- Учителю
- ешкім де ештеңке де ұмытылмайды
ешкім де ештеңке де ұмытылмайды
-
жүргізуші
Армысыздар ардақты ата-аналар көреремендер. Біздің әрқайсымыздың жадымызда өзінің өшпес ізін қалдырған Ұлы Жеңіс күніне 70 жыл. «Ешкімде, ешқашанда ұмытылмайды!». Өткенсіз бүгін, бүгінсіз болашақ жоқ. Кешегі өткен күндер тарих болып хатталады.
Айман
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйемін.
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған Отан деп сыбырлаған.
Бозторғайы бол оның шырылдаған
Отан, Отан
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем
Еркін
70 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл - шуақты күн таратты әнін,
Ашылды жеңіс күннің парақтары
Талай құс содан бері қайта оралды,
Соғыста өлгендер тек оралмады.
2-жүргізуші: Өздеріңізге белгілі, 1941 жылы 22 маусым күні таңғы төртте бейбіт жатқан елімізге Германия ойламаған жерден соғыс ашты. Фашистік Германия қарақшылықпен Совет Одағының шекарасын бұзып, басып кірді.
Радиодан хабарландыру айтылады.
Майданға аттану.
Олжас
Жүректі қозғап бұлқыныс,
Ерлер елін қорғады.
Бабалар жетіп жеңіске,
Бейбітшілік орнады.
Мадина
Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлды төнген күнде.
Майданнан келген хат. Тұмар
Мирас
Даламыздың даңқысын
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз
Аида
Көп қой батыр ағалар,
Халық сүйіп бағалар.
Көп қой батыр ағалар.
Жаттап алғын балалар.
Болашақты бізге мирас етем деп,
Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.
Би орындайтын Тұмар мен Айман
Нұрай
Жерден, көлден, аспаннан,
Соқты жауды ел күнде.
Берлинде алғаш басталған,
Бітті соғыс Берлинде.
1 - жүргізуші : Бауыржан Момышұлы ( - ) - , , даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, және .
Тұмар
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккенен де ұстап жүрген жоқ
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Денесін оқ пәршелесе де,
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық жолда аяғын.
1-жүргізуші: 1941 жылдан 1945 жыл аралығында бес жылға таяу жалғасқан қанды соғыс біздің отандастарымыздың жеңісімен аяқталды.1945 жылдың 30-шы сәуірінде Рехстаг үстінде Жеңіс жалауы желбіреді.8-мамыр Берлин де фашистік Германияның толық жеңілгені туралы құжатқа қол қойылды.
Әділ
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ага мен бала әңгімесі. Еркін мен Олжас
2-жүргізуші: Қан майданда қасық қаны қалғанша ел үшін, жер үшін жанын құрбан еткен айбарлы ардагерлерімізді еске алу үшін 1 минут үнсіздік жарияланады. Гүл шоқтарын қоямыз..
(1 мин үнсіздік)
Ақгул
Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан
-
жүргізуші: Қазақтың қанында бар қайсарлықты сын сағатта қазақтың ер азаматтарымен бірге қыздары да ерлік көрсетті.
2-жүргізуші
Қаhарман қыз Әлия Молдағұлова Қобданың жағасындағы Бұлақ ауылында 1923 жылы шамамен 15 маусымда Нұрмаханбет Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында өмірге келген.
Бақберген
Мәншүк қызда көңілде,
Өлмейтін жырда, дастанда.
Денесі жатыр Невльде,
Рухы жүр Қазақстанда.
2-ші жүргізуші Мәншүк Мәметова Жансығали қызы 1922 жылы 23 қазанда Орал обылысы, Жасқұтта Нарын ауданында туған.
Соғыс кезінен үзінді
.
Айдана
Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.
Данияр
Айбек
Қазақтың қос жұлдызы қыздары,
Қыз болса да намыс бермей қорғады.
1941 - 1945 ші жылдары
Адамдар өз елдерін қорғады.
Мұрагер
Оңайлықпен түскен жоқ жеңіс бізге,
Соғыс елді түсірді-ау ауыр күйге.
Жұрт күйзелді төгілді қанша көз жас,
Түнерді қайғы бұлты талай үйде.
Мұғалім сөйлейді
1-жүргізуші: Азамат ұл, қыздан да,
Аттанып жатты майдаңға.
Еріксіз көзден Жас тамып,
Еркеліктерді тастадық.
2-жүргізуші : Бүгінгі «Ұлы Жеңіске 70 жыл»
Еліміз аман, Отанымыз тыныш болып,
Көк туымыз асқақтап желбірей берсін демекпіз.