7


  • Учителю
  • Математика 27+36 және 63-27 жағдайындағы жазбаша қосу және азайту (2сынып)

Математика 27+36 және 63-27 жағдайындағы жазбаша қосу және азайту (2сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Математика 2-сынып Тақырыбы : 27+36 және 63-27 жағдайындағы жазбаша қосу және азайту. Сабақтың мақсаты : 1. Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайтуды үйрету , есептеу әдістерін қалыптастыру. 2. Есте сақтау, ойлау, аңғарымпаздық, шығармашылық ой, жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту . 3.Өз әрекетіне саналы көзқарас, өз бетінше жұмыс жасай білу, есептеу әдістерін дұрыс қолдана білу, өзге адамның пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: «Сын Тұрғысынан Ойлау»стратегиясы ББҰ сызба әдісі Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың көрнекілігі : Интер тақта, слайдталған толық сабақ жүрісі, құстардың суреттері, аппликациялар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі : Үй тапсырмасы: Талдау ,тексеру ІІ. Ой шақыру кезеңі : (Жұмбақтардың шешуін табу.) 1.Ала шапан киеді Қыпылықтап жүреді Секектеп бір тұрмайды Өреден құрт ұрлайды Қалдықты жеп тауысқан, Аты оның ...../ сауысқан/ 2. Мықты құс бар сондай, Суықта да тоңбай , Іздеп жүріп, дән тапқан, Ұшып- қонған...../ торғай/ 3. Қара түсті қарқылдақ, Ұшып- қонып жалпылдап. Қоқыстарды шоқиды, Жем іздейді там-тұмдап . /қарға/ 4.Тақылдатып, Мазаны ап, Ағаштарды тазалап, Ормандарды емдейді, Зиянкесті жазалап ./тоқылдақ/ -- Бұлар қандай құстар? Олар қалай қоректенеді? /айнала аппақ қар, құстар қоректенетіндей ештеме жоқ/ Ал ендеше тапсырмаларды орындай отырып құстарға көмек көрсетейік. ІІІ. Қызығушылықты ояту «Доп лақтыру» / Бұл ойын арқылы оқушының бұрын білетіні мен жаңа білімді меңгеру , үйрену үрдісінен тұрады. / 25+13 35-20 25+9 46-16 78-18 49-17 16+23 24+20 63+24 59+9 60-4 16+6 25+9 78-70 100-20 17+23 17+36 53-27 37+26 43-17 100-9 /аппликация жабыстырылады «ағаштар» / ІҮ. Мағынаны ашу Жаңа сабақ. 27+36=(20+30)+(7+6) =50+13 = 63 63-27=(50-20)+(13-7)=30+6=36 Баған түрінде де орындату. Бастапқы бекіту. Баяндау әдісі бойынша №3 37+25 36+27 48+25 49+17 64-27 58-29 87-38 35-17 / аппликация жабыстырылады «жемсауыт»/ Ү.Сергіту сәті. № 5 а) Есепті өз бетінше орындайды. Д-3 б Ән-7 н Би-6 н Барлығы ? адам Ш: (3+7)+6 =16 /адам/ Шығармашылық тапсырма «Сиқырлы» шаршылар ойыны / аппликация жабыстырылады «Ұя»/ ҮІ. Бекіту Ал сонымен, құстарға қамқорлықты кімдер жасайды ? (адамдар) Неге? -Құстар біздің досымыз. Олардың пайдасы көп... -Олай болса, тағы ненің суретін қосуға болады? (үйдің) №6 тапсырма жұптық жұмыс / аппликация жабыстырылады «Үй»/ ҮІІ. Сабақты қорытындылау. /ББҰ/ 1.Бүгінгі қосу және азайту жағдайындағы ерекшелікті жеткіз. 2.Жаңадан не үйрендіңдер? 3.Қандай тапсырмалар сендерге қиындық тудырды? 4. Құстарға қамқорлық жасау арқылы қандай ой түйдің?

ҮІІІ.Үйге тапсырма № 5 Бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал