- Учителю
- ҚАзақ тілі сабақ жоспары' Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы' (4 сынып)
ҚАзақ тілі сабақ жоспары' Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы' (4 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы
Сабақтың мақсаты: оқушыларға шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы туралы білімдерін жинақтауға қолайлы орта құру
Сабақтың міндеттері:
-
Шылауларды шылау тұлғалас қосымшалардан ажырата алуға үйрену;
-
Тақырыпқа байланысты топтастыру білімдерін жүйелеуге жағдай жасау
-
Топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бірін-бірі құрметтеуге, бір-бірінен үйренуге дағдылану
Күтілетін нәтижелер:
-
Сабақ барысында оқушылар шылау туралы өз білетіндерін өзгелермен бөлісе алады;
-
Еркін сөйлеуге, ойын тиянақты жеткізе алады;
-
Жеке ойларын ортаға салып, топқа ойын жеткізе алады. Өзгенің пікірін тыңдау жауапкершіліген сезінеді.
Бағалау: топ басшылары «Топтастыру» стратегиясы бойынша бағалайды
Сабаққа қажетті материалдар: әртүрлі тақырыптағы сюжетті суреттер, үлестірмелі материалдар, маркерлер, плакаттар, интерактивті тақта
Сабақтың типі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: жеке, жұпта және топта жұмыс, «Топтастыру» стратегиялары
І. Қызығушылықты ояту сатысы
Сыныпта біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Бүгінгі біздің қызықты
Сабағымызды бастаймыз.
Ой қозғау. «Маржан тізбек» ойыны.
Семантикалық карта толтыру.
Сөйлемдер
Шылау
Шылау тұлғалас қосымша
Қазыбек би елшілермен бірге Жоңғар хандығына үш рет барған.
Елішлер мен Қазыбек би Жоңғар хандығына үш рет барды.
Сөйлемдер
Шылау
Шылау тұлғалас қосымша
Сізбен дидарласқаныма қуанып тұрмын.
Сыйласқан сіз бен біз - адамға ең жақсы сый.
Сөйлемдер
Шылау
Шылау тұлғалас қосымша
Ажар Астанаға Болатпен ілесіп барады.
Болат пен Ажар Астанаға бармақ.
Сөйлемдер
Шылау
Шылау тұлғалас қосымша
Оқулыққа берілген мақал-мәтелдерде, жырларда, әңгімелерде тәрбиелік мағына бар.
Оқулыққа мақал-мәтел де, жырлар да, әңгімелер де енгізілген.
Сөйлемдер
Шылау
Шылау тұлғалас қосымша
Құр бостан-босқа айқайлама
Бұл айқай ма?
-Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып, қандай қорытынды шығаруға болады?
ІІ. Мағынаны тану сатысы
Мен (бен, пен) шылаулары бірыңғай екі сөзді байланыстырады да, екеуінің ортасында бөлек жазылады.
Дәптермен жұмыс
2-жаттығу. Зат атауларын мен (бен, пен) шылаулары арқылы байланыстырып, сөйлем ққрастырып жаз.
1-топ. Дәптер мен қалам
2-топ. Шаңсорғыш пен сыпырғыш
3-топ. Ағаш сандық пен ағаш төсек
4-топ. Дәптер мен қалам
5-топ. Шаңсорғыш пен сыпырғыш
3-жаттығу. Өлеңді жатқа жазу.
Адам да, мал да өзінше
Жүр жадырап далада.
Көктемді қарсы алып тұр,
Кәрі де, жас та, бала да.
С. Сейфуллин
1) Бұл өлең жолдары ойымызға не әкелді? (көктемнің келгенін, көркем де әсем табиғат, таза ауа).
2) Мәтіндегі шылауларды бір сызықпен, жатыс септігі жалғанған сөзді екі сызықпен сыз.
Сергіту сәті (би қимылдары)
Тақтамен жұмыс
4-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, шылаулардың астын сыз.
ІІІ. Ой толғаныс
Сәйкестендіру стратегиясы «Менің бағытым» ойыны. Сөздерді өзіне тиісті шылаумен байланыстыру.
Бардың дейін
Өзің шейін
Ана ғана
Отан туралы
Көрдің үшін
Ауылға ба?
Кешке бе?
Шылау:
- Сөз табы
- Мағынасы жоқ
- Сөйлем мүшесі болмайды
- Сөзден бөлек жазылады
- Сөз бен сөзді байланыстырады
- Сұраққа жауап бермейді
- Түрлері мен (бен, пен), және, да, де, та, те, ма, ме, ба, бе, па, пе үшін, туралы, дейін, шейін қой, ғой, қана (ғана) -ақ.
Бағалау
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп бақыт,
Өсе берсін санамыз, дей отыра топ басшыларына сөз береміз. (Топ басшылары топта жұмыс жасаған балаларды бағалайды).
Үйге тапсырма. 5-жаттығу. Мемлекетіміздің ең биік тау шыңы туралы мәлімет жинап келу. Ішіндегі шылаулардың астын сызу