7


Сабақ Жолбарыс 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Жолбарыс

Сабақтың мақсаты: Білімділік: «Жолбарыс» тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Жолбарыс туралы түсініктерін тереңдету. Септіктерді қаншалықты деңгейде меңгергенін тиянақтау. Дамытушылық: Жұмбақ оқытып, шешкізу арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілетін арттыру. Тәрбиелік: Туған өлке табиғатына, онда өмір сүретін жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, табиғатты, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Сабаққа кіріспе. -Балалар бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Алдымен барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық, бір бірімізге жылы тілек айтайық. Психологиялық дайындық.

II. Үй жұмысын тексеру. «Сандарды сөйлет» тапсырмасы бойынша көк кит туралы айту.

ІІІ. Жаңа сабақ. Ой қозғау. Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау. Жолбарыс қай жерлерде болуы мүмкін? деген сұраққа жауап алу.Күтілетін жауаптар: орманда, тауда, хайуанаттар бағында, биологиялық орталықта.

Сөздік жұмысы. Мұғалім оқып, жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталайды.

Сөздік дәптерлеріне жазады. Сөз тіркестерін құрап үйретеді. жолбарыс - тигр

оңай - легко

күшті - сильный

өлтіреді - убивает

жыртқыш - хищник

ертеде - давным-давно

қабан - дикая свинья

қамысты жағасында - в прибрежных камышах

Мәтінмен жұмыс. ( Тақтада мәтін көрсетіледі)1. Мұғалім мәтінді түсінікті етіп оқып береді.

2. Оқушылар мәтінді кезектесіп оқып, сөздікке сүйене отырып, аударма жасайды.

3. Жақсы меңгерген 1-2 оқушы мәтінді әңгімелеп береді.

Әр топ постер жасайды, спиерлертоп топтарына барып, өз жұмысын қорғап шығады. Оқушылар екі жұлдыз,бір тілек жазып, бағалайды.

Сергіту сәті.

Бiр, екi, үш

Бiр, екi, үш

Бойға жинап күш.

Жаттығуды жасаймыз

Шынығуды бастаймыз.

Лексика-грамматикалық тақырып. Септіктерді қайталау. 1. І қатар «Жануар » ІІ қатар «жолбарыс» деген сөзді септеу.

2. Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрастырып жаз.

Азулы, жолбарыс, аң, жыртқыш. Орманда, жүреді, ол, тауда. Хайуанаттар, мен, көрдім, жолбарысты, бағынан. Аюды, жолбарыс, қабанды, оңай, өлтіреді, жылқыны.

3.179 бет, 3 тапсырма «Сен білесің бе?»

ІҮ. Бекіту: «Жолбарыс» тақырыбына байланысты сөз тіркестерін теріп жазыңдар. Жыртқыш аң, үй құстары,хайуанаттар бағы, кішкентай аң,қамыста тіршілік етеді, төрт түлік, аюды өлтіреді, сүт береді, торда тұрады.

Ү. Қорытындылау:

арқылы сабақ қорытындыланады.

1. Жолбарыс қандай аң?

2. Ол неше метр жерге секіреді.

3. Қандай жануарларды оңай өлтіре алады?

4. Жолбарыс сағатына неше км жүгіре алады?

5. Ертеде қай жерлерде болған

ҮІ.Бағалау: Суммативтік бағалау, оқушылар бағалау парағында пайыздарды қосып, баға қойады. Мұғалім тексеріп шығады.

ҮІІ.Үй тапсырмасы:

1. Жаңа сөздерді жаттау.

2. «Жолбарыс» мәтінін оқу, мазмұндау.

3. 179 бет, 2-тапсырма жазу



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал