- Учителю
- Ертегілер елінде сыныптан тыс шара
Ертегілер елінде сыныптан тыс шара
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ертегілер елінде» ертеңгіліг і (плюстік жазбамен)
Мақсаты:
білімділігі:
Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән - мағынасын ашу,
Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз
көз қарастарын білдіруге үйрету.
дамытушылығы:
Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту,
логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
тәрбиелік:
Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан
жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу. Жауапкершілікке тәрбиелей
отырып достыққа, қарым - қатынастарын дамыту.
Көрнекілігі: «Ертегілер елінде» плакаты, шарлар, гүлдер, ертегі
кейіпкерлерінің суреті.
Сабақтың барысы:
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің ата - аналар, балалар, ұстаздар!
І. Кіріспе сөз
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе
өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын
оқиғалар баяндалады.
Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан -
ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбінесе қара
сөз түрінде айтылады. Кейде өлең түрінде де кездеседі.
Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір шал
мен кемпірдің....... болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні
бөрте де» деп те басталады. Ертегі соңы олар «сөйтіп мұратына
жетіпті» үнемі жақсылықпен аяқталады.
Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді:
1. Қиял - ғажайып;
2. Хайуанаттар туралы;
3. Шыншыл ертегі;
4. Тұрмыс - салт ертегілері.
Қиял - ғажайып ертегілерде ер жүрек, батыр адамдардың басынан
кешкен сан - алуан ерлік оқиғалар баяндалады.
Олар жеті басты жыланмен, жалғыз көзді дәумен, жалмауыз кемпір,
мыстан кемпір, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл
қасиеттерімен көрінеді.
Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол
қиын - қыстау оқиғаларда ақыл, айла - тәсілін асырып, жеңіп шығады.
Бұл ертегілерді оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге
тырысады.
Мысалы: «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алтын балық» т. б.
Ата - бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең
жақын ертегілер хайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы
ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады.
Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі
де сол арқылы сұм - қиянатшыл, арамза, қу мінез қылықтар
әшкереленеді, еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суретттеледі.
</ Ал, енді құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар қазір сіздердің алдарыңызға 2 «а» сыныбы дайындаған «Аю мен қояндар» ертегісімен «Қош келдің,Жаңа жыл» атты әдеби- музыкалық кешті назарларыңызға ұсынамыз!
«Аю мен қояндар» (Оралбек-аю, Аманжан,Наиль,Ислам -қояндар)
«Қош келдің, Жаңа жыл!» (Нұрдаулет -қой жылы, Ислам- мешін жылы, би «Ақшақар», «Мешіндер» - 2 «а» сынып қыздары)
Осымен бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті. Уақыт бөдіп келіп, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Тағыда жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Сау болыңыздар!