7


  • Учителю
  • 'Досыңның ала жібін аттама' тәрбие сабақ

'Досыңның ала жібін аттама' тәрбие сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Досыңның ала жібін аттама»
Мақсаты: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым - қатынасын нығайту. Оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен және досына адал болуға үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Күтілетін нәтиже:
- Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйренеді;
- Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым - қатынастары дамиды;
- Татулыққа, достыққа, ұжымшылдық қасиеттері нығаяды .
Түрі: аралас
Әдіс-тәсілдері: Қораптағы сұрақтар, хатқа жауап беру, пікіралмасу, жүректен-жүрекке, «Сиқырлы орындық» жаттығуы, «Ренжістік-татуластық ойыны.
Көрнекі құралдар: Ұлы ғұламалардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, слайд, жүрекшелер.
Сабақтың барысы:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды 3 топқа бөлу.


ІІ. Тақырыпты ашу сұрақтары.

«Қораптағы сұрақтар» әдісі:
1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз?
2. Достық жасқа байланысты ма?

3. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

Қорапшадан сұрақтар ала отырып, жауап береді;

ІІІ. «Нағыз дос» қандай болады?


«Досыңның ала жібін аттама»

Топпен ойланып, тұжырымдамалық картамен жұмыс жасау.

Топпен ойланып, тұжырымдамалық картамен жұмыс жасау.

ІV. Жағдаяттан шығу.

1. Жақсы дос
Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады.
Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған.
Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды?
2. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты...
- Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?
3. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты...
- Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер?

Біз бір-бірімізді түсінуге тырысамыз, түсіну үшін қандай қарым-қатынаста болуға тиіспіз, қане ойын ойнап көрейік.

Топпен бірлесе отырып, түрлі жағдаяттардан шығу жолдарды қарастырады.


V. Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/

« Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер:
• «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер.
• «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар.
• « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.
Пікір алмасу.
- Сендерге ойын ұнады ма?
- Татуласу ше?
- Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты, көңілді/
- Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма?
- Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер? /уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/
Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсін.

Ортаға шығып, ойынның шартымен танысып, ойнайды.

• «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер.
• «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар.
• « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.

VІ. «Хат қоржын» (хаттарға жауап)

Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата-анамды әрі-бері күтіп, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келеді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым... Сіздер маған қандай ақыл айтасыздар?

Топпен ойланып, хатқа жауап жазады.

VIІ. «Менездеме беру» тренингі.

Жеке жұмыс: Сынып оқушыларының аттары жазылған сандақшадан кима-қағазарды алып, сол қағазда жазылған сыныптасына мінездеме беру.

Тірек сөздер:
Адал Арам
Жомарт Өз қамын ойлайтын
Адамгершілігі мол Кекшіл
Қарапайым Сөзге түсінбейтін
Мейірімді Жалқау
Кешірімді Тәккапар
Төзімді Қатал
Ақылды Мейірімсіз
Сабырлы Сараң
Салмақты Қызғаншақ
Кек сақтамайтын Тұйық
Ашық

ҮІІІ. «Сиқырлы орындық» жаттығуы.

Ортадағы бір орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.

«Сиқырлы орындыққа» отырған оқушының тек ұнамды жақтарын айтады.

ІХ. Жүректен жүрекке:

Оқушылар шеңбер бойымен бір-біріне кезекпен достық тілектерін білдіреді.
-Досыңа адал бол!
-Татулық тілеймін!
-Досыңа кек сақтама!
-Кешірімді бол!
-Достық тілеймін!
• Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Жүрекшені бір-біріне бере отырып, жылы тілектерін айтады.

Х. Қорытынды:

Мақал- мәтелді жалғастыру:
1. «Кемшіліксіз ... іздеген адам ... қалады».
2. «Дұшпан ... айтады, дос ... айтады».
3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ ...».
4. «... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы».
5. «... теңгең болғанша, жүз ... болсын».
6. «Досы көппен ...,
Досы жоқпен ...».
7. «Досы ..., өзі де жақсы».
8. «.. басқа қарайды,
... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз ..., ақылды дұшпан ...».
10. «Досың мың болса да - ...,
... біреу болса да - көп».

Достық туралы мақал-мәтел айту:
Мақалды жалғастыр.
1. «Кемшіліксіз ... іздеген адам ... қалады».
2. «Дұшпан ... айтады, дос ... айтады».
3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ ...».
4. «... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы».
5. «... теңгең болғанша, жүз ... болсын».
6. «Досы көппен ...,
Досы жоқпен ...».
7. «Досы ..., өзі де жақсы».
8. «.. басқа қарайды,
... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз ..., ақылды дұшпан ...».
10. «Досың мың болса да - ...,
... біреу болса да - көп».






Сабақтан көріністер






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал