7


  • Учителю
  • Дүниетану. Денелер заттар 3 сынып

Дүниетану. Денелер заттар 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану

Сабақ тақырыбы: Денелер. Заттар

Сабақ мақсаты: оқушылардың табиғи және жасанды денелер мен олардың құрамы туралы, зат туралы түсініктерін қалыптастыруына ықпал ету; балалардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру; есте сақтау және ойлау қабілеттерін арттыру; тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі : жаңа сабақ

Сабақ әдісі: интербелсенді тақта, электрондық оқулық, салыстыру, талдау, сұрақ- жауап

Көрнекілік: суреттер, кесте

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезең Психологиялық дайындық (әнімен)

Бүгін қай күн? Сәрсенбі Қайырлы күн, балалар

Ертең қай күн ? Бейсенбі Қайырлы күн, мұғалімдер

Оят онда Сәрсенді Тыныш болып түніміз

Оят онда Бейсенді Ашық болып күніміз

Сабағынан қалмасын Сәттілікке толсын- ай

Топ басшыларына бағалау парағын тарату

2. Үй тапсырмасын тексеру

«Әр суретті өз орнына қой» ойынын ойнау. (Интербелсенді тақтада слайд )

Балалар, ойын ойнағыларың келе ме? Бәріміз тақтаға қарайық. Ортада не көріп тұрсыңдар? Көл. Ендеше мына суреттерді көлдің маңына топтастырайық.

Әр суреттің орнын тапсаң, артынан құпия сөз шығады.Ол үшін үй тапсырмасы бойынша мына сұрақтарға жауап берулерің керек.

  1. Температураны немен өлшейді? Оның түрлерін ата (суреттерін көрсету)

  2. Ауа, су, топырақ температурасының тіршілік иелері үшін қандай маңызы бар?

  3. Дені сау адамның қалыпты температурасы қандай болу керек?

  4. +30, -30 градуста қалай киінесің?

  5. Ауа- райын болжайтын қандай жәндіктерді білесіңдер?

(Көл,аққу, балық ,құс ,ағаш ,қанқыз суреттері және рет сандары бар буындар болады.) Суреттерді орнына жылжыту арқылы құпия сөз шығады. Оларды ретімен орналастыр.)

Денелер мен заттар деген сөз шығады. Ендеше бүгінгі сабағымыз денелер мен заттар жайында болмақ.

Тақтаға назар аудару. Суретке қарап не айтуға болады? Табиғат көрінісі. Осы суреттердің қайсысы артық? Көл

. Неге? Өйткені ол өлі табиғат.Сонымен тірі, өлі табиғат дегеніміз не екен? Ендеше бүгінгі сабақта табиғат туралы кеңірек танысатын боламыз.

Ал сендер дене дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Жаңа сабақ

Дене деген сөздің басқа да мағынасы бар екен. Бәріміз тақтаға қарап, дененің не екендігін түсініп алайық. ( электрондық оқулық арқылы тыңдау)

Не түсіндік? Дене деген не? Оның қандай түрлері бар екен? Зат деген не?

Осы сыныптың ішінде дене бар ма?

4. Оқулықпен жұмыс.

1 топ: 30 беттегі 1- абзацты оқу. Денелер табиғи және жасанды дене екендігі жайлы оқиды. Суреттерін ажырату. (Картоп, кітап)

2- топ: Денелер қатты, сұйық, газ тәріздес болады. Үстелдің үстіндегі тас, целлофандағы ауа, стақандағы суды көрсетіп қайсысына жататындығын айту.

3-топ: Дене заттардан тұрады. Үстелдің үстіне 2 сызғыш ( ағаш, пластмасса), стақандағы су, өсімдік, ауа. Өсімдіктің құрамы күрделі.(су, крахмал, қант және басқа заттар бар.Адамдар мен жануарлар да әр түрлі заттардан тұрады.Кітап пен дәптер, қаламды дәлелдеу.

4- топ: Үйден іздену.

Қайсы дене? Қайсы зат? Ажырат. Үстелдің үстіне сабын қою.Балалар мен сендерге Сабынның жасалу жолы туралы алдын- ала тапсырма бергенмін.Бұл тапсырманы 4- топ орындайды.

Сабын неден жасалған? Ерте кезде қазақ халқы қара сабынды алабота деген өсімдікті өртеп, малдың сүйектерін өртеп, өсімдіктің күлін және сүйектің майын қосып жасаған. Жасалған нәрсе түнімен тұрған. Сабынның мынадай пайдасы бар:

Егер жара шықса сол жерді сабынмен жуу керек.Иіс сабыннан гөрі кір сабынды пайдаланған дұрыс екен.

Логикалық тапсырма. Алабота мен шырпының суретін көрсету. Қандай байланысы бар?

( шырпымен алаботаны өртеп сабын жасайды)

3 минут уақыт беру. Топтың жауаптарын тыңдау.

Енді біраз шаршаған шығармыз, сергіп дем алайық.

6.Сергіту сәті. « Бақытты баламыз» әнімен

Елді сүйген баламыз, Біз талапты баламыз,

Білімнен нұр шашамыз. Оқып - білім аламыз.

Әлкей, Қаныш атадай, Заттар сырын ұғынып

Көп жаңалық ашамыз. Ажырата аламыз.

7.Топтық жұмыс ( музыка)

1- топ: Жасанды денелерді пайдаланып, бүгінгі тақырыпқа сай әңгіме құра.

2- топ: Берілген өлең бойынша қажетті сөзді тап. ( тақтаға шығарып қою)

Дене деген немене? Бізді қоршап тұрған

Достым білгің ------------ ме? Өлі, тірі ----------------

Дене ----------- баласы Дене неден тұрса

Зат ----------- анасы Дейміз оны ------------

Керекті сөздер : келе, заттың, дененің, табиғат, зат.

3- топ: Мына заттарды пайдаланып не құрастыруға болады? ( тақтай, ермексаз, скрепка, кубик, қағаз, трубочка, )

4- топ: Жұмбақ құрастыру. Мен құмнан жасаламын. Әрбір үйде боламын.Мен болмасам үйдің іші қараңғы болады. Мен қандай денемін? (әйнек)

Мен ағаштан жасаламын. Менімен күй шертуге, ән айтуға болады. Мен қандай денемін? (домбыра)

Мен жүннен жасаламын. Мені тоқып та жасайды. Қыста киюге керекпін. Мен болмасам қолым тоңады.( қолғап)

Мен металлдан жасалғанмын. Әр үйде бармын. Тамақ жеуге, шайды араластыруға керекпін. Мен қандай денемін?

Мен резеңкеден жасалғанмын. Домалақпын, секіргішпін. Балалар менімен ойнайды.( доп)

8.Қорытынды.

Ал, балалар бүгін сабақта не үйренгендеріңді тексеріп көрейін.Бәріміз тақтаға назар аударайық.( Электрондық оқулықтан тапсырма орындау)

  1. Тапсырма: Табиғи дене мен жасанды денелерді ажырат.

  2. Денелер қандай заттардан тұрады? Жаңбыр судан,

  3. Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады? Ұшақ металлдан





9. Бүгін сабақта не білдіңдер? Не үйрендіңдер? (балалар өз ойларын айтады.)

10. Топ басшылары бағалайды.Ал енді топ басшылары ,сендер әр топ мүшесін бағалап отырсыңдар.Оны мен назарға аламын. Ал сендер ерекше көзге түсіп, нақты жауап берген оқушыларды атап өтіңдер.

11. Үйге тапсырма: бір топқа « Сағыздың жасалу жолдарын» білу. Қалған топтар 33-35 беттегі тақырыпты оқу және үйдегі денелер жайында жазып келу.Балалар, іздеген жетер мұратқа дегендей осылай ізденсек, көп нәрсе үйренеміз. Осымен сабақ аяқталды



















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал