7


  • Учителю
  • МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ 4 сынып презентация ана тілі

МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ 4 сынып презентация ана тілі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ

Мақсаты: оқушылардың туған ел туралы,Қазақстан Республикасының рәміздері,Ата заңы,тілі, салты туралы,дербес мемлекет екендігін түсіндіру: ұлтжандылыққа,патриотизмге,туған елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Кіріспе сөз

Қазақстан біздің сүйікті Отанымыз.

Көрсен көзің тоймас,асқар шыңды таулары,айдың шалқар көлдері,сылдырай аққан өзендері, ормандары бар.Осының бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайықпен Алатаудың аясында құлаш жайып,жайнай түрленіп,жасанып жатыр.

Отанымызды сүйіп,аялау үшінеліміз, туған жеріміз, оның тарихын,өткені мен бүгіні жайлы жақсы біліуіміз қажет.

Біздің мемлекетіміз - дербес мемлекет. Бүгінде Қазақстан елі дүниежүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан, әлемге танымал елге айналды.

Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтана аламыз. Бұл туралы не білесіңдер?

1.Әнұран - Жұмекен Нәжімединов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.

2. Елтаңба - Шота Уалиханов,Жандарбек Малибеков.

3. Ту- Шәкен Ниязбеков.

Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылуымыз керек. Ол үшін алдымен әдебиет тілін өркендету керек.

Өз алдына ел болуға, өзінің тілі мен әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын ұмытпауымыз керек.

Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт, дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымық. Ұлт болу үшін бірінші шарты - тілінің болуы.

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып өзге пәндерді түсіну мүмкін емес.

Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тілінен жетік,білімді,мәдениетті болсын./А.Жұбанов/.

Анамыздың, ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата- бабамызды, тарихымызды ұмыту./ Б.Момышұлы/.

3.Оқушылардың пікір ойлары.

4. Отан туралы өлеңдер./Туған өлкем/.

5. отан туралы мақал- мәтелдер.

6. Қорытынды





































































































































Сарғайды тоғай,

Сап - сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.



Ақсындар: Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр - сыбдыр түседі.





Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жүз,

Сары алтынға малынған,

Жетті міне, алтын күз!





Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып - теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.











































































Сыныбы:1 «А»

Пәні:Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Ш дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Осы кезге дейінгі өтілген әріптерді қайталау. Ш дыбысы және Әрпімен таныстыру, түсіндіру, қатаң дауыссыз екенін ұғындыру. «Ш» дыбысын таныту. Құрамында жаңа дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға үйрету. Ш дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.

2.Тәрбиелік:Ұжымдық жүмысқа үйрету,әдептілік пен ұқыптылыққа баулу.

3.Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Кеспе қалта, кеспе әріп, кеспебуындар, суреттер, дидактикалық материалдар, «Ойын-саяхат» схемесы, суретті таблица, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, интерактивті тақта.

Оқыту әдісі:көрсету, түсіндіру,қайталату.

Сабақтың мазмұны

І.Ұйымдастыру :Түгендеу, партаға дұрыс отыру.Сабаққа зейінінаудару.

ІІ.Мақсат қою:Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Үй тапсырмасын қайталау:Осы уақытқа дейінгі өтілген әріптерді естеріне түсіру.

ІҮ.Жаңа сабақ:-Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

-Түлкіні!

-Дұрыс,бұл түлкі бүгін сендерден көмек сұрап келіп тұр.Қу түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен.Үйіне барайын десе, сол аңдар жолына тұрып алыпты.Балалар, түлкіге көмектесеміз бе?

-Иә!

-Өте жақсы, олай болса түлкіге шытырман жолдар арқылы үйіне жетуге көмектесейік.Ол үшін жолда түлкіні күтіп жүрген аңдардың тапсырмасын орындайық.

1) «Аң патшасы арыстанның» тапсырмасы

Үй тапсырмасын қайталату.Осы уақытқа дейін өтілген әріптерді , түсіру.А дыбысынан бастап У дыбысына дейін қайталату.Әрбірдыбысқа сөздерден мысал келтіру. «Буын қос» ойыны а-та, а-па, а-ға, а-ра, а-ла, а-уа.

2) «Қорбаңбай аюдың» тапсырмасы:

-Балалар, аю тапсырмасын қағазға жазып жіберіпті.

-Тыңдаймыз ба?

-Тыңдаймыз!

-Хатты оқимын .Онда, балалар, дыбыс пен әріптің айырмашылығын кім айтып береді? Мен әлі де оқи алмаймын.Дыбыс деген не, әріп деген не?

(балалардың жауаптары тыңдалады, мысал келтіреді)

3. «Жолбарыстың тапсырмасы»

-Балалар, жолбарыс бізге «Алтын сандықша» беріп жіберіпті.Сандықтың ішінде не бар екенін табу үшін сендер жұмбақтар шешулерің керек.Жұмбақ шешкілерің келе ме?(Сандықтың ішіне Ш әрпін салып қоямын)

-Онда мұқият тыңдаңдар:

1.Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

2.Жас кезінде қара орман,

Қартайған соң ағарған.(Шаш)

3.Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.(Шаңғы)

4.Жазда тынығады

Қыста зымырайды.(Шана)

Сонымен,балалар, -Айырға аздап ұқсайтын,

Сабы жоқ бірақ ұстайтын.

Тарақты еске салатын

Қайсы әріп, кім бар табатын?

Ш дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.Ш-әрпінің жазба және баспа түрімен таныстыру.

Қос қолда қос қайшысы,

Ш-дан келер шаян да.

Ш-дан сөздің қайсысы

Басталарын баянда! «Күн мен түн» ойыны арқылы балаларға Ш-дыбысы бар сөздерді тапқызу.

Сөздерді буынға бөлу; Шыр-ша,шаш, шаң-ғы, ша-на, шор-тан, ша-ян, ша-ға-ла.

4. «Қасқырдың тапсырмасы» Оқулықтағы берілген сөздерді оқыту.

5. «Тиіннің тапсырмасы» Сергіту жаттығуын жасату;

Бір, екі үш.Бір,екі үш

Бұлшық етте күш.

Мен ұшамын кептерше

Еңкейемін жерге қолым жеткенше.

6. «Қоянның тапсырмасы»-Баспалдақтан түсу-шар-ар-р, шие-ие-е,.

IY.Жаңа білімді тексеру; Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.Сөйлемнің 1-ші сөзі қалай жазылады? Соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

Ү.Дәптермен жұмыс; Дәптерлерді ашайық,

Салақтықтан қашайық.

Қолға қалам алайық,

Көркем етіп жазайық!(Музыка ырғағымен әдемі жазуға үйрету)

Ш ш әріптерін жазып үйрену.

ҮІ.Білімді бекіту;-Біз қандай әріпті танып, білдік?-Ш!

-Ендеше, мен қазір сендерге тапсырма беремін, бұл тапсырма «Тырнаның тапсырмасы»

Сендерге парақтар таратамын, онда сөздер жазылған.Сөздерді оқимыз.Өзімізге таныс әріптердің астын сызамыз.

ҮІІ.Сабақты қорытындылау: Біз түлкіні аңдардан құтқардық.Ол өз үйіне жетіп те қалды.Түлкі үйінің есігінде бізге арналған тапсырма бар сияқты.Хатты алып оқиық.Онда:-Балалар, сендер менсияқты ешкімді алдамаңдар!Біреуді алдаған дұрыс емес.Мен енді ешқашан ешкімді алдамауға уәде беремін.Сендер де уәде беріңдер, мына жаңылтпашты үйден жаттап келіңдер:-Шаңқ-шаңқ етіп шағала,

Шабақ ілер жағада.

ҮІІІ.Үйге тапсырма беру: 1.Жаңылтпашты жаттау

2.Оқулықтағы сөздерді оқу.

3.Дәптердегі тапсырманы орындау.

ІХ.Балаларды бағалау.

Тақырыбы: Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ.

Мақсаты: Халқымыздың сөз өнері мақал-мәтелдердің мағынасын ұғып, ойда сақтап көп білуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Шешендік сөз өнерін дамыту,өз тілін қадірлеу,құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: білімді тиянақтау.

Көрнекілік:плакаттар.

Сайысқа қатысушыларымен таныстыру.Әр оқушы өздері жаттаған мақалдарын айтады.

Алғашқы айналым. Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.

а//Өзек қуа ағады

Өзен судың саласы,

/Алыстан салем береді,

Әдепті елдің баласы./

ә/Досы көптің жау алмайды.

/Ақылы көпті дау алмайды./

б/Сәуір келсе күн күркірер.

/Күн күркіресе көк дүркірер./

в/Егіннің жайын еккен білер,

/Арбаның жайвн жеккен білер./

г/Есік алды тау болса

Ертеп қойған аттпен тең

/Ауылында қария, Жазып қойған хатпен тең/

ғ/Малды жақсы баққаның

Өзіңе абырой тапқаның .

/Малды жаман баққаның,

Келген бақты қаққаның./

д/Бірлігі жоқ ел тозады,

/Бірлігі күшті ел озады./

е/Түйенің үлкені,

/Көпірде таяқ жейді./

Келесі кезек. Екі ойыншы біріне -бір мақал айтады, сол мақалды бар сөздермен мақал құрастырады.

Көрермен көзайымы. Берілген сөздерден көрермендер мақал құрастырады/ата,гүл,бала,жақсы,еңбек,өзен,Отан,ат,ер, батыр,тас,ел,ана./

Жұмбақтар.

1.Көліксіз өмір сұрмейді,

Ешқашан жаяу жүрмейді./Ер тоқым/

2.Ақ қойлекте көк желек,

Орманда орны бір бөлек./Қайын/.

3.Сауыттан мықты шапаны,

Жәндіктің нәғыз шабаны./Тасбақа/

4.Бұдан кір қорқады

Сұдан бұл қорқады./сабын/

5.Өзі арық,сөзі әріп./Қалам/

6.Отқа жаңбас, сұға батпас./Мұз/

Екінші ойыншы біріне-бірі жұмбақ айтады.Ұпайы ең аз ойыншы кетеді. Көрермендер жұмбақ айту.

5.Ақырғы айналым.Екі ойыншы жұмбақтың шешуін тауып, мақал құрастырады.

а/ Аспай түскен, қайналып пыскен./Жеміс/

Сабағы жаман ағаштың жемісі де жаман .

ә/Жалт-жұлт еткен,жылғадан өткен./Су/

Судың да сұрауы бар.

б/ Ақ сандығым ашылды ,ішінен жібек шашылды./Күн/

Жақсы ай мен күндей әлемге бірдей.

в/Қимылдаса қос шебер,қыруар-қыруар іс өнер./Қол/

Көз - қорқақ, қол - батыр.

5.Қайталау.Қорытынды бағалау.

МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ 4 сынып презентация ана тілі



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал