7


13-17.09.2016 2-сынып сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: У дыбысының айтылуын мен жазылуын салысытыру.

Мақсаты: 1. Жаттығулар орындай отырып, «У» әрпінің жазылуын және айтылуын салыстыра білу, есте сақтау.

2. Тілін , сөздік қорларын дамыту.

3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. .Белсенділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: у әріпі

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

31 - жаттығу . Cуретші, шуда, жуас сөздеріне сөйлем құрау. </<font face="Times New Roman, serif">

Мұнда "шуда" сөзіндегі "Ш" әрпі бас әріппен жазылмағандықтан, "шуда" сөзі түйенің мойын, өркеш арасы, тізе жүнінен алынатын қылшық болып отыр ғой. Демек шудадан жіп иіріледі. Шуда жіп деп аталады.

Сәйкесінше сөйлемді де шуда жіпке қатысты құруға болады. Мысалы:

Саршұнақ аяз күшейген сайын мен де қасарысып, атамның шуда жіптен тоқылған тонына орана түстім.

2. Таңмен таласа оянған суретші керек-жарағын қолтықтаған күйінде қорықшының ағаш үйінен жедел аттанып, жалғыз аяқ соқпақты бойлай жоғары өрледі.

3. Еркін қаладан алып келген коньякка ерні тигені сол еді, қой аузынан шөп алмас жуастығы жайына қалды.

Жас суретші табиғат суретін салып отыр. Шуда күн ыстық. Жас бала ойнап жүр



ІІІ Білімдерін тексеру.

У дыбысының дауыссыз болып айтылуыУ дыбысының дауысты болып айтылуы.Мысалдар келтіру, талдау.Тура, уық, байлау, оқушы сөздерін буынға бөліп талдау.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.

Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.



Ү. Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс.33 жаттығу. Сөздердегі у әріпі қандай дыбыстардың орныныа жазылғанын түсіндіру. Жазушы, су, өсу, жуан , тура, оқу, жуу, ашудас, оқушы.

34-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1.Оқушылар серуенге шықты.

2.Балалар жуа теруге барды.

3.Қымыз-шипалы сусын.

4.Ашудастың емдік қасиеті көп.

Бұл сөздердегі у дыбысының айтылуы мен жазылуын салыстыру.



ҮІ Білімін тексеру.

35-жаттығу. Сөздердегі у дыбысының дауысты немесе дауыссыз екенін дәлелдеу.

Дәуір, сулы, бауыр, сауысқан, егеу, сактушы.



ҮІІ Бекіту.Бүгін не білдік? У дыбысы қай кезде дауыссыз және дауысты болады. Мысалдар келтіру, ауызша дәлелдеу.



ҮІІІ Үйге тапсырма:35-37- жаттығу. 15 бет .

Бағалау































































Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ы,і әріптеріне аяқталған сөздерге у әрпі қосылса,ы,і әріптерінің түсіп қалуы

Мақсаты: 1. Жаттығулар орындай отырып, «У» әрпінің жазылуын және айтылуын салыстыра білу, есте сақтау.

2. Тілін , сөздік қорларын дамыту. Ы,і әріптеріне аяқталған сөздерге у әрпі қосылса,ы,і әріптерінің түсіп қалуын түсіндіру.

3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. .Белсенділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: у,ы,і әріптері

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

35-жаттығу Ребусты шешу. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрау. Сусын. Қымыз-шипалы сусын.

37-жаттығу «Шипалы сусын» тақырыбына құраған әңгімелерін тексеру.



ІІІ Білімдерін тексеру.У дыбысының дауыссыз болып айтылуыУ дыбысының дауысты болып айтылуы. 38-жаттығу. Қоржындағы сөздерді оқып салыстыру. Бұлардағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу.Тасы-тасу, шоқы-шоқу, тоқы-тоқу, оқы-оқу.



ІҮ. Мақсат қою кезеңі.

Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.



Ү. Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс.39 жаттығу. Өлеңді көшіріп жаздыру.

Сиса көйлек үстіңде.

Тоқу менен табылған.

Сауысқанның тамағы.

Шоқуменен табылған

Өнер, білім бәріде



Оқуменен табылған. Ы.Алтынсарин «Кел балалар оқылық!»

Өлеңдегі оқу, шоқу, тоқу сөздерін оқы, тоқы, шоқы сөздерімен салыстыру, қандай өзгеріс байқадыңдар.Өлеңнің авторы кім? Өлеңді жатқа аиттыру.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза сауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.



ҮІ Білімін тексеру.

40-жаттығу. Сөздердегі у әрпін қосып жаздыру.

Қоры-қору, жылы-жылу, торы-тору, бекі-беку, телі-телу, жоры-жору.

У әрпінің алдынан ы,і әріптері жазыла ма?

Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.



ҮІІ Бекіту.Бүгін не білдік? Ы,і әріптеріне аяқталған сөздерге у әрпі қосылса,ы,і әріптерінің түсіп қалуын қайталау.



ҮІІІ Үйге тапсырма:

40- жаттығу. 17 бет .

Бағалау



















































Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: У әрпінің жазылуы

Сабақтың мақсаты:

У әрпінің жазылуы мен айтылуын салыстыру және сөз ішінен орнын таба білуді үйрету. Қатесіз, ұқыпты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

27-жаттығу (сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау)



ІІІ.Жаңа сабақ

У әрпінің жазылуы.



А) У әрпінің емлесі

Су, сурет, суу, жуық, уақыт, қуырдақ, ояну, уайым, уық, улы

Тапсырмалар:



1)Сөздерді буынға бөліп жаз



2)Дауысты дыбыстың астын бір сызықпен, дауыссыз дыбыстың астын екі сызықпен сыз.



3)Осы сөздерді қолданып, екі сөйлем құрап жаз.



Ә) КІТАППЕН ЖҰМЫС

29-жаттығу

(өлеңді оқу, у дыбысы бар сөздерді табу)



30-жаттығу

(сөздерді түсініп, у дыбысының айтылуы мен жазылуын салыстыру)

ТУ, ТУРА, ШУДА, БУРА, ЖУАС, СУРЕТШІ, ОҚУШЫ, ШАШУ



32-жаттығу

(ребусты шешіп, әңгіме құрау)

,, (аққу) қу ,, (сиыр) ыр ,,, (бұршақ) шақ

ҚУЫРШАҚ



ҮІІ Бекіту.

Бүгін не білдік?

У әріптеріне аяқталған сөздерге у әрпі қосылса неге айналады?



ҮІІІ Үйге тапсырма:

31-жаттығу (сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау)-14-бет

32-жаттығу Ребусты шеш. Жауабын қатыстырып әңгіме құра.

Бағалау































































































Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы:Несіпбек Айтов. «Оқулық»

Сабақтың мақсаты:

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп айтуға дағдыландыру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психалогиялық кезең:

ІІ. Өткенге шолу

Балалардың 1-інші сыныпта өткен тақырыптары бойынша еске түсіру мақсатында сұрақ қойып жауап алу



ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Күн шыққанда өлеңін өз сөздерімен әңгімелеу



ІҮ. Жаңа сабақ

Несіпбек Айтов. «Оқулық»



А) автор туралы мәлімет

Несіпбек Айтұлы - 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген. 1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында бітірген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.1974-1984 жж. «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор, 1984-1994 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1995-1996 жж. «Ақын» қауымдастығының директоры, 1997 - 2001 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып, 2001 жылдан бері Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген. Қазір «Алтын тамыр» журналының бас редакторы.Алғашқы «Балалық» деген өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде, алғашқы топтамасы 1972 жылы Мұқағали Мақатаевтың сәт сапар тілеуімен «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде, алғашқы кітабы 1974 жылы «Қозыкөш» деген атпен жарық көрді. «Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар », « Рухымның падишасы », «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек»; балаларға арналған «Бала-бақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме» («Серебряный сундучок») «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары, «Ескендір қорғаны» (Ә.Науан), «Игорь жорығы туралы жыр», т.б. аударма кітаптары шыққан. Түріктің VII ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміренің, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, француз ақыны ДЖ. Родаридың, сондай-ақ М.Исаковский, A.Барто, С.Михалков, С.Баруздин, B.Берестов, Т.Сыдықов, С.Жусуев өлеңдерін тәржімалаған.«Бас сүйектері» (1976), «Жасвін-ның сынығы» (1977), «Найзағай» (1978), «Жүректегі жаңғырықтар» (1979) поэмалары кезінде «Жалын» альманахы жариялаған республикалық конкурстардың жүлделерін, «Мұхтар мен Абыз» толғауы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған мүшәйраның бас жүлдесін алған. «Мұқағали-Желтоқсан» поэмасы 2001 жылы республикалық әдеби конкурстық жүлдесіне ие болса, «Бәйтерек» поэмасы әдеби қауым тарапынан жоғары бағаланды. 2004 жылы Мәдениет министрлігі жариялаған Республикалық патриоттық әндер конкурсының Бас жүлдегері.«Көз жасым» (2006), «Бөрі тостаған» (2007), «Қүланойнақ» (2009) атты кітаптары және «Бөгенбай», «Бердіқожа», «Шақантай», «Қара-өткел қырғыны» т.б. поэмалары жарық көрген.Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты. «Парасат» орденінің иегері.



Ә)КІТАППЕН ЖҰМЫС

Жұмбақты оқып, шешу. (қарындаш)

*Кітап туралы мақал-мәтел айту

**Оқулықтың аты:

Оқулық авторларының аты-жөні:

Қандай баспадан шыққан?

Редакторы кім?

Б) Несіпбек Айтов «Оқулық»

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелеп айту



Ү. Сабақты қорытындылау

Балаларға ақырып бойынша түсінгендерне байланысты сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақты аяқтаймын.



ҮІ. Үйге тапсырма беру

Өлеңді жатқа айту



ҮІІ. Бағалау















Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы: Жүсіпбек Аймауытов «Кітап оқу»

Сабақтың мақсаты:

Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп айтуға дағдыландыру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психалогиялық кезең:

ІІ. Өткенге шолу

Балаларға кез келген ертегінің басын қосып оны қушыларға аяқтату.



ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Оқулық өлеңін жатқа айту



ІҮ. Жаңа сабақ

Жүсіпбек Аймауытов «Кітап оқу»



А)автор туралы мәлімет

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) - қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.1911-1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.

1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922-1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924-1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926-1929) қызметтерін атқарады.1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик. тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар.



Ә)КІТАППЕН ЖҰМЫС: 14-15-16-беттер

«Аласың білім кітаптан» деген сөзді кім айтқан?

Сызба бойынша әңгімелеу. «КІТАП ОҚУ» мәтінін мәнерлеп, түсіндіріп оқып, мазмұнын әңгімелеп айту.

*С/Ж

Роман-көлемді, күрделі шығарма.



ҚАНДАЙ? ....дала

Аспандағы бұлттар ҚАНДАЙ?



Ү. Сабақты қорытындылау

Балаларға ақырып бойынша түсінгендерне байланысты сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақты аяқтаймын.



ҮІ. Үйге тапсырма беру

«Кітап оқу» мазмұнын айту



ҮІІ. Бағалау





















Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы:Сапарғали Бегалин. Зеректік.

Сабақтың мақсаты:

Шоқан Уәлихановтың балалық шағын, өмір сүрген ортасын тарихи деректермен байланыстыра отырып, тереңірек түсінік беру. Өткен тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру. Оқушының ой еркіндігін ояту, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, өздігінен білім алуға жетелеу.

Шоқан өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды патриоттыққа баулу және этнографиялық білім беру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ .

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер Шоқан Уәлихановтың портреті

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

ІІ. Өткенге шолу

Оқушыларды өзара мақал-мәтел айтқызып жарысқызу.



ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Кітап оқу әңгімесін өз сөздерімен әңгімелеп айту



ІҮ. Жаңа сабақ

А)автор туралы мәлімет

Сапарғали Ысқақұлы Бегалин1895-1983)24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. 1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 1929 - 1935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі. Бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түріксіб басқармасына жауапты жұмыстар атқарды. 1935-1956 жылдары «Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтында (қазіргі Әдебиет және өнер институты), Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті.[2]Еңбегі

Алғашқы өлеңі - «Қазақ боз-балаларына» 1914 жылы «Айқап» журналының N2 9 санында басылды. «Қыран кегі» (1943), «Цимлян теңізі» (1953), «Таңдамалы» (1956), «Сырлы қайнар» (1963), тағы басқа өлеңдер мен поэмалар, «Көксегеннің көргендері» (1948), «Ермектің алмасы» (1955, 1985), «Сәтжан» (1947,1973,1978), «Жас бұтақ» (1953), «Жеткіншектер» (1960), «Мектеп түлектері» (1961), «Шоқан асулары» (1971), «Қыран туралы аңыз» (1976), «Екі томдық шығармалар» (1976), тағы басқа әңгіме, повестер жинақтары, «Замана белестері» (1975) романы жарық көрді.

Аудармалары

Пушкиннің,Лермонтовтың, Шевченконың жекелеген туындыларын, Д. Н. Мамин-Сибиряктың, Л. В. Соловьевтің кейбір әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне аударған. Бегалин Абай шығармаларын насихаттауға мол еңбек сіңірген. Ақынның өнегелі өмірі, мұрасы, замандастары жайлы тың деректер беретін «Қияспай» (Пионер, 1956, №4), «Сауық кеш» (Қазақ әдебиеті, 1971, 10 желтоқсан), «Назипа Құлжанова» (Қазақстан әйелдері, 1973, № 10) тағы басқа мақалаларын жариялаған. Абай рухына арналған «Ұрпақтарға» («Совхоз туы», 1964, 5 май) атты өлең жазған. Абайдың туғанына 70 жыл толуына орай 1915 жылы 13 ақпанда Семейдің приказчиктер клубында еткен әдеби кешті ұйымдастыруға қатысқан.[3]

Халық ақындарының шығармаларын сұрыптал жинақ етіп шығарды (« Халық

ақындары », 1953; «Өмір жыры», 1953), өнер саңлақтары жөнінде («Сахара сандуғаштары», 1976), жыр алыбы Ж.Жабаев туралы монография жазды. Көптеген туындылары шетел тілдеріне тәржімеленді.

Жетістіктері

Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» (2 рет) ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Ә)КІТАППЕН ЖҰМЫС: Зеректік мәтінді мәнерлеп оқып беріп мазмұнын әңгімелеп айту

*С/Ж Бажайлап-мән беріп



Б) Ш/ТАПСЫРМА

Шоқанды оқытқан кім?

Мәтіннен Шоқанның күнделігіне жазған сөзді тауып оқы

Мәтін қалай аталады? Бұл қасиет қай кейіпкерге қатысты айтылған?

**ЕГЕР СЕН АСҚАН БІЛІМДІ БОЛСАҢ, НЕ ІСТЕР ЕДІҢ?



Ү. Сабақты қорытындылау

Балаларға ақырып бойынша түсінгендерне байланысты сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақты аяқтаймын.



ҮІ. Үйге тапсырма беру

Зеректік (оқу) Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет жазу



ҮІІ. Бағалау

















Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы:Ә.Дүйсенбиев. Ақылшым-мұғалім.

Сабақтың мақсаты:

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп айту.Өлеңді жатқа айту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

ІІ. Өткенге шолу

Оқушылардың өткен тақырыптан өткендері бойынша жаңылтпаш және жұмбақтарды қай деңгейде меңгергендіктерін анықтау мақсатында сұрақ қойю.



ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Зеректік әңгімесін өз сөздерімен әңгімелеп айту. Шоқан туралы мәлімет әкелу



ІҮ. Жаңа сабақ

А) автор туралы мәлімет

Әнуарбек Дүйсенбиев - 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және БЛКЖО Орталық комсомол мектебін бітірген. Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редакторлық қызмет атқарған.

Шығармашылығы

Парадта. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1956;

Сыйлық. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1956;

Не деу керек? Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1957;

Қызғалдақ. Өлеңдер. А., ҚМӘКБ, 1958;

Ана жүрегі. Өлеңдер. А., ҚМӘКБ, 1959;

Қайырлы таң, балалар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1960

Гүлзар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962,

Аққулы айдын. Таңдамалы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1976;

На веселой улице. Стихи и рассказы. М., «Детская литература», 1972;

Кто раңьше встает? Стихи и сказки. А., «Жазушы», 1973;

Если бы я был сильным. Стихи и сказки. А., «Жалын», 1979;

Ладошка. Стихи, поэма, сказка. М., «Детская литература

Ә) Ақылшым-мұғалім өлеңін мәнерлеп оқып, жаттау

Б)Шығармашылық тапсырма Мектеп кірпішін қалау МҰҒАЛІМ

В)Сөз құрау мұғалім

М- мейірімді

Ұ- ұқыпты

Ғ- ғалым

А-ақылды

Л-лезде ойлайтын

І-ізденгіш

М-мақтаныш ететін адам



Ү. Сабақты қорытындылау

Балаларға ақырып бойынша түсінгендерне байланысты сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақты аяқтаймын.



ҮІ. Үйге тапсырма беру

Ақылшым-мұғалім (жаттау)



ҮІІ. Бағалау





























































Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Адам өміріне қажетті жағдайларды қайдан алады?

Сабақтың мақсаттары:

1) Білімділік: Адам мен табиғат қарым қатынасы туралы түсінік қалыптастыру, өздігінен оқу, мазмұндағы құбылыстарды түсіну, өзін ойланту сияқты үрдістерге қосу.

2) Дамытушылық: Сөздікқорларын байыту, терең ойлауға және еркін сөйлеуге үйрету. Шығармашылық қабілетін дамыту.

3) Тәрбиелік: Отанды, туған жерді таныту, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:плакат, күн.

Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу, қазақ тілі.



Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық



ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

өткен тақырып бойынша сұрақтарға беру, әңгімелеу, талдау жасату.



ІІІ Жаңасабақ.

Күн-табиғаттыңбірбөлшегі. Енлеше, адамжылудыкүнненалады. Күн-табиғатқажылу, жарықсыйлайды. Күзде, жазда, көктемдежылужергекүннен мол тарайды. Адам, өсімдік, жанувррақаттанып, тіршілікетеді. Күнненкелетінжылубарлықтіршілікиелнріне, соныңішіндеадамдарға, өсімдіктерге, жануарларға да қажет. Мысалыағаштаркүнненалғанжылудыңартықмөлшерінденесіндесақтайды. Отындыжаққандаоданжылубөлінеді, оғанадамтамақпісіруге, үйдіжылытуғаболады. Ендешеотын да табиғаттыңзаты, яғниөсімдіктер, жануарлар-бәрі-бәрікүнсияқтытабиғаттыңперзенті. Адам жылудытабиғаттаналады,- дегенпікірдіңбірдәлеліосы.Қыскезіндеадамөзітұрғанүйді от жағыпжылытады. Адамдаржылықыстықкиімдеркиеді. Жылыкиімгекеректіматериалдымақтадан, аң мен малдыңжүнінен, терісінендайындайды. Адам үйдісалғандаоғанкірпіш, саз, құм, тас, ағаш, шыны, т.бқұрылысматериалдарынпайдаланады. Бұлматериалдар да табиғаттаналынады.

1. Оқулықпенжұмыс. Мәтіндіоқып, тапсырмаларменжұмысжасау, сұрақтарғажауап беру.

1) Адамныңжылуды, ауаны, жарықты, суды, тағамдытабиғаттанқалайалатынынөзсөзіңменәңгімеле.

2) Киімтігуүшінадамдартабиғаттанненіпайдаланады?



2. Сергітусәті

Тербеледіағаштар,

Алдымнанжелеседі.

Кіп-кішкенеағаштар

Үп-үлкенбопөседі.

3. Дәптермен жұмыс. Төмендегі сөздерді құрап оқысаң құрылыс материалдарының атауы шығады.

4. Жаңасабақтыбекіту: Табиғатадамға не береді? Сызба бойынша әңгіме құрастыру.

ІV. Сабақты қорытындылау

Оқушыларға адам өміріне қажеттіліктер туралы сұрау арқылы сабаөты қорытындылаймын.



V. Үйге тапсырма беру:

Мәтіндітүсініпоқу, әңгімелеу.

























































Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту өзара кері есептер

Сабақтың мақсаты: Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру; екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізу; амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыру, теңдеуді шешудің «сынап көру» тәсілін пысықтау.



Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру сәті

Математика сабағын,

Жақсылап ұғып аламыз.

Сәулесі деп сананың

Мәнінен ой табамыз.



II. Тірек білімді еске түсіру

а)-1-ден 30-ға дейін санау(тура және кері) Саннан (28, 43, 54) кейін келетін санды ата.

-Санның (30, 55, 79) алдындағы санды ата. Санның (50, 76, 94) көршілерін ата.

-Сандар қатары (21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30) берілген.

-Сандардың жаңа қатарын құрыңдар, сонда сандардың ондықтары 3, ал бірліктері алдыңғыдағыдай болсын.

-Не шықты? Сандардың жаңа қатарын атаңдар(31, 32, ..., 40). Екінші қатардың сандарын неше бірлікке арттырдық?



III.Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау. -Бүгінгі біздің сабағымызда ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Біз «Шалқан» ертегісін білеміз бе?

Әрине, білеміз

Олай болса, ертегіні еске түсіріп алайық.

Ертегі кейіпкерлері бізге қонаққа келіп қалыпты. Өздерімен бірге тапсырмалар алып келіпті.

Оқулықпен жұмыс

№1 Оқулықтағы суреттер бойынша түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады.Оқушылардың өздігінен екі таңбалы санға ондықтарды қосудың және азайтудың ерекшеліктері туралы қорытынды жасауы қажет.

Ондықтарға ондықтарды қосады.

Ондықтарды ондықтардан азайтады.

Атайдың тапсырмасы.

«Кім зерек?» №2 есеп

Мысалы:

-53 және 30 сандарының қосындысы; Бірліктерге бірліктерді қосу;

-Нәтижені сол жақтан екінші орынға жазу;Ондықтарды ондықтарға қосу;

-Нәтижені сол жақтан бірінші орынға жазу ;Қосындының мәні 83.

53 + 30 83 - 30 35 + 40 75 - 40 46 + 50 96 - 50

Әжейдің тапсырмасы.

«Тез есепте!»

№3. Амал компоненттерін еске түсіріп, шешуін дәптерге орындап,тексергенде кеткен қателерді талдайды.

(20 + 5) + 60 (60 + 4) - 40

(70 + 9) - 40 (20 + 2) + 50



Қыздың тапсырмасы: «Теңдеуді шеш»

6 + а = 10 10 - a = 6 a - 6 = 4



4. Күшіктің тапсырмасы: «Есепте»

I топ II топ III топ

Шарты:Шарты: Шарты:

Болғаны - ? Болғаны - 12қ. Болғаны - 12қ.

Бергені - 2 қ. Бергені - 2 қ. Бергені - ?

Қалғаны - 10 қ. Қалғаны - ? Қалғаны - 10 қ. 10+2=12(қ) 12-2=10 (қ) 12-10=2(қ)

Жауабы: 12 қ болды. Жауабы: 10қ қалды. Жауабы: 2қ берді.

Мысықтың тапсырмасы:Сағаттардың тілдері қалай орналасуы тиіс?



6. Тышқанның тапсырмасы: № 6 есеп

59 бен 63- тің арасындағы сандарды өсу ретімен жаз.

- Балалар, біз шалқанды алуға көмектестік. Шалқанды алуғакөмектесеміз деп шаршап қалыппыз. Демалып алайық.

Сергіту сәті



ІҮ. Сабақты қорытындылау

Шығармашылық жұмыс

13-17.09.2016 2-сынып сабақ жоспары

Ү. Үй тапсырмасы. №6 15-бет

















Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Азайту мен қосу өзара кері есептер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану арқылы қосуды үйрету. Ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдеріне есептер шығара білуге дағдыландыру. Екі таңбалы және бір таңбалы сандарды, екі таңбалы санмен ондықтарды ауызша қосу мен азайтуға дағдыландыру.

Дамытушылығы: Математикалық ұғымдарды меңгерту оқушылардың ережелерді ұғынып, ауызша есептерді шығара білуін дамыту.

Тәрбиелілігі: Өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу тәсілдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі:Сандар, кестелер.



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа бағыттау.

Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.

Қайталауға сұрақтар қоямын.

Өрнектер қандай болып жіктеледі?

3+5 а+5

Санды өрнек әріпті өрнек



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ауызша есептеуге сұрақтар

15+1= 35-5= 42-40=

10+4= 20+4= 7+4=

44-4= 16-6= 60-20=

Бағалау, мақтаулар.

Жаңа сабақты түсіндіру

3+56 және 30+24

3+56 30+24

50 6 30 24

Бірліктерді ондықтарды ондықтарға

Бірліктерге қосуды түсіндіремін.

3+56 30+24

50 + (3+6) = 59 (30+20) + 4=54



ІІІ. Жаңа сабақ

Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану арқылы түсіндіріп кетемін.

Көрнекіліктер арқылы түсіндіремін.

Түсінгендеріне байланысты 1-жаттығудың азайту амалына 1-тапсырмасын түсіндіре отырып тақтаға орындау.

87-50

80 7 (80-50) +7=37

3+56 =59 56+3=

30+24=54 24+30=

Оқушылардан сұрау‐жауап арқылы түсіндіре отырып орындау.

3) « Маған қай ойыншық ұнайды?» ойыны арқылы теңдеу шешуді орындау

Доп Қоян Машина

10-a = 5 a-5 =5 5+a =10

Теңдеуді дұрыс орындаған бала ойыншықтың суретін алады.

Сергіту сәті: Кім шапшаң ойыны

1. Аулада 5 үйрек

Қорада 3 үйрек

1 үйрек тығылды

1 үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек ? ( 6 үйрек)

2. Табақта 5 өрік

Қолымда 2 өрік

Қосқанда барлығы

Болады неше өрік? (7)

3. Азайғыш Азайтқыш Айырма

Қосылғыш Қосылғыш Қосынды

4. А) Оқушы оқиды

Шарты:

Алынды 13 кг алма

5 кг алмұрт

Барлығы ‐ ? кг жеміс

Ш: 13+5 = 18

Ж: 18 кг жеміс сатып алынды

Ә) Алынған ‐ 0 кг жеміс

Жұмсалды ‐ 10 кг жеміс

Қалды ‐ ? кг жеміс

Ш Ж Қосу азайту амалдары өзара кері амалдар

5. 72,71,70,69,68

72 71 69 68

71 70

6. Ауызша орындайды

10+4 20+4

14-10 24-20

14-4 24-4



ІҮ. Сабақты қорытындылау

3+56 және 30+24 қосындыны тапқанда бірліктерге бірліктерді қосуды, ондықтарды ондықтарға қосуды, қосудың ауыстырымдылық қасиетіне байланысты есептеу тәсілдерін үйрендік.



Ү. Үйге тапсырма беру: №5,6 17-бет

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандардың ондық құрамы және оларды жіктеу. Теңдеулер

Мақсаты:: Бірінші оқу тоқсанында қарастырылған мәселелрге қарасты оқыту нәтижелерін (білім, білік және дағды) бекіте түсу.



Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру сәті.

Сендерге табыс тілеймін,

Жарық пен жылу, денсаулық!

Біріңе -бірің сендер де,

Тілеңдер біраз жақсылық.



II.Тірек білімді еске түсіру

Ойын: «Кім жылдам?»

Тапқышбектің тапсырмасын тез, әрі шапшаң орындаған балаға сыйлықтары бар екен. Тапсырмаларын орындап, сыйлықтарын алыңдар.

13-17.09.2016 2-сынып сабақ жоспары



III.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Оқулықпен жұмыс

№1. «Көмектес » ойыны

Дымбілмес теңдеулердішығара алмай, қиналып, біздерден көмек сұрап тұр. Дымбілмеске көмектесеміз бе? Кәне, тездетіп көмектесіп жіберейік.

13-17.09.2016 2-сынып сабақ жоспары

№2.Сандарды ондықтар мен бірліктердіңқосындысы түрінде жаз.

13-17.09.2016 2-сынып сабақ жоспары

№3. Балдырғанда қонақта.

Тапсырма: қойылмай кеткен жақшаларды қою.



№4.Есепті шешу тақтада орындалады, шығару жолы талданады, ал содан кейін тапсырмалар арасындағы байланыс анықталып, тапсырмаларды есепке айналдыру,оны шығару жұмысы ұсынылады.



№5.Ұшқыш кілеммен ертегілер елінен ұшып келген атай өзінің тапсырмасын кім тез орындап берсе, ұшқыш кілеміне мінгізіп, әлемді шарлауға алып кетеді.

13-17.09.2016 2-сынып сабақ жоспары

№6. Өзіндік жұмыс. Амалдарды орындаудың рет тәртібі еске түсіріледі.



ІҮ. Сабақты қорытындылау

Шығармашылық тапсырма. Уақыт 3-5 минут.Еркін талқылау түрінде ұйымдастырылады.



Ү. Үй тапсырмасы.

№6 және көк қоршаудағы тапсырма 19-бет





























Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика

Тақырыбы: Екі таңбалы сандардың оқу, жазу, салыстыру және жіктеу.

Мақсаты: Күнделікті тұрмыста жиі кездесетін ұзындықты өлшеудің жаңа бірлігі - метрді енгізудің туындап отырғанын түсіндіре отырып, «метрмен» және оның көмегімен ұзындықты өлшеудің мән - жайымен оқушыларды таныстыру, ұзындықтың бірліктері «метр», «дециметр» және «сантиметр»- дің ара қатынасын түсінуге жағдай жасау. Сынық сызықпен танысу, геометриялық фигураларды дұрыс атай білу. бір амалмен шығарылатын есептерді шешу дағдыларын дамыту; екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыра білу дағдыларын пысықтау, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге құштарлығын ояту.

Көрнекілік: см лента, сызғыш, кесте .

Қолданылатын технология: дамыта оқыту.

Әдісі: ізденісті - проблемалық, сарамандық жұмыс, топаралық жарыс.

Түрі: жаңа білім игеру сабағы.



Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық жағдай жасау.

- Балалар, біз не көріп тұрмыз? (Күнді)

- Дұрыс, ол бұлт арасынан шыққысы келіп тұр. Бұлтта жаңбырдың суы бар. Ол жауып болғанда күннің көзі ашылады. Кәне жаңбырды жауғызып, күнді құтқарайық..

3 саусақ, алақан, жоғарыда,

Партада тықылдату, алақанмен партаға соғу, аяқпен топырлау, шапалақтау, 3 саусақпен шапалақтау. Қолды жоғары созайық, күннің көзін ашайық.



ІІ. Жаңа сабақ.

1) Сарамандық жұмыс.

Кесінділерді өлшу (Барлық балаға ДМ жолақшаларын үлестіру)

А) Оқулықтың 8 бетіндегі екі кесіндіні өлшейік.



Осы екі кесіндінің ұзындықтарын қосыңдар

1дм+1 см =1дм1см

Ә) І топқа - Кітаптың мұқабасын өлшеу, дм - ге айналдыру.

- Адамдар әр жерде нені өлшеп жүр? Қандай заттардың ұзындығын өлшеп жатады?

(жауаптарын тыңдау)

В) ІІ - топқа - Тақтаны өлшеу. Сантиметрмен өлшеген тиімді ме?

- Әлде дециметрмен өлшеген тиімді ме?

- 1 м - де неше дм бар, см ше?

- Ұзындықты метрмен де өлшейді.

1м =10дм = 100см

2) Кестемен жұмыс.

Хормен оқу. жаттау

Есіңе сақта!

1дм = 10см

1м= 10дм

1м = 100см



ІІІ. Сергіту сәті. 1, 2, 3

Демаламыз жинап күш

Бестік баға аламыз

Қуанып үйге қайтамыз.

ҮІ Түсінгендерін тексеру.



№3



Әжейде 5м

Сатып алдв-3м

Шешуі:5+3

Жауабы: 8м

Әжейде -8м бау

Анама берді-3м

Шешуі:8-3=5м

Жауабы: 5м=50дм





№4

Ондықтармен бірліктерді атажәне жаз:35-3онд 5бірл, 46-?,28-?,63-?





№6

1 онд. 3 бірл. = 13 бірл.

2 онд.9 бірл. =29 бірл

9 онд 2 бірл. = 92 бірл.



ҮІІ сабақты қорыту.

Бүгінгі сабақта не білдік?



ҮІІІ Үйге тапсыру.

1. № 5 21 бет









Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы

қысқаша мағлұмат беру.



ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.



б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.



Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.



Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тапсырмаларды орындау.

Сабақты бекіту.

Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:

Шығарманың бейнелеу өнерінің қай түріне жататындығын дұрыс анықтау үшін, осы шығармадағы басты әсерлегіш құрал не екендігін анықтап алу қажет. Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы түсіндіремін.

Кескіндеме.

Кескіндеме - бұл бейнелеу өнерінің түрі. Кескіндеме туындылары бояулармен салынды. Мұндағы басты әсерлегіш құрал түс болып табылады. Кескіндеменің тағы бір атауы - сұңғат.

Суретші-сұңғатшы жұмысында қолданылатын бояулар. Сұңғат шығармалары әр алуан бояулармен орындалады. Сұңғатшы көбінесе акварель, майлы бояу, гуашь және акрил бояуларымен жұмыс істейді.

Суретші акварельмен суре салған кезде оның шығармалары мөлдір, кең тынысты болып шығады.

Гуашь та акварель тәрізді сумен ерітіледі. Гуашьтың акварельден айырмашылығы, ол қою түсті бояу. Гуашьпен орындалған жұмыстардың бояуы қалың әрі масатыдай құлпырған әсер береді. Гуашь және акварель бояуымен жұмыс істегенді өздерің сияқты кішкентай суретшілер жақсы көреді.

Суретшілер картиналарды көбінесе майлы бояумен салады. Майлы бояудың гуашь пен акварельден бір айырмашылығы сумен емес арнайы еріткіштермен ерітіледі. Майлы бояуды кенепке жаққан кезде тығыз әрі қалың дақ қалдырады.

Суретшілердің туындыларынан бұл дақтардың ізін байқап, адамдарды, табиғатты бейнелеген кезде дақтарды қалай түсіргенін көре аласың.

Майлы бояулар XV ғасырда нидерландық ағайынды суретшілер Ван Эйктер жетілдіре бастаған кезден кеңінен тарай бастады. Олар құрғақ түрлі түсті ұнтақтарды әр түрлі өсімдік майларымен араластыра отырып, ең дұрысы ұнтақтарды жаңғақ немесе зығыр майымен араластыру деп тапты. Сонда бояулар берік болады және кепкен соң үгітіліп, түсіп қалмайды.

Ал пастель, құрғақ түрлі түсті борлар сол осал құрал түрінде қалды. Олармен салынған жұмыстардың түстері әдемі болады. Пастелььді көбелектің қанатымен салыстырады. Онымен орындалған жұмыстар өте нәзік келеді, сондықтан да оларға аса ұқыпты болу қажет.

Сонымен қатар майлы пастель пайда болды. Оның түсі айшықты және онымен жұмыс істеу жеңіл. Ол құрғақ пастель тәрізді үгітілмейді. Сондықтан да балалар өз суреттерін осы пастельмен салғанды ұнатады.

Ал ең алғашқы берік бояу - ол жұмыртқа темперасы. Мұнда бояу ұнтағы жұмыртқаның сары уызымен араластыр ыл ады.

Темпера бояулары сумен ерітіледі. Кепкеннен кейін олар өте берік болады. Ол акварель мен гуашь бояулары сияқты сумен шайылмайды. Темпера майлы бояудан да берік. Бұл бояу қанша уақыт өтсе де өңін бермейді, не жиырылып, жарылмайды.



Үйге тапсырма беру: Жарық пен көлеңке реңдерін ажырата отырып кескіндемелік сурет сал.





























Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: музыка

Сабақтың тақырыбы: Күй шебері Тәттімбет.

Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлы күйші-композиторы Тәттімбеттің шығармашылығымен таныстыру.

Білімділік: Шертпе күй дәстүрімен таныстыру.

Дамыту: Ән айту қаблетін дамыту.

Міндеті: «Шерпе» күймен «төкпе» күйдің айырмашылығын ұғындыру.

Тәрбиелік: Халқын, елін суюге баулу.

Ән үйрену-орындау: «Алғашқы қоңырау» Әні: Ж Еңсепов, сөзі: Н Нұрқабылов..

Көрнекілік: Қазақстан суретшілерінің табиғат туралы суреттері.

1Ән ұран-орындауға

2Алғашқы қоңырау-үйренуге.

3. «Сарыжайлау» күйі-тыңдауға.



Сабақ барысы:

А) Жаңа тақырыпты меңгерту, әңгіме әдісі арқылы.

1. Құрманғазының күйлері екі ішекті бірдей қолды сермеп, қағып төгіп ойнайды. Сондықтан оларды «төкпе» күй дейді. Домбырада «төкпе» күйлермен қатар «шертпе» күйлер де орындалады. Ол дегеніміз, екі ішекті теріп ,саусақтың ұшымен шертіп қана ойналады. Сондықтан оларды «шертпе күй деп атайды. Енді біз «шертпе» күйдің шебері атанған Тәттімбетпен танысымыз. Ол Х1Х ғасырдың басында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Тәттімбет әрі күйші, әрі шешен адам болған. ( Сабақ барысында-Тәттімбет туралы «Ел аузындағы аңыз әңгімелер» қоса айтылады.)

Музыка тыңдайық:



2. «Сарыжайлау» күйі. Не туралы? Күйдің шығу тарихымен танысады. Тәттімбеттің бұл күйі Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында тыңдалады. Композитордың күймен табиғатты қалай бейнелегеніне назар аударамыз. Сабақта табиғат суреттері қоса көрсетіледі.

Ән орындайық: «Алғашқы қоңырау» Әнін жазған Жасарал. Еңсепов , (Қайталау)

Әнді орындамас бұрын мәтінін мәнерлеп оқып беремін. Әннің екпіні орташа. Алдымен жай

екпінде орындап үйреніп, кейін жылдамдық қосуға болады. Ән көңілді, әрі жігерлі орындалады. Әннің қайырмасы өте мәнерлі болып келеді. Бұл сабақта әннің жатталғандығы, жекелеп орындау барысымен тексеріледі.



Сабақты қорытындылау: Тәттімбет шығармашылығы толығырақ айтылады.

Төкпе күймен шертпе күйдің айырмашылығы неде?

Шертпе күйдің шебері кім?

Тәттімбеттің қандай күйлерін білеміз?



Үйге тапсырма: Құрманғазы жайлы қосымша мәліметтер жинау. «Алғашқы қоңырау» әнінің сөзін жаттау.

Бағалау:







































































Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: музыка

Сабақтың тақырыбы: Халық композиторы Дәулеткерей.

Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлы күйші-композиторы Дәулеткерейдің шығармашылығымен таныстыру.

Білімділік: Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйімен танысу.

Дамыту: Ән айту қаблетін дамыту.

Міндеті: «Шерпе» күймен «төкпе» күйдің айырмашылығын ұғындыру.

Тәрбиелік: Халқын, елін суюге баулу.

Ән үйрену-орындау: «Қошақаным қайда екен?» Әні:Ә.Бейсеуов, сөзі:С. Асанов..

Сабақ түрі: Сахналау сабағы.

1 «Алғашқы қоңырау»-орындауға

2 «Қошақаным қайда екен?»-үйренуге.

3. «Қосалқа» күйі---тыңдауға.



Сабақ барысы:

А) Оқушыларға күні бұрын дайындалған мәтіндер таратылып беріледі.

1. Сахналауға үш оқушы қатысады. Бірі-жүргізуші. Екіншісі-Дәулеткерей. Үшіншісі-Құрманғазы.

Жүргізуші: Дәулеткрей ел билеп тұрғанында, Прнайы сәлем беруге Құрманғазы іздеп келеді.

Дәулеткерей: Бұған дейін атағыңды көп естігенмін, Құрманғазы төрге шық, қонағым бол.

Жүргізуші: Аман саулық сұрасып шай ішіп болады.

Құрманғазы: Сіздің домбыраңыздың дауысын сағынып арнайы іздеп келдім, кезекті домбыраға берейік.

Жүргізуші: Дәулеткрей қолына домбырасын алып бір күй тартады.

Құрманғазы: Мына күйіңіз «Бұлбұлша» сайрап тұр ғой, бұл не деген күй ?

Дәулеткерей: Әй Құрманғазы, не деген сезімтал едің. Айтпай-ақ таптың ау. Бұл күйдің аты «Бұлбұл».

Жүргізуші: Ендігі кезек Құрманғазыға келеді. Ол біршеше күй тартады.

Дәулеткерей: Оу, Құрманғазы күйлерің не деген жігерлі еді. Көз алдыма аттың дүбірін, Қазақтың кең даласын елестеткендей бодым.

Жүргізуші: Осы кезде үйге келіні Саржан кіреді.

Құрманғазы: Саржан келініңіздің былқылдаған жүрісіне, сылдыр қаққан сырғасына бір күй шығарыңызшы дейді.

Жүргізуші: Сол кезде Дәулеткерей отыра қалып келініне арнап бір күй тартады. Ол күй ел арасында «Қосалқа» деп аталып кетеді.

Музыка тыңдайық:



1«Қосалқа» күйі. Не туралы? Күйдің шығу тарихымен танысады. Тәттімбеттің бұл күйі Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында тыңдалады. Күй тыңдау барысында, қыздар би қимылдарын жасап, ал ұлдар ұрмалы аспаптардың ырғағына қосылады.

Ән орындайық: «Қошақаным қайда екен?» Әнін жазғанӘ.Бейсеуов,

Әнді орындамас бұрын мәтінін мәнерлеп оқып беремін. Әннің екпіні орташа.



Сабақты қорытындылау: Тәттімбет шығармашылығы толығырақ айтылады.

Екі күйші қалай кездеседі?

Дәулеткерейдің қандай күйлерін білеміз ?

Дәулеткерей қандай күйші ?



Үйге тапсырма: Дәулеткерей жайлы қосымша оқу. «Алғашқы қоңырау» әнінің сөзін жаттау.



Бағалау:



























































Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: өзін өзі тану

Сабақтың тақырыбы: Біз осындай баламыз

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

-2-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру;

-өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру;

-ізгілікке тәрбиелеу.

Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,сюжетті суреттер.



Шаттық шеңбері

Балаларды шеңберге шақыру.Олармен бірге қосылып Б.Жақыптың«Біз бақытты баламыз!»әнін айту.

Дәйексөз ТақтағаА.Пивеннің «Өзіңді тыңдағанда ғана өзгені білесің»деген нақыл сөз жазылады.

Мәтінмен жұмыс Оқушыларға сабақ тақырыбын кеңірақ түсіндіру мақсатында әңгіме оқу ұсынылады.Әңгімеде өздері сияқты балалардың жазғы демалыс кезінде жасаған қамқорлық істері жайлы айтылады.«Балапан»әңгімесін оқу және жақсы істер жасауға талпындыру үшін мынадай сұрақтар қою:

*Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?

*Сендер жазғы демалыс кезінде қандай қамқорлық істер жасай алдыңдар?



Түйіндеу:-Балалар, «Өзін-өзі тану»пәнінен үйренген адамгершілік құндылықтарын өмір жағдайларында пайдаланып,адамдарға және айналаға жасаған жақсылықтарыңа қуанып тұрмын.



Ойын «Мен қандай баламын?»ойыны ұйымдастырылады.



Шығармашылық жұмыс «Біз осылай өсеміз»тақырыбына әңгіме құрастыру.



Дәптермен жұмыс «Менің жазғы демалысым»тақырыбына шағын әңгіме жазу.



Қорытындылау Шеңбер құрып тұрып,шеңберді бойлай кезектесіп,жазғы демалыстағы өздеріңнің жақсы істерің туралы айтамыз.



Жүректен жүрекке Шеңбер құрып «Біз осылай өсеміз»әнін айту.







Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: өзін өзі тану

Сабақтың тақырыбы: Көңіл күйімізді басқара білейік

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

ЖАҒЫМДЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК БЕРУ;

ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАЙ БІЛУ ІСКЕРЛІКТЕРІН ДАМЫТУ;

ҰСТАМДЫЛЫҚҚА,САБЫРЛЫЛЫҚҚА,РИЗАШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ.

Мақсаты: «Махаббат», «бақыт» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: Әр түрлі көңіл-күйді білдіретін суреттер.



Шаттық шеңбері Балаларды шеңберге шақыру.Олармен бірге қосылып «Кел,балалар күлейік» атты өлең шумақтарын қосылып айту.

Әңгімелесу Әңгімелесудің мақсаты-оқушылардың жағымды көңіл -күй,ұстамджы болу және әр-түрлі жағдайларда өзін ұстай білуі туралы ойларын тыңдап,өміріндегі мәнін түсіндіру.



Мәтінмен жұмыс «Бос қайық».Аңыз әңгіме. Оқушылар мәтінді оқып,сұрақтарға жауап береді.

*Аңызда адамның қандай көңіл-күйі сөз болды?

* Өздерің қандай қорытынды жасар едіңдер?



Жаңа ақпарат Жаңа ақпаратты талдау оқушылардың тақырыпқа байланысты өзкөзқарастарын қалыптастыруға негіз болады.Жақсы іс,жағымды әрекет,ізгі ниет,жылы сөз,жақсылық хабар қуаныштың адам өміріндегі маңызын түсінуге бағдар беру.



Тапсырма «Суреттегі балалардың бет бейнелеріне қарап,қандай көңіл-күйде тұрғанын әңгімелеп беру».



Қорытынды -Балалар,біздің бүгінгі сабағымыз «Көңіл-күйімізді басқара білейік»деп аталады.Бұл дегеніміз қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап,өзімізді ұстай білуімізді және өзімізге,айналамызға қуаныш сыйлауымызды білдіреді.



Дәптермен жұмыс Ребусты шешу.(Шешуі: «Орынсыз ашу- от шашу»)



Жүректен жүрекке Балалар шеңберге тұрып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтып,өз көңіл-күйі қандай екенін сыныптастары алдында жария етеді.Мыс: «Менің көңіл-күйім көтеріңкі,өйткені жақсы көңіл күй қуаныш әкеледі».



Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: «Шыбынжұт саңырауқұлағын құрастыру. Дайындау реті

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларды түрлі - түсті қағаз қиындыларынан саңырауқұлақ жапсырмалауға үйрету. Қайшымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету;

б) дамытушылық: қолдың ұсақ бұлшық еттерін жетілдіру, көзбен мөлшерлей білуге, қағазды үнемді пайдалануға дағдыландыру. Алған білімін іс жүзінде қолдана білу арқылы ой - өрісін

дамытып, өз ойын толық жеткізе білуге баулу, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау;

в) тәрбиелік: оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру, өзінің жұмыс орнын ұқыпты ұстауға баулу, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдістері: көрсету, сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын т. б.

Сабақтың көрнекілігі: еңбек, ойын құралдары, ереже т. б.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, қоршаған орта, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық:

Сәлеметсіз бе?! Есенсіз бе?! Амансыз ба?! Біздің сыныбымызға қош келіпсіз!

ә) Мұғалім: балалар, қазір болатын сабағымыз - еңбекке баулу. Бізге бүгін қонақтар келіпті. Сабағымыз бүгін ерекше болмақ. Олай болса сабағымызды «Үндеме, бірақ қайтала» деген ойынмен бастайық.

Мақсаты: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Шарты: мұғалім сабаққа қажетті құралдарды көрсетеді, оқушылар үндемей өз орында отырып құралдарын көрсетуі тиіс.

II. Жалпы білімді тексеру

а) «Негізгі түстер қызығы» ойыны.

Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін анықтау.

Шарты: түстердің ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтары:

1. Қағаз дегеніміз не?

2. Қағаздың қасиеттерін ата.

3. Қағаздың түрлерін ата.

ә) «Жануарды таны» ойыны.

Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау.

Шарты: көбелек туралы мәліметтерді еске түсіру.

Жасаған көбелектері туралы сұрау.

б) Сергіту сәті.

III. Жаңа білімді үйренуге дайындық

а) Қызығушылығын ояту: «Кім тез табады?»

Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын ояту.

Шарты: суретте берілген көбелектерді санау, ерекше көбелекті табу.

ә) Ой қозғау: саңырауқұлақ туралы не білеміз?

б) Ақпараттық мәлімет.

IV. Жаңа білімді түсіндіру

а) Қауіпсіздік ережелері:

Қайшымен жұмыс жасау қауіпсіздігі

1. Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.

2. Қайшыны тек Өз жұмыс орныңда ғана пайдалан.

3. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.

4. Қайшыны ашық күйінде қалдырма.

5. Екінші адамға қайшыны жабық түрінде сабы жағымен ұсын.

6. Қайшымен қию кезінде жүрме, ешкімге жақындама.

7. Қайшының алмасына зер салып қи.

8. Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой.

Желіммен жұмыс жасау қауіпсіздігі

1. Желімнің қақпағын абайлап аш.

2. Қағазға ұқыпты, керегінше жақ.

3. Артығын сүрткішпен алып таста.

4. Қолыңды сүрткішпен сүрт.

5. Жұмыс соңында қақпағын жауып, орнына қой.

Қылқаламмен жұмыс жасау қауіпсіздігі

1. Қылқаламды қажетті уақытта ғана ұста.

2. Қылқаламды дұрыс ұста.

3. Қылқаламның ұшымен қағазды абайлап үз.

4. Қылқаламды ешкімге нұсқама.

5. Жұмыс соңында қылқаламды орнына сал.

б) Сергіту сәті.

в) «Саңырауқұлақ» сөзін буынға бөлдіру, тасымалдату, әріптерінен сөз құрату.

VI. Жаңа білімді қорыту

а) Балалар, бүгінгі жұмыс ұнады ма?

ә) Не жасап үйрендік?

б) Көрме ұйымдастыру.

в) Жұмыс орнын жинау.

VII. Бағалау

Оқушыларды мадақтау, нұсқаулар айту.











Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: еңбекке баулу

Тақырыбы: Малта тастан мозайка құрастыру

Мақсаты:. Малта тастардан және басқа да материалдардан мозаика құрастыруға үйрету; Түсініп оқуға дағдыландыру; ойлауын дамыту; еңбектене білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару



ІІ. Өткенді қорыту.Суреттерге талдау, өмірмен байланыстыру. Бұғы пішінін жасау , мүсіндер туралы әңгімелеу. Табиғи материалдардан тағы не дайындап жасауға болады?



ІІІ . Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.



ІҮ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Жеке-жеке оқу

Суреттермен жұмыс Суреттегі мысық мозаикасы неден жасалынған деп ойлайсың?

Мозаиканың негізі ермексаз екенін естен шығарма.



Ү Практикалық жұмыс

Тастардан мысық мозаикасын құрастыру

1. Ұсақ тастар, ермексаз дайындау;

2. Ермексазды мысық пішініне келтіру

3. Сәйкесінше тастармен мозаикалау



ҮІ. Түсінгендерін тексеру. 2-4 суреттердегі малта тастардың орналасуына көңіл бөліп қарап , салыстыру.



ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Суретке қарап әңгімелеу. Сұрақтарға жауап алу.



ҮІІІ Үйге тапсырма:14-16 бет оқу. Бағалау.







Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: еңбекке баулу

Сабатың тақырыбы: Бұғы пішінін жасау. Жіп.

Сабатың мақсаты. Оқушыларды жіп иіру, жіптен тоқылатын заттар және олардың түрлерімен, сапасымен таныстыру.

Жіпті қандай жағдайда қалай таңдау керектігін үйрету. Зейін қою, есте сақтау қабіліттерін дамыта түсу. Ұқыптылыққа, мәдениеттілікке және көркемді, сәнді заттарға көңіл аудара білуге тәрбиелеу.

Көрнекілгі: жіп түрлері, тоқыма бұйымдар, фабрика суреті, тоқымаға арналған сымдар.



Сабақтың барысы

І . Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Еңбек сабағының қауіпсіздік және басқа да ережелерін ескерту.



ІІ. Өткен сабақтарға шолу жасау.

1. Мақта жайында не білеміз ?

Қазақстанның оңтүстігінде өседі. Оны қолмен немесе комбайынмен

жинайды. Мақтадан жіп жасайды, жіптен мата тоқиды.

2. Алғашқы адамдардың киімдері жайлы не білеміз?

Олар мата дегенді білмеген , киімдерін теріден тігіп киген.

3. Инені қайдан алған ?

Аңдардың сүйегінен жасаған.

4. Маталар неден жасалады ?

5. Маталардың түрлерін білесіңдер ме?

6. Мата не үшін қажет ?

Бүгінгі күнде матанаң қанша түрі бар екенін айту қиын , күн сайын шеберлер , мамандар неше түрін шығаруда.



ІІІ. Жаңа сабақ. Жіп туралы мағлұмат.

Жіп иіру.

Жіп жасау үшін біз оны иіруіміз қажет. Тоқыма фабрикаларында жіпті машиналар иіреді. Ол мақта, кендір, жүн жіптерді өзі иіреді.

Иіру машиналарында қызмет ететін адамдарды жіп иіруші дейді.

Ал жіпті өз қолымызбен де иіруге болады. Онда ерте заманда фабрикалар болмағанның өзінде жіптің неше түрлерін ҰРШЫҚПЕН -АҚ иірген екен. Ауылда әліде болса әжелеріміз осы ұршығын тастаған емес.



Жіп - қолөнерге қолайлы материал. Одан киім, кілем немесе гобелен секілді бұйымдарды тоқуға немесе тігуге болады. Жіп түрлерін және ұршықты көрсету.

Жіппен тоқылған заттардың ерекшеліктері, сан түрлі өзгеріс жасау. Тоқыма заттардан көрме көрсету.



ІҮ. Қорытынды:

Схема арқылы қайталатып шығу.

Өздерінің үйлерінде тоқыма пайдалана ма ?



Ү. Үйге тапсырма: Жіп туралы мағлұмат.



ҮІ. Бағалау.

































































Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Шеберлерден үйренейік

Мақсаты: мыжылған қағаздан қысқы ағаш жасауға үйрету, ой-өрісін кеңейту, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қағаз түрлері.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару



ІІ. Өткенді пысықтау.

Қағаз бүктеу, желімдеу ерекшеліктерін еске түсіру.



ІІІ. Мақсат қою кезеңі:

Сабақтың тақырыбын мақсатын қою.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Қысқы табиғат көрінісі жайлы әңгімелеп, елестету.

Оқушының еңбегі, мұғалімнің көмегі

1. Ақ және көк қағазды алып мыжғылау

2. Дайын қағаздың жартысынан бұтақтар жасау

3. Умаждалған көк қағаздың бетіне қысқы ағаштың бейнесін құрастыру

4. Жұлдызшалармен әшекейлеу «Қарлы дала» композициясы құрастырылады

ҮІ. Түсінгендерін тексеру.

«Қарлы дала» тақырыбына әңгіме құрып, өз еңбегі жайлы сипаттау.



ҮІІ. Қорытындылау

Бүгінгі сабақта не жасап үйрендік?



ҮІІІ. Үйге тапсырма:

Түсініп оқу,бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал