7


Қозғалыстағы есептер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Күні: 03.02.20151Пәні: МатематикаСабақтың тақырыбы: Қозғалысқа есептерСабақтың мақсаты: Қозғалыстағы дененің ұқыпты, жылдамдығын, қашықтығын, таба отырып, олардың арасындағы байланысты жүйелеу.Міндеттері: Білімділігі: Қозғалысқа байланысты есептер жайлы білімдерін кеңейту,
предварительный просмотр материала

Күні: 03.02.2015

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа есептер

Сабақтың мақсаты: Қозғалыстағы дененің ұқыпты, жылдамдығын, қашықтығын, таба отырып, олардың арасындағы байланысты жүйелеу.

Міндеттері:

Білімділігі: Қозғалысқа байланысты есептер жайлы білімдерін кеңейту, үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, іс жүзінде, талдау, көрнекілік арқылы түсіндіру, өзін-өзі бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: Қозғалысқа байланысты сұрақтар, логикалық тапсырмалар.

Сабақтың формасы: Топтық жұмыс

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

«2030-дың» біз барысымыз

Болашаққа бастайды әр ісіміз

Егемен елімізді көркейтетін

Білім шыңына шығу парызымыз

ІІ.Топтарға ат беру

«Қазақстанның неше стратегиялық жоспары бар» деген сұрақ қою 4 топқа бөлу «2017», «2020» «2030», «2050»

Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, сабақты бастау

Қазақстан жылдан жылға өркендеп өсіп, дамуда. Жетістіктерінің саны күн санап артуда. «ЭКСПО-2017» жылдың 10 шілдесінен бастап, 10 қыркүйегіне дейін Қазақстан елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмесі өтеді. ЭСКПО-2017 дүниежүзілік көрмеге бару үшін бүгінгі сабағымызда есептерді жылдам шығарып, бір-бірімізге көмек берсек, топпен жақсылап жұмыс жасасақ, бізде өз үлесімізді көрмеге қосқанымыз болады деп ойлаймын. Олай болса сабағымызды бастайық.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

№9 мысалды тексеріп, оқыту. (әр топтан оқыту)

Қосымша сұрақтар қоя отырып, оқушы білімін бағалау.

IV.Білімді жан-жақты тексеру кезеңі

1.Заузақоңыз 11 км сағ.жылдамдықпен 2 сағ.ұшты. қоңыз қандай қашықтықта ұшып өтті.

2. Бір өркешті түйе 3 сағ.150км жүріп өтті. Түйенің жылдамдығы қандай?

Кесте арқылы өткен тақырыпты бекіту.

V. Жаңа сабақ. Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Жылдамдықты табуға арналған есептер.

№1 Кестені пайдаланып, жылдамдықты өрнек түрінде жазып көрсет. Топтарға беру.

Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

?

5 с

30м

?

6 с

а км

?

Х с

90 м


№2 кестенің әр бағынандағы берілгендерді салыстыр. Не тұрақты болды?

Не өзгерді және қалай?

Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

64 м/с

128м

32м/с

128м

16м/с

128м


№3 кестені пайдаланып, қозғалыстағы дененің жылдамдығын табу.

Қозғалыстағы дене

Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

Жеңіл машина

?

2 сағ

180 км

Жүк машина

?

3 сағ

150 км

№4. Есептің шарты

Жылдамдық 8км сағ

Уақыт 8 сағ

Қашықтық ? неше км?

4 сағатта қандай жылдамдықпен қозғалу керек.

Шарты

8км сағ * 8 сағ =64 км

64 км : 4сағ = 16 км.сағ

Жауабы: 4 сағатта 16 км.сағ жылдамдықпен қозғалу керек.

№5 шарты

Қашықтық 276 км

Машинамен 60 км.сағ.жылдамдықпен 4 сағ.

Қалған жолды - ? 4 сағ.

Атпен - қанша км.жылдамдықпен жүрді

Шешуі (276-60*4):4 =9 км.сағ атпен

Жауабы: атпен 9 км.сағ жылдамдықпен жүрді

№6 Ойын «Кім жылдам?»

Әр топтан 4 оқушыға есептер беріледі.

25220:65=388 5040:84=60 3650:73=50 3900:65=65=60

№7 кестелерді толтыру.

С

1

2

3

5

10

360

360:6


А

100

200

300

30

40

50

а*96


№8 Теңсіздіктер турама тексер.

567*28< 567* (7*5) 428*90>428*10+428*9

356*10*7>356 *17 614*29<614*9*20


№9 Ойын: Жоғалған санды тап.

Сәйкес келетін цифрларды таңдап ал.

1 7* =13 2 9 * = 98 607 * = 4


Логикалық есептер шығару.

VІ. Сабақты шығармашылық тапсырма арқылы бекіту.

Қосындының да мәні, көбейтіндісінде мәні 6 ға тең болатын 3 натурал санды тап.

VІІ.Сабақты қорытындылау. Біз не білдік? Не үйрендік?

VІІІ.Оқушы білімін, белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма беру. 8 мысал.


«№219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Ашық сабақ

Сыныбы: 4 «В»

Машықтанушы: Есетова А

Пәні: Математика


2014-2015 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал