7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс шара 'Ертегілер еліне саяхат' (2 сынып)

Сыныптан тыс шара 'Ертегілер еліне саяхат' (2 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көзқарастарын білдіруге үйрету.

Дамытушылығы: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту,

логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан

жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу. Жауапкершілікке тәрбиелей

отырып достыққа, қарым-қатынастарын дамыту.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, ертегі үзінділерінен суреттер

Сабақтың барысы:

«Ертегілер» әнінің клипінен үзінді.

І. Кіріспе сөз

- Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Ертегілер еліне саяхат» атты сыныптан тыс іс - шараға қош келдіңіздер!

- Балалар, кім айтады ертегі дегеніміз не?

Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады.

Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбінесе қара сөз, кейде өлең түрінде айтылады.

- Ертегілер қалай басталады?

Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде» деп те басталады. Ертегі соңы «сөйтіп мұратына жетіпті» деп үнемі жақсылықпен аяқталады.

Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді:

  1. Қиял-ғажайып;

  2. Хайуанаттар туралы;

  3. Шыншыл ертегі;

  4. Тұрмыс-салт ертегілері.

Қиял-ғажайып ертегілерде ержүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан-алуан ерлік оқиғалар баяндалады.

Мысалы: «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алтын балық» т. б.

Ата-бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең жақын ертегілер хайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады.

Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм-қиянатшыл, қу мінез қылықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі.

Шыншыл ертегілерде халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан бейнелейді.

Ертегі - шешен сөйлеуге, өз ойларыңда әдемі баяндауға үйретеді. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!

Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.

Қатысушы топтар:

1. «Байлық пен ақыл» тобы

2.«Мақта қыз бен мысық» тобы

3.«Сиқырлы сақина» тобы

ә) Енді осы сайыскерлерге әділ бағасын беретін әділқазылар мүшесімен таныс болыңыздар:


б) Бүгінгі сайысымыз алты кезеңнен тұрады:

І бөлім - Таныстыру.

ІІ бөлім - «Сөзжұмбақ».

ІІІ бөлім - «Кім ойшыл?»

IV бөлім - «Ертегілер еліне саяхат» (Сахналау).

V бөлім - «Кім шапшаң?»

VI бөлім - «Кім білгір?»

Олай болса «Ертегілер еліне саяхат» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


І бөлім - Таныстыру.

ІІ бөлім - «Сөзжұмбақ».

  • Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар

Сегіз тұяғы бар (Ешкі)

  • Аң патшасы (Арыстан)

  • Өзі үлкен жануар, үстінде екі тауы бар. (Түйе)

  • Тоқыған ауы, шыбынның жауы. (Өрмекші)

  • Қалдырмай баласын бір елі

Қалтаға салып ап жүреді(Кенгуру)

  • Қорықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. (Піл)

ІІІ бөлім - «Кім ойшыл?»

Шарты: Кез-келген ертегіден үзінді айтылады, сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек.

  • - Әй, әттеген - ай! - деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетеді.

(Шибұт, Қылмойын, Қарынбас)

  • - Шал Қазбайдың ауылына келеді. Қазбай шалды күтіп алады. Шал Қазбайдан "Піс, қазанын" сұрайды. Қазбай сұрағанын береді. (Шал, кемпір, Қазбай)

  • Қу түлкі бір күні ауырып жатқан арыстанға кез болады.Оның көңілін сұрайды.

- Арыстан аға, мен саған бір ем айтайын, - дейді.(Түлкі, арыстан, есек).

IV бөлім - «Ертегілер еліне саяхат» (Сахналау).

Шарты: Әр топ өз ертегілерінің үзінділерін сомдайды.

V бөлім - «Кім шапшаң?»

Шарты: Ертегіден үзінді оқылады. Ертегінің атын табу және жалғастырып айту.

  • Түлкі, түлкі сен неге мына семіз аққуларды жемейсің? - дейді. (Күңшіл үйрек)

  • Қыз итті шақырады. Ит мысықты шақырады. Мысық тышқанды шақырады. (Шалқан)

  • Төгілмесе, ешкім ішпесе бір қазан сүт қайда кетеді. (Бір қазан сүт)

VI бөлім - «Кім білгір?»

Шарты: Сурет бойынша ертегілердің атын табу керек.

  • Маша мен аю

  • Түлкі мен тырна

  • Бауырсақ

  • Жеті лақ пен қасқыр

  • Шибұт, Қылмойын, Қарынбас

Қорытынды:

Әділқазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.

Оқушыларды мараптаттау

Осымен «Ертегілер еліне саяхат» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Болашақта өзіміздің ана тілімізде одан да көп қызықты ертегілерді оқитыңдарыңа мен сенемін.

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп











Ертегілер еліне саяхат

/Сыныптан тыс іс-шара/









Өткізген: бастауыш сынып

мұғалімі Заирова Г.С.

Сынып: 2





2015-2016 оқу жылы




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал