7


  • Учителю
  • Разработка урока по теме 'Төрт түліктің кеңесі' (2 сынып)

Разработка урока по теме 'Төрт түліктің кеңесі' (2 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесіОқыту мақсаты: 1. Оқушылардың төрт түлік туралы ұғымдарын тереңдету,төрт түліктің мекенін, иесін ажырата білуді үйрету.2.Оқушылардың шапшаң,мәнерлеп оқу дағдысын, шығармашылық қабілетін дамыту,тіл байлығын жетілдіру.3.Оқушыларды т
предварительный просмотр материала

2 «Ә» сыныбы Әдебиеттік оқу пәні Тоқтасынова И.А.

Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі

Оқыту мақсаты: 1. Оқушылардың төрт түлік туралы ұғымдарын тереңдету,төрт түліктің мекенін, иесін ажырата білуді үйрету.

2.Оқушылардың шапшаң,мәнерлеп оқу дағдысын, шығармашылық қабілетін дамыту,тіл байлығын жетілдіру.

3.Оқушыларды төрт түлікті құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже: Өлең бойынша алған түсініктерін қолдана отырып, берілген кестені толтырады. Өлеңді рөлге бөліп оқиды.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: топпен жұмыс, жұппен жұмыс,рөлге бөліп оқыту, сұрақ - жауап

Сабақта қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,СТО, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту
Көрнекіліктер: суреттер, стикер, постерлер, түрлі- түсті қарындаш
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық

Амансың ба? Алтын күн!

Амансың ба? Көк аспан!

Амансың ба? Достарым!

Тыныштықты сақтайық

Сабағымызды бастайық!

Төрт - түліктің суретін пайдалана отырып, «Мозаика» әдісі арқылы 4 топқа бөліп аламын.

II. Үй тапсырмасын тексеру. «Түйе» өлеңін мәнерлеп оқу.

ІІІ. Өткен сабақты бекіту. «Ыстық орындық» әдісі бойынша сұрақтарға жауап алу.

- Түйе қандай жануар?

- Түйенің атасы не?

- Түйенің қандай пайдасы бар?

- Түйенің сүтін не деп атайды?

III. Жаңа сабақ. Төрт түлік туралы жұмбақтар шешеді.
Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар,

Мойны ұзын , көзі үлкен .

Бұл не? Өзің тауып ал. (Түйе)


Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Сыртылдаған тұяғы бар,

Бір желпуіш сияғы бар. (Сиыр)


Кішкене ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар.(Қой)


Қамбар ата- баласы,

Шөптің жеймін түр-түрін.

Дертке дауа қымызым,

Берік арқан қыл, түгім. (Жылқы)


І V.Жаңа сабақтың тақырыбын айқындау. «Төрт түліктің кеңесі» өлеңі

1) Оқулықпен жұмыс. Мұғалімнің өлеңді оқып беруі.

2) Оқушылардың өлеңді іштей, дауыстап, рөлге бөліп оқуы.

3) Дәптермен жұмыс. Оқушылар жұптаса отырып, кестені толтырады.


Берілген сөздер

Мәтіндегі осы сөздердің мәні

1. Тұрмыс жағдайы төмен адам

2. Еңбекқор адам

3. Батыл, өжет адам

4. Шаруасы жақсы, бай адам

...

...

...

...


4) Суретпен жұмыс. Сурет бойынша мәтіндегі тіркестерді пайдалана отырып, қай түлік қай жерді қалайтынын айту.

V. Сабақты қорытындылау. Топтық жұмыс. Төрт топ төрт түлік малдың суретін сала отырып, олардың ерекшеліктерін жазып көрсетеді. Әр топтан баяндаушылары шығып қорғайды.

V I. Үйге тапсырма беру. «Төрт түліктің кеңесі» өлеңін мәнерлеп оқу.

VII. Оқушылардың білімін бағалау. Кері байланыс орнату.



№1 орта мектеп

Төрт түліктің кеңесі

Өткізген Тоқтасынова И.А.

2 «Ә» сыныбы









Текелі қаласы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал