- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: '1 санын қосу және азайту'
Сабақтың тақырыбы: '1 санын қосу және азайту'
Күні:______________
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: 1 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, сандар қатарының қасиетіне сүйеніп, 1 санын қосу және азайту тәсілімен таныстыру.
-
Дамытушылық: Санға 1-ді қосу үшін келесі санды атау, ал саннан 1-ді азайту үшін алдыңғы санды атау жеткілікті болатыны туралы қорытынды тұжырымдау.
-
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: 1-ді қосу, азайту кестесі.
Оқыту әдісі: түсіндіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Көздеріңді жұмындар. Сан қатарымен қадамдап жүріп жатқандарыңды елестетіңдер. Ойша 0-ден 10-ға дейін оннан солға қарай қадамдадың делік. Сонда не болар еді?
ІІ. Білімді еске түсіру.
Мұғалім тарсырманы оқиды, оқушылар цифрларды көрсетеді.
- 4 санынан 1-еуі артық санды көрсет.
- 10 санынан 1-еуі кем санды көрсет.
- 6 санынан 1-еуі кем санды көрсет.
- 5 санынан 1-еуі артық санды көрсет.
- 1 санынан 1-еуі кем санды көрсет.
Өлеңмен берілген тапсырма.
Тоғайда жүрген кірпі
Қажетті түскі асқа
Саңырауқұлақ тапты.
Ақ қайыңның түбінде екеу болды,
Көк теректің жанынан біреу алды.
Сонда нешеу болады
Тоқылған себет ішінде?- теңдік құрылады.тақтаға жазылады.
2+1=3
ІІІ. Шешілуі тиіс мәселе.
№1 тапсырма. Оқулықтың суреті бойынша әңгімелесу жүргізу. Сонда санға 1-ді қосқанда санағандағы келесі санның, ал саннан 1-ді азайтқанда санағандағы алдыңғы санның шығатыны туралы қорытынды тиянақталады.
- Төбешікте барлығы неше бала бар?
-Алыста бір ұл бала келе жатыр, ол келгенде төбешіктері балалар нешеу болды?
Егер төбешіктегі балалардың біреуі сырғанвап түссе, төбешіктегі балалар нешеу болады?
№2 тапсырма. Бұл тапсырмада оқушылардың сандар қатары туралы алғаш білімдері тиянақталады және көрнекілікке сүйеніп, 10 көлемінде 1 санын қосу және азайту тәсілі енгізіледі. Нәтижелерді оқушылар өздігінен жазады, тақтада сәйкес түсіндірме келтіру. №3, №4 тапсырмалар. Бұларды солдан оңға қарай және оңнан солға санағанда алынатын нәтижелерге ерекше көңіл бөлінеді. Сандардың қатары келесі тапсырмаларды орындағанда көрнекі құрал ретінде пайдаланылады.
Оқушылар №4 тапсырмада сандардың көршілерін табады, сонда сандар қатарына сүйенеді және №5 тапсырмада қалып қойған сандарды таңдап орнына қояды. Мұнда амалдың таңбасы және сан талданады. Сондықтан алдымен қосу не азайту амалдарының бірі таңдалады, өйткені сандарды таңдау осыған тәуелді. Содан кейін теңсіздік тура болатын сандар таңдалады, сонда барлық мүмкін нұсқалар қарастырылады.
№2. Сандар қатары тұралы білімдерін тиянақтау және 10 көлемінде 1 санын қосу және азайту тәсілін енгізу. Теңдік құрып оқушылар нәтижелерін өздігінен жазады.
№3, №4 тапсырмалар. Солдан оңға қарай және оңнан солға қарай санағанда алынатын нәтижелерге ерекше көңіл бөлу. №4 тапсырмада сандардың көршілерін табу. №5 тапсырмада қалып қойған сандарды таңдап орнына қояды.
1+1=2 2+1=3 3+1=4 4+1=5 5+1=6 т. б.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Демек,1-ді қосқанда, сандар қатарындағыкелесісанды,азайтқанда сол санның алдындағы санды шығарып аламыз.
10-1=9 9-1=8 8-1=7 7-1=6 6-1=5 5-1=4 т. б
1+1=2 2+1=3 3+1=4 4+1=5 5+1=6 т. б.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Демек,1-ді қосқанда, сандар қатарындағы келесі санды,азайтқанда сол санның алдындағы санды шығарып аламыз.
10-1=9 9-1=8 8-1=7 7-1=6 6-1=5 5-1=4 т. б
Сергіту сәті.
Орымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз бір дем алып аламыз.
Дәптерге орындау.
10=1+9 9=8+1 8=7+1
7=6+1 6=5+1 5=4+1
4=3+1 3=2+1 2=1+1
Шығармашылық жаттығу 3 * 2>4
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Біз бүгінгі сабақта нені білдік?
-Санға 1-ді қоссақ неше шығады?
1+1 2+1 3+ 1 4+1 5+1 6+1 7+1 8+1 9+1
10-1 9-1 8-1 7-1 6-1 5-1 4-1 3-1 2-1 1-1
Үйге тапсырма беру. 65 бет № 5 есеп шығару.
10=1+9 8=1+7
6=1+5 4=3+1
9=8+1 7=6+1
5=6+1 3=1+2
Мадақтау.