7


  • Учителю
  • 'ӨСімдіктердің топталып өсуі' Дүниетану

'ӨСімдіктердің топталып өсуі' Дүниетану

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің топталып өсуі.

Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Өсімдіктердің өзіндік қасиеттері мен тіршілігі туралы білім беру.

Тәрбиелік: Өсімдіктердің топталып өсуінің де бір-біріне тигізетін пайдасы

жөнінде таныстыру.

Дамытушылық: Әр уақытта осы тірі ағза -- өсімдіктерді қорғауға, оларды

күтіп баптауға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: Техникалық құрал, интерактивтік тақтасы, суреттер.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, ойын, сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, еңбек

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

Бес-алты оқушыдан үй тапсырмасын сұрау. Содан соң өтілген тақырыптарды еске түсіру мақсатында "Гүл құрастыру" ойыныны ойнау. Ойында гүл күлтешелері артындағы жасырын сұрақтарға жауап беру арқылы оқушы өтілген сабақтармен қоса үй тапсырмасына да жауап береді.

Гүл күлтешелерінің сұрақтары:

1. а)Топырақ дегеніміз не?

ә) Топырақтың негіз.і қасиеті не?

2. а) Біздің елімізде өсімдіктің неше түрі бар?

ә) Өсімдіктердің ерекшеліктеріне қарай неше топқа біріктіреміз?

3. а) Өсімдіктер қандай ортада және қандай жағдайларда тіршілік етеді?

ә) Өсімдік қандай ағза?

4. а) Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата.

ә) Жапырақтары, сабақтары туралы айт. Дәрілік қасиеттері бар ма?

5. а) Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата.

ә) Себептері мен қасиеттері.

6. а) Жылу сүйгіш өсімдіктерді ата.

ә) Мысал келтір

7. а) Суыққа төзімді өсімдіктер туралы айтып бер.

ә) Мысал келтіре отырып әңгімеле.

8. а) Жарық сүйгіш өсімдіктер мен көлеңкеге төзімді өсімдіктер туралы айтып бер.

Міне балалар өз қолымызбен гүл құрастырдық. Гүл-- бұл өсімдік. Оны біз ең жақсы көретін адамдарымызға сыйға тартамыз.

Сергіту сәті: таспадан би музукасын қойып би билеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Сөзжұмбақ шешу

1. Гүлге ұқсас жәндік

2. Жемісі тамырында болатын өсімдік.

3.Үсті инелі жәндік

4. Шырыны дөңгелек жеміс.

5. Көпжылдық шөптесін өсімдік.

6. Шашақты дәні көп өсімдік.

7. Піскенше суда өсетін өсімдік.

Негізгі тақырып өсімдіктің топталып өсуі және қанша жыл тіршілік етуі туралы интерактивті тақта арқылы корсете отырып түсіндіремін.

Ойлан тап бұрышы:

Осы тақырып боынша сұрақ-жауап алу.

1. Бидайды , күрішті орамжапырақты, қызынақты неге "мәдени өсімдіктер" деп атайды?

2. Топталып өсетін өсімдіктер бір-біріне қандай жағдай туғызады?

3. Жабайы өсімдіктерді ата.

4. Тіршілік ету мерзімі бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық өсімдіктерді ата.

Дәпермен жұмыс

Жұмбақтар шешу

Бір ел бар су ішетін тамақ емес,

Сөйлесіп бір-бірімен қылмас кеңес.

Үстіне жаздыгүні киім киер,

Қысты гүні жалаңашы ештеңе емес.

(Ағаш)

Тікен-тікен тік пісте,

Қысы жазы бір түсте.

(Шырша)

Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында наны бар.

(Бидай)

Бойы бір қарыс,

Сақалы екі қарыс.

(Пияз)

ІІІ. Қорытынды бөлімі

Біз жаңа сабақта өсімдіктердің бізге тигізер пайдасы, олардың өсуі, т.б. білім алдық Сондықтан да сендер таза ауа жұту үшін өсімдіктердің өсуін қадағалап, оларды қоғауларың керек.

Көктемде жерімізді сайлап алып, оған гүл, ағаш отырғызамыз деп уәде берелік.

Оқушулардың еңбегін бағалау.

Уйге тапсырма: оқып, түсініп келу.

Сабақты аяқтау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал