7


  • Учителю
  • Шебер сыныптың тақырыбы Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Шебер сыныптың тақырыбы Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



</ Қостанай облысы

Рудный қаласы

Қашар кенті

«№2 Қашар орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Бержанова Ж.Г.









Өтілетін күні:02.11.16.

Өтілетін орны:203 кабинет

Өтілетін уақыты :09-30.

Өтілу ұзақтығы:45 минут

Шебер :Бержанова Жұмагүл Г.

Шебер сыныптың тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Шебер сынып- сабағының мақсаты:Әріптестерге бағдарлама жайлы теориялық мағлұмат беру, ой бөлісу, әріптестердің СТО тәсілдері бойынша көз қарастарын көру.

Міндеттері:Сын тұрғысынан ойлау тәсілдері бойынша жеке тұлғаның өздігінен іздене білім алу дағдысының қалыптасуына ықпал ету

Сын тұрғысынан ойлау тәсілдері арқылы оқушылардың жан-жақты білім,білік дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтижелері:

• Мұғалімдер бір - бірлерімен тәжірибелік әдіс алмасады;

• Cын тұрғысынан ойлау тәсілдерін жеке тұлғаға бағыттай жүргізудің тиімділігіне назар аударып,өз сабақтарында жоспарлауды қарастырады.

• Өз іс- тәжірибелерінде қолдануға деген қызығушылығы артады.

Негізгі идеясы: СТО тәсілдері пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру және олардың білім деңгейінің өсуіне өз әсерін тигізу.

Шебер сыныпта қолданылатын материалдар: үлестірмелі материалдар, А4, А3 қағаздары, музыкалық әуендер, маркерлер, видеопроектор,қима қағаздар.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, АКТ, СТО, жеке, жұптық және топтық жұмыс.

Дерек көздері: Интернет материалдары, Мұғалімге арналған нұсқаулық (МАН)

Тапсырмалар: Сұрақтар, ойластыру, зерттеу, қорғау,түйіндеу, т.б.

І. Ынтымақтастық көңіл-күй қалыптастыру. Топқа бөлу.

Әріптестер әртүрлі қима қағаздардағы жазылған мақал-мәтелдерді құрастыру бойынша ынтымақтастықпен топқа бөлінеді. (3 минут)

«Сыйластық» І топ.

«Тапқырлық»ІІтоп.

«Ойлампаздық»ІІІтоп.

«Тапқырлық» ІV топ

1.Сергіту сәті. «Әріпті бейнелейміз,түсіндіреміз.» (Әріптестер арасында психологиялық көңіл- күй қалыптастыру).

Жеребе арқылы әріптер дайындап, әр топқа 4 әріпті ұсыну.

  • Әр топта шыққан әріптерді денесімен жұптасып, топтасып бейнелеп көрсетеді,немесе басымен аяғымен жазып көрсетеді,ынтымақтастық атмосферасы қалыптастырылады.

  • Өмірмен байланысы:

Жаңбыр жауып басылды

Аспан шайдай ашылды

Желмен бірге жапырақ

  • Сыбдыр қағып шашылды.

  • Күзде судырлайды су, су, су, су,

  • Қыста қурайды қу, қу, қу, қу,

  • Көктемде гүлдейді гу, гу, гу, гу,

Жазда жайқалады жа, жа, жа, жа.(Қимылмен жасалады.)

III.Қызығушылықты ояту. (5 минут).

Музыка әуенін тыңдау,өз пікірлерін білдіру.

Миға шабуыл-1.Сұрақ-жауап беріледі. (Айтылым дағдысы)

Өз тобыңыздың құралуынан шыққан мақал жайлы сыни ойлау тұрғысынан өз пікіріңізді білдіріңіз? («Су ішкен құдығыңа түкірме») «Сыйластық» І топ.

2. Сын тұрғысынан ойлау тәсілдері бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз? («Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді») «Тапқырлық» ІІ топ.

3.(«Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле») Сыни ойлау тәсілі арқылы мақалға жағымды көзқарасыңызды дәлелдеңіз. «Ойлампаздық» ІІІ топ.

4.Сыни ойлау тәсілі арқылы«Ағайын тату болса ат көп,Абысын тату болса ас көп» тақырыбы бойынша мәтін жазыңыз «Татулық» ІV топ. (3 минут)

Миға шабуыл-2.Барлық топқа бірдей мына сұрақ қойылады. Бүгінгі топқа бөліну мен топ аттары осы сабақтың негізінен қай мақсатына байланысты аса назар аударылып ұйымдастырылған? Сондай-ақ өз тобыңыздың мақалы қандай пәнаралық байланыста болып тұр? Әр топтың бас әрпіптерін құрастырғанда қай сөзді тауып аласыз? Сіздің жауабыңыз? Әр топ өз тобымен ойласып,жауаптарын айтады. (Айтылым дағдысы)

Жауаптары:1.Тәрбиелік мақсатына

2.Әдебиет,математика,қазақтілі

3.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Күтілетін нәтиже:

-Берілген сұрақ бойынша ой түйеді. Жұппен жұмыс жүргізеді, топпен өз пікірлерін бөліседі, өзгенің пікірінің құндылығына үңіледі. (5 минут)

Тапсырмалар:

1.Сыни тұрғысынан ойлау тәсілдері .Биопоэма (жұптағы жұмыс)

Берілген ұйқастарға өлең құрастыру. (Тақырыбын қою)

---------- ----------- барады,

---------- ------------ қарады.

--------- ------------ тарады,

---------- ----------- жарады. (7 минут)

Жауапты «А4» қағазына жазады.(Жазылым және тыңдалым,оқылым дағдылары жүзеге асады)



ІV. Мағынаны тану.

  • Тапсырма. «Стоп кадр» әдісі. Бұл «камера» өз жұмысын тоқтатқан нүкте.

  • топтық жұмыс «Шығармашылық» таңдап алған сурет бойынша «Эссе» жазу

(8 минут)

  • V. Ой толғаныс. Топтастыру немесе кластер стратегиясы

  • «Сыни тұрғыдан ойлау тәсілдері » атты тақырыпта кластер құру .Кластер құруға берілген тақырып бойынша маңызын ашып түсіндіреді.

    (7минут)

    VІ. Бағалау топпен өзара критерийлері бойынша «Бас бармақ» бағалау жүйесі жүргізіледі. (2минут)

    VІI. Қорытынды: Түйіндеме : Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйде берілмеуі

Қателігін түсіне білетін,

Дұрыс жүріп, күтіне білетін,

Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,

Білімді жинап, дүниені шолатындай,- сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған шәкірттеріңіз көп болсын! Ой бөліскендеріңізге рахмет!

VІIІ. Кері байланыс. Әріптестер стейкерге шебер сынып бойынша өз пікірлерімен әсерлерін,және ұсыныстарын жазады,бағалайды.(смайликтер сызу)

(2 минут)













































































БЕКІТІЛДІ : ----------- КЕЛІСІЛДІ:----------

«№2 Қашар орта мектебі»КММ Директордың ғылыми-әдістемелік ісі

директор:М.Ж.Ганиева жөніндегі орынбасары:Д.Р.Елжанова

«____» _________ 2016ж «____» _________ 2016ж



















Шебер сынып

Тақырыбы:Сын тұрғысынан ойлау

Шебер сыныптың тақырыбы Сын тұрғысынан ойлау технологиясы













Мұғалім: Бержанова Ж.Г.

2016-2017 оқу жылы



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал