7


  • Учителю
  • Табиғат сыйы тақырыбы бойынша кіріктірілген сабақ жоспары

Табиғат сыйы тақырыбы бойынша кіріктірілген сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзi тану-орыс тілі-ағылшын тілі

кіріктірілген сабағының

жоспары



Мектеп: «№2 Ұзынкөл орта мектебі» КММ

Мерзiмі:

Тақырып: Табиғат сыйы

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: қамқорлық, сүйіспеншілік, достық

Мұғалiмдер: Шегенова Р.Ж., Едышева Ш.К. , Заскалько Е.В.

Сынып:3 Оқушылар саны: 8



Сабақ мақсаты: Балалардың табиғатқа «сүйіспеншілік», «қамқорлық», «достық» қасиеттері арқылы «дұрыс әрекет» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

  • табиғат пен адам үйлесімділігі, оның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • табиғатқа қамқор бола білу іскерліктерін дамыту;

  • табиғатқа, өсімдіктерге күтіммен қарауға тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

presentation-1

presentation-2

үнтаспа, электронды оқулық, постер қағаз,желім,

аңыз-әңгімеге керекті сахналық киімдер,

«Құс жолы»жұлдызшалары, құстардың суреттері

I

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

  1. Балалармен оң қолды жүрек тұсына қойып амандасу (балалар да осылай амандасады, осылайша бір-бірімізге деген сүйіспеншілігіміз бен құрметімізді білдіреміз)

  2. Тыныштық сәтi.(баяу әуен қойылады: «Одинокий пастух») «Орманға ойша серуен»

- Арқаңызды тік ұстап, көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз.

Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, әрі қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға енген сайын, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оның діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (1-2 минут үзіліс жасау).

Біз өзімізді қалайша жеңіл, әрі тыныш және бақытты сезінеміз! Табиғат неткен ғажап! Оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Рахмет!

2.Үй тапсырмасын тексеру:

-Балалар, сіздерге үйге тапсырма ретінде «»Табиғат сыйы тақырыбына сурет салып келу берілген болатын. Ендеше үй тапсырмасын жариялайық (Балалар түсініктеме бере отырып,өз жұмыстарын көрсетіп іледі)

-Ия, табиғат деп - аспан, бұлт, күн,аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, т. б. айтамыз. Осының барлығы Табиғаттың бізге берген сыйы.

-Әрине, құстың сайраған үні жоқ жерде, жан-жануарлардың қайнаған тіршілігі жоқ жерде табиғат сұлу болмақ емес. Олардың да адамдарға үйретері мен ұғындырары мол, оларға қамқор бола білу - біздің міндетіміз.

Бүгін біз осы тақырыпты жалғастырамыз. (Оқушылар тақырыпты дәптерге жазып қояды.Тақырып презентацияда көрсетілінеді)

Сабақ барысын талдау:

II

Дәйексөз

«Табиғатым аң-құсымен ажарлы» Р. Сәтімбеков

-Ал, енді балалар, тақтаға назар аударайықшы (Тақтаға «Табиғатым аң-құсымен ажарлы» деп ілініп тұр)

(Балаларға 2 рет қайталаттырып, дәптерге жаздырту)

- Осы дәйексөзді растайық . (Балалар талқылайды)

- Тамаша, шынымен де табиғатымыз - жер беті аң - құспен ажарлы екеніне көзімізді жеткізелік. Табиғатта кездесетін аңдар, құстар, жәндіктер,өсімдіктер, т.б. туралы халықта көптеген аңыз-әңгімелер, ертегілер,ырымдар көп. Соның бірі -«Құс жолы»





III

1) Шығармашылық жұмыс (осы жерде ағылшын тілі мұғалімі Едышева Ш.К. жалғастырып әкетеді)

-Бүгін біз Табиғат - Ананың бізге тарту еткен сыйының бірі - «қанатты достар», яғни құстар туралы әңгімелесеміз.

-Children, now I'll give you a star for everyone. You must write one name of bird and its good character on it. Then you will go to the blackboard and attach your stars on the Milky Way.

- Көктемде елімізге қайтып оралатын қандай құстарды білесіңдер? (балалар атайды)

- Ендеше өздеріңе таныс аспан көгіндегі «Құс жолы» белдеуімен көктемде қанатты достарымыз бізге адаспай ұшып, жетуіне септігін тигізетін жарық жолдар салу үшін мен сендерге бір-бір жұлдыз таратып беремін. Бұл жұлдыздарға сендер қанатты достарыңның аттарын жазасыздар. Сендер құстың аты жазылған жерге сол құстың жақсы қасиетін тіркеп жазып, тақтадағы құс жолына іліңдер.

Мысалы:

  • Аққудың жақсы қасиеті - адалдығы;

  • Swan's good character is faith.

    Қарлығаштың жақсы қасиеті - адаммен достығы;

  • Swallow's good character is friendship with human.

    Қыранның жақсы қасиеті - батылдығы;

  • Falcon's good character is courage.

    Тоқылдақтың жақсы қасиеті - ағашқа қамқорлығы;

  • Woodpecker's good character is taking care of trees.

    Сауысқанның жақсы қасиеті - сақтығы;

  • Magpie's good character is caution.



  • Бұлбұлдың жақсы қасиеті - ән сыйлауы

  • Nightingale's good character is singing.



Қараторғай - көктем хабаршысы

Қараторғай - скворец - starling



Тырнаның жақсы қасиеті - сымбаттылығы

Тырна - журавль - crane



(Оқушылар өз жұлдыздарын ілген кезде қасиеттерді қазақша-орысша-ағылшынша айтуларына болады:

Мысалы, адалдық - верность - faith)

- -Жарайсыңдар, балалар,сендер түн ішінде жарқырап тұратын құс жолын бұрынғысынан да жарқыратып жібердіңдер. Ал құс жолын жарқыратқан құстардағы жақсы қасиеттері екенін ұмытпаңдар.Қасиеттерді атап жіберіңдерші....

Ал енді балалар, біздің кіші Отанымызды мекендейтін, дәл осы ауылымыз Ұзынкөлде көріп жүрген ,қыстап қалатын тағы қандай құстарды, олардың қасиеттерін атай аласыңдар? (сауысқан, торғай, қарға,көгершін, т.б)

- Жарайсыңдар, мен сендердің кіші Отанындағы құстарды жақсы білетіндеріне қуаныштымын.



Түйін жасау.

- Балалар, ал өз туған жерінің тарихын жақсы білетін, табиғатын сүйетін адамды қалай атайды? Дұрыс, отансүйгіш немесе патриот адам деп атайды. Сендердің осындай патриот адам екендеріңе мен қуаныштымын.

  • Рахмет! Thank you!





2) Шығармашылық жұмыс. (Орыс тілі пәні мұғалімі Заскалько Е.В. жалғастырып әкетеді)

Сахналау - Театрализация

- Продолжим разговор о птицах ...

- Какие вы знаете приметы, связанные с ласточкой? (ответы детей)

- А теперь давайте послушаем казахскую народную сказку «Почему человек дружит с ласточкой».

... Давно это было. Собрала как-то Змея вокруг себя всех животных и птиц и расплакалась:

- Несправедливо поступил со мной бог, когда создавал мир. Он всем обделил меня: не дал ног, и я вынуждена всю жизнь ползать, не в силах даже оторвать от земли голову. У всех языки как языки - целые, а у меня - раздвоенный. Я самая несчастная на земле, а ведь страдальцы - всем это известно - всегда справедливы. О горе мне, горе! - и Змея залилась горючими слезами.

Пожалели животные горемычную, стали совещаться. Долго совещались, наконец решили:

- Обрадуем несчастную: объявим, что отныне считаем ее владычицей нашей.

Порешили и сделали так. Стала Змея царицей. Проходили день за днем, год за годом. Хорошо жилось Змее: все почитали ее, низко кланялись. И вот однажды размечталась Змея: «Хочу жить еще лучше. Я ли не владычица, я ли не повелительница: что захочу, то и сделаю! Хочу питаться существами, у которых самая сладкая кровь!»

Призвала Змея к себе всех насекомых - лучше их никто не разбирается во вкусе крови. Прилетел Комар, звеня крыльями, прилетел Овод, высунув жало, прилетели все, кто хотел угодить царице.

И приказала царица Комару и Оводу:

- Облетите всю землю, попробуйте на вкус все живое и неживое, все твердое и мягкое. О самом вкусном сообщите мне.

Полетели Комар и Овод выполнять задание повелительницы. Комар не мог лететь далеко. Он боялся ветра и часто прятался в траве. Скоро он отстал от Овода и вернулся домой.

Прошло много дней. Овод облетел всю землю, попробовал на вкус сок всех растений, кровь всех животных и птиц и с песней возвращался назад. Повстречалась ему на пути Ласточка.

- Ну как, друг Овод? - остановила его Ласточка. - Я слышала, вы искали самую вкусную пищу для царицы? Нашли?

Но Овод не захотел отвечать Ласточке и полетел быстрее прежнего.

- А, понятно, понятно! - защебетала Ласточка вдогонку. - Вы нашли, что искали! Я всегда знала вас как самого ловкого и храброго. И теперь расскажу всем крылатым, что вы с честью выполнили задание царицы.

Слова Ласточки понравились Оводу, и он гордо спросил:

- А ты знаешь, кого я выбрал для пищи царице?

- Откуда мне знать? Я телом хоть и больше вас, но умом беднее - ведь вы советник самой царицы! Для меня, недостойной, достаточно знать, что вы выполнили задание нашей повелительницы - я и этим довольна,- отвечала Ласточка.

Еще пуще возгордился Овод и ответил хвастливо:

- А я скажу и тебе, чего мне бояться! Самая вкусная пища для нашей царицы - это кровь Человека.

«Так, значит, самое умное и самое доброе существо на земле - Человек - должен отныне служить пищей ползучей мрази»,- в ужасе подумала Ласточка. И моментально у нее созрел план, как отвести от человека беду.

- Дорогой Овод,- сокрушенно вздохнула Ласточка,- если я глупа, прости мне дерзость мою. Я никогда не пробовала человеческой крови. Моя мать не раз говорила: кто попробует самую сладкую кровь, у того на языке останется золотая печать. Как бы я хотела увидеть эту печать!

У Овода дух захватило от такого внимания к нему. И ответил он важно:

- Ну что ж, посмотри, бедняжка, мне не жалко,- и высунул свой язык. Ласточка вмиг вырвала у Овода язык и взмыла вверх. Заплакал Овод, да делать нечего, жужжа, полетел дальше.

«Посмотрим, как ты теперь без языка расскажешь царице о самой вкусной крови!»-весело подумала Ласточка и полетела вслед за Оводом.

Прилетел Овод к Змее, а та уже ждет не дождется посланца своего. Закружил Овод над владычицей, хочет что-то сказать, но изо рта вырывается только «Ж-ж-ж, ж-ж-ж».

Разгневалась Змея:

- Что такое? Или у него языка нет, или он умом тронулся? Может быть, вы объясните, что он говорит? - обратилась она к подданным своим.

- Я все поняла,- сказала Ласточка.- Он говорит: «Я жужжа облетел весь свет, но ничего не нашел слаще земли, которая породила различные растения».

Овод с ненавистью бросился на Ласточку... Потом подлетел к Змее и заплакал в отчаянии.

- А-а, ты лишила Овода языка! - догадалась Змея и, подскочив изо всех сил, кинулась на Ласточку. Только куда уж Змее угнаться за быстрокрылой Ласточкой! Ласточка молнией взметнулась вверх, и только за хвост успела схватить ее Змея. Стал хвост у Ласточки вилкой.



С тех пор Человек подружился с ласточками и позволил им вить гнезда под крышей своего жилища.

Вопросы по содержанию:

- О чём эта сказка?

- Какие качества ласточки вы видите в этой сказке?

- Слушая эту сказку чему мы научились?

(Учитель благодарит детей)





IV

Қорытындылау.

  • Адамдар табиғаттан нені үйрене аламыз?

  • әдемілікті

  • сұлулықты

  • қамқорлықты

  • достықты

  • адалдықты

  • тазалықты

  • тыныштықты......





V

Үй тапсырмасы.

«Табиғатқа қандай қамқорлық жасай аламын» тақырыбына үш тілде әңгіме құрастырып келу



VI

Топпен ән айту.

«Бала тілегі». Сөзі: С. Молдасанұлыныкі

Әні: Ф. Жолдасованікі

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Табиғат сыйы тақырыбы бойынша кіріктірілген сабақ жоспарыКел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман. 2 рет





Ла-ла-ла, ла-ла-ла, .....





Болашақты иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Табиғат сыйы тақырыбы бойынша кіріктірілген сабақ жоспарыАлтын бесік - ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. . 2 рет





Ла-ла-ла, ла-ла-ла, .....





Қалықтаған көгершіні көгінде.

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Табиғат сыйы тақырыбы бойынша кіріктірілген сабақ жоспарыАта бергін батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. 2 рет





VII

Соңғы тыныштық сәтi. ( «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі аяқтайды)

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық -сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады.

Баршаңызға рахмет! Сау болыңыздар!











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал