- Учителю
- 'Жазбаша көбейту және бөлу 178*4; 712: 4' 3 класс
'Жазбаша көбейту және бөлу 178*4; 712: 4' 3 класс
Күні: | Пәні: математика | Ақтобе облысы Хромтау ауданы Сәтпаев орта мектебі | Мұғалімі: Бахтыбаева Майра жарасовна | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Жазбаша көбейту және бөлу 178*4; 712:4 | ||||||||
Жалпы мақсат | -үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру; -3-4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету; математика сабағында алған білімдерін тереңдету, логикалық қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.Сыни тұрғыдан ойлана білуге үйрету. -Есте сақтау мүмкіндіктерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру | ||||||||
Күтілетін нәтиже | Оқушылар өз беттерінше жазбаша қосу мен азайтуды орындай алады, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындай біледі | ||||||||
Түйінді идея | Оқы,үйрен,ұғып ал, Ойыңа бәрін түйіп ал! | ||||||||
Сабақ кезеңдері | Сабақ барысы | Бағалау | Ресурс | ||||||
1. Кіріспе бөлім | Амандасу. Ынтымақтастық орта қалыптастыру. Тренинг. Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір екі топқа бөлінеміз. 1-топ 2-топқа барып бір-біріңізді мұрыныңызбен үйкелейсіздер. Ал екінші топ бірінші топқа барып, бір-бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер. Жолда жүру ережесіне қатысты мультфилімінен үзінді көрсету.
Топқа бөлу. Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу. 1-топ «Төртбұрыштар» 2-топ «Шаршылар»
«Маршрут картасы» әдісі Карта сызбасы
Бірінші аялдама: «Автобус аялдамасы» Олай болса,біздің аялдамаға қандай автобустар келіп тоқтайды? Балалар, автобуспен кетіп бара жатқанда,автобус бірнеше аялдамаларға келіп тоқтайды.Аялдамалардың аттарынының бәрін білу мүмкін емес. Балалар, ауылымыздың ең көрікті жерлеріне саяхат жасаймыз.Аялдамаларға тоқтап,тапсырманы орындаймыз. Үй тапсырмасын тексеру.Ауызша есептеу | Қошемет | Смайликтер Топ атаулары
| ||||||
2. Тұсаукесер бөлімі | Енді мына логикалық тапсырманы орындау арқылы автобусқа мінеміз. Сонда баратын жеріміз анықталады.
Кел ойнайық! 18:6*7-19*8? 24:6*7-19*8? 30:6*7-19*8? «Блум таксономиясы» Анықтауыш сұрақтар.
| Жетон |
Маршрут картасының сызбасы
Жетон Кесте
| ||||||
3. Негізгі бөлім. | Үшінші аялдама «Мектеп» Жаңа сабақ 1.Көркем жазу 68 86 66 88 Оқулықпен жұмыс: Сабақтың тақырыбы: 178*4; 712:4 жазбаша көбейту және бөлу
Тақтамен жұмыс:№3 мысалды орындату. Бесінші аялдама «Мәдениет үйі» «Сергіту сәті» «Шырша» Есеп шығару:№5 Оқушылар есептің шартын ,сұрақтарын оқиды,салыстырады есептердің біреуі бір амалмен,ал екіншісі екі амалмен шығарылатыны туралы қорытынды жасалады. Төртінші аялдама: «Әкімшілік» Топтық жұмыс: 1 топ.Шаршының периметрі 24 см.Оның ауданын тап. Шаршы сыз. 2 топ. Тік төртбұрыштың ауданы 72 см² Ұзындығы 12 см. Тік төртбұрыштың периметрін тап. | Жетондар арқылы | Жетондар
Кесте
Мектеп Мәдениет үйі
Дүкен Әкімшілік суреті
| ||||||
4.Қорытынды | 6-тапсырма. Оқушылар жаңа сабақ бойынша алған білімдерін пайдалан отырып тапсырманы орындайды |
| Қошемет | ||||||
5.Үйге тапсырма | 109 бет 4 тапсырма |
|
| ||||||
6.Рефлексия | «Саяхат» жолаушылар вокзалы
| Бағалау | Автовокзал суреті | ||||||
7.Бағалау | Оқушыларды критерий арқылы бағалау Бағалау:Автобустың төлем ақысы неше теңге?Автобустардың төлем ақысы ақшамен төленсе,ал сіздер үшін ,бүгінгі сабағымызда,одан айырмашылығы сіздердің білім деңгейлеріңізге байланысты,баға қойылған билетпен беріледі.
Оқушының аты-жөні | Үй тапсырмасы | №1тапсырма | №2тапсырма | №3тапсырма | ||||
|
|
|
|
|
Тапсырма бойынша бағалау
Кесте