7


  • Учителю
  • Әдебиет. Сабақ жоспары: тақырыбы: Бұлбұлдың үні 3 сынып

Әдебиет. Сабақ жоспары: тақырыбы: Бұлбұлдың үні 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

26.04.16ж.Сабақтың тақырыбы: Бұлбұлдың әні. Мәдіхат Төрежанов Сабақтың мақсаты: а) Мәтіннің мазмұнын меңгертіп, бұлбұл құсы туралы түсініктерін тереңдету; ә) тіл байлығын, сөздікқорын, көркем сөйлеу дағдысын дамыту. Көз алдында елестету арқылы еске сақтау, еске түсіру қабілеттерін дамыту. б) Табиғатты аялауға, құстарды қорғауға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, бес жолды өлең әдісі. Сабақтың көрнекілігі: суреттер,үнтаспа,слайд, интерактивті тақта. Сабақтыңтүрі: аралас cабақ Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі: Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап. Судай таза көңілмен , Сәлемдесіп сіздерге Сабағымызды бастаймыз. Қызығушылықтарын ояту. Көктем туралы не білеміз? Көктем - күн ұзарады,қар ериді,құстар келеді,тіршілік басы,ағаштар бүр жарады,гүлдейді, шөптер шығады ,бәйшешек гүлдейді. - Көзалдарыңа не елестейді? - Егер көктемді «тіршілік басы» десек, осы тіршілікке, өлкенің, жер әлемнің құлпыруына үлкен әсер ететін не? - Жаңбыр. Жақсы балалар. - Онда бұл өлеңді кім жазған? - Б.Майлин кім ? (Үш арыстың бірі,жазушы т.б) - Қандай еңбектерін оқыдыңдар?(Күлпаш,) - Жаңбыр - тіршілік көзі. II.Үй тапсырмасын тексеру: III.Жаңа сабақ: Бұлбұлдың әні. -- Қандай құстарды білесіңдер? - Оларды қандай топтарға бөлуге болады? -Құстар: Қыстап қалатын (қарға,суық торғай,кептер,сауысқан т.б), жылы жаққа ұшып кететін (бұлбұл,тырна,қара торғай,шымшық,қарлығаш,т.б) Үй құстары: (тауық, қаз, үйрек,үндік) Дала құстары:(бұлбұл,сауысқан,қарға,торғай,кептер,аққу,тырна т.б) Жыртқыш құстар:(бүркіт, жапалақ,таз қара) - Құстар қалай дыбыстайды? Сәйкестігін тауып, тақтада орындайды. Қаз ------------------- шырылдайды Бозторғай ---------- қаңқылдайды Сауысқан ----------- шақырады Әтеш ----------------- саңқылдайды Қарға ---------------- тыраулайды Тырна --------------- сайрайды Бұлбұл -------------- қарқылдайды - Бұлбұл әнші құс екен. Сондықтанда үлкендер бұлбұлдай әнші бол деп бата беріп жатады. Бұлбұл тамыз айында Африкаға ұшып кетеді екен. Оның 2 түрі болады. а) Дала бұлбұлы ә) Тоғай бұлбұлы Суреттерін көрсету арқылы ұқсастықтары мен ерекшелік терін анықтату Әнші құс. Дала бұлбұлы. Тоғай бұлбұлы. IY. Бүгінгі сабақта Мәдіхат. Төрежановтың "Бұлбұлдың әні" атты мәтіні мен танысамыз. Төрежанов Мәдіхат Сейітхожаұлы - (1921жылы 30-сәуірде, Ақмола облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген) - балалар жазушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1986). Семей мұғалімдер институтын бітірген (1941).Омбы облысы Шарбақкөл ауданында, Ақмола мектебінде мұғалім (1939 -1941). Омбы қаласындағы авиациа зауытында жұмыс жасады (1941 -1945). Ақмола облысы мұғалімдер кәсіподақ ұйымының төрағасы, Қорғалжын мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі (1946 - 1981) болды. Мәдіхат Төрежановтың алғашқы өлеңдері 1938 ж. жарық көрді. 1981 жылдан зейнеткерлік демалыста. Орден, медальдармен марапатталған. Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен жұмыс: а) Мәтінді мәнерлеп, түсінікті, дауыстап оқып беру.Y. Cергіту сәті: Ойын:Кім тез? Әбдеш қандай бала, мінездеме бер? Оқушы пікірі: Туған жерімнің әр бір арайлап атқан таңы мен үшін үлкен қуаныш. Ауыл сыртындағы айдын көлден,көркем тоғайдан небір сайраған құстардың даусын естисің. Киелі туған жерімнің әр бір гүлінің хош иісін иіскеп, мөлдір бұлағының суынішіп, таза ауасымен демалып жүрген мен - бақытты жандардың бірімін.

Аяжан:Мен ауылымның киелі топырағын басып тіршілік етіп жүрмін. Таза ауасын жұтып, гүлдердің хошиісін иіскеп, мөлдір бұлағынан су ішіп туған жерімде ешалаң сызөмір сүріп келемін. Ауылымның табиғаты сондай әсем. VI. Қорытынды. Табиғатты аялау дегеніміз не? - Сендер табиғат пен құстарды қорғауға қандай үлес қосар едіңдер? 1. Табиғаттағы әр бір тіршілік иесін қорғау керек. 2. Гүлдерді жұлмау керек. 3. Құстарды атпау керек, жұмыртқасын алып, ұясын бұзуға болмайды. 4. Құстарға қолдан ұя жасап, жем шашар әзірлеп қою керек. «Бес жолды өлең» құратып ,оқыту. 1. Бұлбұл 2. Әнші, әдемі, нәзік 3. Сайрайды, қонады, ұшады. 4. Бұлбұл - орманның әнші құсы. 5. Құс. -Бүгінгі сабақта не туралы білдік? -Қазақ халқының бұлбұл әншісі деп кімдерді айтқан ?(Бибігүл Төлегенова,Күләш Байсейітова,Роза Бағланова апаларымыз) -Бұлбұлды сипаттап көр. VII. Үйге тапсырма: 1) Мәтінді түсініп оқу. 2) Бұлбұл құсы туралы мәлімет жазу,суретін салуға.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал