7

Поварочный план 1 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Түлкі мен бөдене

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Тәрбиеші балалардан түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер?

Біз бүгін " Түлкі мен бөдене " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Бар екен, жоқ екен, баяғыда бөдене мен түлкі дос болған екен. Бір күні түлкі бөденеге айтады: - Досым, сен мені бір өлердей, күлдірші,- дейді. Бөдене: - Жарайды, соңыма ер, - дейді. Сөйтеді де, бөдене бытбылдық, бытбылдық деп, ұшып кете береді, түлкі оның соңынан еріп отырады. Әлдене уақытта бөдене бір ауылдың сыртына келіп қонып, түлкіге: - Досым сен осы жерде қарап отыр, мен сені қазір күлдірем,- дейді. Осылай деп, бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған бір әйелдің басына қонады. Мұны үйдің жанында ағаш жонып отырған оның күйеуі көріп: - Қатын, басыңа бөдене қонды, қозғалма, оны мен ұрып алайын, - дейді. Дейді де, қолағашты алып, бөденеге жіберіп қалады. Бөдене ұшып кетеді. Әйел сулап қалады. Түлкі шек-сілесі қатып күледі. Түлкі әлдене уақытта күлкісін әрең тыйып: - Досым, ризамын, өлердей күлдірдің. Енді сен мені өлердей бір қорқытшы, - дейді. Бөдене: - Жарайды. Мен бытбылдық, бытбылдық деп ұшып отырам, сен көзіңді тарс жұмып, менің соңымнан еріп отыр. Қөзіңді мен аш дегенде ғана аш, - дейді. Осылай бөдене бытбылдықтап ұшып отырады, түлкі көзін жұмып, оның соңынан жортып отырады. Бір кезде бөдене түлкіге: - Көзіңді аш, - дейді. Түлкі көзін ашып жіберсе, төңірегі тола ит жүгіртіп, құс салған аңшы екен. Түлкінің жүрегі тас төбесіне шығады. - Өлді деген осы екен, - деп, ол бар пәрменімен қаша жөнеледі. Ит, құс соңына түсіп қуады. Түлкі бір уақытта қашып құтылып, бір бұтаның түбіне келіп, демалып отырады. Әлденеуақытта бөдене келеді. Оған түлкі ашуланып: - Қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе, ем. Сен мені қорқытпақшы емес, өлтірмекші болған екенсің. Сен маған дос емес, қас екенсің. Мен сені жеймін деп, бөденеге дүрсе ұмтылады. Бөдене пыр етіп, ұшып кетеді. Түлкі оның құйрығың жулып алып қалады. Бөдененің құйрығы осыдан шолақ болған екен.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Біз бүгін "Түлкі мен бөдене" ертегісімен таныстық. Түлкі сияқты алдамшы дос болудың жақсы емес екендігіне көзіміз жетті.

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ақылды лақ

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " Ақылды лақ " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы - қалың шілік, ана жағы - қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді.
- Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! - деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, маңдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың - ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын. Бағана: «Бә-ә, бә-ә! Мына жердің шөбін қара-а!» - деп, қалың шіліктің ішіне бастап келген де өзі болатын. Енді адасқан соң, Ақ лақты жазғырып тұр:
- Ақ лақ - ақымақ! Жаның барда түс дейім алға! - деп, зекіреді Қара лақ тағы да. Ақ лақ әрі ойланады, бері ойланады. Жүрген-тұрған жерлерін еске алады.
- Ұзап кеткен қойды қалай табамыз. Кім біледі, ендігі тау асып, жайлауға жетіп те қалған шығар. Ал жайлауға барар жолды табу да оңай емес. Сонда да жол кесіп көрейін. Бірақ саған айтатын сөзім бар, ешкіммен егеспейсің, айтқанымды істейсің. Осыны орындамасаң, адасып өлеміз, - дейді Ақ лақ. «Өлеміз» деген сөзді естігенде Қара лақ үрейі ұшып қорқып кетеді. Қанша тентек болғанмен, Ақ лақтың тілін алуға уәде береді. Ақ лақ жол бастап, алға түседі. Қалың шөпті олай-бұлай жапырып жүріп отырады. Алдынан жыра кездессе - секіріп өтеді, тас кездессе - қарғып өтеді. Сөйтіп, екеуі бір кезде таудың етегіне ілінеді. Маңайда бір қара көрінбейді. Айнала жым-жырт. Ойда жоқта алдарынан бір Түлкі шыға келеді.
- Түу, өзің бір аппақ қардай, әдемі лақ екенсің. Ағаң да әдемі. Шаршап қалған шығарсыңдар. Біздің үйге соғып, дәм татып кетіңдер. Менің де өздеріңдей екі балам бар, бірге ойнайсыңдар, - дейді Түлкі. Ал өзі ішінен: «Ақ лақ кішкентай екен. Қапысын тауып, осыны жәукемдейін. Бірақ мұны көрген ағасы қорқып, қашып кетеді-ау!» - деп ойлайды. Не айтатынын күні бұрын ойлап қойған Ақ лақ былай деп, тіл қатады:
- Түке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді касқыр күтіп отыр. Ол Қара лақ екеумізді қонаққа шақырып еді. Сізге еріп кеткенімізді көрсе, ашуланады ғой. Қасекеңнің кәрі қатты. Мүмкін өзіңіз де бізбен бірге жүрерсіз.
Жарайды, ендеше. Жүре беріңдер, мен арттарыңнан барармын, - дейді де, Түлкі бір қулық ойлайды. Бір кезде алдарынан тайыншадай көкжал Қаскыр кез бола кетеді. Ол аузын арандай ашып, бірден екі лаққа тап береді. Қасқырды көрген Түлкі сайға қарай зытады.
- Қарным ашып келе жатыр еді, мұндай жақсы болар ма! Мен қазір сендерді жеймін! - дейді Қасқыр.
- Қасеке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді Арыстан күтіп отыр. Ол таудағы жортқан аң, ұшқан құс атаулыға патша болу үшін кеше осында келіпті. Ертеңгі асына екі бұзау, түскі асына екі лақ, кешкі асына екі қозы жейді екен. Сіздің мына қылығыңызды көрсе, ол бұлқан-талқан боп ашуланып жүрер. Тіпті, өзіңізді жазым етер, - дейді Ақ лақ.
- Бә-ә! Әй, Қасқыр! Мына Арыстанды қара-а! Шақырып тұр, - деп, бақырып қоя береді Қара лақ тыныш тұрмай. Қасқыр қатты сасқалақтайды, әрі-бері алақтап тұрады да:
- Бәлесінен аулақ. Бар, жандарыңның барында кетіңдер, түге! - деп жөнімен жүре береді.
- Жүгірген бойымен екі лақ бір таудың басына шығады. Тауға шығып, айналаға қараса, тауды бөктерлей бір қора қой қаптап жайылып келеді, қойдың артында астында аты бар, қасында иті бар қойшы келеді. Қойды көргенде есі шығып қуанғаннан екі лақ «Бә... Бә» деп маңырап қоя береді.
Шопан ата жол бастап, бұрын келген Ақ лақты жерден көтеріп алады.
- Мен сендерді ойдан-қырдан іздеп, таба алмай қойып едім. Өздерінің тауып келгенін қарашы. Жарайсың, Ақ лағым, жарайсың! Сені «Ақ лақ - ақымақ» деп мазақтайтындардың өздері ақымақ! - деп, Ақ лақты құшақтап бауырына қысады.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Қоян мен қарға

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Қоңыр күз келеді. Ағаштың жапырақтары түсіп, тек жабайы алма ағашының басында жалғыз алма қалыпты. Осы кезде орман аралап жүрген қоян алманы байқап қалады. Оны қалай алуға болады? Алма өте биікте - секіріп жете алмайсың! Шырша бұтағында отырған қарға қоян қылығына сырттай күліп отырады.

Қарқ! қарқ! Оны көрген қоян:

Қарға, қарға, маған алманы үзіп алып берші! дейді. Қарға ағаш басына ұшып барып, алманы үзіп алады. Бірақ алманы түмсығымен қармап ұстай алмай, жерге түсіріп алады. Рақмет, саған қарға! деді де қоян алманы жерден көтермек болады. Ал жерге түскен алма жаны бардай дыбыс шығарып, қозғалып жүгіре жөнеледі. Бұл қалай?

Қорқып кеткен қоян ағаш алмасының түбінде ұйықтап жатқан кірпінің тікеніне құлағанын түсініп:

Кірпі, кірпі тоқта! тоқта! деп айғайлайды. Менің алмамды қайда алып бара жатырсың?

Кірпі кідірместен: бұл, менің алмам! ол төбеден құлады, ал мен болсам оны ұстап алдым. Қоян да қояр емес! Алмамды қайтарып бер. Оны тауып алған мен.

Таласып жатқан қоян мен кірпіге қарға қосылады. Босқа таласасыңдар, алма менікі. Мен оны өзім үшін үзіп алдым - деді ол өтірік шынын араластыра. Олар бір-бірімен түсіне алмай , алманы әрі тартып, бері тартып, орман айғайдан у-шу болып кетеді. Сол кезде қорбаңбай аю келіп қалады. Бұл не деген айғай шу мазамды алдыңдар ғой! Бәрі оған жақындап, сен аю біздің ормандағы ең үлкен, әрі ең ақылдысың. Сондықтан бізге алманың кімдікі екенін айтып берші? деп аюға оқиғаның қалай болғанын баяндап, төрелігін сұрайды. Аю сәл ойланып сұрады? Алманы кім тапты? Мен деді қоян. Ал, алманы кім үзіп алды? Мен деп қарқ етті қарға. Жақсы. кім оны ұстап алды? Мен ұстап алдым деді кірпі. Мінекей , бәрің де дұрыс айтасыңдар, өйткені әрқайсыларың алманы алу үшін еңбектендіңдер. Алма бәріңдікі. Мұнда бір алма ғой - деді кірпі, қоян, қарға түк түсінбей. Бұл алманы теңдей бөліңдер. Әрқайсың бір-бір бөлігін алыңдар. деді аю. Мұны естіп бәрі қуанып кетті. Бағанадан бері біз бостан - босқа таласқан екенбіз ғой. Кірпі алманы төрт бөлікке бөледі. Қоянға бір бөлігін беріп: бұл саған қоян сен алманы бірінші көрдің. Екінші бөлігін қарғаға беріп: бұл саған қарға сен алманы үзіп алдың. Үшінші бөлігін кірпі аузына салып бұл маған, өйткені алманы ұстап алған мен. Кірпі аюға төртінші бөлігін беріп: бұл саған аю. Маған не үшін деп таңқалады аю. сен бізге ақыл айтып, татуластырдың деді ол риза кейіппен. Әрқайсы өзіне берілген алманың бөлігін жеп, риза болды, өйткені аю ешкімді ренжітпей дрыс, әділ шешім шығарған еді. Береке басы бірлікте- деген осыдан қалған көрінеді.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Қарлығаш пен торғай

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін "Қарлығаш пен торғай " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Қарлығаш бір ағаштың бұтағында жайбарақат демалып отыр еді. "Шіжік- шіжік" деп мазасы кетіп, тыным таппай, Қарлығаштың қасына Шөже торғай келіп қонды. Қипақтап оны бір, мұны бір айтып,шыдамсызданып біраз отырды. Елпілдеп, желпілдеп, сабырсыздана, құйрығын бұлғақтатып, Қарлығаштың бетіне қарап:

- Бауырым қарлығаш! Сізден бір сұрақ сұрамақшы едім. Өзім өте асығыспын. Сізді көрген соң бұрылдым- дейді.

- Шөжеке, асығыс болсаң, айта бер. Білсем, айтайын, білмесем айыпқа бұйырма - деп жауап қайырды Қарлығаш. Шөже торғай аузы жып-жып етіп:

- Бауырым, бауырым, бауырым... - деп, бір сөзін бірнеше рет қайталады. Қарлығашты шыр айналып, бұтақтан- бұтаққа секірді. Бірінің басын, бірінің аяғын айтып берекесізденіп отырып:

- Сіз осы адам баласына өте жақын жүресіз. Адам отырған үйде жұмыртқа басып, балапан шығарасыз. Олар сізге де, сіздің балапандарыңызға да тимейді. Бала екеш балаға дейін сіздерді сыйлайды. Бізді көрсе кесек лақтырып, садақпен атып, мазамызды алады. Сіздердің адам баласына қандай жақындықтарыңыз бар? Әлде сіздер олардың тілін білесіздер ме? Ал біз болсақ қысы жазы есігінің алдынан, үйінің маңайынан кетпейміз. Сонда да адам баласымен үйірлесе алмай- ақ қойдық. Осының не сыры бар, ұғындырып беріңізші, - депті.

Қарлығаш шөже торғайға мысқылдай күліп:

Әй, шөже ай деп сөз бастайды. Көп сөз, ұшқалақ мінезден не пайда? Адам баласын қойып, сені жаратылымсыз жақын менде сені ұнатпай тұрмын. кімге болса да, біреумен үйлесу үшін мінез керек емес пе?

Осы жеңітек, ұшқалақ, тиянақсыз мінезіңмен сен қайда сыймақшысың? Тазалықтан тарыдай хабарың жоқ. Көрінген жерге саңғып, бәрін бүлдіресің. Шошаңдап, көрінгенді шоқып, жалаң қағасың да жүресің. Қайта адам баласы сендерді үйлерінің маңайына жібергеніне неге рақмет айтпайсыңдар?! Біз сыпайы тәртіппен орынды сөйлеп, "шіжік-шіжік" демей ақ еппен кіріп, еппен шығамыз. Қанатынымыздың дыбысы да естілмейді. Дөрекі, орынсыз сөйлегенді кім жаратады? Балапандарымызды да аяғынан қылмен матастырып байлап қоямыз. Балапан кезінде ретімен сөйлетіп, орынсыз іске әдеттендірмеу керек. Қысқасы, біздің адам баласына иненің жасуындай да зиянымыз жоқ. Көршінің көңіліне қарай білсең , ол да сені өмірі ренжітпейді... Міне, адам баласы бізді осы қылығымызды жақсы көреді- депті қарлығаш. Шөже торғай мұны мойындағандай аз ойланып отырып: Олай болса, ешкіммен де үйлесе алмайды екенбіз. Жастан шулап, бейбас болып өскенбіз - деп ұшуға ыңғайланды. Қарлығаш оның бетіне қарап:

- Шөжеке, өз мінезің өзіңе ұнамаса, басқа біреуге қалай ұнайсын?- депті.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Шөже Қарлығаштан не сұрағысы келді?

Қарлығаш оның сұрағына қалай жауап береді?

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Сауысқан мен көкек

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Ертеде сауысқан мен кӛкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек», - деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне:

- Екеуіміз бірігіп бірік ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз, - дейді.

Көкек:

- Менің ұя салатын қуатым да, құралым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер, - деп келіспейді.

Сауысқан көкектің көмегін күтпей-ақ, ұя салуға кірісті. Ол ұясының қабырғаларын жас бұтақтармен таспалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды. Іші - тысын саз балшықтармен сылады. Кішкентай бұтақтардан құрастырып, қақпалы есік жасады. Ұяның астына мамықтан төсек төседі. Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай - қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда «керек» дегендегі «р» - ды айта алмай, «керек» деудің орнына «көлек, көлек» дейді. Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы да, үйіші де жоқ.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Мақтаншақ қоян

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Орманда бір қоян өмір сүріпті. Ала жаздай сайраңдап, тоғайда жеміс жидектерді теріп жеген ол, қыс түссе қарны ашып, ауылға арпа ұрлауға барады екен. Бір күні ол ауыл шетіндегі тұратын шаруаның үйіне ұрлыққа келеді. Қорасына кірсе қаптаған қоян ол мақтана бастайды. Сендер үйде тұрсаңдар қайтейін? Мен сендерден бәрібір артықпын. Менің мұртым мұрт-ақ. Сендердікіндей емес. Ал табаным мен тістерім ше? Сендердікі салыстыруға да келмейді...

Мен ешкімнен қорықпаймын! Үй қояндары мақтаншақ қоянның қылығын қарға тәтелеріне айтып береді. Ол бөспе қоянды жазаламақ болып іздеп тауып алады. Даңғой қоян шошып кетеді. Қарға тәте! Тиіспеші. Мен енді мақтанып елдің мазасын алмайтын боламын. Солай, де. Босқа мақтанба! Елден ерешекшелігінді бос сөзбен емес, ісімен көрсет дейді қарға. Арада біраз өткен соң, бірде қараса, әлгі қарғаны иттер талап жатыр екен. Жаныашып кеткен қоян құтырмақ болады. Иттердің назарын өзіне аударып, тұра жүгіреді. Қарғаны тастай салған иттер қояеды қуа жөнеледі. Ол қашып құтылады. Қоянның ерлігіне риза болған қарға оған келіп жолығып.

- Рахмет саған! Сен мақтаншақ қоян емес екенсің! Мақтауға тұратын ер екенсің! деп ризашылығын білдіреді.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Шал мен дәу

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне - бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.
Дәу:
- Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық - деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді.
Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.
Сонда дәу:
- Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР - дейді.
Шал тұрып:
- Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.
Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:
- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады.
Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге:
- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді.
Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады:
Сосын шал:
- Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді.
Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей:
- Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді.
Дәу:
Жарайды деп - кетіп қалады.
Шал үйіне келіп, кемпіріне:
- Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде:
- Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір.
Шал тұрып:
- Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! - деп кемпіріне үйретіп қойады.
Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып:
- Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті.
Сонда шал тұрып:
- Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! - дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап:
- Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.
- Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі.
- Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді.
Түлкі:
- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:
- Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды.
Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.

Тақырыбы: Жігіт пен мыстан

Ертеде шал мен кемпір болыпты. Олардың жалғыз қызы бар екен. Бір күні кемпір дүниеден қайтып, шал басқа әйел алады. Алған әйелі өте жаман адам еді. Әкесі жоқта қызды ұрып, күн көрсетпейтін. Тіпті, одан құтылудың жолын ойластырады.
Бірде ол қызға:
- Менің апайымның үйіне бар. Ине-жіп сұрап, жейдеңді тігіп кел, - деп жұмсап жібереді.
Өгей шешесінің апайы нағыз мыстан кемпірдің өзі болатын.
Қыз жолға шығады. Бірақ, алдымен өз туысының үйіне кіріп:
- Өгей шешем апайының үйіне «жейдеңді тігіп кел» деп жұмсады, - дейді.
Апайы қыз бара жатқан мыстан кемпірді білетін. Ол біраз ойланып:
- Қызым, қайтар жолыңда кедергілер көп болады. Олардан құтылудың амалын тыңда. Алдымен аққайыңды көресің. Оған таспа* байла, болмаса бұтақта ры көзіңді сырып кетеді. Қақпалар сықырлап жолыңды бөгемес үшін, май құй. Иттер үрмесін десең, нан таста. Ал, мысыққа шұжық бер. Әйтпесе, бетіңді тырнап алады, - деп ақылын айтады. Қыз апайымен қоштасып, жолға шығады. Ұзақ жүріп, бір ағаш үйге жетеді.
Онда мыстан кемпір отыр екен. Қыз кемпірмен амандасып:
- Мені өгей шешем «жейдеңді тігіп кел» деп сізге жұмсады, - дейді.
- Жарайды, кел, отырып тіге ғой.
Қыз ине-жіп алып, жейдесін тігуге кіріседі. Мыстан сыртқа шығып, қызметшісіне:
- Бар да, жақсылап монша жақ, қызды жуындыр, кешкі асқа даярла. Бірақ абай бол, оны көзіңнен таса қалдырма, - дейді.
Мұны естіген қыз үрейленіп, қызметшіге:
- Әпкетай, отынды жәйлап салшы, суды елекпен әкелші, - деп өз орамалын береді.
Ал кемпір сыртта тағатсызданып, ары-бері күтіп жүр. Біраздан кейін ол терезенің тұсына келіп:
- Тігіп отырсың ба, айналайын? - деп сұрайды.
- Иә, апа, тігіп отырмын, - деп жауап қайтарады қыз.
Мыстан әрірек кеткен соң, қыз мысыққа шұжық береді де:
- Маған жалмауыз кемпірден құтылуыма көмектесші, - деп жалынады.
- Мына сүлгі мен тарақты ал да қаш. Мыстан сені қуады. Оның қай жерде келе жатқанын білу үшін құлағыңды жерге төсеп, тың тыңда. Тасырлаған дүбірді естісең, кемпірдің жақындап қалғаны. Осы кезде сүлгіні лақтыр. Ол ұзын өзенге айналады. Тағы жақындап қалса, тарақты лақтыр. Бұл ну орманға айналады. Мыстан одан өте алмас, - дейді мысық.
Қыз мысықтың бергендерін алып, қашады. Алдынан иттер шығады. Қыз оларға нан тастайды. Иттер қызды жібереді. Енді ол қақпаға келіп, сықырламас үшін оған май құяды. Қақпадан өтіп, аққайыңға жетеді. Көзін сырып алмас үшін қыз ағашқа таспа байлайды да, алды-артына қарамай жүгіре жөнеледі.
Осы уақытта Мыстан терезенің тұсына тағы келіп:
- Тігіп отырсың ба, қызым? - дейді. - Мияу, тігіп отырмын, апа, - деген іштен мысықтың даусы естіледі.
Мыстан қыздың жоқ екенін біліп, мысық пен иттерге, қақпа мен ақ
қайыңға:
- Неге бетін тырнамадың?! Неге таламадың?! Неге жібердің?! Неге көзін сырмадың?! Сен неге айтқанды орындамадың?! - деп қатты ашуланады.
- Мен саған қаншама жыл қызмет етіп келемін. Сен маған қу сүйекте тастамадың. Ал ол шұжық берді! - деп жауап береді мысық.
- Ал біз сенен, ең болмаса нанның қоқымын да көрмедік. Ол бізге бүтін нан берді, - дейді иттер.
- Ол маған май құйды. Ал сен су да тамызбаған едің, - дейді қақпа.
- Жіпті де қимаған едің, ол бұтақтарыма таспа байлады, - дейді қайың.
- Мен саған көп жыл қызмет етіп келемін. Осы уақытта сенен, ең болмаса шүберек те көрмеппін. Ол маған орамалын тарту етті, - деп қызметші әйел наразылығын білдіреді.
Мыстан кемпір қызметшісін, мысық пен иттерді қуып жібереді. Ал қақпа мен аққайыңды жұлып, лақтырып тастайды. Содан кейін дереу келісіне отырып, сыпыртқысымен итеріп, қыздың артынан қуа жөнеледі.
Жүгіріп келе жатқан қыз біраз уақыт өткен соң құлағын жерге төсеп, тың тыңдайды. Тасырлаған дыбысты естіп, мыстанның жақындап қалғанын біледі де, сүлгіні лақтырып жібереді. Сүлгі жайылып, ұзын өзенге айналады.
Кемпір судан өте алмай, үйіне оралады. Өгіздерін алып, кері қайтады. Өгіздер өзеннің суын тауысып, ішіп қояды. Мыстан қызды қайта қуады. Ол жақындап қалғанда, қыз тарақты лақтырып жібереді. Тарақ жерге түсіп, ну орманға айналады. Қыздың бағына қарай, мыстан орманнан өте алмай, артта қалады.
Ал енді үйдегі жағдайға оралайық. Бірталай уақыт қызын көрмеген әкесі, оны іздестіре бастайды. - Апайының үйіне қонаққа кетті, - деп әйелі оны алдап қояды.
Осы кезде қыз жүгіріп келіп, жылап әкесін құшақтай алады. Оған болған жағдайды түгел баяндайды. Қатты ашуланған шал әйелін үйінен қуып жібереді. Сөйтіп, қыз қатыгез өгей шешесінен құтылып, әкесімен бірге ұзақ та бақытты өмір сүреді.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Кім күшті

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " кім күшті " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылы қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен.
Қырғауылы қырқылдап,
Жалтыр мұзға сыртылдап,
Алшая келіп қоныпты,
Шаты айрылып қалыпты.
Қисая жатып қырғауыл
Сонда мұздан сұрапты:
- Мұз, мұз, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, бауырымды жаңбырға тестірмес едім.
- Жаңбыр, жаңбыр, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, жерге жұтқызар ма едім.
- Жер, жер, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, көк шөпке бауырымды жардырмас едім.
- Көк шөп, көк шөп, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, көк тоқты мойнымнан жұлқымас еді.
- Көк тоқты, көк тоқты, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, көк шұнақ қасқырға құйрығымды жұлқытпас едім.
- Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, көк мылтыққа құйрығымды ойдырмас едім.
- Көк мылтық, көк мылтық, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, қоңыр шолақ тышқанға білтемді қидырмас едім.
- Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, құмырсқаға інімді алдырмас едім.
- Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың?
- Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды желкелеген күштімін, - деген екен құмырсқа.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Қожанасырдың тойға баруы

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін "Қожанасырдың тойға баруы " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Баяғыда біреу той жасапты. Тойға көп кісі жиналыпты. Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жұпыны екен. Оны ешкім елемепті. "Төрге шық, тамақ іш демепті". Қожа шығып кетеді де, үйіне барып тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді.

Ет келгенде: Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:

- Же, шапаным, же! деп отыра береді.

- Сіздің бұл не қылығыныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - депті.

Сонда Қожа:

Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырмын! деп жауап береді.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Алғаш рет Қожанасырды үй иесі неліктен құрметтемейді?

Ал екінші рет не үшін сыйлайды?

Қожанасыр туралы тағы қандай әңгіме білесіңдер?

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Алдар көсе мен қу жауырын

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Бар екен, жоқ екен. Ерте заманда бір Алдаркөсе деген қу болған екен. Оныһ кәсібі әркімді алдау болған екен.

Ей, ата, мен алдасам,

Болса да жын-шайтан арбасам.

Жұрт істейтін кәсіп көп,

Алдауды мен кәсіп қылсам, -

деп сурап атасынан бата алған екен. Күндерде бір күн сол Алдаркөсе шайтанмен бірге бір ұзақ сапарға шығыпты. Ай жүріпті, жыл жүріпті. Бір кезде екеуі де шаршапты. Сонан сод Алдаркөсе айтыпты: - Бұлай екеуіміз бірдей жаяу жүрмейік, бірімізге біріміз кезек мініп жүрелік депті. Шайтан мұны қостайды: - Мұның ақыл-ақ екен. Солай істелік. Бірақ жол қайсымыздікі, қайсымыз бұрын мінеміз, әуелі соған келісіп алайық дейік: Сонда Алдаркөсе айтады. - Біздің қазақ халқында жасы үлкенге жол беретін әдет бар. Жас сұрасайық, кімнің жасы үлкен болса, әуелгі кезек сонікі болсын. Сен кашан туған едің дейді. Шайтан сәл ойланып тұрады да:

Мен дүниеге келген күні

Аспанға көзім түсіп еді,

Артық-кем емес білемін:

Жер - алақандай көлемі,

Бір-ақ қана бел еді, - дейді.

Осы кезде Алдаркөсе өкіріп қоя береді. Шай тан аң-таң болады:

Мұның не? Әуелгі кезек тимейтін болды деп қамығуың ба? - деп сұрайды. Алдаркөсе оңай бетер өкіреді. Әрі-беріден соң «ой баурымдап» басын жерге салып жылайды.

Не болды, айтшы? - деп, жалынады шайтан. Сонда Алдаркөсе кемсеңдеп:

- Сен туған уақытыңды айтқанда менің есіме ескі қайғым түсті:

Дәл сен туғанда

Үлкен бір той болып ед,

Атқа шауып жүргенде

Кенже балам өліп ед деп, тағы да өкіріп

қоя береді. Шайтан оны, көңіл айтып, жұбатады.

Дау, жоқ, әуелгі кезек сенікі. Мін мойныма, жүрейік дейді. Деуі-ақ мұң екен. Алдаркөсе шайтанның желкесіне секіріп мінеді. Сонда шайтан: - Сен қанша уақыт мінесің? - деп сұрайды. Алдаркөсе: - Мен өлең айтып отырам. Сол өлеіңім таусылғанша мінем дейді. Сөйтеді де: «әләуләйләй-әләу- ләйләй» деп, өлең бастайды. Осылай көп уақыт жүреді. Шайтан әбден шаршайды. Бір кезде: . - Осы сенің әләуләйләйің қашан таусылады? - деп сұрайды. Оған. - Әләуләйләйім әлі таусылған жоқ. Ол таусылса, «әриәдәйім» тағы бар, - деп, жауап береді Алдаркөсе. Алдардың әләуләйләйі таусылмайды. Шайтан арып-талып өлімші болады. Сонан кейін ол Алдардан құтылудың амалын ойлайды. Сөйтіп, бір жерде түнеп отырғанда. - Алдар осы сен неден қорқасың? - дейді. Алдар: - Мен қазы, қарта мен қымыздан қорқам, - дейді. Алдар ұйықтап жатқанда шайтан барып, бір жерден қазы, қарта, қымыз тауып әкеліп, Алдардың қасына қояды. Оянғанда соны қөріп, қорқып, қашып кетер деп ойлайды. Таңертең Алдаркөсе әзірлеп, койған тамақты, қымызды ішіп-жеп, тойып алып, шайтанның мойнына мініп, тағы да әләуләйләйін айтып, жол тартады. Осы әләуләйләйі мен әриәйдәйді айтып, Алдаркөсе шайтанды бір жыл мініп жүреді.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Қожанасыр мен хан

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Бір күні Қожанасыр бір баймен жанжалдасып ханның алдына жүгініске бармақшы болады. Бай сыйлық беріп, хан байдың сөзін сөйлейтінін сезген Қожа хан алдына қойнына бір үлкен тас салып барады. Хан екі жағының да арызын тыңдап болып, енді үкім айтуға кірісерде, Қожа қақырынып қояды. Хан бұрылып, Қожаның бетіне жалт қарайды. Сонда Қожа ханға жұдырығымен қойнын көрсетеді. Ханның көзі Қожанасырдың қойнына түседі, өйткені Қожанасырдың қойны біраз қомақты болып, томпайып тұр екен. Хан Қожанасырдың қойнында көп алтын бар екен деп дәмеленеді. «Менің сөзімді сөйлесең, осы алтынды саған берем», - деп тұр екен деп, ойлайды ол. Сондықтан хан сөзді салмақтай келіп, Қожанасырдың арызын дұрыстайды. Үкімге риза болмаған бай ашуланып, кетіп қалады. Кеткен соң, хан күлімдеп, Қожанасырды жанына шақырып алып:

- Ал Қожеке, маған ризасың гой. Байды саған жығып бердім. Енді қойныңдағы алтыныңды бер! - дейді.

- Тақсыр, мен сізге алтын көрсеткенім жоқ қой. Менің қойнымдағы алтын емес, тас еді, - деп, Қожа қойындағы тасты алдына тастай береді.

- Сен маған билік айтарда, көзіңді қысып, қойыныңды көрсеттің, ол не дегенің еді? - деп, сұрайды хан.

- Уа, тақсыр! Менің қойнымды көрсеткенім: «Хан әділ билік айт, әйтпесе мына таспен ұрып жығам!» -дегенім еді, - дейді Қожа.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: М.Төрежанов Адал дос

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Достық туралы лебіз айту. Балалар бір-біріне күліп айтады.

Біз бүгін М.Төрежановтың "Адал дос" өлеңімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға өлеңді мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Балалар бізде көп әріптер бар. Осы әріптерден "достық" сөздерін құрастырып жазайық. Бас әріппен жазамыз. ДОСТЫҚ.

"Достық" сөзі алты әріптен тұрады. 6 бұрышқа бөлініп тұрып, достығымызды білдірейік.

Үлкен шаңырақ құрайық,

Қазша қанат жаяйық.

Аққуша мойынымызды созайық,

Құсша қонайық. "қимылмен жасау"

Бәріміз, бір шаңырақта дос болып өмір сүреді екенбіз.

- Достық дегеніміз не?

- Сенің досың кім?

- Сен кіммен достасқың келеді?

Енді бәріміз көзімізді жұмайық. Достарымызға жақсы тілектер ойлайық. Мына көрініске қараңдар: 2 бала шашкі ойнады, 2 бала жанкүйер болды.Осы екі бала дұрыс жасады ма? Сендер қандай кеңес берер едіңдер? Бір аулада екі бала тұрады екен, бірге ойнайды екен. Біреуі аяғын шығарып алыпты. Жазылғаннан кейін көшеде отырғанда екіншісі оған келмейді. Өзімен-өзі ойнап жүре береді. Досының қасына келмейді.

- Ал сендер осы баланың орнында болсаңдар не істер едіңдер? (әр бала өз ойын айтып шығады).

Бір дос көлеңке,

Басыңды күн шалса.

Іздеп таба алмайсың- деген мақалдың мағынасын түсіндіру.

Балаларға М.Төрежановтың " Адал дос" өлеңін оқып беру.

- өлеңде дос туралы не айтылады?

- өлеңнің мазмұнын айтып беру.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Ерте заманда, құйрығы келте заманда Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Қөңілі жай болыпты. Сол Шықбермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса, дәм бермейді екен. Тіпті тастан да қатты сараң, өзі тойса да, көзі тоймайтын адам екен. Үйіне кісі келсе оның жауабы: - Шық, әй! - екен. Осыдан жұрт оны Шығайбай атап кеткен екен. Шықбермес Шығайбайдың аты естілмеген ел болмайды екен. Оның «Шық-әйін» естімеген жан болмайды екен. Қайтсем де, қалай болса да Шығайбайдан дәм татам деген талайлардың тауы шағылған болады екен. Алдар қу! Алдардың алдамайтыны, арбамайтыны жоқ деген атақ ел-елге жайылды. Ел аузындағы мәтелге айналады. Әй, Алдарың қанша қу болса да, Шықбермес Шығайбайды алдай алмас, - дейді жұрт. Осы сөз Алдарға жетеді. Шықбермес Шығайбайдың атын Алдар да есітеді. - Шықбермес Шығайбайды мырза бай етпесем Алдар деген атым құрысын, - деп, Алдар аттанады. Шықбермес Шығайбайдың елін іздеп сапар шегеді. Күн-түн жүреді. Ақырында елден іргесін аулақ салған, ен далада жалғыз үй қонған Шығайбайдың үйіне келеді. «Не істеп отыр екен бұл қу» деп, атын алысқа тұсап, өзі білдірмей келіп, жабықтан сығалайды. Сығаласа: Шығайбай қазы тіліп отыр екен. Бәйбіше нан илеп отыр екен. Тоқалы бас үйтіп отыр екен, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен. «Осыдан татпасам Алдар атым құрсын», - деп жылмаң етіп; - Кеш жарық! - деп кіріп барады. Бұлар да жылдам екен, Алдар «кеш …» дегенді айтып болғанша қолдарындағыларын жасыра-жасыра қойып, Шығайбай таспаны, бәйбіше ұр-шықты, қызы тігіліп жатқан көйлекті, тоқалы көсеуді қолдарына алып отырыса қалады, Түк білмегенсіп, қолдарындағы іспен болып отырғансып, жайбарақат бола қалады. «Әй, әбден-ақ әккістеніп алған екенсіндер, мызғымас қу екенсіңдер», - дейді Алдар ішінен. Амандасқансып, қол алысқансып, байға сүйкене барып төр алдына отырып алады. «Ай көсе екенсің, жұртты құртқан қу ма екенсің! Жүрісің жылмаң екен. Жырынды болған сұм ба екенсің! Қу болсаң да, сұм болсаң да менен дәм тата алмассың», - дейді бай ішінен. - Қайдан жүрген сұмсың? Қайда барасың? Не естіген-білгенің бар? -дейді бай Алдарға. Алдар көтеріле түсіп, күлімдеп, желдірте жөнеледі. - Көрген білгенім көп. Жолда келе жатып үл кен сары жылан көрдім. Жуандығы тап өзіңнің астындағы қазыдай.

Артық-кем қып асырмай,

Шын айтқанда жасырмай:

Таспен ұрдым жіберіп,

Күң астындағы басындай.

Былыш етті иленіп,

Бәйбіше астындағы нанындай.

Өтірік болса сақал жұлынсын,

Қыз астындағы тырнадай.

Бәрін де осының көріп келдім,

Асыңды асшы ұрламай.

Осыны айтқаннан кейін бай:

- Шоқ түссін тіліне! - деп, астындағы қазысын лақтырып тастайды. - Тілің кесілсін! - деп, бәйбіше астындағы нанын лақтырады. - Жағың қарыссын! - деп, тоқал басты лақтырады. - Ішің толсын, - деп, қызы тырнаны лақтырады. - Қазыңды аса бер бәйбіше, - дейді бай: «амал қайсы» деген пішінмен. Бәйбіше қазанға ас салады да, - Піс қазаным бес ай - десе. - Отырайын он ай! - дейді Алдар, етігін шешіп тастайды да. - Кер тағының терісін келер жылы киермін, - деп төрге орнығып отырады. Қазан түнімен қайнайды, бірақ түсірілмейді. Алдар да отырады. «Мынау кәпір қашан жатады» деп, үн жоқ қасарып бай да отырады. Ақырында ұйқыдан шаршап шыдай алмай: - Әй кемпір төсек сал, - дейді. Бәйбішесі төсек салады. Үй ішімен ұйықтаған кезде Алдар орнынан тұрып, қазандағы етті сүзіп алып, оның орнына тулақты турап салып қояды. Бір уақытта бай тұрып бәйбішесін оятады: - Мына ит ұйықтады білем. Түсір асыңды тез. Уақытымен асымызды жегізбеді-ау иті - деп сыбыр етеді. Бәйбіше қараңғыда асты түсіреді. Бай пышақты қолға алып жіберіп. - Жат жігітім, жат! Сазайың осы! - деп, аузына бір кесегін асап жіберсе, тісі өтпейді. Олай қыйдалайды, бұлай қыйдалайды, болмайды. - Етін не болып кеткен. Өңкей шандыр!-деп, қатынына ұрсады. Түйіліп қалып, май сұрайды. Ақыры Алдардан келгенін біліп, амалсыз аштан-аш жатады. Таңертең Шығайбай жолға кетпек, болып, бәйбішесіне қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер, - дейді. Әйелі ошақта пісіп жатқан нанды оттан ала салып байдың қойнына тыға қояды, Мұны көре салып Алдар жүгіріп шығады. - Е, байеке! Енді будан бұлай жолығамыз ба, жоқ па? Ақтық рет қазақ дәстүрімен достарша көрісіп айрылысалық,- деп, бара сала байды құшақтайды. Оттан жаңа шыққан нан байдың кеудесін күйдіріп кетеді. - Ау, жарайды енді! - деген сайын қаттырақ қыса түседі. - Ау, мына ит жегірді ит жесін! Мә деп, қойнынан нанды лақтырып тастайды. - Ә, байеке, ит жегенше мен жейін, - деп, Алдекең барып нанды қолына алады. Бай дүзге аш кетеді. Бай екінші күні тағы жолға шығарда бәйбішесіне бір торсық айран құйғызып, оны, көрсетпей ішінен байлап алады. Бай енді шығуға ыңғайланғанда Алдар: - Байеке, мен сіз келгенше жүретін шығармын амандасып қалайын дейді де, құшақтаса амандасқан болып торсықтың тұсынан қысады. Торсықтағы айран төгіліп Шығайбайдың мазасын кетіреді. Торсықты амалсыздан Алдарға беріп Шығай бұл жолы да аш кетеді. Қөседен құтыла алмаған соң, бай Қөсенің атын сойып алмақ болады. Байдың мұнысын тағы естіп қойып, атына барады. Атының қасында байдың да аты тұр екен. Өз атының маңдайындағы қасқасы болмаса, екеуінің ешбір айырмашылығы жоқ екен. «Маған ойлайтын зиян болса өзіне тисін» деп, өз атының қасқасына сыйырдың шикі боғын жағып, жоғалтады да, бай атының басына бор жағып, қасқа ат қылып қояды. Сөйтеді де, орнына келіп жатып ұйықтап қалады. Алғашқы күнгі етті жеп қойған да Алдар екенін біледі. Біледі де ішін ыза кернеп: «Тура тұр , бәлем!» - дейді. Алдар ұйықтады-ау деген кезде сыртқа шығып, Алдардың атын жарып тастайды. - Міне жігітім сазайың! - деп, өзінің істеген ісіне көңілі толып қуанып, төсегіне келіп жатып, ұйқыға кетеді. Таңертең бай орнына« турып жатып, Алдарға айтады: - Мына кемпір қасқа ат өліп жатыр дейді. Сенің атың болу керек жарылып қалған. Сорлы, атыңды бақпай қазан бағып жүрген не қылған адамсың! - деп қарқ-қарқ, күледі. - Алдар тұрып: - Қандай қасқа екен? Боқ қасқа болса менікі болар, бор қасқа болса сіздікі болар, - дейді, Бай құдайдың ұрғанын біледі де, орнынан тура жүгіреді. Жүгіріп барса, айтқанындай өліп жатқан байдың бор қасқасы екен. Бай күйіп кетіп, Алдарға келіп: - Жоғалт қараңды сұм! Мен сені енді көрмеймін, - деп шығып кетеді. Сыртқа шығысымен қатынына: - Тез жөнелт, - дейді. Бай анадай, жерге шыққан кезде жақындап барып, Алдар: - Етігім жыртылып шұлғауым шығып жүр, Бізіңді беріп кет дейді Байдың бергісі қелмейді. Алдар жабысып жібермейді: Ақыры болмаған соң: - Ә, алсаң алшы, аңтұрған! Ал да қараңды жоғалтшы, кәпір - дейді. Алдар «алғысты жаудырмалатып, күліп, қала береді. Бай кетісімен оның бәйбішесіне жүгіріп келіп: - Ал қызыңыз «Бізбикені киіндіріңіз, - дейді. - Е, не үшін - Баймен келісіп, мен қызыңызды алып кететін болдым. - Жоғал әрі, сұм! Саған қыз беретін бе еді бай, - дейді. - Әйтпесе өз құлағыңмен естіп қал деп, сыртқа шығып, көп жерге барып қалған байдың артынан айқайлайды: - Әй, бай! Бізбикені бермей жатыр мына бәйбішең, - дейді. - Әй, қатын! Бер бізді! Жоғалт сол кәпірдің көзін, - деп айқайлайды бай. - Әні, естідің бе? - дейді Алдар қасында тұрған әйелге. - Мына кәрі ит алжыған ба өзі! Елді құртқан бір қуаяққа беріп құтырған ба? - деп, таң қалады әйелі. Қатын-қалашқа бой берген Алдар ма? Анау-мынау дегенге көнбестен жасауын буып, қызды атқа мінгізеді. «Алдардың ойыны осылай болады» деп, еліне тартып отырады.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Қаңбақ шал

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне - бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.
Дәу:
- Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық - деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді.
Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.
Сонда дәу:
- Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР - дейді.
Шал тұрып:
- Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.
Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:
- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады.
Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге:
- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді.
Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады:
Сосын шал:
- Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді.
Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей:
- Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді.
Дәу:
Жарайды деп - кетіп қалады.
Шал үйіне келіп, кемпіріне:
- Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде:
- Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір.
Шал тұрып:
- Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! - деп кемпіріне үйретіп қойады.
Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып:
- Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті.
Сонда шал тұрып:
- Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! - дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап:
- Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.
- Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі.
- Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді.
Түлкі:
- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:
- Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды.
Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ақымақ қасқыр

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " Ақымақ қасқыр " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Ерте, ерте, ертеде бір ақымақ қасқыр болыпты.
Қарны ашып, ауылды торып жүрген кезінде ол ешкіні кездестіріпті. Қуанғанынан ешкіні бас салып:
-Ешкі, ешкі, мен қазір сені жеп қоямын.-дейді.
Қоррықаннан ешкі, дірілдеп:
- Ме, -ме-ме. Жесең- жей ғой. Бірақ та мен сақа малмын,
етім қатты және арық. Сондықтан мен саған өзімнің
лағымды жіберейін. Ол мені тыңдайды. Жас ет тәтті де,
дәмді де әрі жұмсақ болады ғой. (лақтың суретін көрсетеді )
Ақымақ қасқыр:
-Мақұл, бара ғой. Тез жетсін деп айт.-деп ешкіні жіберіп қояды
да ауылға жақындап, жасырынып, бір ағаштың түбінде тосып отырады.
Сол кезде ешкі болған оқиғаны бақташыға жеткізеді:
-Ме-ме-ме.. (қожайыны мылтығын алып, маңайды көздеп қарайды- қасқыр табанын жалтыратады.)
Бірақ қызыл өңеш не істетпейді? Ауыл маңында жүрген қойды көріп:
-Бұлай аш жүргенше, өлгенім артық,- деп, батылданып, ауылға қарай жөнеледі.
-Қой, мен сені жеймін.
-Жарайды, жесең жей ғой. Етім дәмді болу үшін барлық дене мүшесіне қан жүгіртейін. Ажал алдында бой сергітіп, көңіл көтеріп, билеп берейін.
- Мә-мә-мә. Мақұл, болмадың ғой. Бәрібір қолымдасың ғой, ештен кеш жақсы, мен асқа дайындалайын. (қолына пышақ, шаңышқы алып, алдына алжапқыш таға бастайды)
(Сол кезде «Ламбада» музыкасы ойнап, қой билеп, алыстап,
қашып кетеді )
Айрылып қалғанына қасқыр ашуланып, өрісте оттап жүрген жылқының қасына келіп:
-Ендеше , жылқы, мен сені жеймін.
-Жейтін болсаң, құйрық жағынан баста, басым әлі оттап тұра тұрсың.- дейді.
Жылқының қылығын түсінбеген, ақымақ қасқыр оның тұяғына
тап болады. (ұлып, қашып ала жөнеледі)
(Ешкі, қой, жылқы қосылып)
Қоймыз, жылқы, ешкіміз
ағайынбыз бәріміз,
Біз қасқырдан құтылып
жарасып тұр әніміз.
Еркем, еркем, еркем-ай
еркелеген еркем-ай
Еркелеген еркемді
Еркелетсең екен-ай.
Көрермендер, балалар
қиындықтан қорықпаңдар
ойлап алып алдымен
шығу жолын табыңдар!
Еркем, еркем, еркем-ай
еркелеген еркем-ай
Еркелеген еркемді
Еркелетсең екен-ай.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Дос болып жүргім келеді

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін "Дос болып жүргім келеді " әңгімесімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға әңгімені мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Балалар бізде көп әріптер бар. Осы әріптерден "достық" сөздерін құрастырып жазайық. Бас әріппен жазамыз. ДОСТЫҚ.

"Достық" сөзі алты әріптен тұрады. 6 бұрышқа бөлініп тұрып, достығымызды білдірейік.

Үлкен шаңырақ құрайық,

Қазша қанат жаяйық.

Аққуша мойынымызды созайық,

Құсша қонайық. "қимылмен жасау"

Бәріміз, бір шаңырақта дос болып өмір сүреді екенбіз.

- Достық дегеніміз не?

- Сенің досың кім?

- Сен кіммен достасқың келеді?

Енді бәріміз көзімізді жұмайық. Достарымызға жақсы тілектер ойлайық. Мына көрініске қараңдар: 2 бала шашкі ойнады, 2 бала жанкүйер болды.Осы екі бала дұрыс жасады ма? Сендер қандай кеңес берер едіңдер? Бір аулада екі бала тұрады екен, бірге ойнайды екен. Біреуі аяғын шығарып алыпты. Жазылғаннан кейін көшеде отырғанда екіншісі оған келмейді. Өзімен-өзі ойнап жүре береді. Досының қасына келмейді.

- Ал сендер осы баланың орнында болсаңдар не істер едіңдер? (әр бала өз ойын айтып шығады).

Бір дос көлеңке,

Басыңды күн шалса.

Іздеп таба алмайсың- деген мақалдың мағынасын түсіндіру.

Балаларға " Дос болып жүргім келеді" әңгімесін оқып беру.

- әңгімеде дос туралы не айтылады?

- әңгіменің мазмұнын айтып беру.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Кішілерге қамқор бол

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға Бүркіт Ысқақовтың "Кішілерге қамқор бол" өлеңін мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Сүйкімді бала атанып,

Сүйсінткің келсе кісіні,

Жіберме үлкен қателік-

Жәбірлей көрме кішіні.

Отыр екен мүйісте

Өзіңнен кіші нәресте.

Сен барып оған тиіспе.

"Кіші" деп ая, ал еске.

Жүр екен ойнап бұрышта,

­­Өзіңнен кіші жас бала,

Соқтықпа оған ұрыспа,

Тимесін және басқа да.

Келеді сәби көшеде,

Итеріп қалма оны сен!

Ойыншық, кәмпит, кесе ме-

Қолынан тартып алма, сен.

Кішіге күшің көрсетіп,

Жәбірлеп оны ұрма сен,

Кіші де өсер ер жетіп,

Үлкендік оған қылма, сен!

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Балалар өлең не жайлы?

Кішілерге тиісуге бола ма?

Кішілерге қамқор болу керек екенін түсіндіру.

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ұр, тоқпақ!

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Бұрыңғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты. Шал мен кемпір кедей екен. Тұзақ құрып күнін көріпті. Бір күні шал тұзағын келіп қараса, оған бір қаз түсіп қалыпты. Шал қазды тұзақтан босатып алып, бауыздайын десе, қаз шалға:

- сен мені босат! Менен не сұрасаң, соны бір жылдан кейін ал, - дейді, Шал бұл ұсынысты мақұл көріп, қазды босатып қоя берді. Үйіне келіп, болғанжайды айтса, кемпірі шалға ұрысады...

Бір жыл өтеді. Шал қазға бармақшы болады. Жүре- жүре, бір жерге келсе, өңкей түйе жайылып жүр екен. Түйешіге келіп:

- Бұл кімнің түйесі ? - десе

- Бұл Қазбайдың түйесі, - дейді.

"Бұл Қазбай - баяғы қаз екен" деп шал ойланып тұрып, жүріп кетеді. Бір жерге келіп:

- Бұл кімнің қойы? - деп, қойшыдан сұрайды.

- Бұл Қазбайдың қойы, дейді қойшы.

- Шырағым, Қазбайдың бұдан басқа несі бар? дейді шал. Бала: Қазбайдың үш жақсы нәрсесі бар. Біреуі: "Піс қазаным піс" - десе әр түрлі тамақ пісіп шығады, енді біреуі "Құс есегім құс" - десе алтын құсады. тағы біреуі: " Ұр тоқпағым, ұр!" десе, адамдарды ұра береді дейді қарияға. Ғажап екен деп шал жүріп кетеді. Шал Қазбайдың ауылына келеді. Қазбай шалды күтіп алады. Шал Қазбайдан " Піс қазаным піс" сұрайды. Қазбай сұрағанын береді. Шал үйіне алып келе жатса, бір жерде асық ойнап жатқан балалар шалға: Ата асқа түс! дейді. Шал асқа түседі. Үйге кіріп бара жатып, шал балаларға: Шырақтарым! "Піс қазаным піс" демеңдер, - дейді. Шал үйге кіріп кеткен соң, балалар тыңдасың ба: " Піс қазаным піс" - деп шулап қоя береді. Сол сәтте ақ әртүрлі тамақ пісіп, даяр болады. Балалар қазанды басқа бір қазанға алмастырып, тығып қояды. Шал қазанды үйіне алып барып: " Піс қазаным піс" - десе еш нәрсе піспейді. Шал қазанды алып, Қазбайдың үйіне қайта келеді. Қазбайға: Бұдан ешнәрсе шықпады, + дейді. Қазбай қазанды алып:

" Піс қазаным піс" - десе де, ештеңе байқалмайды. Қазан бос күйінше тұпа береді. Қазбай қазанды алып қалып, шалға есекті беріп жібереді. Шал есекті мініп, үйіне қайтады. Жолда келе жатса, балалар шалға:

- Ата асқа түсіңіз! - дейді. Шал асты тастағысы келмей, есектен түседі, үйге кіріп бара жатып, балаларға: Шырақтарым "Құс есегім құс" демеңдер дейді. Балалар: мақұл дейді. Шал үйге кіріп кеткен соң ақ балалар "Құс есегім құс" десе , есек алтын құсады. Балалар есекті айырбастап, орнына басқа есек қояды. Шал есекті үйіне алып кетеді. Кемпір: Қаздан барып алып келгенін осы ма? дейді. Шал есекке "Құс есегім құс" десе есек еш нәрсе құспайды. Шал есекті алып, Қзабайға барады. Есектен еш нәрсе шықпады дейді. Қзабай есекті алып "Құс есегіс құс" десе ешнәрсе құспайды. Шалға Қазбай " Ұр тоқпағын береді". Шал ұр тоқпақты алып келе жатса, баяғы жерде тағы да балалар жүр екен. Ата асқа түс!- дейді балалар оған. Шал үйге кіріп бара жатып "Ұр тоқпағым, ұр" демеңдер- дейді.

Шал үйге кіріп кеткен соң, дәндеген балалар " ұр тоқпағым, ұр" дейді. Тоқпақ балалардың әрқайсысын, ал кеп ұрсын! Ұрып жүр, ұрып жүр. Балалар тоқпаққа жалынады. "Ойбай" Піс қазаныңды, Құс есегіңді берейік, дейді Шал шығып келе жатып, естіп қояды. Шал келіп "Піс қазанды" , "Құс есекті" бересіңдер ме? дейді. Балалар, мақұл әкеліп береміз дейді. Шал " Ұр тоқпақты" қойғызады. Балалардан " Піс қазанды", "Құс есекті" алып, үйіне келеді. Сөйтіп мұратына жетеді.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Қыз бен тазша

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Ерте заманда бір тазша баланың әке-шешесі өліп, жетім қалыпты. Күндерде бір күн тазша базарды аралап жүрсе, мұңайып отырған бір шалды көреді. Тазша шалдың қасына келіп отырады.
Шал:
- Не қылып жүрген баласың? - деп сұрайды.
Сонда тазша:
- Баласы жоққа бала болайын деп жүрмін, - дейді.
Шал:
- Ендеше, балам жоқ еді, маған бала бола ғой! - деп, тазшаны ертіп, үйіне алып келіпті.
Бір күні шал тазшаға:
- Анау көрінген ағаштың басында ақ сары деген құстың ұясы бар, сол ұяда құстың жұмыртқасы бар. Сен барып құсқа білдірмей, астынан бір жұмыртқасын алып келші, - дейді.
Тазша:
- Жарайды, - деп, жүгіріп барып, ағаштың бұтақтарын сылдыратпастан басына шығады да, кұсқа білдірместен бір жұмыртқасын алып келіп, шал әкесіне береді.
Сонда шал:
- Енді жұмыртқаны апарып, құсқа білдірместен, ұясына салып келе қойшы, - депті.
Тазша:
- Жарайды, - деп жұмыртқаны апарып, құсқа білдірместен, ұяға салып келіпті.
Сонда шал:
- Жарайсың, балам! Қолыңнан іс келеді екен, - депті.
Бір күні тазшаға өгей әке-шешесі:
- Анау көрінген үйде өздері бай және өлгенше сараң бір шал мен кемпір бар. Үйіндегі мол тамақтан өздері де жарып жемейді, кісіге де нәр татырмайды және түнде жатқанда екеуі қаптағы құртын басына жастанып, қарындағы сары майын қойнына алып жатады. Солардың жұмысын табаным тесіліп, талай істесем де, жарытып ақы бермеді, ауыз толарлық тамақ та бермеді. Сонда көп ақым кетіп барады. Мені әке десең, оған кеткен ақым үшін сол қу, сараң шалдың қойнына тығып жатқан сары майын алып келші, - дейді.
- Жарайды, - дейді де, тазша түнде жұрт ұйқтаған уақытта барып, кемпір мен шалдың үйіне кіріп, екеуінің аралығына жата қалып, кемпірдің даусына салып: «Әрі жат!» - деп, шалды шынтағымен бір түртіп, бір уақытта шалдың даусына салып: «Әрі жат!» - деп, кемпірді шынтағымен бір түртіп, ақырында сары майын алып жөнеліпті. Артынша, ұзамай-ақ майды жоқтап, шал шығыпты. Шалдың өзі де жасында бір қу тазша екен: «Пәленше шалдың асырап алған бір тазша баласы бар еді, сол алып кеткен шығар», - деп, орнынан тұра сала жүгіріп, тазшаға көрінбей, бір жағыменен оның үйіне бұрын жетіп, қолына бір шелек алып, тазша үйіне кіре бергенде, кемпірдің даусына салып, шелекті тазшаның қолына ұстата береді де:
- Шырағым, майды маған бер де, мынау шелекпен бір шелек су әкеле ғой! - дейді. Аңқау тазша бөтен адам екенін аңғармай, майды беріп, шелекті ала сала жүгіріп, суға кете беріпті. Шелекпен суды алып келіп, шешесіне:
- Мә, су! - деп, берсе, шешесі:
- Мен саған су әкел дегенім жоқ! Май әкел демедім бе? - дейді.
Тазша алданғанын біліп: «Майдың иесі қу неме екен, майын өзі алып кеткен екен, мен де жетейін! Қайсымыз басым екенбіз?» - деп жүгіріп кете береді.
Шалдың көзіне түспей, төтелеп барып, бұрын жетіп, басына бір ақ жаулықты орай салып, шалдың алдынан айқай салады:
- Тілеуің құрғыр, шал, қайда кетіп едің?.. Қоралы қойыңды қасқыр қуып кетті. Жүгіріп жетіп, жылдамырақ қайырып, айдап кел! Болмаса, қасқыр қырып кетеді! - дейді. Тазшаның кемпір даусына салып, сөйлеген сөзіне шал нанып, қолындағы сары майды:

- Ал, мынаны! - деп, лақтырып тастап, қойларын іздеп жүре беріпті. Тазша бала шалды алдап жіберіп, майды алып, үйіне келіпті. Манағы шал о жақ, бұ жаққа жүгіріп, қойдан дерек таба алмай, шаршап, сандалып, қайтып үйіне келіп қараса, қойлары ап-аман қорасында жатыр. Шал байғұс алданғанын енді біліп:
«Қап! Өзім де жас уағымда осындай қулықты көп істеп едім, қартайғанда алдыма келгені ғой!» -деп, ерте тұра сала, тазшаның әкесіне айтыпты:
- Сенің тазшаң менің бір қарын сары майымды алып кетті, майымды қайтарып бер! Болмаса, тазшаңды сөзсіз өлтіремін! - депті.
Сонда тазшаның әкесі бұл шалға:
- Мен майыңды көргенім жоқ! Егер анық тазшаның алғанын сезген болсаң, не қылсаң, о қыл, мен ара түспеймін, - депті.
Майын алдырған шал қолына бір өткір балта алып, жұрттан жасырынып, көп қорымның арасына барып, бір тесілген қабірдің ішіне кіріп, жасырынып жатыпты. Бұл шалдың кемпірі еш нәрсе сезбеген кісі болып, манағы тазшаны шақырып алып:
- Шырағым! Көп қорымда әкемнің моласы бар еді. Соған мына нанды апарып, құран оқып, жеп келе ғой, сенен басқа балаларға сенбеймін, - депті.
Тазшаның ойына қапелімде еш нәрсе түспей:
- Мақұл! -деп, нанды алып, кете беріпті. Молаға барып, құран оқып, нанды жеп отырғанда, көрдің тесігінен бір шал арбаңдап шыға келеді. Қолында балтасы бар. Кәдімгі аңдысып жүрген шалы екенін тазша тани кетеді. Тазша оңайлықпен өле қойсын ба? Шалдан бұрын қам қып, қолындағы балтасын жұлып алып, шалдың өзіне дүрсе қоя беріпті. Шал жалынып, әзер құтылыпты.
Бұлар тұрған шаһардың ханы халқына өте қатал болыпты, елге салықты көп салып, кедей мен жалшыны зар жылатып, сорлата беріпті. Солардың қатарында тазшаның әкесіне де салықты мол салып, шал қатты қысылыпты. Бұл жайды білген тазша әкесіне:
- Сіз қысылмаңыз, ханның өз алтынын өзіне берейік! - депті.
Содан кейін бұл тазша ханның қазынасына түсіп, бір құмыра ділдасын алып кетіпті. Ертеңіне хан ділданың жоғалғанын біліп, барлық уәзірін жинап:
- Ұрыны қалайша тауып, ұстауға болады? - деп ақылдасыпты.
Сонда бір уәзірі:
- Қазынаның есігінің алдынан шұңқыр қазып, белуардан бататын шырыш желім толтырып қоялық: қараңғыда білмеген адам түсіп кетсе, шығып кете алмайтын болсын! Осындай амалмен ұсталық, - депті.
Хан осы амалды мақұл көріп, айтқандай қылып, желімді даярлата беріпті. Қу тазша қалайша білсе де, бұл амалды біліп алып, енді қазынаның есігіне жоламапты.
Хан мұнымен де қазынаға түсіп жүргеннің кім екенін анықтап біле алмаған соң, ойлап-ойлап, екінші амал істепті. Ханның бір бақырауық нары бар екен. Оны ұстамақ түгіл, біреу маңына жақын барғанда, даусының барынша бақырады екен. Сол нарды шөгеріп жатқыздырып, бірнеше аңдушы қойдырыпты. Егер нар бақырса-ақ, ұрыны ұстамақ екен. Тазша мұны да біліп, түнде қолына бір бау жоңышқаны алып барып, алыста тұрып нарға көрсетсе, ол шөпті жеймін деп, орнынан тұрып, соңынан жүреді. Тазша ақырындап алыстай береді, нар ере береді. Даусы естілмейтін жерге барған соң, нарды ұстап апарып, бір тоғайдың қалың жеріне байлап тастапты.
Ертеңіне жасауылдар нарды таба алмай, дағдарып, ханға келіп хабар беріпті. Хан бұл амалы да іске аспаған соң, ойлап-ойлап, тағы бір амал тауыпты: далаға бір отау тіккізіп, ішіне жақсы төсектер жайдырып, соған өзінің қызын жатқызып: «Қызымменен кім сөйлесіп, әңгімесі келіссе, қызымды соған беремін!» - деп жұртқа жар салыпты. Ондағы ойы: «Егер сол ұры амалы көптігіне сүйеніп, келсе, қызым алмас қылышпен қолын кесіп алып қалсын; ертең шаһар адамдарын тегіс тексерейін: «Кімнің қолы кесілген болса, соны ұстатып, дарға астырайын!» - дегені екен. Қу тазша бұл амалды да біліп алыпты. Қалада бір бай қасапшы бар екен. Түн ішінде жатып қалған қасапшыға барып, терезесінен: «Ханға бір қойдың қарны керек еді, терезеден бере ғой», - деп дауыстапты. «Ханға керек» деген соң лажы бар ма, бір қарынды терезеден қолымен шығарып: «Ал!» -дегенде, тазша қолындағы алмас қылышпен қасапшының қолын шауып түсіріпті, сөйтіп, қарын мен кесілген қолды ала жөнеліпті. Әлгі қарынды суға толтырып, аузын байлап, оңаша отауда жатқан ханның қызының қасына келіпті. Әрі-бері сөйлескеннен кейін, тазша сыртқа шығып кетуге рұқсат сұраса, қыз жібермейді. Тазша: «Кетіп қалады десеңіз, менің қолымды ұстай тұрыңыз!» -дейді. Қасапшының кесілген қолын қызға ұстатып, қарынның бір жерін тесіп суды шырылдатып ағызып қойып, өзі кетіп қалыпты. Бір уақытта қыз: «Осы неге үнсіз жатыр?» - деп, байқап, қараса, өзінің ұстағаны бір кесілген қол екен.
Қыз ерте тұра сала, әкесіне:
«Ұрыны ұстап едім, өз қолын өзі кесіп, қашып кетіпті», - дейді. Хан жарлық қылып, шаһар адамдарының қолын түгендесе, қолы кесілген қасапшы болып шығады, хан алдына алып келіп тергегенде, ол көрген-білгенін айтады. Хан мұның кінәсіз екеніне сеніп, қоя беріпті.
Хан бұл амалы да іске аспаған соң, ойлап-ойлап, төртінші амалды тауыпты. Бір күні: «Егер ұры келе қойса, өзім ұстап алайын!» - деп, оңаша отауда өзі жатыпты. Тазша мұны да біліп, әйелдің'әдемі киімдерін киіп, бір сұлу келіншек болып, түнде келіп, отауға кіріп, ханның қасына отырыпты. Сонда хан:
- Не қылып жүрген әйелсің? -деп сұрапты.
Келіншек-тазша:
- Ерім өліп еді, қайнағаларыма тигім келмейді. Сол себепті, тақсыр, сізге арыз айта келдім. Сүйгеніме тиюге рұқсат берсеңіз екен! - деп, жауап беріпті.
Хан сұлу «келіншекке» қызығып:
- Олай болса, маған ти! - депті.
«Келіншек» тұра келіп:
- Құлдық, тақсыр! Олай десеңіз, арманым жоқ! Сізге тиемін! - депті.
Сөйтіп отырғанда, орданың алдындағы дар ағаштарды көрсетіп, «келіншек»:
- Тақсыр, мынау қиқайып тұрған ағаштар неге қажет? - деп сұрапты.
Хан:
- Кінәлі адамдарды асып өлтіретін дар деген осы, - депті.
Сонда «келіншек» бұрын дарды көрмеген кісідей болып таңырқап:
- Япырм-ай, мұнымен кісіні қалай асып өлтіреді екен? Мені асып көрсетіңізші? - депті.
Хан «келіншекті» дарға асуға ыңғайсыз көріп, дардың арқан тұзағын өз мойнына кигізіп, «келіншекке» түсіндірмек үшін:
- Арқанның анау ұшын сен бар күшіңмен тарт, бірақ менің аяғым жерден көтеріліп, мен буынып бара жатқан кезде, арқанды босатып қоя бер! Болмаса, мен өліп қалармын! - депті. «Келіншек» арқанның ұшын қолына алып тартыңқырап, ханның өкшесі жерден көтеріле берген кезде, аяғының ұшы жерге тиер-тиместей етіп, арқанның ұшын бір ағашқа мықтап байлап қойып, өзі ханның қазынасына кіріп, тағы бір құмыра ділдасын алып кетіпті.
Ертеңіне ханның адамдары дарға асулы, өлі мен тірінің арасында тұрған ханды көріп, босатып алыпты; ордасына кіргізіп, тәуіптер жинап, емдеп жазыпты. Бұл хабар ұзын елдің иіріне, қысқа елдің қиырына жайылып болыпты.
Осы ханның елімен шекаралас бір елдің ханы: «Болымсыздығынан екі рет қазынасын, бір рет нарын алдырып, үшінші рет қызын базарға салып, онымен тұрмай, өзін дарға тартқызып, жұртқа масқара болғанша, хан болмай-ақ біреудің қойын бақса болмай ма?» - деп келемеждепті. Бұны естіген әлгі хан ыза болып: «Құдай атымен ант ішемін. Осы істерді істеген қу кім болса да, кінәсын кешемін, маған келіп мәлім болсын. Бірақ бір тапсыратын ісім бар, соны орнына келтірсе, бұрынғы кінәларын салауат қылып, қызымды беріп, күйеу қыламын!» - деп, жұртқа жар шақырыпты. Мұны естіп, баяғы тазша: «Қайыр! Не де болса, тәуекел, көрейін!» - деп, ханға келіп, мәлім болыпты. Сонда хан:
- Пәлен ханды амалын тауып, пенде қылып, маған әкеліп берсең, барлық кінәңді кещемін, қызымды да саған беремін! - депті.
Тазша ханның бұл тапсырған қызметін қиынсынбай, қабыл алыпты. Шаһардағы бар ұсталарды жидырып, әуелі бұларға темірден бір бітеу арба соқтырыпты: оның іші-сыртына қоңырау байлатыпты және жұп-жұқа түнікеден әйдік бір шоқпар жасатып, оны қолына алыпты және бір көк серкені сойдырып, терісінің жүн жағын сыртына қаратып үстіне киіп, терінің қылшығына бірнеше қоңырауды тағы байлапты, сөйтіп, бір көрім секілді болып, әлгі арбаға мініп, түнікеден қалқан көтеріп, шоқпарды иініне салып, манағы ханның шаһарына келіп кіріп, теке болып бақылдап, қоңыраулатып айқай салыпты.
- Мен, мен құдайдың жіберген періштесімін! Бұл шаһардың ханы залым болыпты. Ей, бұқара халық! Құдай-тағала сендерге: «Залым хандарыңды өз қолдарыңмен ұстап, байлап, менің бітеу арбама салып беруге бұйрық қылды. Сонда құдай-тағала сендерге риза болады. Егер оны қылмай, ханға болыссаңдар, маған бұйрық берді: біреуіңді тірі қалдырмай, қолымдағы он мың пұт шоқпармен шаһарыңның кірпішін тас-талқан қып, топырақ етіп, шаң-тозаңын ұшырып жіберемін!» - депті.
Сонда шаһардың халқы тазшаның айбатынан қорқып: «Қой, өз басымыздың амандығы керек! Мынау құдайдың жіберген пәлесіне қарсы тұрып болмас!» - деседі де, ханын ұстап, байлап, бітеу арбаға салып беріп, жалынып-жалпайып, «періште» тазшаны жөнелтіпті.
Тазша ханды пенде қылған бойымен алып келіп, өз ханына тапсырыпты.
Сонда бұл хан тұрып, тұтқын ханға:
- Иә, маған күле беруші едің, өзін неғып мұндай күйге ұшырадың? Мұнан былай күлме?! Менің жұртымда осындай өнерлі адамдар бар! - деп мақтаныпты.
Ақырында, екі ханның екеуі де тазшаның өнеріне риза болып, екеуі де бұған қыздарын беріп, тазшаны өздеріне әрі күйеу, әрі ақылғөй қылып ұстапты.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Алтын құс

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Баяғы заманда Бағдат шаһарында жоқшылықпен күні өткен бір кемпір мен шал тұрады екен. Олардың ортасында сегіз жасар жалғыз ұл баласы болыпты. Кемпір үй ішімен айналысады да, шал ау тартып, азын-аулақ іліккен балықты талшық қып тағам етіп күнелтеді екен. Бір күні баласы:
- Әке, мен де ау салуды үйренейін, бүгін мені жібер, - деп өтінеді. Шал мен кемпір жалғызы әлдеқалай суға түсіп кете ме деген қауіппен рұқсат етпесе де, бала жылап- еңіреп қоймағансын, «барсаң бар» дейді. Бала қуанып кетеді. Кешкісін құрған ауына ертесімен барып қараса, бір алтын балық оралып тұрады. Бала қуанғанынан не істерін білмейді. Үйге жеткенше жүгіреді. Баласының алтын балық әкелгенін көргенде, қуанған кемпір мен шал тұра жүгірісіп, біріне-бірі соғылысып құлап та қалады. Шал балықты алып шаһардың патшасына жүгіреді. Патша сарайының күзетшілері оны сарайға кіргізбей әуре жасайды. Ақырында «патшаға тарту етіп алтын балық әкелді» дегенді естіп, кіруге патша өзі рұқсат береді.
Балықты көрген патша шалға:
- Сен өміріңде алтын балық ұстап көрген жоқ едің, мынаны кім ұстады? - деп сұрайды. Шал:
- Кішкентай ұлым ұстады, - деп жауап береді.
- Онда сол баланы жібер маған, - деп, шалды үйіне қайтарады. Бала келгенсін патша оған көп алтын береді, бала үйіне қуанып қайтады.
Оны естіген патша санаттары күншілік етеді. Олар патшаны былай деп азғырады:
- Бұл алтын балық жалғыз болмау керек. Оның жұбайын таптырып алыңыз балаға, - дейді. Патша санаттарының айтқан ұсынысын қабыл алады.
Баланы шақырып алып:
- Бұл балықтың жұбайын тауып әкел, - деп бұйырады. Сау басына сақина тілеп алған бала үйіне жылап келеді. Патшаның бұйрығын айтады, әке-шешесі де қатты қиналады. Содан бала тағы да ау құрады. Ауына барса тағы да алтын балық ілігіп жатыр екен. Балықты алып тағы да патшаға апарып тартады. Патша қатты разы болғандықтан көп алтын қазына береді және кемпір-шалға жақсы сарай салдырып береді. Бұрын өлмесінің күнін кешкен шалдың үйі қазір кең бөлмелері бар, дүние-мүлкі мол, жақсы, сәулетті үйлердің қатарына кіреді. Мұны көрген патша санаттары өшпенділікті бұрынғыдан да күшейтеді. Олар енді баланы алысқа, «барса келместің» жолына жіберудің айласын қарастырады. Олар патшаға келіп былай дейді:
- Мәртебелі тақсыр, бұл бір тамаша іс болды. Тек бір келіспейтін жері алтын балық жай суда өмір сүре алмайды, оның дүниеде өзіне лайықты алтын суы да болуға тиісті, енді соны алдырыңыз, - дейді.
Аңқау патша оған да иланады. Баланы шақыртып алып алтын су тауып әкелуге жұмсайды.
- Орындамасаң дарға асып өлтіремін, - дейді патша. Бала үйіне қатты қамығып келеді. Әкесі: «Тағы не әмір етті патша?» - деп сұрайды. Бала: «Алтын су тауып алып кел деді», - деп жылайды. Кемпір-шал мұны естігенде естерінен айырылады. Бір күні бала әке-шешесімен бақыл айтысып, алтын су іздеп алыс сапарға шығады. Ол неше орман, өзендер- ден өтіп, биік асулардан асып, елсіз-сусыз шөл далалар мен беталды құла түзбен жүре береді. Бір жерлерге келгенде қой баққан шалға кез болады. Қарияға сәлем беріп қолын алады. Шал баладан жөн сұрайды. Бала өзінің бағдаттық екенін, патшасының әмірі бойынша алтын су іздеп жүрген жан екенін айтады. Қойшы шал ұзақ ойланып, сөйлепті.
- Тегі ондай су бары бар, бірақ оған жетіп алып, қайту оңай іс емес, - дейді ол. Осы арадан қырық күншілік жол жүріп үлкен дарияға кез боларсың, одан кемеге мініп өтесің. Дарияның ол шеті мен бұл шеті өте қашық. Кеме жыл тәулігінде бір оралады. Кеме бергі жағада болса тез өтесің, арғы жағада болса бір жыл күтуіңе тура келеді, - дейді қария сөзін жалғап, - содан әрі тағы жүре бересің. Алдыңнан тас қорған көрінер, ол көрінгеннен кейін де он тәулік жол жүресің. Оның биіктігі қырық кез дейді айтушылар. Оны қыз патшасы билеп тұрады. Оның халқы да әйелден болса керек. Тұрғындары адам перісі дейді. Міне, осы шаһардың ішінде алтын сулы көл бар дегенді естігенім бар, шырағым, - дейді шал.
Бала одан әрі де ұзақ жүріп, қария айтқан дарияға келсе, керуен тиелген кеме жағадан жаңа ғана қозғалып барады екен. Жартастан кемеге секіріп береді бала. Сәті болғанда кеменің дәл үстіне түседі.Теңізден өтіп шығып неше тәулік жол жүргеннен кейін қыз патшасының тас қорғанына да жетеді, бірақ қорғанның биіктігі сондай, оның басына шығу былай тұрсын, тіпті, төбесіне қараудың өзі қауіпті болады балаға. Бала қатты қамығып, зарлап жылайды, дегенмен қарап жата алмайды. Қорғанның сыртын айналып жүре береді. Ақырында бір қорғанға жанай шыққан зәулім терекке кезігеді. Бала соның бойымен өрмелеп қорғанның басына шығады. Қорған іші, бүкіл қала, тамаша бір нұрлы сәулеге бөленіп көз тұндырып тұр екен. «Бұл алтын судың сәулесі болар», - деп ойлады бала. Мұны көрген бала дәті шыдап аялдай алмай қорғаннан ішке қарай секіреді. Содан кейінгіні өзі де сезбейді. Бір уақытта көзін ашса, бір үйдің ішінде жатыр екен. Үй ішіне көз салып қараса, тамаша көрікті үй екен, ешбір жан сезілмейді. Бір уақытта есіктен бойжеткен қыз кіреді. Қыздан бала сұрай бастайды.
- Мен қайда жатырмын? - Сені қорғанның ішінде мүшкіл халде жатқан жеріңнен осы үйге алып келдім, бүгін үшінші күн, сен маған өз жайыңды баян етші! - дейді қыз. - Мен Бағдаттан келемін, алтын су іздеп жүрмін, - дейді бала. - Сенің іздеген суың осында бар. Бірақ, бұл жер сен үшін өте қауіпті, - дейді қыз. Мұнда, - дейді ол, - адам перісінің уалаяты тұрады. Патшамыз Қорлығайым деген қыз. Оның халқы да бір өңкей әйелдер, еркек адам аты мен болмайды. Егерде ер адам мұнда кезіксе өлтіреді, мен саған шынымды айтсам, өзім бұл араның адамы емеспін. Тегі, сол өзіңнің айтқан «Бағдат» шаһарынан болуым керек. Олай дейтінім, - дейді қыз, - патшамыздың маған «әй, Бағдат қызы» деп шақырғаны әлі есімде қалыпты. Мені осында жас кезімде көтеріп алып келсе керек. Сондықтан, - дейді қыз, - осы мен тұрған үйде көрінбей тұра бер. Білсе, сені де, мені де жоқ қылады. Сонымен бала көрінбестен қызбен бірге бірі апа, бірі іні есебінде тұра береді. Әлгі «Бағдат қызы» патшаның аспазшысы екен, ол күн сайын түрлі жемістерден басқа да әртүрлі тәтті өсімдіктерден тамақ жасап беріп тұрады екен, алайда тағамға тұз салу дегенді білмейді екен. Бір күні бала қалтасының түбінде жүрген бір кесек тұзды қазанға тастап жібереді. Сол күні асын ішкеннен кейін Қорлығайым аспазшы қызды шақырып алып: Бүгінгі асты кім пісірді», - дейді. Аспазшы қыз бүгінгі тамағының аса дәмді екендігін өзі де сезген болатын, сондықтан ол былай деп жауап береді:
- Тақсыр патшам, мен сізге нағыз шынымды айтайын. Бұдан он бес жыл бұрын еш адамға қатыссыз жүкті болып бір қыз тудым, сол қызым қазір он бес жасқа жетті, бүгінгі асты пісірген сол, - дейді.
Патша өзінің санаттарын жиып алып:
- Қазір шаһардың халкын түгел алтын көлдің жағасына сапка тұрғызыңдар, - деп бұйырады. Әлгі аспазшы қыз да баланы қыздарша киіндіріп жиынға алып барады. Халық жиналып болған соң, дереу шешініп суға түсуге тәртіп беріледі. Сол уақытта баланың ер екені анық- талады да, бір санатына патша баланың басын кесуге бұйырады. Баланың басын алмақшы болған патша санаты баланың көрікті жүзінен есі ауып құлайды. Екінші санаты да оның аяғын құшады. Бұған ашу шақырған патша балаға қылышын алып өзі ұмтылады. О да есі ауып құлайды. Есін жиып, Қорлығайым патша халқын таратады да, баланы өз сарайына енгізуге бұйырады. Сарайға келгенсін қыз патша балаға айтады:
- Менің саған ықыласым түсті, сондықтан өлтірмедім. Ықтияр болсаң, саған тиемін және тағымды беремін, - дейді Қорлығайым.
- Қарсылығым жоқ, - дейді бала, - бірақ сізге қояр бір тілегім бар, қабыл алсаңыз.
- Айт! - дейді қыз патша.
- Мен елімнен шықканда, патшамыздың әмірі бойынша, алтын су іздеп шығып едім. Сол іздегенім сіздің шаһардан табылды. Соны патшамызға табыс етсем деймін. Тілегім осы, - дейді бала.
Патша баланың тілегін қабыл алып, Шолақ пері деген бас санатына бұйрық береді: «Керекті мөлшерде алтын суды алып және мына баланы қанатыңа отырғызып Бағдат патшасына жеткіз», - дейді. Бағдат патшасының сарайына алып келіп түсіреді де, Шолақ пері былай дейді: «Патшаңызға кіріңіз де, алтын балық жүзетін хауызды көрсетіңіз және, - дейді ол, - мен өзіңе керек болған кезде, мынаны тұтата қоярсың», - деп шашынан екі тал жұлып береді. Бала патшасына кіріп бұйрығын орындап келгенін айтып:
- Хауызды қараңыз, - дейді. Қараса, хауыз алтын сумен лық толып тұрады. Оны көрген патша хисабы жоқ сыйлықтар береді. Бала үйіне барғанда әке-шешесі баласын танымай қалады. Қасірет пен қапалық шеккен сорлылар айтумен әрең таниды. Олар баласының аман келгендігіне үлкен той жасап жатқанда, патшаның жауыз санаттары баланы қалайда жоюға әрекеттеніп жатады. Олар тағы да патшаға келіп былай дейді:
- Зор мәртебелі, патша ағзам! Дәрежеңіздің бұдан да жоғары болғанын шын ниетпен тілейміз. Сіздің алтын балығыңыз да бар, ол еркін жүзетін алтын суыңыз да болды. Әрине, тақсыр, бұған өзіңіздің данышпандығыңыз арқылы жетіп отырсыз. Екінші жағынан, біздің көмегіміз болғанын біліп отырсыз. Біздің сізге тағы бір берер кеңесіміз бар. - Айтыңыздар, бағалы ұсыныстарыңды тыңдауға әрдайым әзірмін, - дейді патша. - Ол мынандай, дүниеде екі алтын құс бар дегенді естиміз. Енді соны алдырсаңыз, мәртебеңіз бұрынғыдан да артар еді, - деп азғырады олар. Ақылсыз патша оған да иланады. Баланы шақырып алып екі алтын құсты тауып әкелуге бұйырады. Бұл жолы да бала үйіне қамығып келеді. Алайда ол Қорлығайымға барып ақылдаспақшы болады. Шолақ перінің екі тал шашын тұтатады. Сол-ақ екен, Шолақ пері жетіп келіп, баланы алып қыз патшаға көзді ашып-жұмғанша жетіп барады. Бала қыз патшаға өз патшасының тапсырмасын - екі алтын құсты іздейтінін айтады. Қорлығайым оны да өзі табатынын ескертеді. Шолақ періні өзінің басқа елде патша болып тұрған ағасына жұмсап былай дейді:
- Қорлығайым қарындасың ерге шығатын болды, соның тойына шақырады және екі алтын құсын шашуға алып келсін деп айтты де, - дейді. Қарындасының тойына екі алтын құсын алып, ағасы да келеді. Сөйтіп Қорлығайымның отыз күн ойыны, кырық күн тойы өткенсін, екі алтын құсты алып бала Шолақ перінің қанатына мініп еліне келеді. Патшаға екі алтын құсты тарту қылып тартқасын патша разы болып патшалық тағына отыруға балаға өз орнын береді. Сүйтіп, кемпір-шалдың баласы екі елді өзі билеп, Қорлығайымды әйелдікке алып, барша мұратына жетіпті. Қорлығайымға аспазшы болған бағдаттық қыз сол баланың туған апасы, кемпір-шалдың тұңғыш қызы екен. Оны бес жасында белгісіз нәрсе көтеріп алып кеткен екен. О да әке-шешесін көріп, қуанышқа кенеледі.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Шалқан

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Атай шалқан егіпті. Шалқан үйдей болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ боп, шалқалай тартады. Олар тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды.
Атай әжейді шақырады. Әжей немере қызын шақырады. Немере қызы әжейдің белінен ұстайды. Атай шалқанның желегінен ұстайды. Олар тартқылайды, былай тартқылайды, тартып суыра алмайды. Немересі күшігін шақырады.
Күшік мысықты шақырады. Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желінен ұстайды, олай тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды.
Мысық тышқанды шақырады, тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желінен ұстайды, қатты тартып қалғанда, шалқанды суырып алыпты.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Сиқырланған бақа

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Баяғы өткен заманда бір патша өмір сүріпті. Оның ер ер жеткен үш ұлы болыпты. Үшіншінің аты Иван екен. Бірде әкесі ұлдарын шақырып: балаларым садақтарыңды алыңдар оны қалаған бағыттарыңа атыңдар. Жебелерің кімнің ауласына түссе, сол үйдің қызына үйленесіңдер дейді. Үш жігіт құрал-саймандарын алып, аулаға шығады. Алдымен ең үлкені атады, оның жебесі байдың үйіне түседі. Екіншісінікі саудагердің шатыран тіреледі. Иванды саз балшыққа түседі. Үлкені байдың қызына, екіншісі саудагердің қызына, Иван бақаға үйленеді. Бір күні әкелері келіндерін сынамақ болып, ертең маған таңғы асқа үлпілдек нан пісірсің дейді. Иван басы салбырап үйіне келеді. Бақа не болды деп сұрайды. иван әкесінің айтқанын айтады. Қайғырма! Таңғы нәсіп- тәңірден. Бір мәнісі болар дейді. Иван ұйықтап қалған соң, бақа терісін шешіп сұлу қызға айналады. Ол Василиса ханшайым еді. Ертеңінде Иван тұрса нан дайын тұр екен. Нанды алып әкесіне алып барады. Әкесі үлкені мен екінші ұлының алып келген нандарын ұнатпай, Иванның алып келген нанын ұнатады. Әкесі енді әйелдерін бар өнерлерін салып, маған бір күн ішінде кілем тоқып берсін дейді. Иван тағыда басы салбырап үйіне келеді. Бақа не болды деп сұрайды. Иван әкесінің бұйырғанын айтып береді. Таңғы нәсіп- тәңірден. Бір мәнісі болар дейді. Бақа тағы терісін шешіп Василиса ханщайымына айналады. Таңертен Иван оянса кілем дайын. Иван әкесіне алып барады. Бірақ әкесі екі ұлдарының алып келген кілемдерін ұнатпай, Иван алып келген кілемді ұнатады. патша енді балаларының әйелдерімен келулерін сұрайды. Иван басы салбырап тағы да үйіне келеді. Бақа не болғанын сұрайды. Иван әкесінің айтқанын айтып береді. Сені оларға қалай көрсетем дейді. Қайғырма бір мәнісі болар дейді. Ертең сарайға сен бара бер. мен артыңша барамын дейді. Тасырлаған дыбыс шыққан кезде күймемен келе жатқан менің келіншегім деп айтарсың дейді. Әкесінің алдына екі ұлдары келіншектерімен жиналады. Сол кезде тасырлаған дыбыс шығады. Иван бұл келе жатқан менің келіншегім дейді. Күйменің ішінен бір сұлу қыз шығады. Иванмен бірге сарайға кіреді. Патшамен бірге барлығы дастархан басына отырады Василиса Оң жеңіне сүйектерді, ал сол жеңіне шайды құйып отырады. Билеген кезде оң жақ қолын сермегенде көл пайда болады, сол жағынан аққулар пайда болады. Бұған патша мәз болып, ризашылығын білдіреді. Иван бірінші болып үйіне барады, сол кезде бақа терісін отқа жағып жібереді. Бұған василиса ренжіп аққу болып ұшып кетеді. Иван қатты өкініп, Василисаны іздеуге кіріседі. Жолда алдынан бір қария шығады. Иван қарияға болған жайды барлығын айтып береді. Қария оған шүйме жіп беріп, бұл саған жол көрсетеді. Келе жатып алдынан аю шығады. Аю мені өлтірме, менің де бір пайдам болар дейді. Кенет үстінен үйрек ұшып өтеді. Үйрек мені өлтірме, менің де бір пайдам болар дейді. алдынан енді қоян шығады. Қоян мені өлтірме, менің де бір пайдам болар дейді. жағалауға келсе шортанды көреді. Шортан мені суға жіберші, менің де бір пайдам болар дейді. Шүйме жіп иванды мыстан кемпірге алып келеді. Мыстан кемпірге иван мені тамақтандыр дейді.Мыстан кемпір қызды құтқару үшін Кащейді өлтіру керек дейді. Оның жаны инеде сақталған дейді. Ине жұмыртқада , жұмыртқа үйректе, үйрек қояның ішінде, қоян сандықта, сандық еменің ағашында ілулі тұр дейді. иван емен ағашына келіп, сандықты көреді. Оны қалай алам деп оытрғанда аю келеді. Аю ағашты түбірмен қопарады. сандық жерге құлап түседі. Сандық ішінен қоян шығады. Қоян оның артынан қуады. Сол кезде қоянның ішінен үйрек шығады. үйрек ұшып барып, бас салады. Бірақ жұмыртқа теңізге құлайды. Теңізден жұмыртқаны шортан алып шығады. Жұмыртқаны жарып ішінен инені алады. Оны иванға береді, инені сындырады. сол кезде Кащей өледі. Мұратына жеткен Иван мен Василиса бақытты да баянды өмір сүреді.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Наурыз тойы Ә.Табылды

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " Наурыз тойы " өлеңімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға өлеңді мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Күн менен түн теңеледі:

Жер шуаққа кенеледі,

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы салтымыз:

"Көгерсін" деп, халқымыз,

Көшеге тал егеді.

Жарқырап тұр күніміз,

Жайқалсын жас гүліміз.

Бақта бұлбұл сайрасын.

Мерей төксін көкте күн,

Мерекесін көктемнің

Бүкіл әлем тойласын!

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

- Менің сендерге оқып берген өлең шумағымда не жайлы айтылған?

- Наурыз мейрамын қалай қарсы алады?

- Наурыз мерекесінің белгісі қай гүл?

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Бес ешкі

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Ертеде бір кедей болыпты. Оның бес ешкі, бір қара тоқтысы және бір құла аты болыпты. Кедей ешкілері мен тоқтысын байдың қойына, атын байдың жылқысына қосады екен.

Бір күні азынап тұрған боранда бай бес ешкі мен қара тоқтыны, құла атты өз малынан бөліп, елсіз-күнсіз айдалаға айдап жібереді.

Ұли соққан боран, үскірік аяздан бүрсең қаққан бес ешкі бір тасқа келіп ықтайды да, тасжарғанның бүршігін күрт-күрт шайнап тұра береді. Қара тоқты бишара оларға ере алмай, "Енді өлдім-ау" деп маңырап тұрғанда, тап қасынан бір түп көкпек көрініпті. Көкпектің түбіне келіп, теуіп-теуіп кеңейтіп, бүрлерін бырт-бырт шайнап, жата беріпті.

Жал-құйрығына қар қатқан,

Қабағын қалың мұз жапқан,

Әрлі-берлі көп шапқан

құла ат қамыстың арасындағы бетін көбік қар жауып қалған бір құдыққа күмп етіп, түсіп кетіпті.

Оқыранып, осқырынып,

Қайшылап тігіп құлағын,

Жұлып жеп ернеу құрағын,

күрт-күрт шайнап, о да тұра беріпті.

Сөйтіп, кедейдің бар малы ақ боранның астында, қараңғы түңде айдалада қалыпты.

Боранмен бірге құтырып, араны ашылған аш қасқыр жем іздеп келе жатып, қара тоқтының дәл үстінен түсіпті:

- Қара тоқты, қара тоқты, сені жеймін! - депті қасқыр.

- Ағатай, ағатай, мені жеме, ана жерде бес ешкі түр, соны же, - депті тоқты.

- Жарайды, - депті де, қасқыр аузын ақсита түсіп, бес ешкіге жетіп келіпті.

- Бес ешкі, бес ешкі, мен сеңдерді жеймін!

- Қасеке, қасеке, бізді жеме, ана жерде жалы құлағынан асқан құла ат құдыққа түсіп жатыр, соны же, - депті бес ешкі.

- Жарайды, - депті де, қасқыр құлағын тікірейтіп, арқа жүнін сыртқа теуіп, құла атқа келіпті.

- Құла ат, құла ат, мен сені жеймін! - депті қасқыр.

- Сен қасқыр едің, мен ат едім. Ең болмаса мені мына құдықтан шығарып алып, батпағымды тазарт, артыма шығып отыр да, бір аят оқы, сонан соң же. Онсыз да өлгелі жатырмын ғой, - депті құла ат.

- Жарайды, - деп, қасқыр құла аттың құйрығынан мықтап тістейді де, құдықтан шығарып алады. Аяғымен тырналап, батпағын тазалайды.

- Енді әрі қарап түр да, иманыңды айта бер. Мен құранды келістіріп оқимын да, келістіріп тұрып сені жеймін, - депті қасқыр.

Құла ат құлағын жымырып, артқы аяғын бауырына алыңқырап тұра беріпті.

Иен дала, айсыз түн, азынаған боранда өзімнен басқа батыр жоқ деп даңғойсыған бөрі құла аттың артына шығып, шоқиып отырады да, молдаларға ұқсап, екі көзін шарт жұмып, өзінше әндетіп, ұли бастайды.

Андып тұрған құла ат қырындай түсіп, көз тастап, артқы аяғымен дәлдеп тұрып қасқырдың шықшытынан періп кеп қалады.

Шықшыты сынып, екі көзі алдына ағып түскен қасқыр қылжиып жатып ұлиды:

Қара тоқтыны жемеген

Қобылан басым-ау, у… у…

Бес ешкіні жемеген

Бағлан басым-ау, у… у…

Құла атты құдықтан суырып алған

Палуан басым-ау, у… у…

Артына шығып, құран оқып,

Көз жұмар молда ма едім?

Ау… у…

Осыны айтады да, қылжиып жатып өледі.

Ертеңіне таң атып, боран басылған соң, кедей бір төбенің басына келіп, былай деп малдарын шақырыпты:

Қой баласы қоңырым,

Ұя бұзбас момыным,

Шопан ата түлігі -

Қошақаным, қайдасың?

Пұшайт!

Пұшайт!

Жүнін жұлса бақырған,

Ешкі атасын шақырған.

Өрісте өскен жануар -

Шөкетайым, қайдасың?

Шөре!

Шөре!

Жолға шықсам - көлігім,

Жапанда жүрсем - серігім,

Қамбар ата өсірген,

Құла атым менің, қайдасың?

Құрау!

Құрау!

Бұл дауысты естіген соң, құла аты қар бұзып, бес ешкі шұбап жол салып, қара тоқтыны соңдарынан ертіп, аман-есен иелерін тауыпты. Кедей малдарын әкеледі де, жылы қораға кіргізіп, астарына жайлап көң төсейді, пішен мен жемге тойғызады. Олардан көрген-білгендерін сұрайды да, әңгімеге әбден қанып алған соң:

- Сен неге басынды сауғалап, бес ешкіні саудаға салдың? - деп қара тоқтыға кінә қойыпты.

- Мүйізім болса өскен жоқ, буыным болса қатқан жоқ, өзім жалғыз, әрі әлім келмейтін болған соң, солардан бір зауал болар деп, бес ешкіге жіберіп едім, - деп жауап беріпті қара тоқты.

- Сендер неге өз бастарыңды сауғалап, құла аттың басын саудаладыңдар? - депті бес ешкіге.

- Сіздің құла атпен талай рет қасқыр соққаныңызды білеміз, сондықтан ер қанаты ат еді ғой, бір зауал содан болар деп едік. Онымыз дәл келді, әйтпегенде аш қасқыр бәрімізді жеп қоятын еді, - депті ешкілер.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Аленушка мен Иванушка

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Өткен заманда патша мен патшайым өмір сүріпті. Олардың бір қызы мен ұлы болыпты. Қызының аты Аленушка, ал ұлының аты Иванушка. Олардың әкесі мен анасы қайтыс болып, балалары жалғыз қалады. Екі бала елді аралайды. Жүріп келе жатып, бір көлшіктің жанында сиырлар тұр екен. Менің су ішкім келіп тұр дейді. Ішпе, әтпесе бұзау болып кетесін дейді. Інісі апасын тыңдап, әрі қарай жүре береді. Бір кезде тағы да көл көреді. Бір үйір жылқы тұрады.

-Ой, апатайым мен қатты шөлдедім, су ішкім келіп түр. Ішпе, әйтпесе құлын болып кетесін дейді. Иванушка, апасын тыңдап, әрі қарай жріп кете береді. Келе жатса алдарынан бір отар қой тұрады.

-Ой, апатайым менің су ішкім келіп түр. Ішпе, әйтпесе қозы болып кетерсің дейді. Алдарынан бұлақ ағып жатыр екен. Оның қасында шошқалар бағып жатыр екен. Ой, апатай менің қатты су ішкім келіп тұр. Ішпе, торай болып кетерсің дейді. Иванушка апасын тыңдап, әрі қарай жүріп кетеді. Келе жатса алдарынан ешкілер шығады. Інісі шыдамай, су ішеді. Су ішіп лаққа айналады. Аленушканың алдында секіріп, мә-мә дейді. Апасы оны ерітіп келе жатып, қатты жылайды. Лақ жүгіріп, жүгіріп бір патшайымның бағына кіріп кетеді. адамдар оны көріп, бірден патшайымға келеді.

- Патшайым, сіздің бағыңызға бір ешкі кіріп кетіпті, қасында әдемі қыз бар дейді. Патшайым оның кім екенін сұрауды бұйырады. Адамдар келіп оның қайдан екенін, кім екенін сұрайды. Менің әкем мен шешем қайтыс болған. Олар қайтқанда біз жалғыз қалдық. Мен ханшайым, ал мынау ханзада інім менің. Ол шыдамай шалшық судан су ішті де, лаққа айналды. Адамдар патшаға бәрін айтып береді. Патша Аленушканы шақырып, одан барлық жағдайды сұрайды. Аленушка патшаға ұнайды. Және оған үйленгісі келеді. Екеуі үйленіп, бірге тұрады. Лақта солардың басқтарында тұрады.Бір күні патша аңға шығады. Ал сл жердегі мыстан кемпірдуалайды. Содан Аленушка ауырып қалады. Сол кезде мыстан кемпір мен сенің еміңді жазатын тәсілді білемін. Сен көлдің жағасына барып тұр дейді. Сол жердің суын іш дейді. Аленушка мыстан кемпіп айтқан жерге барады, ал мыстан соңынан еріп барады. Аленушканың мойнына тас байлап, суға лақтырып жібереді. Ал өзі Аленушкаға айналады. Патша келген кезде , оны мыстан кемпір қарсы алады. Інісінің қайда екенін сұрайды.

Керек емес! Мен оны қамап қойдым. Ол ешкі сасиды. Келесі күні патша тағы да аңға кетеді. Ал мыстан кемпір лақты ұрады, ал патша келген кезде оны соятынын айтады. Патша келгеннен кейін мыстан кемпірлақты союын сұрайды. Патша лақты аяйды, бірақ амал жоқ. Лақ жүгіріп келіп патшаға:

Мен көлге барып су ішіп келейін дейді. Патша жібереді.

Аленушка апатайым

Жағаға шықшы,

Пышақтарды қайрап жатыр,

Қазандарды қайнатып жатыр

Мыстан мені сойғалы жатыр.

Аленушка оған:

Иванушка інім менің,

Мойнымдағы тас ауыр.

Әлім жетпей жатыр.

Иваншука үйге қайтып келеді. Патшадан тағы да сұранады. Патша күдіктеніп, оның артынан барады да, барлығын естиді. Ол Аленушканы құтқарып алып шығады. ал мыстан кемпірді отқа салып өртеп жібереді.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Төрт түлік жыры

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " Төрт түлік жырымен " танысамыз.

Тәрбиеші балаларға төрт түлік жырын мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Қой

Қорасында маңыраған,

Қозысымен жамыраған,

Қозысынан айырылса,

Қоймай ұзақ аңыраған.

Құлыншағым

Құлыншағым - құндызым

Құлдырайды, шабады.

Жылтылдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.

Сиыр

Әукім, әукім, сиырым,

Мүйізінің сүйірін.

Шүйгін жерге келгелі

Шығып қапты бүйірің.

Түйе

Маң- маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан.

Екі өркешін қом басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Төрт түліктерді ата?

Төрт түлікті қалай шақырады?

Төрт түліктің қандай пайдасы бар?

Оларды бағатын адамдарды кім дейді?

Төрт түліктің төлдерін атап беру?

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

\

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Д.Қасенов Жалқау балапан

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Бір балапан торғайды енесі жылы ұяда мәпелеп өсіріпті. Балапанның жүні жетіліп, қауырсыны қатайған соң, енесі ұшуға баулиды. Бір күні ол балапанына:

үлкейдің, ұшуды үйрендің, енді өз күніңді өзің көр дейді. Енесіне еріп біраз ұщқанға қанаты талып, шаршап қалған балапан ұшудың оңай емес екенін сезеді. Мен ұшпай ақ ұямда жата берейін.

Неге? Әлі жаспын. Қауіп қатер қайдан келетінін, кімнің тұзақ құрып, қай жерде торып отырғанын қайдан білемін?

Айналаңа көз тігіп жіті қара. Қауіпті жерге қонба. Әлдеқалай қатер төнсе, ұшып кет,- дейді де , торғай ұшып кетті. Балапан болса ұясына келіп, қайтадан жайғасады. Бұрынғыдай жем таситын енесі жоқ, қарны шұрқырай бастайды. Әрі жалғыз өзі қорқып, тырс еткен дыбысқа алаңдап, шошынып шығады. Таң қылаң берген кезден- ақ, өзге торғайлар тіршілік қамына кіріседі. Балапан олардың шыр-шыр еткен үнін, пыр-пыр еткен қанатының суылын естіп жатып, енесін тосады. Бірақ енесі қайтып оралмайды. Арада тағы бір күн өтеді. Амал жоқ, аштық қинап, ұясынан ұшып шығады. Түні бойы нәр сызбаған соң әлсіреп қалған екен, көп ұша алмай, қанаты талып, жерге құлап түседі. Сөйтсе де жанына ешкім келіп, "жайың қалай" демейді. Әлден уақытта қараса, сол маңайдан ұшып бара жатқан енесін көреді. Ол да мұны байқап, дереу қасына ұшып келеді. Саған не болды, жараланып қалғаннан саумысың? дейді ол жан ұшыра. Жаспын, күн көре алмаймын десем болмадың. Міне енді аштан өлгелі жатырмын дейді балапан, даусы әзер шығып. Ана байғұс жаны қалмай балапанын дереу азықтандыруға кіріседі. Әжептеуір нәр жинаған соң: Енді ұшуға шамаң келе ме? деп сұрайды. Жоқ, ұша алмаймын. - Балапан қайтадан өлімсірей үн қатады. Өзіндей балапандардың бәрі ұшып жүр, саған не болды?

Білмеймін , кішкене ұшсам болды, қанатым талып, басым айналып, көзім қарауытып кетеді деп ол ұясына жатып алады. Анасы қанаттанған балапанына жем тауып әкеп береді. Обыр балапанды асырау оңайға түспейді. Күз өтіп, қаһарлы қыс келеді. Жер бетін аппақ қар басады. Қырман қар астында қалады. Ана торғайға өзі үшін әрі масыл балапаны үшін азық табу бұрыңғыдан да қиынға түседі. Бір күні ол талғажау етер талшық таба алмай, көп сенделеді. Бармаған жері қалмайды. Қалт еткен сәтте саңылау тауып, астық қоймасына кіреді. Сол кезде әлдекім есік- терезені бітеп кетсе керек, қайтадан далаға шыға алмай қояды. Бір күн өтеді, енесі сол кеткеннен қайтып көрінбейді. Балапан азық іздеп, сыртқа өзі шықты. Бірақ ұзап ұша алмады. Үсті басын тер жауып, әл- дәрмені құрыды. Әзер дегенде бір бұтаққа келіп қонды. Айнала аппақ қар, сақылдаған сары аяз, ол қорек табудан мүлдем күдер үзіп, сол бұтаққа бүрісіп отыра берді. Бойын суық алған балапан әлден уақытта есі ауып, құлап түсті...

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Қ.Жұмабаев Жайлауда

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін "Жайлау " әңгімесімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға әңгімені мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Жыл он кі ай - көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді. Әр маусымда үш ай, яғни тоқсан күн болады. Көшрелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын: көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған. Ертеректе біздің ауыл наурыз, көкек, мамыр айларында қыстаудан қозы көш жердегі көктеуге көшіп-қонып, мал төлдететін. Содан соң жайлауға көшіп барып, маусым,шілде, тамыз айларын сонда өткізетін. Осы күні малшылар да сөйтеді. Жайлау- қыстаудан алыс, шалғай жатқан даладағы жазғы қоныс. Оның шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден таңдайды. Күзде иен жұртқа қаулап майда көк өседі. Оны " алсын" дейді. Қыста аппақ қар басып жатады. Ал жазға қарай жайлаудың шөбі жетіле бастайды. Ол кезде жер беті масаты кілемнің түріндей құлпырады. Қыстан әбден арықтап, көтерем болып шыққан мал жайлауға іліккен соң ақ тойынып, семіреді. Мал ғана емес, адамдарда серігіп, жиын- той өткізіп, аунап-қунап қалады. Бте байлап, қымыз ішеді, айран ұйытып, құрт жинайды, ірімшік қайнатады. Қысқа арнап азық-түлік жияды. Бірақ бұл қызықты мезгіл де өте шығады. Шөптің шалғыны басылып, сары сүлеу тартады. Бұл мезгілді халық "сарыжайлау" дейді. Жайлаудың бәрі бірдей шұрайлы бола бермейді. Еліміздің әр жерінде жұртқа кең танымал атақты жайлаулар, мәселен, Қарқара, Шөлкеде, Сырт, Шұбартал, Асы секілді жайлаулар бар.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Жыл мезгілдеріне қарай қонысты қалай атаған?

Ертеректе ауыл не себепті жайлауға көшеді?

Қазір не үшін көшеді.?

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Қ.Жұмағалиев Жеңіс күні

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін " " ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға Қ.Жұмағалиевтің "Жеңіс күні" мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Ойлап - ойлап тұрдым көп,

Сұрақ қойдым білгім кеп:

- Қуанышты мереке-

Жеңіс күні қай күн?- деп

Атамнан да сұрадым,

Әкемнен де сұрадым,

Ағамнан да сұрадым,

Анамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

- Дұрыс десті сұрағың-

Бейбіт күннің бәрі де

Жеңіс күні шырағым!

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Балалар өлең не туралы?

Жеңіс күнін қай күні мереке болып саналады?

Жеңіс күні жайлы не білесіңдер?

Жеңіс күні туралы тағы өлеңдер білесіңдер?

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Н.Айтов Жарқын жаз

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

2. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін "Жаз " өлеңімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға өлеңді мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Маусым айы- жаздың басы. Жазда табиғат құлпырып, гүлдер де бой түзеп, құстардың шырылдаған әсем үндері естіледі. Күн айналып жерге түскендей ыстық болады.Жеміс-жидекалма- өрік сары, қызыл бояулармен бояна бастайды. Бау-бақшаны, орманды араласаң самсаған жидектер піседі.

Тамылжыған жас иісті,

Жазғы жасыл көк дала.

Жайылған жібек кілемдей,

Қызылды жасылды, көк ала.

Далаға келіп көк жасыл,

Кестелі жібек көрпедей

Жас балаша шаттанып,

Құлай кеттім еркелей.

Бал іздеген аралар.

Қобызбен күйін күйледі.

Жұптасып түрлі көбелек.

Қызғалдақпен биледі.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал