- Учителю
- Ауа және оның қасиеттері Дүниетану 3-сынып
Ауа және оның қасиеттері Дүниетану 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ауа және оның қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Адам өміріндегі ауаның маңызын түсіндіру. Ауаның қасиетін еске түсіру және атап шығу.
Тәрбиелік: Ауаның қасиеті туралы оқушының көзқарасын кеңейту. Қоршаған ортаны таза ұстауға, ауаны ластамауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Тіл байлықтарын, ойлау қабілетін, қиялдарын дамыту.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сызба, сарамандық жұмыс
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, шар, су құйылған стақан, колба, слайд
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Көңіл-күй ахуалы
Үй тапсырмасын сұрау.
Бекіту.
Тірі және өлі денелер арасында қандай айырмашылықтар бар?
Денелер неден тұрады?
Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбын жұмбақ жасырып, оның шешуі арқылы табу.
Жұмбақ
Бір нәрсе жер мен көктің арасында
Көрінбес өзі түгіл қарасы да.
Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы
Пайдалы адамзаттың баласына. (Ауа)
Поэзия сәті
Ол мөп- мөлдір
Көзге көрінбейтін газ.
Бізді әуеде қалқып
Қоршап тұратыны рас
Орманда да бар
Емен мен самырсын аңқыған.
Тыныстаған сайын
Иісіне жаның балқыған.
Жазда жылы леп болып,
Қыста дірдек қақтырған.
Көзімізге көрінбейді,
Ұстағанға білінбейді.
Онсыз бізге өмір жоқ.
Таза ауаға жаның тоқ.
Ой қозғау
Ауа
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жер шарын жан-жағынан біртұтас, ауа қабаты қоршап тұрады. Ауа қабаты атмосфера деп аталады.
Атмосфера - жердің ең сыртқы, беткі қабаты. Ауа дегеніміз - әр түрлі газдардың қосындысы. Көлемі бойынша ауада 78% азот, 21% оттек, 1 % инертті және басқа газдар. Ауа кез-келген затта, топырақта, суда тіпті біздің денемізде де бар.
Балалар, жан-жағымыздан қоршаған ауаны неге көрмейміз? Өйткені, ауа мөлдір және түссіз болады. Ауаның тағы бір қасиеті-жылуды нашар өткізеді. Аңдардың жүнінің, құстардың мамығының арасында да ауа бар, сондықтан олар суықтан тоңбайды. Қыста қар астындағы өсімдіктер мен жануврлар да суықтан қорықпайды, себебі қарда да ауа бар. Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның маңызы өте зор. Ауасыз адам, жан-жануарлар және өсімдіктер тіршілік ете алмайды. Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет. Орман ішінде, теңіз немесе өзін, көл жағалауында ауа таза болады. Ал жер бетіндегі ау құрамында адамның денсаулығына зиянды түрлі қоспалар да араласып жүреді. Әсіресе, өндірісті қалаларда ауа көп ластанады. Ауаның тазалығын сақтау үшін ірі кәсіпорындардың мұржаларына ыс, шаң-тозаң, түрлі улы газдарды тұратын қондырғылар орнатылады. Сондықтан айналаны көгалдандырудың маңызы зор. Өсімдік ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып, оның орнына көп мөлшерде оттегін бөліп шығарады.
Дәптермен жұмысы.
Атмосфера-ауа қабаты. Ауада 78% азаот, 21% оттек, 1% инертті және басқа газдар болады.
Сарамандық жұмыс.
Шарды бір оқушыға үрлету, ондағы ауаны ақырын ғана шығарту.
Колбаның түтігіне шарды кигізіп, ауа шықпайтындай етіп, байлап тастау.
Сосын колбаны жайлап қыздыру. Біраздан кейін шар ауаға толып, торсияды.
Содан кейін колбаны үстелге қойып, салқындатамыз. Оның ішіндегі ауа сығылып, көлемін кішірейтеді. Колбадағы ау ортайғандықтан шардағы ауа кері құйылып, шар солып қалпына келеді. Яғни, ауа қызғанда көлемін ұлғайтып, суынғанда көлемін кішірейтеді.
Суретпен жұмыс.
Бағалау.
Бекіту.
Осы сабақтан мен нені білдім?
Алдағы уақытта нені білгім келеді деген сұрақтарға жауап алу.
Үйге тапсырма.
Оқу, мазмұндау.
</