- Учителю
- 'Адам әрекетінен жер бедерінің өзгеруі' дүниетану 4 сынып
'Адам әрекетінен жер бедерінің өзгеруі' дүниетану 4 сынып
Күні: Сыныбы: 4 Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Адам әрекетінен жер бедерінің өзгеруі
Сабақтың мақсаты: 1) адам әрекетініңң табиғатқа әсерін түсіндіріп, әр түрлі өндірістік орындарының және адам әрекетінен болатын жағдайлардың қоршаған ортаға зияны туралы ұғымдары кеңейту;
2) Оқушылардың табиғатты зерделеп танып білу дағдыларын, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3) Табиғатты сүюге, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға зиянды әрекеттерді болдырмауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Әдістері: топтастыру, әңгімелесу, түсіндіру, иллюстративті-көрнекілік, ойын, ынталандыру, рөльдік ойын, Б-Б-Б стратегиясы.
Формасы: жеке, топтық, жаппай
Пәнаралық байланыс: биология, география.
Көрнекілігі: қызыл кітапқа енген жануарлардың суреттері, өрт, зауыттардың суреттері, жануарларға тиген зиян көріністері
Сабақ барысы:
Кезеңдері
Өту барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен сабақты тексеру
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру.
«мекенін тап» ойыны
Сергіту сәті
ІҮ. Жаңа сабаққа дайындық.
Ү. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс
«Өзара оқыту»
ҮІ. Бекіту.
Дәптермен жұмыс
ҮІІ. Қорытынды.
ҮІІ. Үй тапсырмасы.
ІХ. Бағалау.
Балаларды сабаққа ұйымдастырып, зейіндерін жаңа сабаққа аудару
Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстыңдар?
Өткен сабақтың тапсырмасы тексеріледі.
Тақтада жануарлардың және өсімдіктерді суреттері берілген.
Оларды өз мекені орналастыру керек.
Жануарлар мен өсімдіктердің суреттерін алып, аттарын атап, қай жерде мекендейтінін немес өсетінін айтып, кестеге орналастырады.
Шалғын
Дала
Шөл
Орман-тоғай
Таулы жер
Су-қойма
Жануарлары
Өсімдіктері
Жануарлар: бүркіт, қоян, аю, арқар, қасқыр, құндыз, маса, түйе, кесіртке, шаян, қабан, таутеке, барыс т.б.
Өсімдіктер: арша, самырсын, шырша, қайың, қарағай, сексеуіл, жантақ, таспашөп, қазжуа, сарыгүл, жауқазын, бақбақ, беде, әсел т.б.
Тербеледі ағаштар,
Алдыснан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
Табиғаттың адам үшін қандай маңызы бар?
Неліктен адамға табиғат керек?
Адам табиғатсыз өмір сүре ала ма?
Табиғат адамсыз өмір сүре ала ма?
Адамның табиғатқа қандай әсері бар деп ойлайсыңдар?
Адамның әрекетінен табиғат үлкен өзгерістерге ұшырайды.
Ендеше оқулықта берілген мәтінді оқып, қанадй өзгерістер екенін өзіміз білейік.
Балаларға мәтінді оқу тапсырылады.
Өзара оқыту арқылы жұппен жұмыс жүргізіледі. Әр жұптың жүргізушісі сайланады. Ол екінші балаға мұғалім болып, берілген мәтінде не туралы айтылғанын әңгімелеп береді.
Бұдан кейін ойыншылар рөльдермен алмасып, екіншісі осы тақырып туралы мұғалім болып, оқушыға мәтінді әңгімелеп береді. Өздерің білетін қосымша мәліметтеріңді айтуға болады.
Балалардың білгендері Б-Б-Б кестесі арқылы тексеріледі.
Жазып болғасын, балалар жұмыстарын оқиды.
Сонымен біз бүгінгі сабақта не өттік?
Үйге осы мәтінге дайындалып келу және «Менің ойымша...» деп бастап, адамның жер бетіне тигізетін әсері туралы эссе жазып келеміз.
Балалар бағаланады.