7


  • Учителю
  • Началный класс Ашық сабақ Жазбаша қосу және азайту 243+526 769-526

Началный класс Ашық сабақ Жазбаша қосу және азайту 243+526 769-526

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала







Сабақтың тақырыбы :Жазбаша қосу және азайту 243+526 769-526

Сабақтың мақсаты: Амалдар алгоритмін қолдана отырып, жазбаша қосу мен азайту, үлесті табу тәсілдері жайлы білімдерін бекіту. Сабақтың міндеті : Оқушылардың логикалық ойы мен математикалық тілін дамыту . Сабақтың әдісі : Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары топтық жұмыс, ой ашар,сұрақ-жауап, талдау , түсіндіру , ойындар.

Күтілетін нәтиже : Есепті өз бетінше шығара білуге машықтандыру , оқушылардың ақыл-ойын , байқағыштық қабілетін өз бетімен жұмыс істей білу, ізденушілігін дамытып ,қиялын ұштау .

Сабақтың көрнекілігі : Геометриялық фигуралар, суреттер, үлестірме қағаздар .

Сабақтың барысы : I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабақ бастамас бұрын үш топқа бөліп аламын. Бөлу үшін қосу , азайту ,тең деп таңдау арқылы отырғызамын.

I топ- Қосу

II топ-Азайту

III топ -Тең

Оқушылар оқу құралдарын толық алуын қадағалап, назарын сабаққа аударамын. «Ой шақыру »

II «Ой ашу стратегиясы »

-Балалар таңертең ерте тұрғанда күнді дене жаттығуларынан бастайтын сияқты сабағымызды « Ой ашу» жаттығуларынан бастайық. Менің сұрақтарыма жылдам жауап беріңдер . 1.Жылдың бесінші айын ата ( Мамыр) 2. Бүгін аптаның қай күні ( төртінші) 3.320мен 1-дің көбейтіндісі (320) 4.Шаршы ,тік төртбұрыш,үшбұрыш нелер? (геометриялық фигуралар) 5.511 пен 513-тің арасында қандай сан бар? (512) 6.Есік қандай геометриялық фигура ? ( тіктөртбұрыш)

III Қызығушылықты ояту

-Балалар өткен сабақтар бойынша білімдерімізді сынып көрейік . Ауызша есептеулер. 1.40, 790,800 сандарының алдында келетін сандарды ата. 2. 59, 700, 999 сандарының соңынын келетін сандарды ата.

3. Сана 89-дан 94-ке дейін 232-ден 240 -қа дейін. 236-дан 245-ке дейін

I Оқулықпен жұмыс . Оқулықтағы түсіндірме мәтін бойынша жұмыс ұйымдастырылады . Сандар оқылады , жүздікті , ондықты, бірлікті ,білдіретін цифрлар және олардың жазылу реті анықталады. Кейін үш таңбалы сандар қосу алгоритмі ашылады. Алгоритмді үйрету кезінде жиі қолданатын «түйін сөздерді» есте сақтау қажеттілігі айтылады . 1-тапсырма . « Қолғаптың сыңарын » табу ойыны. Өздері таңдаған қолғаптағы есептерді шығарады . Қолғаптың сыңарын қай топ тез табуын қадағалау .

I-топ 152+435=587 587-152= 435

II -топ 783-251=532 783-532=251

III-топ 579-327=252 579-252=327

2-тапсырма Теңдеуді шешу «Гүл теру» ойыны . Әрбір топ басшысы өздері таңдаған гүлдердегі есепті таңдап , топтаса отырып теңдеудің шешуін табады. Жауабын бөліп көрсетеді.

I-топ Х+213=894 II-топ Х-233=465 III-топ 985-Х=462

Х=894-213 Х=465+233 Х=985- 462

Х= 681 Х=698 Х=523

681+213=894 698-233=465 985-523=462

894=894 465=465 462=462

3-тапсырма Ұжымдық жұмыс. Оқушылар есепті ұжым түрде талдайды , қысқаша жазады , шешуін табады .

Болғаны-963 парақ

Жұмсалды -3 қолжазба 80 парақтан және 5 қолжазба 60 парақтан Қалғаны -? парақ

963-(80х3+60х5)=23 (парақ)

4-тапсырма «Кім көп біледі» ойыны Геометриялық фигуралардың периметрі мен ауданын табу тәсілдерін қайталау . S=6смх4см=24см Р= 6см+4см+6см+4см= 20см

Ә) S=18:6=3 5-тапсырма Өзіндік жұмыс . Суретін сал және салыстыр Әркім өз бетінше есептерін шығарады . Ә) Оқушылардың тірек білімдерін пысықтау жаттығулары (ауызша орындау ) 6-тапсырма Мағынаны тану Мысалды шығар.

І топ 26+6х7-45:5=59

ІІ топ 6х4:3:2х7=28

ІІІ топ 9х6-3х6+18-27:3=45 Есепті топта шығарып , кезекпен талдап айтады, келесі топ тыңдап, есептеп қатесін тексеріп бағалайды. Сабақты бекіту кезеңдері Математикалық диктант

І топ 4х8* 24:6* 21:7х8* 6х9*

ІІ топ 4х7* 54:6* 28х4х9* 7х8*

ІІІ топ 32:4* 7х5* 45:5х6* 6х8*









</ Бағалау «Екі жұлдыз ,бір тілек» атты бағалау түрімен оқушылар топтық жұмысты бағалайды. Рефлексия : Бүгінгі сабақ ұнады ма? Бүгін нені білдің ? Үйге тапсырма беру . №6 есеп 106 бет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал