- Учителю
- открытый урок по математике на тему '104 6, 624: 6 түріндегі көбейту және бөлу' (3 класс)
открытый урок по математике на тему '104 6, 624: 6 түріндегі көбейту және бөлу' (3 класс)
№ 18 орта мектебі
Математика
Сабақтың тақырыбы: 104 6, 624: 6 түріндегі көбейту және бөлу.
Ашық сабақ
3 «Ә» класс
Мұғалімі: Исмурзина Н.Қ.
2014 - 2015 оқу жылы
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: 104*6, 624:6 түріндегі көбейту және бөлу
Мақсаты:Үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу,көбейтуді меңгерту, ауызша ,
жазбаша есептеулерін жетілдіру.
Функционалдық сауаттылығын жетілдіру.
Ұқыптылыққа , шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Балалар , біздің бүгінгі сабағымыз алған білімдеріміздіпысықтай отыра ,
күнделікті өмірде сол білімімізді пайдалана алатындай жағдайды көздейді.
Жақсы оқып сабақты ,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Бас иіп , бәріміз.
-Ал енді біздер бүгінгі сабақта неше мысал, неше есеп шығара алар екенбіз.
ІІ. Тірек , білім , білік дағдыларын белсендіру.
«Ойлану -жетістік негізі». (ауызша есептер)
43*2=86 160:4=80 102*4=408
32*4=68 450:9= 50 203*3=609
75*3=225 180:9=20 240*2=480
25*4=100 226:2=118 220*4=480
Аспаз 30 күнде 300 торт пісіреді. 10 күнде неше торт пісіреді? (100)
5 м мата 450 тг тұрады. Осындай 8 м мата қанша тұрады? 450:5*8
Шешей 4 кг қант сатып алды да , 444 тг төледі. Осындай 8 кг қант қанша тұрады?
440:4 , 110*8.
Шаршаның периметрі 24 см. Шаршының ауданын тап. 36 см 2
Оқу материалдарымен бастапқы танысу.
ІІІ. Оқу материалдарымен бастапқы танысу.
Оқулықпен жұмыс, жаңа сабақты қорытып шығару.
Көркем жазу. 572
-Жаңалық бөлімі.
«Жаңа білім, жаңа биіктерге жетелейді»
Алғанқы бекіту. (оқулықтан тапсырма орындау)
«Өзіңді шыңдай біл». (өз бетінше жұмыс)
Сергіту сәті.
«Өтілгенді пысықта , есте сақта әр уақытта»
28*х=36+20 42:х=7*3 х+(240-15)=450
28*х=56 42*х=21 х+225=450
х=56:28 х=42:21 х=450-225
х=2 х=2 х=225
«Ұшқыр қиял» (логикалық тапсырмы)
Айжанда 45 қарындаш болды. Ол біреуін ағасына бергенде , олардың қарындаштарының саны бірдей болды. Ағасында неше қарындаш болған?
Қайын ағашында 3 алма, ал қарағайда 2 алма өсіп тұр , барлығы қанша алма?
Торда көжектің 10 құлағы көрінеді. Тордағы көжектің саны қанша?
2 қыз мектепке бара жатыр .Олар жолда мектептен келе жатқан 4 қызды көрді. Мектепке неше қыз бара жатыр?
Екі жылқының неше аяғы бар?
Бір топ үйрек ұшып барады. Олар 5-еу біреуі жерге қонса нешеуі қалады?
Автобустан түсу үшін алдымен не істеу крек?
Ит мысықты, мысық тышқанды қуалап келеді. Қайсысы бірінші келеді?
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
«Ия-жоқ» ойыны.
-
Үшбұрыштың 3 қабырғасы бар.
-
2 сағатта 130 мин бар.
-
9 квадраты -81
-
2 квадраты- 6
-
10квадраты-100
-
а-9 әріпті өрнек болып табылады.
-
120 секундта -3 мин бар.
-
5 мин- 60 секунд
-
60 тың 1/2 бөлігі 20
-
160-тың 1/2 бөлігі 90
Ү. Үй тапсырмасын түсіндіріп беру.
ҮІ. Бағалау.