- Учителю
- Құстар Ашық сабақ. Бастауыш сынып.
Құстар Ашық сабақ. Бастауыш сынып.
Сабақтың тақырыбы: Құстар
Сабақтың мақсаты:
-
Жыл мезгілдері, ерекшеліктері, құстар туралы түсінік беру.
-
Құстардың түрі, тіршілігі туралы білімдерін дамыту. Ата- бабаларымыздың құстарды қалай дәріптегені туралы ой- өрісін, тіл байлығын дамыту.
-
Құстарды сүюге, аялауға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреттер.
Пән аралық байланыс: Ана тілі
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
а) Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Сергіту сәті
VІ . Оқулықпен жұмыс
Ү. «Сөзжұмбақ»
ҮІІ. Дәптермен жұмыс
ҮІІІ. Қорытынды
ІХ. Үйге тапсырма
ХХ. Бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
а) Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
ІІ. Үй тапсырмасы: «Балықтар» мәтінін сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар, қане бәріміз назарымызды тақтаға аударайықшы. Тақтада нені көріп тұрмыз? Құстарды дұрыс айтасыңдар. Сендер білесіңдер құстарда біздің табиғатымыздың бір бөлігі, сонымен қатар біздің досымыз. Ендеше балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Құстар.
Құстар
ІҮ. Сергіту сәті
Ұшты- ұшты ойыны.
Ұшты- ұшты сұңқар ұшты,
Ұшты- ұшты парта ұшты.
Ұшты- ұшты үйрек ұшты,
Ұшты- ұшты бүйрек ұшты.
VІ. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқушылар тізбекпен оқиды
Ү. «Сөзжұмбақ»
Сұрақтары:
-
Лебедь сөзінің қазақша баламасы қалай? (аққу)
-
Құстардың жемтігі ол ...(құрт)
-
Орман дәрігері (тоқылдақ)
-
Жылы жаққа ұшатын құс (тырна)
-
Ерте тұратын құс(қораз)
VІІ. Дәптермен жұмыс.
Жұмбақты көшіріп жазып, жауабын шеш.
ҮІІІ Сабақты қорытындылау.
Табиғат -біздің байлығымыз. Осы табиғаттың көркі, сәні, әні болған құстарды қорғайық. Ал құстар өсімдік қорғаушысы. Сол құстарға қамқор бола білейік.
ІХ. Үйге тапсырма: «Құстар» мазмұндау
ХХ.Бағалау.
Форматив жүргізу.
Астрахан ауданы.
Ақмола облысы.
Ашық сабақ
«Құстар»
Өткізген :Құлмағамбетова Перизат