- Учителю
- Разработка на тему 'Наурыз жыл басы' (2 класс)
Разработка на тему 'Наурыз жыл басы' (2 класс)
Тақырыбы: «Жыл басы - Наурыз»
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрам екенін ашып көрсету ; оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей дамыта оқытып үйрету; мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суретті плакат, нақыл сөздер, ұлттық киімдер,жартылай тігілген киіз үйде ұлттық ыдыс аяқтар, қамшы және т.б.
Барысы.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні -Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
1-жүргізуші: Айдын
Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.
2-жүргізуші: Махат
Наурыз-жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Жыл басы. Бұл біздің халқымызда Күн мен Түн теңелер мезгіл-Наурыз айының 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін.
1-жүргізуші:Айдын
«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,Ұлы кісіден бата алса,
сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы-Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.
Осы наурызға байланысты не білер екенбіз? Соны ортаға салайық.
Камила 1-оқушы: Шығыс күнтізбелігі бойынша жыл басы болып саналатын Наурыз күн мен түн теңелетін наурыздың 22-сіне, жер бетінде тіршілік біліне бастайтын мезгілімен тұстас келетін мереке.
Ақмарал 2-оқушы: Наурыз көже- наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол барлық адамдарды жомарттылыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.
Анель 3 -оқушы: Наурыз тілек. Әр адам өзіне, от басына немесе жақын туыстары мен дос жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір бірінің үйіне кіріп дәм татады.
Әсемгүл 4-оқушы: Наурыз бата. Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі- осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға бата беріледі.
Мәншүк 5-оқушы: Наурызнама- шат шадыман ойын -сауық той. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.
Арайлым 6-оқушы: Наурызша. Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қар түседі. Оны халық наурызша деп атайды.
Найля 7-оқушы: Наурызшешек. Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-түрлі гүлді, қаушақты әсем өсімдік. Оны үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі.
1-жүргізуші : Ұлы күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген
Наурыз той құтты болсын!
(Әдеби -монтаж оқушылар орындауында)
2-жүргізуші:Махат
Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр.
Құрметті халайық қадірменді жамиғат. Біздің өткен ұлу жылына еш өкпеміз жоқ.
Солай ма?...
Оқушы әже Найля:
Шашу, шашу. Көп шашайық шашуды,
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбырдай.
Уа, жамиғат жинап ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір.
Қашанда құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу-салты елімнің,
Уа, халайық теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін.
Аяжан :Қарашаш ана ортаға шығады.
-Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа туған қозыдай,
Жамырасып өріскен
Сақтай гөр деп терістен,
Кел, тез бақ, кел-десіп
Ием, тілек бер - десіп.
Бабалар бата беріскен.
/Үш би ортаға шығады/.
Төле би:Әмір
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарханың мол болсын
Абыройың зор болсын.
Қазыбек би:Иран
Өрендерің ер болсын,
Көре алмаған бағыңды.
Сындыра алмаған сағыңды,
Бетін басып жер болсын.
Әйтеке би:Нұрдәулет
Жарылқа алла қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет.
Ізет, абырой, бақ-дәулет,
Қызыр қарап, бақ қонсын,
Жақсылық үшін қызмет ет.
Қарашаш ана: Аяжан
-Баба, хылқымыздың салтында кез-келген той-томалақтың ойын-күлкісіз, думансыз өтпесі белгілі. Ал сол ойын-күлкінің көркі сәні болған жарықтық Алдаркөсе, Қожанасыр, Тазша балаларды ұмытпаған боларсыз. Бүгінгі тойымызға сол кісілерде келіп отыр. Соларды ортаға шақырып қызықтарын тамашаласақ қайтеді?
1-жүргізуші:Айдын
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық,
Аңыз бен ертегіден бізге жеткен
Құрметті қонақтарды қарсы алайық.
/Алдымен Қожанасыр содан соң Алдаркөсе шығады/.
Нұрдәулет :Алдаркөсе /үнжырғасы түскен Қожекеңе/.
Әй, Әпендім, үн-түнсіз сілейіп неғып тұрсың? Тым болмаса мына халқыңа аман сәлемің қайда?
Мәншүк :Қожанасыр:
-Әй, Алдарым-ай құрғақ сәлем жұртыма тамақ болар дейсің бе? Көк есегіме артып келе жатқан бірер қап базарлығым бар еді, әне бір бұрышта бір топ рэкет дегендер тартып алып..., содан есек те жоқ, базарлық та жоқ, мына жұртыма не дерімді білмей тұрғаным.
Нұрдәулет :Алдаркөсе:
- Апырай ай, ө, шының ба?
Мәншүк :Қожанасыр:
-Мен ешкімді алдап көрген жоқпын. Мына сен ғой ел-жұртты бүлдіріп...
қазіргілердің бәрі Тазша бала екеуіңнің ұрпақтарың көрінеді.
Нұрдәулет :Алдаркөсе:
-Қой, ойбай, мына жұрт шын көріп қалар.
Мәншүк :Қожанасыр:
-Бірі бірін-бірі қайтсем алдап кетем деп тұрған алыпсатар болып алыпты. Сен екеуіңнің ұрпақтарың демегенде не?
2-жүргізуші: Өлең өрлеп, жыр самғай,
Үйлесті әсем сәніміз.
Болады екен жыл сондай-
Қандай болса Наурыз!
Жан қалмасың жай тұрған,
Мәз болсын жас кәріміз.
Күй шертілсің, ән айтып,
Би билейік бәріміз.
Дәрияның орындауында «Наурыз» әні
Тұсаукесу /Ортаға жасы үлкен әже шығады/.
Ішекпен байлағанда малды болсын, аузынан май кетпесін, барлық уақытта тоқшылықта болсын деген тілек болса, көк шөппен байлағанда жершіл болып, көк шөптей өсіп-өнсін деген ниетпен пайдаланған.
Асель:Әже:
Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Жүгіре қойшы құлыным,
Желбіресін тұлымың,
Елгезек бол ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе, деп кеседі.
Үйлену тойы салт-дәстүрі сахналанады .
Баланың қырқынан шығару салты көрсетіледі.
1-жүргізуші: Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы - жыр аңыз.
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз.
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жастарымыз.
Би биледік бәріміз.
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан,
Бас иеміз саған, Наурыз!
2- жүргізуші: Наурыз құтты болсын,
Дендеріңіз сау мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін,
Барлық халық бақытқа кенелсін!
Еліміздің несібесі көп болсын,
Қош, сау болыңыздар, халайық,
Көріскенше күн жарық болсын!