7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: 'Әдептілік' 4 класс

Сабақтың тақырыбы: 'Әдептілік' 4 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдептілік әліппесі туралы түсініктер қалыптастыру,адамгершілікке,қарапайымдылыққа,кішіпейілділікке баулу. Танымдық белсенділігін арттыр,шығармашылығын қалыптастыру. Үлкенге құрмет,кішіге-ізет көрсетуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,ойын

Көрнекілігі:нақыл сөздер, оқулық

Сабақтың барысы: . 1.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық: Күннің көзі ашылып,

Көкте шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті. Амандасып алайық, -Сәлеметсіздерме,балалар!

Күн жарығын алақанға салайын,

Жүрегіме басып ұстап тұрайын,

Ізгі әрі, нәзік жарық тілекпен,

Мен білімді, мен ақылды боламын

2.Үй тапсырмасын тексеру. (3-4оқушыдан сұрау)

Ойын «Сиқырлы алтылық» 1.Өрт кезінде не істеу керек? 2.Өрт және басқада төтенше жағдайлар кезінде қызметкерлерді құтқару сызбасы қалай аталады?

3.Қауіпсіздік ережесін айтып бер? 4.Өрт сөндірушілер телефоны. 5.Жедел жәрдем қызметі. 6.Газ шыққан жағдайда не істеуге болады?

3.Жаңа сабақ : «Ғажайып ұяшық» сұрағына жауап беру.

1.Мектептен шыққан соң,үйге қарай асыға басып келе жатырсың,алдыңнан үлкен адам шықты сен не істер едің?

2.Өзіңнен жасы үлкен адамдар әңгімелесіп отырғанда не істеуің керек?

3.Көшеде біреу жөн сұраса не істейсің?

4.Автобусқа үлкен кісілер кірген кезде не істеуің керек?

5.Үлкендермен қалай сөйлесер едің? -Міне,балалар, өздерің айтып отырғандай әрбір сөздер қандай қасиеттерге жатады? Адамгершіліктің негізгі бастауы -әдеп.

4.Кластер құру: Әдептілік.

5.Оқулықпен жұмыс: Мәтінді оқыту,талдау

6.Әдептілікке байланысты мақалдар дың жалғасын тап. А)Әдептілік........,Иіліп..... .Ә)Әдепті бала.......,әдепсіз бала...... .В)Сіз деген...... ,Біз деген........ .

7.Ойын «Жалғастыр» а)Үлкендердің алдын....... ә)Кішкене баланы............

Б)Құстарды..........в)Қыз баланы........г)сабақты....... д)үйге жүгіріп............

Ж)Үлкен кісіні......... з)Оқу құралдарын......

8.Қорытынды: кестемен жұмыс (оқушылар өз беттерімен толтырады)

Не істеуге болмайды?

Не істеу керек?

Не істер едім?

Үлкендердің алдын кесіп өтуге болмайды

Сыйлап,амандасып жүру керек

Адамдарға қамқор болар едім

Не істеуге болмайды?

Не істеу керек?

Не істер едім?


Әден-тазалық, дұрыс киіну, кішіге қамқорлық , сәлемдесу, кішіпейіл мәдениеттілік , үлкенді сыйлау, сыпайылық


1-топ «Әдеп» Әдепті бала-мектепте.

1.Мектепке таза үтіктелген киіммен,әдемі таранып,таза аяқкиіммен келу керек.

2.Оқу құралдары таза, рет -ретімен салынған,түгел болуы керек.

3.Мектепке кешігуге болмайды.

4.Ұл балалар мектепке кірерде баскиімін шешіп,қолына алуы керек.

5.Сыныпқа кірерде алдымен мұғалімге,сонан соң жолдасыңа амандасып сәлем бер.

6.Сыныпқа үлкендер кірсе,орнымыздан тұрып сәлем беру керек

7.Тақта алдында түзу тұр,қолыңды қалтаңа салып тұру мәдениетсіздік.

8.Партаны күт,сындырма,сызба.

2-топ. «Ізет»тобы Әдепті бала-көшеде.

1.Көшеге таза киініп шық,Үлкеннің алдын кеспей жол бер.

2.Көшені ластама,үйдің қабырғаларына жазба.

3.Көшеде қатты күлуге,сөйлеуге,айғайлауға болмайды.

4.Көшеде жолдасыңмен бөгеліп,сөйлесетін болсаң,жолдан шығып тұр.

5.Қоғамдық көлікке балмұздақпен кірме.

6.Үлкен адамға ,балалы әйелге орын бер.

7.Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап,тақалып тұрма.

8.Біреудің дүниелеріне таңдана қызығып,тесіле қарама.

3-топ. «Кішіпейіл» Әдепті бала-үйде

  1. Ата-анаңды ренжітпе.қолыңнан келгенше көмек жаса.

  2. Төсегіңді ,киіміңді, өз заттарыңды өзің жина.

  3. Үйіңе досың, қонақ келсе киімін шешуге көмектес,ілгішке іл. Сосын бөлмеге алдымен қонақты кіргіз.

  4. Қонақтан бұрын тамаққа қол созба.

  5. Тамақты асықпай іш,қолыңды жалама.

  6. Тамақ ішіп болған соң тағам әзірлеген адамға рақмет айтуды ұмытпа.

.

1)Үлкендердің алдын....... .

2)Кішкене баланы............


3)Құстарды.........


4)Қыз баланы........


5)сабақты.......


6)үйге жүгіріп............


7)Үлкен кісіні.........


8)Оқу құралдарын.....


9)Жасы үлкенге орын......





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал