7


  • Учителю
  • Ии дыбысы және әрпі(Даярлық топ)

Ии дыбысы және әрпі(Даярлық топ)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font face="Times New Roman, serif">Пәннің аты:

Сауат ашу

Уақыты: 9.02.16

Кабинет:

Мұғалім

Сармолдаева М

Сабақтың атауы

И дыбысы және әрпі.

Мақсаты

1. И дыбысы мен әрпін таныстыру. И дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. 2. Балаларға и дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудара отырып сөздік қорларын байыту. 3. Балаларды таза, ұқыпты жүруге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Сұрақ-жауап, сөздік, үйрету, тіл жаттықтыру.

Көрнекіліктер: Суреттер, кеспе әріптер, текшелер.

Психологиялық ахуал

Біз ,біз баламыз.

Сөгілмесін іргеміз.

Ізденсек бірге бәріміз,

Жетеміз білім шыңына.





Қызығушылығын ояту









Ии дыбысы және әрпі(Даярлық топ)



Мағынаны тану









- Суретте не көріп тұрмыз?

- Ит, инелік, шие.

- Иә, осы ит, кит, шие сөздерінде қай дыбыс көп қайталанады?

- И дыбысы дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз. И дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Ойын "Кім зейінді?"

Тәрбиеші өлеңді оқып шығады. Балалар зейін қойып тыңдап отырады. Өлең аяқталған соң и дыбысы кездескен сөзді балалар кезекпен айтады.

Ұшып кетті инелік,

Бізден қорқып именіп,

Тікұшаққа ұқсайтын,

Инелікке тимелік,

Мен көп оқып үйренем,

Білім сырын игерем.

Бейне құдық қазғандай

Болса да білім инемен.

- Инелік, именіп, тимелік, игерем, именем.

Тәрбиеші "И" дыбысы мен "й" дыбысының айырмашылығын айтып түсіндіреді.

Балаларға қол шапалақтау арқылы дыбыстату.

И-не, и-не-лік, ти-ме-лік, и-тел-гі. Ии дыбысы және әрпі(Даярлық топ)



И дыбысын ауада жазу.

И әрпін баспа түрін жазамыз.

Үлгі бойынша и дыбысының кіші ж/е бас әрпін бастырып жазамыз.



Ии дыбысы және әрпі(Даярлық топ)

Буынға бөлінбейтін "и" дыбысы бар сөздер:

Ит, кит.

Сөйлем құрату.

Тақырыбы "Шие".

Мысалы: Болат пен Ислам бақшаға шие екті. Оны суарды, баптады. Шие жақсы өсті.

Сергіту сәті

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар

Төмен басты иемін.



Ой толғаныс







- Балалар, бүгін біз кай дыбыспен таныстық? Тәрбиеші: - И дыбысын қандай текшемен белгілейміз?

- Ал енді мына сөздерді кім буынға шапалақ арқылы бөледі? инелік

кәм пит

ки ік

ит

са қи на

ки ме шек

Балаларға ребус шешкізу (инелік). Ии дыбысы және әрпі(Даярлық топ)

Үйге тапсырма

Буын сөздерді оқып келу.



Бағалау

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау



Кері байланыс

Ии дыбысы және әрпі(Даярлық топ)Ии дыбысы және әрпі(Даярлық топ)









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал