- Учителю
- Желден жүйрік жануар (жылқы) ғылыми жоба
Желден жүйрік жануар (жылқы) ғылыми жоба
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..........................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Желден жүйрік жануар ..........................................................................4
1. 1 Жылқы - малдың патшасы.....................................................................4
1. 2 Жылқы тұқымдары мен атаулары..........................................................5
1. 3 Жылқы шаруашылығының басты өнімі - қымыз ................................7
1. 4 Жылқы терісінің пайдасы.......................................................................8
2. Ауыз әдебиетіндегі жылқы малына қатысты бейнелер ...................9
2. 1 Қазақ аңыз-әңгімелерінде тұлпар бейнесінің сомдалуы ......................9
2. 2 Жылқы малына қатысты мақал-мәтелдер .............................................9
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................13
Аңдатпа
Жүйрік аттың тағдыры - қаһарман батырдың тағдыры - халықтың тағдыры. Жүйрік ат - қазақ халқының жаны! Өмірімізге техника араласқанға дейін сәйгүлігін сайлап, тарланды таңдап мініп, үзеңгіге табан тіреген қазақ елінің айбары астам, мерейі үстем болып келген.
Біз, қазақтар «жылқы мінезді халықпыз» дегенді жиі айтып жатамыз. Ал жылқы - таза, кірпияз, судың тазасын ішіп, шөптің құнарлысын ғана жейтін жануар. Ең бастысы, жылқы өзіне басқаның үстемдік етуіне, тапап-талауына, аяқ асты етуіне жол бермейді. Жылқы - еркіндікті сүйетін, бостандықтың символы.
Қазақ халқын: "Ер қанаты - аттан" бөлек қарау мүмкін емес. Арыдағы арналарды еске алсақ, халық әдебиеті үлгілерінде, көне жазба ескерткіштердің тасқа қашалып жазылған мұраларында тілге тиек етіліп, аласапыран замандарда да елге қорған, ерге қанат бола білген тұлпарлар көп жырланады. Мінсе -көлігі, жесе - азығы, ішсе - сусыны болған сенімді серігі - тұлпарларға айрықша мән берген. Қазақ халқының өмір тарихы мен өткен жолы асыл жануар - жылқымен байланысты болғандықтан, оны ән-жырға қосып жырлап, мифтік санада өз жаратушысы деп те сенген . Бұндай дәлелдерді халық тарихы мен өмір-тұрмысынан жиі ұшырастыруға болады.
Кіріспе
Ішсең-қымыз, мінсең-көлік болған жылқы
Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен ілгері заманда жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын. "Жылқы - малдың патшасы, түйе - малдың қасқасы" деген мақал сол кезде туған болатын. Мереке-қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен не ауыр күндерде де бұл түліктер адамның жан серігі, айырылмас досы болған.
Қазақ қай кезде болмасын, судың тұнығын ішіп, малына шөптің шүйгінін беріп, төрт түлігін түгендеп жүрген халық. Төрт түліктің ішінде жылқыны ерекше баптап, бие сауып, қымыз даярлаған халық.
«Арудан асқан жан бар ма?
«Жылқыдан асқан мал бар ма?
«Биенің сүті - сары бал,
«Қымыздан асқан дәм бар ма?» деп тегін айтпаса керек.
Қолға үйретілген жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол - ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.
Есен-саулығын «мал-жан аман ба?» деп бастайтын қазақ үшін төрт түліктің орны бөлек. Төрт құбыласы сай болғанын қалайтын әр қазақтың тұрмысы ежелден-ақ төрт түлікпен тығыз байланысты болған.
Жылқы десек, әрине, ең алдымен қазы мен қымыз көз алдымызға келетін болса керек. Өйткені қазы мен қымыздың дәмділігі тіл үйіреді. Оны біз - қазақтар түгілі, шетелдіктер де жақсы біледі. Қазақты мақтағысы келген жат-жұрттық, бірінші кезекте, оның дарқан пейілін, кең дастарқанын, тіл үйірген қазысы мен қымызын мақтайды. «Ешбір теңдесі жоқ дәм екен» деп тамсана таңдай қағады.
Мақсаты: Жылқы мен қазақ рухы бір-бірімен тығыз байланыста келеді. Бабалардан бүгінге асыл қазына болып жеткен жылқы малының қасиеті мен құдіретін зерттеу, оны саралап, жүйелеу.
Негізгі бөлім
1. Желден жүйрік жануар
1. 1 Жылқы - малдың патшасы
Атам заманда қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан жылқы түлігі көшпенділердің ең қасиетті, ең қадірлі малы. Көшпенділерді жылқы малынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да көшпенділер мен жылқы түлігі егіз ұғымдай қосарланып айтылған. Тіпті көшпенділер қауымын «аттылар әулеті» деп те бекерден бекер айта салмаса керек. Өйткені, ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты, бір сөзбен айтқанда бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатады.
Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте-мөте ерекше. Жылқы қазақтың ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген - жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез-құлық, бітім-болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Демек, қазақ үшін жылқы тектіліктің бірден бір нышаны болып саналады. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу - тек қазаққа ғана тән қасиет әрі бұл - қазақтың осы түлікке деген аса жоғарғы құрметінің белгісі. Қазақ ат десе ішкен асын жерге қояды. Жылқының дүбіріне, күліктің күмбіріне құлақ қойып, елең етпес қазақ баласы, сірә, жоқ. Жер бетінде жаратылысынан табаны жер иіскемеген бекзат бір халық болса, сол қазақ болу керек. Қазақтың ең кедейінің астында кем дегенде бір «көк шолағы» болған. Қойшысы қой торысын мінді. Осы ат - көліктің арқасында Алаш баласы Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын жалғады. Алып аумаққа иелік етті.
Қазақтардың ата тегі болып саналатын, үйсін, ғұн, сақ-скиф тайпаларының бейнелеу өнерінде осындай аттар бейнесі кездесіп отырады. Мысалы, Қарғалыда табылған, көне үйсін заманына жататын (б.з. дейінгі II-I ғасырлар) алтын диадемада осындай қанатты екі аттың бейнесі бар
Көне ғұндардың өнер туындылары саналатын, Ордоста табылған қола заттардың ішіндегі төртбұрышты белдік қапсырмасында (I-II ғасырлар), көне көшпелілердің «хайуанаттар стиліндегі» өнеріне тән әдіспен бұралтып салынған, симметриялы орналасқан, екі жатқан қанатты аттар суреттері бейнеленген
Ұлы даланың батысын мекен еткен, сақтармен туыстас, мәдениеті ортақ скифтердің өнерінде де қанатты аттар бейнелері кездеседі. Осыған қарап жылқы малының өте ертеде сақ дәуірінде қолға үйретілгенін білеміз.
1. 2 Жылқы тұқымдары мен атаулары
Көне заманнан келе жатқан қазақ жылқы тұқымдары - жабы, арғымақ, қазанат деп бөлінеді. Осындағы «арғымақ» атауы Селжүк заманында (Х-ХІ ғасыр) пайда бола бастаған. Қазақтар «араб арғымағы», «ағылшын арғымағы», «орыстың зауыт арғымағы» деп бөледі. Негізінен, «арғымақ» деп ертеректе тек Парфияның асыл тұқымды жылқыларын атаған. Ал қазір түркі халықтары кез келген таза қанды жылқыларды осылай атай береді. Шын мәнінде, бұл ұғым «түрікмен арғымағы» мен «парсы арғымағына» ғана сәйкес келеді. Оның үстіне, парсы жылқыларының өзі түрікмен жұртынан шыққан.
Қазанат - биелерге асыл тұқымды айғырларды салудан шыққан будан. Мәлімет берушілердің айтуынша, қазанат алу үшін кез келген асылтұқымды айғыр жарай береді екен. Қазанатты қазақтар басқа жылқылардан біршама жақсы көреді. Қазанаттардың батырлар жырында жиі дәріптелуіне қарап, олардың ежелден-ақ жорыққа мінетін - әскери жылқылар болғанын байқаймыз. Мысалы, «Қобыланды батырдағы»:
Мінуге керек қазанат,
Беліңе керек шарболат, - деген жыр жолдары қазанаттың көне тұқым екендігіне көзімізді жеткізе түскендей. Ал Махамбеттің «Арғымақтан туған қазанат» деп келетін өлең шумағы қазанаттың айғыры арғымақ болғанын ап-айқын көрсетіп тұрған жоқ па?!
Жабы - Қазақстанның бірталай жерінде ұшырасқанымен, негізінен, оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда көбірек шоғырланған. Парсылар «ябы» деп тұқымы тексіз, бірақ күшті, керуенде күш-көлік есебінде пайдаланылатын қораш жылқыларды атайды. Тәжікстандағы түркі тектес лоқайлықтар өз жылқыларын түрікмен жылқысынан айыру үшін - «йабы» дейді. Жабы - түркі халықтарында көбіне «жүк көтергіш» деген мағынаны білдіреді. Жабы - жал-құйрығы қалың, денесі шымыр, мойны мен аяқтары қысқа, тез ет алғыш, арымайтын, ыстық-суыққа, аштыққа төзімді жылқы.
Қазақтар жылқыларды пайдалану мақсатына қарай былай жіктеген:
Берік - күшті, еті тығыз жылқылар. Бұлардың бітімі қораштау, семіз, еті тығыз, кебеже қарын, кең құрсақ, аяқтары жуан, басы үлкен, мойны жуан болып келеді. Жылдам жүріске, шабысқа жарамсыз. Негізгі қасиеті - жемшөп талғамайды, ауыр жұмыстарға шыдамды, ауа райының қай мезгіліне болса да көнбіс. Мінезі жуас.
Жүрдек - күші мығым, берік пен бәйге аттарының арасындағы салт жүріске арналған жылқылар. Оны сұңғақ жаратылысына қарап, «сұлу ат» деп те атайды. Жүрісі жайлы, көбіне желіс, саржеліс түрінде болады. Жүрдек барымташыларды қууға, алыс сапарларға шығуға пайдаланылған.
Жүйрік - шабыс аттары.
Аяңшыл - тек салт мінуге арналған, аяң жүрісті аттар. Аяңның өзі «өгіз аяң», «жай аяң», «жел аяң» деп бөлінеді.
Желгіш - ертедегі қазақ тұрмысында көп пайдаланылмаған жылқылар. Бұлар қазақ жерінде тек ХІХ ғасырдың соңына қарай көбейе бастады.
Жорға - қазақтың бәйге аттарынан кейінгі жоғары бағалайтын, ерекше жақсы көретін тұқымы. Жорғаның жүрісі адамға өте жайлы. Жорға жылқыда туа бітетін қасиет болғандықтан, қазақтар жорға тұқымын сақтауға тырысқан.
Сәйгүлік - елшілер мінетін ат.
Жылқы төлдерін былай бөледі:
құлын (биенің жас төлі),
жабағы (6 айдан асқан құлын),
тай (1 жастан асқаны) деп атайды.
Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны, яғни байталды:
құнажын байтал (2 жастан асқаны),
дөнежін шығар (3 жастағы байтал),
дөнежін байтал (3 жастан асқаны),
бесті бие (4 жастан асқаны),
қасабалы бие (7 - 8 жастағы бие),
кәртамыс бие (11 - 14 жастағы бие),
жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.
Піштірілмеген еркек жылқының, яғни айғырдың атаулары:
құнан айғыр (2 жастан асқаны),
дөнен айғыр (3 жастағысы),
сәурік айғыр (3 - 4 жастағы үйірге салынбағаны),
Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.
Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты
арқылы ала аласыз!
10