- Учителю
- Тема Ф дыбысы және әрпі
Тема Ф дыбысы және әрпі
| Пәннің аты: Сауат ашу | Уақыты:16.03.16 | Кабинет | Мұғалім: </<font face="Times New Roman, serif">Бөлеубаева Г | ||
| Сабақтың атауы | Ф дыбысы және әрпі. | ||||
| Мақсаты | 1. Оқушыларды Ф әрпімен таныстыру. Оқушыларға Ф әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту. 2. Сөздік қорларын дамыту. 3. Сауатты жазуға, еңбекті сүюге баулу | ||||
| Күтілетін нәтиже | Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап. Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, суреттер. Сабақтың барысы: | ||||
| Психологиялық ахуал | Шаттық шеңбері Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. | Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге Жаттығу жасайды. 
 | |||
| Қызығушылығын ояту 
 
 
 
 | . Ұйымдастыру кезеңі. а) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру. ә) Зейіндерін сабаққа аудару. II. Өткен сабақты пысықтау. Балалар, біз өткенде қандай дыбыспен таныстық? - В дыбысы. - Қане, В дыбысын қарастырып сөздер ойлап жіберейік. Вагон, велосипед, вокзал. . Енді осы сөздерден сөйлем құрайык. 
 | Жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын оянып,ерекше ынтамен кіріседі | |||
| Мағынаны тану 
 
 
 
 | Суреттерге қарап заттарды атау. кофе, фонтан,телефон т.б. Осы сөздердегі ең бірінші әріпке көңілдерін бөлу. Ф әрпін ауада, тақтада жазу. Ф жазба түрі. Ф баспа түрі. 
 Суреттерге қарап, сөздерге дыбыстык талдау
      жасау.  Буын сөздерді хормен оқу. Тордағы әріптерден сөз құрау. Те/ле/фон сөзіне дыбыстық талдау жасау. Суретпен жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құрайды, одан
      сөйлемді бөліп алып, ал сөйлемнен Ф дыбысы бар сөзді табу.
       Жұмбақтар шешу. Бір құлағы сөйлесе, Бір құлағы тыңдайды. Білсең айтшы ендеше, Жұрт не дейді мұндайды? (Телефон) Тапсырмалар. а) Жалғасын тап. Фут-, фон-, магнито-, теле-, т.б. ә) Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет. Фатима финал кофта фонар т.б. б) Ф дыбысын қатыстырып создер ойла. | ||||
| Сергіту сәті | Оңға ,оңға түзеу тұр, Солға ,солға түзеу тұр. Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым. Жоғары -төмен қарайық, Орнымызды табайық. | 
 Балалар қимыл қозғалыспен жаттығуды қайталайды. | |||
| Ой толғаныс 
 
 
 | Жұмбақтар шешейік! Арқасы тіреп жабысып, Екі "р" қалған қабысып, Бұл қай әріп? (Ф) 
 Иілген ұршық - Қарайық, Ұқсайды оған қай әріп? (Ф) 
 Қос бүйірін таянып, Тұратұғын қай әріп? (Ф) "Орамал тастамақ" ойыны. Орамалды алған бала ф дыбысы бар сөз айтады, ал келесі бала ол сөзден сөйлем құрайды. | ||||
| Үйге тапсырма | Буын сөздерді оқып келу. | 
 | |||
| Бағалау | Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау. | 
 | |||
| Кері байланыс | 
 | 
 | |||
 
     
       
       
      