7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу, Сабақ тақырыбы: 'Екібастұз'

Әдебиеттік оқу, Сабақ тақырыбы: 'Екібастұз'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала




Сабақтың тақырыбы: Екібастұз

Сабақтың мақсаты: мәтіндегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру; байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілуіне жағдай жасау; еліміздің қазба байлықтарының қорғап, сақтап қалудың жолдарын қарастыруда өздерін эколог маман ретінде сезуіне мүмкіндік беру.

Сабақтың ресурсы: Екібастұз туралы слайд, үнтаспа, таскөмір түрлері

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: тест, сұрақ-жауап, есеп шығару,бейнефильм

Сабақтың барысы:

Психологиялық ахуал

Бір оқушы алдына жығып:

-Достар, көңіл күйлерін қалай?

-Керемет! (хормен қолдарын жоғары көтеріп)

-Сабаққа дайындықтарын қалай?

-Тамаша! (алақан соғады)

-Ынталарын қалай?

-Ғажап! (бес сауғанын жайып, бұлғайды)

-Ендеше, бастаймыз ба?

-О-о-о! ( бас бармақтарын көрсетіп)

Ұйымдастыру кезеңі

1.«Топтастыру» ауа

Үй су

Бізге не қажет ?0ажет

Киім жылу

Тамақ

І.Қызығушылықты ояту

1-Осылардың әрқайсысын біз қайдан аламыз? (табиғаттан)

-Қазір табиғат қандай?

-Ендеше бізге қазір не қажет?

-Ал, жылуды қайдан аламыз?

-Таскөмірді қайдан пайда болғанын білгілерің келе ме? Бейнефильм «Көмір»

2.Көмір түрлерін көрсетіп, қасиеттеріне тоқталу

-Көмір өндіретін орынды, өндіруші адамдарды кім дейміз?

-Көмірді тағы қандай қалада өндіреді екен?

-Бүгінгі сабағымызды тақырыбы не екен?

3.Ендеше , оқулықты ашып, үнтаспаны мұқият тыңдауларыңды сұраймын.

ІІ. Мағынаны тану

1.Үнтаспадан «Екібастұз» аңызын тыңдау

2.Сөздік жұмысын жүргізу

Адырлы дала- төбелі жерлер

Шөпшек (шөмшек)-қураған бұта, шөптердің қалдығы

Тезек- отын орнына пайдалаланатын малдың кепкен қиы

Сұрақ: Бұл шығарманың қай түрі? (аңыз)

-Аңыз туралы не білесің?

-Неге олай ойлайсың?

-Ал мәтіннің негізгі идеясы неде деп ойлайсың?

4.Слайд «Екібастұз қаласы» түсіндіру.

Сергіту сәті музыкалық «Аяқпенен топ-топ»

Жұппен жұмыс:

1-қатар: мәтінді есеп шығару

А) Екібастұз қаласының білім беру жүйесінде 49 мектеп, оның ішінде ауылдық - 23. Қалалық мектеп нешеу?

2-қатар: Берілген сөйлемдерден етістікті тауып, астын екі сызықпен сызу

Екібастұз қаласында 20 мәдени мекемелері қызмет етеді. Екібастұз елді мекені 1898 жылы ашылған. Екібастұз аймағында 37 емделу-сауықтыру мекемелері қызмет көрсетеді

3-қатар: Сұрақ: Егер сен далада алтын немесе бағалы басқа зат шығатын жерге тап болсаң, не істер едің?

Мини тест.

1.«Екібастұз» деп аталуының себебі не?

А) Түйір-түйір қара домалақ тастарды тауып алғандықтан

Ә) Отқа түскен бір уыс қара тастардың қызуы күшейіп, жаңа бастағындықтан

Б) Бұл жерді оңай табу үшін үлкен-үлкен тұзды бірінің үстіне бірін қойып кеткендіктен.

В) «Екі бас тұз қалған жер» деп іздегендіктен.

2) Екібастұз Қазақстанның қай өңірінде орналасқан?

А)Оңтүстігінде Ә) Солтүстігінде

Б) Батыста В) Шығыста

3)Екібастұз жерінде көмірдің табылуына кім немесе не себеп болды?

А) тезек теруші

Ә) тышқан

Б) қара домалақ тасты отқа лақтырған адам

Өзін-өзі тексеру: тақтаға қарап, өз жұмыссыңды тексеріп,

бармағыммен бағалау.

ІІІ.Ойтолғау

1.Қорытынды:

Бүгін мен білдім ....

Қызықты болды ...

Қиын болды ...

Мен тапсырмаларды орындадым ...

Енді мен білдім ...

Мен үйрендім ...

3.Бағалау

4.Үйге тапсырма беру:

А)мәтіннің мазмұнын дайындау

Ә) «Екібастұз» мәтіні бойынша сурет салу

Б) «Бес жолды өлең» стратегиясы (алгоритм)
1.Зат есім (1 сөз)
2. Сын есім (2 сөз)
3. Етістік ( 3 сөз )
4. Қорытынды ой (4 сөз )
5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)

№ 25жалпы орта білім беру мектебі


Әдебиеттік оқу пәнінен

ашық сабақ

«Екібастұз»


2 «А» Н.К.Байгабылова














Павлодар,2015



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал