ арқылы балаларды қызықтыруға болады. Мәтінді аяғына дейін түсініп оқу.

-Балалар, ханзаданың өмірінде қандай өзгеріс болды? Кестенің 3- бөліміне тағы да жазу.

- Бұл сезімдердің тізбесі арқылы адамға деген жанашырлық, көмектесуге деген ұмтылыс сендердің жүректеріңде бар екеніне мен қатты қуандым. Сендер ханзада сияқты жалғыз қалған бала болса, көмек қолын созатындарыңды байқап, қуанып тұрмын. Ал ханзада сияқты баланың адамгершілік сипатын тәрбиелеуге кім себеп болды? Әрине, қызметші.

ІІІ. Ойтолғау.

Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс. Дәптермен жұмыс.

Кестедегі пікірлерге тоқталып, өмірдегі болатын жағдайлармен салыстыру. Мәтіндегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлер туралы атап айту.

Үйге тапсырма беру.

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Жылыбұлақ ауылы

Жылыбұлақ негізгі білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Медетова Мүслима Теміртасқызы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал