7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары'Жақсылық жасай білейік

Сабақ жоспары'Жақсылық жасай білейік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: Қанатова А.С

Күні:29.12.2014.ж
Сыныбы: 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жақсылық жасай білейік.
Жақсыныңжақсылығынайт, нұры тасысын.
Халық мақалы
Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: 1. Жақсылық жасаудың адами қарым - қатынастағы мәнділігін түсіндіру.
2. Жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту.
3. Қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, компьютер, маскалар, гүлдер, көбелектер, жүректер.
Түрі: Шығармашылық ізденіс сабағы
Әдісі: Әңгімелеу, пікір алысу, сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен сәлемдеседі. Мұғалім оларға шаттық шеңбері аясында өлең айтуды ұсынады.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Осы шеңбер аясында Ө. Ақыпбековтың «Өзіңді тану» өлеңін бірлесе қайталайық.
Өзіңді тану
Ө.Ақыпбеков.
Жақсы болу - болу өзіңнен, «Мен қандаймын?» деп ойла,
Жаман - болу өзіңнен. Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңді өзің ая да, Өзіңсің - ақыл айнасы.
Өзің үйрен, өзіңнен. Тиеді саған мәні бар
Жақсылық көрсең біреуден, «Өзіңді тану» пайдасы.
«Жақсы болу - өзіңнен,
Жаман болу - өзіңнен » , - деген өлең жолдары туралы қандай пікір айта аласыңдар?
Ақынның «Жақсылық көрсең біреуден, « Мен қандаймын ?» деп ойла » деген сөзіне көзқарастарың қандай?
Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады және сабақ тақырыбымен таныстырады.
- Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді.Адамдардың бір - біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір - біріне деген сыйластығы артады. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : «Жақсылық жасай білейік»
Мәтінмен жұмыс:
Жақсылық пен жамандық
Ертегі.
Тыныштық сәті
Балалардың денесі, ойы тынықтырылады.
Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.
Тапсырма:
Балалар екі топқа бөлінеді. Екі топқа екі түрлі әңгімеден үзінді беріледі. Балалар әңгіме желісі бойынша туындаған оқиғадан шығу жолдарын іздестіруі тиіс. Олар топ боп бірлесе отырып, ойланып әңгімені өз ойларымен жалғастырып айтады.
I топ. Қарлығаш пен дәуіт.
Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі
балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды.
Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді. ...........
II топ. Аю мен тышқан.
Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, аюдың құлағына кіріп кетеді.
Аю шошып оянып , құлағын баса қояды:
- Менің құлағым - сенің інің деп пе едің? - деп ақырады.
Өзіңді жақсылап сабайын ба?
- Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын.
- Бармақтай болып, не керегіме жарармын дерсің, - деп күледі аю. Дегенмен босатып жібереді. ………….
1 - топ сахналап көрсетеді.
2 - топ оқып береді.
Дәйексөз Сабақтың дәйексөзімен таныстырады:
- «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» - деген екен халық.
Шамамыз жеткенінше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік.Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейтінін, оның шарапаты өзіңе, жақын - туыстарыңа, тіпті еліңе тиетінін сендер жақсы білесіңдер. Алғысқа бөленіп, ризашылыққа кенелесіңдер.
Мақал - мәтелдерді жалғастырады.
1. Жақсы сөз - жан семіртер.
2. Жақсылық жан жадыратар.
3. Жақсылық суға батпас,
Бір шығар, тегін жатпас.
4.Жамандық пайда етпейді,
Жақсылық зая кетпейді.
Жаңа ақпарат
«Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды».
Ойын - жаттығу
Жоғарыда айтылған ойды бекіте түсу мақсатында «Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастыру.
Оқушыларға қатты қағаздан әдемі етіп жасалған түрлі кескіндердің ( гүлдің, жүрекшенің, көбелектің ) үлгісі таратылып беріледі. Әр оқушы қасындағы көршісінің жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып, сыйға тартады.
Жүректен жүрекке
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім қолдан жасалған жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағында тұрған балаға ұсынады. Ол оқушы да жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағында тұрған көршісіне береді. Осылайша барлық балалар бір - біріне жақсы тілектер айтады.
Өлең оқиды.
Жақсылық жерде қалмайды
Е.Бағай



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал