7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Қ.Баянбай. Жақсы мен жаман

Сабақтың тақырыбы: Қ.Баянбай. Жақсы мен жаман

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қош бол, сүйікті бастауыш!



Мұғалім: Көрінетін биіктен асқақ іспен,

Баулитұғын білімге жас кішіден.

4 жыл бойы біліммен сусындатқан,

Қоштасқалы күн келді бастауышпен.

Бастауышты халық та, дәріптеген,

«Білім көзі» деген сөз анық деген.

Өйткені, бастауышта балаң шығып,

Ең алғаш танысады әріппенен.

«Бастауышым-балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын. Бүгінгі тойдың ерекшелігі осыдан 4 жыл бұрын бастауышпен қоштасып, қазір ортаңғы буынды бітіріп жатқан 8 «В» класс оқушылары, менің түлектерім осы тойдың қонағы. Ал, енді қаттылап тұрып қол соғып осы тойдың иелерін ортаға шақырайық.

Ән: «Ұстазым» орындайтын 8 «В» класс оқушылары

8-кл. оқушысы: Алғаш әріптерді танытып, білім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтан да алғашқы өмірдің қыр сырын үйреткен Гүлдана апайға 8 «В» сынып атынан алғысымыз шексіз.

8-кл оқушысы: Иә, ұстаз, сіздің көтерген жүгіңіз де жеңіл емес, неше істі тындырып, талай ұрпақтарды тәрбиелеп, бірін тыңға аттандырып, бірін шыңға ұшырдың, соған орай бар әлеуметтік қоғамға , айналаңа тигізер лайықты құрметпен, өскен ұлан шәкірттеріңнің сіңірген еңбегіне, және адалдығы мен адамдығына бас иіп ілтипат етемін және де елді ырысқа кенелтіп жасампаздықпен тарту етіп жатқан баршалар, егіншілер, дәрігерлер бәрі де өзінің ұстаздарын еске алып, ілтипат етіп жатады. Елдің рухани тағылымдық майданында еңбек етіп жатқан мұғалімдер, дәрігерлер, өнердің мәдениет адамдары бәрі де өз ұстаздарын еске алып олардың алдарында аласара қалатын әдептіліктері қандай тамаша! Иә, ұстаз, сен басқа ештеңеден емес, әр шәкірттің шыңайы реңін ұстазым деген бір ауыз сөзінен ,еңбегіңнін өтелгеніне қуанасың және бұл өмірде оқыған мектебім, оқытқан ұстазым демейтін ұрпақты табу қиын шығар.

8-кл оқушысы: Бітіруші түлектер,

Жүктелер бар аманат.

Айтылар ізгі тілектер,

Болмасын еш жаманат.

Бастаушта оқыдық,

Ойға білім тоқыдық.

Бұлар бізден жалындар,

Ертеңгі ірі ғалымдар.

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай

Аман-есен болыңдар- дей келе 4 «В» сынып оқушыларына сәттілік тілейміз және 8-сыныптардан естелік. Ұстаз: Рахмет сіздерге

Бекарыс: Бүгін міне бастауышпен қоштасады бал бұлақ,

Әні менен жырына, тыңдарманым сал құлақ,

Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан,

Лаулап жансын, лаулап жансын шамшырақ.

Жібек: Шаттанамын бүгін мен шаттанамын,

Білім алып , жүргеніме мақтанамын.

Осы сырды үйреткен 4-сыныбым-ай

Түстей болып міне бүгін артта қалдың.

Сұлтан: Қоштасу тойы басталды

Ән мен биге бастайық.

Өнерімізді көрсетіп

Құрметіне бұл тойдың,

Әннен шашу шашайық.

Хор: «Алтын ұя, мектебім»

Гүлден: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі - ұстаз. Өйткені ол білімнің көкірек көзін ашып, дүниетанымыңды кеңейтіп, қияға қанат қақтырады.

Жансая: Дұрыс айтасың: Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:

Ақыры жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға - деп айтуында терең той жатыр.

1 - Ұстаз болу жүректің батырлығы,

2 - Ұстаз болу сезімнің ақылдығы.

3 - Ұстаз болу мінездің күн шуағы,

4 - Азбайтұғын адамның алтындығы.

Келесі әніміз ұстазымызға арналады, хор «Балдырғандар вальсі» (Алихан мектебіме киінеді)

Жібек: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағымыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

Аружан: Мектеп деген білім кені, жыр кеші,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

Зейнеп: Мектебім -білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім артты санам

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе даға дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Лаура: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Бекзат: Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр - алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағың,

Мектебіме арналады бұл әнім !

Ән : «Мектебім» орындайтын Мұқашев Алихан

Гүлден: Дүниеге әкелген ол да сенсің анашым,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенсің анашым.

Тіл алмасам кешірген, ол да сенсің анашым.

Мәпелеген баласын, ол да сенсің анашым.

Мейіржан: Ыстық ау кім-кімге де әке деген ,

Суыққа малындырмай мәпелеген.

Әке деген асқар тау көпті көрген.

Алдымен адам бол деп жетелеген.





Гүлдана: Аналарды сүйеміз, ақылын ойға түйеміз,

Әкені де ардақтап, әдеппен бас иеміз.

Әділет: Әкелерді құрметтеп, сүйеміз шын жүректен,

Әке-асқар тауымыз, көңілдерге гүл еккен.

Өсіреді сананы, тура жолға салады,

Әкелерге мың алғыс, нұрыңменен көктедім

Сол үшін өзіңе, алғысым көп менің.

Альбина: О, менің ардақтаған, асыл анам,

Ақылмен, ақ сүтімен асраған.

Айналдым қасиетіңнен әрқашанда,

Жыр арнап міне, бүгін отыр балаң.

Теңейміз аналарды аппақ таңға,

Теңейміз аруларды шапағатқа.

Ана деп ән саламыз, жар саламыз,

Бас иіп «ана» деген асыл затқа - дей келе келесі әніміз аналарға арналады.

Ән: «Ана - ұстаз» орындайтын айтуған Жансая (жұлдыздар киінеді)

Бекарыс: Әріптерді үйретіп, жақын болған кім бізге ?

Жамандықтан жиреніп, ақын болған кім бізге ?

Десек, ол жан - мұғалім.

Қапастағы елдердің, мұңын айтқан км бізге ?

Көрікті сан жерлердің, сырын айтқан кім бізге?

Рахмет, саған мұғалім!

Дильназ: Бастауыштан алдық біз білім нәрін,

Бар білімнің жинадық шырын балын.

Бала деген ұстазға тартады екен,

Менің осы мектептен ұғынғаным.

Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Ой бойыма тамырланып тарады.

Ұмытпаймын салған жолын ақылын,

Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.

Айсана: Әлі есімде мектепке келгеніміз

Келгеніміз сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап, тосырқап тұрған шақта,

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз.

4 «В» класының болашақты болжайтын сәулелі жұлдыздарын ортаға шақырамыз. (бидің қыздары киінеді)

Мейіржан: Күндіз түні ойладыңыз бала қамын,

Тынымсыз атып жатыр әрбір таңын.

Басқарып директор боп осы ұжымды,

Есімхан ағай, баршаның аялаған алақанын

Алихан: Көрмеген артық күліп, артық жүріп,

Бастауышты басқарған үлгілі ғып,

Қоштасамыз біз бүгін Айболған апай сізбенен,

Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.

Жансая: Мектеп алды даярлықта білім берген,

Жанна апай бастап еді тәрбиеден.

Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс.

4-жыл бұрын оқытқан шәкірттерден.

Бекнұр: Фарида апай неткен мықты төзімдісіз,

Қол бастаған батырдың дәл өзісіз.

Шаршасаңыз да сездірмей күлімдейсіз,

Шәкіртім тәрбиелі болсын дейсіз. Келесі биіміз осы ұстаздарымызға арналады.

4 «В»класс қыздарының «Арулар» биін тамашалаңыздар . (жігіттер киінеді, көрініс киінеді)

Инстировка: Две книжки

Көрініс (Бекарыс, Бекнұр, Дильназ)Песня Дружный класс. Испольняет Әлихан и Нұрхат

Сұлтан: Әдемі ғой ән сбағы мектептің,

Жүректерге әсемдікті сепкене кім.

Жадыра апай бас иеміз сізге біз,

Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.

Ақұлан: Сүйікті ұстазымыз Айнұр апай

Орыс тілі пәнінен білім берген,

Айтамыз біз рахмет, денсаулық пен бақ тілеп.

Абырой, атақ, бар жақсыны, тілейді сізге жас түлек.

Арман: Білім берген бар ынта-жігерменен,

Үйреткен бізге ағылшын тілін зейінменен.

Ұстазымыз бар әдемі Рауан апай

Кең пейілді қазақтың сұлу қызындай.

Марлен: Сүйікті Лунара апай мұғалімім,

Компьютердің сырын бізге үйреткен.

Ақпараттан білім беріп шәкіртке,

Жыл бойы тынымсыз еңбек еткен

Данияр: Кейде жайлы мінезіне қызығасың,

Кейде ашусыз мінезіне табынасың.

Күліп жүрер үнемі Гүлбану апай,

Жан жүрегін қашан да ұғынасың.

Көрініс : «Үш аю» (Жансая, Дильназ, Нұрхат, Бекарыс) хор: ағылшыннан

Нұрхат: Мектепті ойлап өткен-келер, жыл-күнін,

Бар жағдайын ойлаған оқушының.

Денемізді шынықтырып ойнатқан,

Тәртіп бұзсақ арамызда біріміз,

Шын ашумен бәрімізді ойлатқан.

Әкемдей мейірімді құшақ ашып,

Тұрасыз Жаржан ағай амандасып.

Мадияр: Баулыған әрбір өнерді,

Алмас ағай өнерлі .

Әсем әннің шебері,

Аспапта ойнайды мәнерлі.

Қызықтырып ән-күйге,

Бізді үйретіп келеді.

Ән: «Алға, қазақ жігіттері» орындайтын 4 «В» класс жігіттер тобы(Алихан, Арман, Әділет, Марлен)

Песня : «Школа начальная» испольняет Әбуова Дилназ

Көрініс: Компютер қолданыста

Хор: «Бастауышпен қоштасу»

Балдырғандар вальсі

Оқушы: Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым - балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын

Әріп танытып , білім берген алғашқы ұстазымызды ортаға шақырамыз. Ұстаз сөйлейді

Құттықтау сөз мектеп директоры Шымқаев Есімхан Әбенұлына беріледі.

Оқушы: Құттықтау сөз бастауыш класстар оқу ісінің меңгерушісі Алмағанбетова Айболған Алдабергенқызына беріледі.

Құттықтау сөз тәрбие ісінің меңгерушісі Қожатова Фарида апайға беріледі

Мұғалім: Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал