7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: Мен патриотпын

Тәрбие сағаты: Мен патриотпын

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алғашқы тәрбие сағат тақырыбы:



«Мен патриотпын»

1-сынып



Мақсаты:

- Оқушыларда тұлғаның азаматтық қасиеттерін қалыптастыру;

- Қоршаған ортаға деген төзімділігін тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • оқушылардың «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асырудағы белсенділігін қалыптастыру және арттыру;

  • Жаңа Қазақстандық Отаншылдықты нығайту;

  • білім алушылардың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен табыстары туралы білімдерін тереңдету, ой-өрістерін кеңейту;

Құрал-жабдықтар:

  • «Қазақстан-2050 Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» плакаттары;

  • «Менің Отаным - Қазақстан», «Мен - Қазақстан азаматымын», «ҚР Конституциясы»;

  • шарлар, гүлдер.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі

Ширату жаттығулары.

ҚР-ның гимнін тыңдау.

Сыныпты үш топқа бөлу.

Сынып жетекшісі:

  • Қымбатты балалар, мен сендерді алғашқы оқу күнімен, Білім күнімен құттықтаймын. Сендерге жаңа жаңалықтар, жаңа білім, жаңа табыстар мен жетістіктер тілеймін. Көңіл-күйлерің көтеріңкі болсын! Сәт-сапар! Міне, жазғы демалыс та аяқталып, алғашқы қоңырау соғылды. Енді 9 ай бойы біз білім алып, оқып, сабақтарда және сабақтан тыс іс-шараларда бір-бірімізбен қарым-қатынаста болуға тура келеді. Бұл дегеніміз - 1085 оқу сағаты, 210 оқу күні. Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады, бірақ біз мына сұраққа жауап беріп көрейік: «Сендер осыншама уақыт бойы кіммен болғыларың келеді: мектептегі досыңмен бе, әлде ешқашан көмекке келмейтін, «Қал-жағдайың қалай?» деп сұрамайтын, сабақты айтып жібермейтін, үзіліс кезінде сенімен сөйлеспейтін адаммен бе?». Әрине, жауап анық - досыңмен.

Оқушы:

- Достық - әркімге, әр істе бізге көмекші. Барлығымызға жақсы, адал дос керек!

Ән. «Достық әні».

Сынып жетекшісі:

  • Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз Отанымның патриотымын». Неге біз бұлай айта аламыз? Себебі, «бір халық, біртұтас ұлт» - бұл барлығымызға ортақ ұлттық мүдделер. «Бір халық» - бұл біз бірге өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз - игілікті және өсіп- өркендеген Қазақстан! Мұның барлығы - Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін біртұтас қоғам керек деген сөз. Жиырма бес жылда Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін ұлттық жетістіктің үздік үлгісі бола алды. Бұл - барлық қазақстандықтардың еңбексүйгіштігі мен бірлігінің нәтижесі. Бұл - тек күшті халықтың ұлы қабілеті. Біз осындай халық, біртұтас ұлт бола алдық және осы биігімізде қалуымыз керек! Қазақстан - бұл біртұтас ұлт, біртұтас халық, бір мүдде. Алдымызда ұлы жоспарлар тұр. Оларды іске асыру жаһандық өзгерудің күрделі жағдайларында өтпек. Бұған бүгіннен бастап дайын болуымыз керек және бар күшімізбен халықтың біртұтастығын қамтамасыз етуіміз керек. Өйткені, бізде бір халық - бір ел - бір тағдыр! Қазақстан 140 ұлыс пен 17 конфессия өкілдері үшін ортақ үйіне айналды. Біздің Қазақстанның ұлттық, ұлыстық, мәдени және діни жағынан әртүрлілігіне қарамастан, елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалғанымызды мойындаймыз. Қзақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саясаты көптеген ұлыстарды мәдениет пен діндерді біріктіреді. Біздің елімізді «өркениеттер тоғысы» деп атайды. Қазақстан ислам, христиан және буддизм сияқты ірі әлем діндерінің арасындағы көпір болып табылады. Ғасырлар бойы мұнда әртүрлі халықтар мен ұлт өкілдері бірге өмір сүріп, еңбек етті. Өзара баю мен өркендеуге ықпал ететін берік мәдени байланыстар орнады.

Әртүрлі діндер мен рухани дәстүрлері бар барлық Қазақстан халқы атынан біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімді ары қарай сақтап қалуға ұмтылысымыз бен ұстанымымызды білдіреміз. Біз Отанмыздың басты байлығы - әлемдік үлгі ретінде әділетті түрде мойындалған азаматтық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді, біздің көпұлтты мемлекетіміздегі мәдениеттер мен діндердің ара қатынасын қолдауға әзірміз. Біз Отанды сүюге, қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрлері мен үрдістерін құрметтеуге бар күш-жігерімізді саламыз. Біз ортақ үйіміз Қазақстанның көркеюі, өркендеуі, дамуы, әл-ауқаты мен жағдайының жақсаруы жолында, бейбітшілік жолында қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз.

Оқушылар Қазақстан туралы өлеңдер оқиды.

Сынып жетекшісі:

- Біздің барлығымызды, барлық ұлттың адамдарын маңызды ұғымдардың бірі біріктіреді: БІЗ - Қазақстан халқы. Біз біртұтас елміз және біздің күшіміз бен жетістігіміз осыда.

Қорытынды:Балалар, енді Қазақстан туралы не білетінімізді тексерейік. Кішігірім сұрақ-жауап өткізіп, сендердің білімдеріңді тексерейік.

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран)

2. Ұлттық валюта (Теңге)

3. Ақындар жарысы (Айтыс)

4. Қазақстан Республикасының тұңғыш ұшқыш-ғарышкері (Т.Әубәкіров)

5. Қазақ фольклоріндегі, халық ертегілеріндегі әзіл әңгімелер кейіпкері (Алдар көсе)

6. Қазақтардың ұлттық үйлері (Киіз үй)

7. Мұсылмандардың қасиетті кітабы (Құран)

8. Ұлттық сусын (Қымыз)

9. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (Н.Назарбаев)

10. Қазақстан Республикасының Конституция күні (30 тамыз)

11. Түйелер тізбегі (Керуен)

12. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)

13. Қазақстан халықтарының бірлігі күні (1 мамыр)

14. «Шаңырақ» ненің нышаны? (Шаңырақ - отбасы, жанұя)

15. Ғарышты зерттеу бойынша қала-орталық (Байқоңыр)

16. Қазақтың ұлттық аспаптары (Домбыра, сыбызғы, қобыз)

Сынып жетекшісі :

  • Біздің еліміздің көркеюі, өсіп-өркендеуі үшін мемлекет ішінде тұрақтылық, онда тұратын халықтар арасында достық пен келісім болуы қажет. Және де осы іс-шарамызды Қазақстан туралы мына өлең шумақтарымен аяқтағым келеді.

Оқушы:

Қазақ елі қашаннан да жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрыннан

Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.

Бір-бірімен тату-тәтті тұрады,

Бәрінің де Қазақстан тұрағы.

Рефлексия. Көгершіндер - бейбітшілік пен келісімнің нышаны. Көгершіндердің суреттерін салып, оларды біздің тақтамызға орналастырыңыздар.









Мәңгілік Ел - бұл Тәуелсіздік және Астана.

Мәңгілік Ел - бұл Жалпыұлттық бірлік, Бейбітшілік пен келісім.

Мәңгілік Ел - бұл зайырлы мемлекет және жоғары руханият.

Мәңгілік Ел - бұл Инновация жолындағы тұрақты Экономикалық өсім.

Мәңгілік Ел - бұл Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Мәңгілік Ел - бұл мәдениет пен тарихтың, тілдің ортақтығы

Мәңгілік Ел -ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпыәлемдік проблемаларын шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал