7


  • Учителю
  • Сөз тіркесі туралы түсінік қазақ тілінен ашық сабақ

Сөз тіркесі туралы түсінік қазақ тілінен ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Келісемін:

Уақыты: 27. 10. 16

Қазақ тілі 4 «А» сынып

Мұғалімі Муканбаева Л. Ж

Сабақтың атауы

Сөз тіркесі туралы түсінік

Сілтеме

Қазақ тілі 3-4 сынып «Атамұра» баспасы. Ережелер дәптері.

Сабақтың жабдығы

суреттер

Мақсаты:



Сөз тіркесі ұғымын толық түсіне отырып, алған білімін сабақта пайдаланады және мағынасын түсінеді, сөз тіркесінің

грамматикалық ерекшелігін ұғынады. Оқушылардың танымы кеңейеді, дәлелді сөйлеуі дамиды, ойлау, есте сақтау қабілеттері артады. Сөздік қоры, ақыл-ойы, ауызша сөйлеу тілі дамиды. Дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа дағдыланады.

Оқыту нәтижесі

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсінік қалыптасады. Сөйлемдегі сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерін ажыратып,талдай алады. Шығармашылық қабілеттері дамиды, пәнге деген қызығушылығы артады.

Топқа бөлу

Жыл мезгілдері арқылы топқа бөлу.

Қызығушылықты ояту

Таңертең тұрғанда нені көресіңдер? - Күнді көреміз.

Күнді көргенде қуанасыңдар ма? - Алақай Қол шапалақтау

Күн бізге не береді. Жылуын береді.

Кәне алақанымызды жылытайықшы Қолымызды күнге созайық. Алақанымыздағы жылуды жүрегіміздің тұсына әкеліп бойымызға таратайық. Мен жүрегімнің жылуын Саламатқа беремін. Оқушылар қолдарын бір - біріне береді.

Қазір жылдың қай мезгілі ? Адамдар күзді Жомарт күз деп атайды Неліктен? Жемістер, көкіністер туралы жұмбақтарды шешуін табу арқылы тапсырмаларды орындаймыз.

Жұмбақ. Көкпеңбек еді көктемде , Қызарды күні жеткенде .( Алма )

Мағынаны тану



Өткен сабақтарда не туралы оқып білдіңдер?

- Сөз неден құралады? Сөз дегеніміз не?

Қандай сөздер болады?

Жұмбақ.

Әкеміз ала баспақ асырады,

Күз келсе соямын деп асығады.

Баспағы бойын шөпке жасырады,

Еті қызыл, терісі жасыл әлі. ( Қарбыз)

Жазу үлгі Я қоян яғни таяу қия ұя тақия мия сөзіне дыбыс талдау

1) ҚБАСЛЖЫЗҢ ӨКРІФТШАГП

2) Кесте мен жұ

3) Ережені айту,оқушыларға ережені оқыту,мысалдар келтіру.

Жұмбақ

Бойын жерге жасырған,

Бұрымы бар жасылдан. ( Сәбіз )

1-жаттығу

Екі бағандағы сөз тіркестерін салыстыр. Ұқсастығы мен айырмашылғы неде?

Оныншы пәтер он тоғызыншы пәтер

Торы ат торы ала ат

Кітап оқыды кітап оқып отыр

Бір сыңары күрделі сөз болатын сөз тіркесі бар бағанды тап.

Сергіту сәті

Оңға,оңға түзу тұр

Солға,солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары- төмен қарайық, Орнымызды табайық.

Жұмбақ

Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. ( Пияз )

Оқулықпен жұмыс 2-жаттығу. Мәтінді оқыту Сөз тіркестерін тауып жаз.

Қазақстанда үш жүзге жуық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар. Жас спортшыларды бапкерлер жаттықтырады. Жылдан-жылға спорт базалары көбейіп келеді. Олрадың арасында спорт сарайлары , спорттық мұзайдындары бар.

«Кім шапшаң?» ойыны

Ол үшін үлгі бойынша сөз тіркесін құрау керек.3 қатарға бөліп ауызша өткізу.

Зат есім+етістік Сын есім+зат есім Сан есім+зат есім

Топшамамен жұмыс.

Жұмбақ

Үстінде тегін көк шатыр, Астында қызыл дәу жатыр(.қызылша()

3-жаттығу(өзіндік жұмыс)

Биік тау,мөлдір бұлақ,кең өріс,ашық аспан,ақ тауық,таза сынып,таза жазу,үлкен үй,тәтті шырын,қалың қар,терең құдық,жақсы оқушы.

Сөз тіркесінің қай сөз таптарынан жасалғанын анықтау

«Тіркесін тап» ойыны

Гүл , күз, шәкірт, сиыр, су, домбыра, еңбек,он алты,өткір, машинамен

«Ойлан тап» ойыны

Сұрақтар:

Оқу- білім туралы мақал айт.

Қазақтың ұлы ақыны кім?

Дүрбі сөзін сөз құрамына талда.

Қазақстанның жер көлемі қанша?

Қазақстан қай мемлекеттермен шектеседі?

Өзім сөзден тұрамын,аяқталған ойды құрамын? Ол не?-

Сабақты қорыту.

- Бүгін не үйрендік?

- Сөз тіркесі деген не?

- Қандай жұмыстар жасадық?

- Бірлесіп жұмыс жасасақ,неге қол жеткізуге болады?

- Сабақ сендерге ұнады ма?



Үй тапсырмасы

58-жаттығу

Бағалау

Бағалау парақшаларын толтыру.







































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал