7


  • Учителю
  • Сухомлинскийдің «Қатқан нан» тақырыбындағы шығармасымен таныстыру (1 сынып)

Сухомлинскийдің «Қатқан нан» тақырыбындағы шығармасымен таныстыру (1 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қатқан нан
Сабақтың мақсаты:а) Оқушылардың сабаққа деген құштарлығын арттыру. Шығарманың
негізгі ойын оқушылардың түсінуіне жағдай жасау
ә) Cөздік қорын молайтып,ой-өрісін,танымын дамыту
б)Еңбекті сүюге,нан қадірін білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі:суреттер,мақал-мәтелдер,интерактиві тақта
Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
А)Егіс даласы (сурет)
1-слайд Психологиялық сәт
-Балалар,қазір қай ай?(қазан)
-Қазан айы жылдың қай мезгіліне жатады(күз)
- Күз айының ерекшелігі қандай?
- Егіншілер егіс алқабына не егеді?(дәнді,дақылдар)
- Қандай дәнді дақылдарды білесіңдер?
(бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш т.б)
- олай болса, бүгінгі сабақта сынып оқушыларын 4 топқа бөлемін
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Жұмбақ шешу
(шешуі комбайн)
2. Слайд Комбайн суреті
1.Комбайн туралы не білеміз?
2.Комбайншы деп кімді айтады?
3.Комбайншы (өлеңді жатқа сұрау)
4. слайд. «Өлеңнің авторы кім? (өмір дерегіне шолу)
3. Слайд. «Ас - атасы нан»
(Нанға қатысты ырым - тыйымдар)
1. Нанды шашпа
2.Нанды бір қолыңмен үзбе
3.Нанды баспа, обал болады
5.Нансыз - өмір жоқ
ІІІЖаңа сабақ
- Тақтаға күні, айы жазылады
- Балалар, бүгінгі сабақта орыс жазушысы Сухомлинскийдің шығармасы «Қатқан нан»
4. Слайд Нан түрлерін ата ?
(Ассосациялық әдіс)

Таба нан
Тандыр нан

Қатқан нан
Қытырлақ нан

(Оқушылар өз білетіндерін тақтаға жазады)
ІҮ Оқушылармен жұмыс. Топтық жұмыс
а)В. Сухомлинский. «Қатқан нан»
ә) Оқушыларға мәтінді тізбектей оқыту
І топ Бидай тобы
ІІ топ Арпа тізбектей оқу
ІІІ топ Жүгері
ІҮ топ Күріш - мәтін мазмұны бойынша түсінік айтады.
Б) Сұраққа - жауап
1. Сережаның әкесі кім болып істейді?
2. Әкесі Сережаға не деді?
3. Балалар аспаздан не деп сұрады?
4. Балалар нан қадірін қалай білді?
5. Слайд «Нан - өмір!
1) Нанның дастарханға қаншалықты еңбекпен келетінін түсіндіру
2) Дәптермен жұмыс

Өмір Тамақ

Дән

Күріш

Ақша

6. Слайд Топтық тапсырма

І топ Бидай тобы
Мақал - мәтелдерді толықтыр
1. Еңбек етсең ерінбей,…
2. Нан болса,…
3. Арпа, бидай, ас екен,…
4. Кім еңбек етсе…

ІІ топ Арпа тобы
Суретке қарап әңгімелеу
(Күз - береке)

ІІІ топ Жүгері тобы
Алтын күз егісті дала тақырыбына сурет салу

ІҮ. Ұйқасын тап. (ойыны)
Гүл өсірсең терлеп, Сабағыңды жөндеп
Мұның аты-… Әзірлесең-…
Кесте тіксең зерлеп Қиындықтың бәрін
Мұның аты-… Еңбек қана….Ү Сергіту сәті
«Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым - ай» Әнімен айту)

ҮІ Бекіту
1.Топ тапсырмаларын сұрау, жауап алу
2.Шығармада не туралы айтылған?
3. Шығарманың авторы кім?
5. Неге үстелге қатқан нан алып келді?

ҮІІ. Қорытынды
1. Нан қиқымын шашпаңдар
Жерге жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайлаңдарға тастаңдар

2. Еңбек - қуаныш, Жалқаулық - айырмас
Азап. (Абай)

ҮІІІ Бағалау

ІХ Үйге тапсырма
1.Нансыз өмір жоқ» эссе жазу
2. Мәтінді оқу Қорытынды





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал