7


  • Учителю
  • Разработка урока по литературе на тему 'Ғажайып сауле' (4 класс)

Разработка урока по литературе на тему 'Ғажайып сауле' (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Ғажайып сәуле. Медеу Сәрсеке.

Мақсаты: Әңгімедегі жазушының айтайын деген негізгі ойын ашу; шығармадағы деректерді салыстыра отырып талдауға дағдыландыру; түсініп оқуға, қиялдай білуге баулу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, жинақтау.

Көрнекілігі: суреттер, слайдтар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. «Көрінбейтін адам» фильмінен үзінді көрсету немесе оның ғажайып қасиетімен қысқаша таныстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Медеу Сәрсеке - фантастикалық әңгімелерді көп жазған жазушы. Фантастикалық әңгімелерде көбінесе алыс планеталардағы бізге беймәлім тіршілік иелері туралы неше түрлі ғажайып сырлар шертеді. Фантастикалық шығарма - қиялдан шығарып жазылатын туынды. Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен танысу. Түсініп оқу. Әңгімеде «Нейрон» сәулесі адам өміріне қауіпті деп ойлайсыңдар ма?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: талдауды сызба бойынша салыстыра отырыпжүргізуге де болады. Дайын сызба оқушыларға таратылып беріледі. Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Көрінбейтін адам мен нейтрон сәулесінің ерекшеліктерін жазады.

Көрінбейтін адам

Нейтрон

Герберт Уэлс

Джеймс Чедвик

Адам көзге көрінбейді

Сәуле

Геометриялық дененің барлық қасиетіне ие

Көзге көрінбейді

Көрінбесе де әр түрлі әрекеттер жасай алады

Бітеу ыдыста сақтай алмайды

Жазушы қиялы

Элементтің заряды жоқ, кез келген денені тесіп өтеді

2. «Көрінбейтін адам» жайлы не білесің? Киносын көргендерің бар ма? Жазушы оның қандай қасиетін ерекше әңгімелейді? Нейтрон бөлшектерінің көрінбейтін адаммен қандай ұқсастығы бар екен? Оны кім ойлап тауыпты? Атом бомбасынан зардап шеккен қандай елдерді білесіңдер? Біздің еліміздің қай өңірінде атом сынақтары жүргізілді? Атом электр станциялары туралы естігенің бар ма? 3. Әңгімеге сүйеніп, «көрінбейтін адамның» бойындағы ерекше қасиеттерін толықтырып жаз.

Қандай?

салмағы бар

көрінбейтін адам жұмыс істерлік қабілеті бар

үнін естуге болады киген киімінде көруге болады

ҮІІ. Қорыту. 1. Жапониядағы «Фукусима - 1» атом электр станциясындағы жарылыс жайлы не білесің? Оның табиғатқа, адамзат тіршілігіне қандай әсері бар? 2. «Егер мен көрінбейтін адамға айналсам ...» деген тақырыпта қиял-ғажайып әңгіме жаз.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, 2. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал